Астана қаласы «Экономикалық лицей» КЕБМ Жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Қайдарова Нұргүл Нұрлыбайқызы |
Сабақ: | Қазақ тілі |
Сабақ тақырыбы: | «Астана- елімнің мақтанышы» |
Сынып: 6 «Б» | Күні: | Қатысқандар: Қатыспағандар: |
Оқу мақсаттары | 6.1.6.1- тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде шынайы өмірмен байланыстырып жауап беру; 6.2.6.1- тірек сөздерге сүйеніп, сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастыру. |
Сілтеме | « Қазақ тілі» бағдарламасы, 6-сынып оқулығы |
Сабақта қолданылатын материалдар | Интерактивті тақта, компьютерлік презентация, суреттер, маркерлер |
Оқыту әдістері, стратегиялары | «Оқиға картасы» стратегиясы, бейнежүгіртпені қарау, әңгімелеу, түсіндіру, тестілеу. |
Жоспар |
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығу түрлері | ресурстар |
Ұйымдастыру кезеңі | *Сәлемдесу; * Оқушыларды түгендеу; * Тілдік жаттығу (оқушылар бір-біріне «Менің Отаным» тақырыбы бойынша сұрақтар қойып жауап береді) | |
Қызығушылықты ояту 2 мин. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау | Оқушылар Астана туралы бейнефильмді қарап, мұғалімнің сұрақтарына жауап береді -Астана қайда орналасқан? -Қай жылдан Астана қаласы еліміздің елордасы болып саналады? -Қай монумент Астананың символы болып есептеледі? - Астанада қандай ғимараттар бар? -Астана туралы не білесің? Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Астана-елімнің мақтанышы» Енді презентацияға назар аударыңыздар, бүгін сабақта біз не істейміз? Иә, дұрыс, біз бүгін Астана туралы сөйлесеміз, нақ осы шақты қайталаймыз, топпен жұмыс жасаймыз. | Интерактивті тақта- бейнефильм   |
Мағынаны тану  8 мин 15 мин | Сөздік: мәдени- отандық- шетелдік- шаһар- ұйымдастыр- әкімшілік- саяси- жарыс- алақан- сәулетші- көрермен- Сын есім + зат есім Есімдік + зат есім Есімдік+ етістік Есімдік+ зат есім+ етістік (нақ осы шақ) Сан есім+ зат есім+ етістік (нақ осы шақ) Үстеу + сан есім+ зат есім+ етістік Мәтінмен жұмыс. *Суреттерді мәтіннің мазмұнына сай рет-ретімен постерге орналастырады; *Өз ойларын дәлелдейді (6 сурет, 6 дәлел, 6 ұпай); *Мәтін мазмұны бойынша 2 сұрақ (бір ашық, бір жабық, 2 ұпай) әзірлейді; *Басқа топтың сұрақтарына жауап береді (2 сұрақ, 2 ұпай) | Компьютерлік презентация Бірін-бірі бағалау:  6 сурет А3 парағы |
Ойтолғау 5 мин. Рефлексия 2 мин. | «Kahoot» арқылы тест тапсырмасын орындайды (10 сұрақ) Оқушылар «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша сабаққа қатысты өз ойларын білдіреді, ал мұғалім «Жағымды сөздер» тәсілі бойынша өз ойларын айтып, сабақты қорытындылайды. Үйге тапсырма: «Астана-мақтанышым» деген тақырыпта эссе жазу | 10 ұпай Бағалау: «Бас бармақ» -  |