1.Оқушылармен амандасу, түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә)Үй тапсырмасын пысықтау;
1.Қазақ тілінің сөздік қорына жататын атаулар қандай?
2.Туыстық қатынасты білдіретін атауларды ата.
3.Мал атауларына қандай атаулар жатады?
4.Табиғат құбылыстарының атаулары?
5.Аң-құс атауларына қандай атаулар жатады?
1.Қызығушылықты ояту.
Көнерген сөздерді қалай түсінесіңдер,қандай көнерген сөздерді
білесіңдер?
2. Мағынаны тану
-Садақ,жебе,қорамсақ,отарба,лашық,уәзір деген сөздер қазіргі
қолданыста бар ма?
Оқушылар ой-пікірлерін ортаға салады.
-Олай болса,қолданыстан шығып қалып, тарихи шығармаларда
ғана кездесетін мағынасы көмескі сөздер деп аталады екен.
Көнерген сөздер.
Тарихи сөздер Архаизмдер
Көнерген сөздердің жаңаратын кездері болады. Имандылыққа бет
Бұруымызға байланысты ислам дініне қатысты кейбір атаулар тіл-
дік қолданысымызға қайтадан енебастады.Мысалы;имам,ораза,пітір,
тағы да басқасөздер.
Б)Жаңа сабақты түсіндіру;
Тілдің сөздік құрамы баяу болса үнемі өзгеріп отырады.
Себебі халықтың әлеуметтік өміріндегі;өнеркәсіптегі, ауыл шаруашылығындағы,ғылымдағы және техникадағы,өнер мен мәдениет саласындағы әркезге даму,олардағы ертеле-кешкі жаңалықтар лексикаға
да үнемі ықпалын тигізіп отырады.Осы ретте кейбір сөздің қолданылу
аясы бірте-бірте тари бастайды не кеңи түседі.Ал жеке сөздің қолданудан жалпы шығыпқалуы бірден бола қоймайды.
Мысалы; би, болыс, старшын, қосын,бәйбіше,тоқал,әмеңгер,дулыға,өлара,
сәукеле т.б.
Міне бұлар тілде көнерген сөздер деп аталады.Көнерген сөздер архаизм және историзм болып екіге бөлінеді. Тіліміздегі арсы, дабыл, шың- бұлар да көнерген сөздер. Соңғы екеуі көбінесе эпостық шығармаларда жиі кездеседі. Арсы –арман, тілек мағынасын білдіретін сөз. Жоғарыда аталған келе, арсы, дабыл, шың ,бағы, тауарық сөзі ескілікті оқуы бар қарт адамдардың сөйлеу тілінде көркем әдебиетте және ғылыми естеліктерде кездеседі.
Семантикалық кестемен жұмыс
Тарихи сөздер
түрлері
мысалдар
Ел басқаруға байланысты атаулар
Қару-жараққа қатысты атаулар
Әкімшілік сөздер
Оқулықпен жұмыс.
150-жаттығу
Мәтіндегі жиі қолданылатын атауларды бір бөлек, мүлде қолданылмайтын сөздерді бір бөлек көшіріп жазыңдар.
Жиі қолданылатын атаулар: теңіз, балық, тағам, от, ыдыс, мүйіз
мүлде қолданылмайтын сөздер: шатұқ (теңіз балығының мүйізі)
151-жаттығу
Мына мақалдардағы көнерген сөздерді теріп жазып, мағынасын ашыңдар.
Көнерген сөздер: ханша, қараша, отарба, сауыт, патша
Көнерген сөздер
мағынасы
Сөйлемдер
Сауыт
Батырлар киетін қорғаныс киімі
Үстіне киген сауыты оқ өткізбейді.
Ханша
Ел басқарушының қызы
Ханшаны айттырып келді.
Қараша
Ай аты
Қараша айында күн суытады.
Патша
Ел басқарушы
Патша елін ойлайды.
Отарба
Қазіргі заманда поезд деп атайды
Отарбамен жолаушылар тасымалдайды.
Топтық жұмыс:Оқушыларға көнерген сөздер беріп, сөйлем құрату.
Ояз, дулыға, пері, барымта, құн, дабыл, ілу т.б.
Сабақты қорытындылау:
Тарихи сөз Архаизмдер
Білімді бекіту: 1.Көнерген сөздер дегеніміз не?
2. Қандай көнерген сөздерді білесіңдер?
Бағалау.
Үйге тапсырма: 152-154 –жаттығулар. Мәтінді көшіріп жазып ішінен көнерген сөздерді табу.