kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары.Тақырыбы:Көктем сәні

Нажмите, чтобы узнать подробности

1 сыныптағы қазақ тілі пәнінен жаңартылған бағдарлама негізінде құрылған сабақ жоспары

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары.Тақырыбы:Көктем сәні»

6-БӨЛІМ: САЛТ-ДӘСТҮР ЖӘНЕ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ 7-САБАҚ


Тақырыбы: Көктем сәні

Мектебі:Алмалы орта мектебі

Күні, айы:13.03.2017

Мұғалімнің аты-жөні:Баймухамбетова А.А.

1-сынып

Сабаққа қатысқан

оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған

оқушылар саны:

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.2.2.1. Сурет бойынша 2-3 сөйлеммен өз ойын білдіру.

1.3.3.1. Мәтіннің жанрын (өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ

және т.б.) ажырату.

1.3.4.1. Мұғалімнің көмегімен мәтіннің мазмұны немесе иллюстрация бойынша қарапайым (кім? не? қандай? қанша/неше?) сұрақ қоя білу. 1.3.5.1. Мұғалімнің көмегімен иллюстрациялы шағын мәтіннен қажетті ақпаратты табу.

1.5.2.1. Әріп пен дыбысты ажырата білу, төл дыбыстарды дұрыс айту.

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

Ертегі кейіпкерлерін атай алады, ертегі мазмұны бойынша кейіпкерлердің рөлін ойнай алады, Ұ ұ дыбысын таниды, дұрыс дыбыстайды, жаза алады, ұ дыбысы кездесетін сөздер қатарын атай алады.



Оқушылардың басым бөлігі:

Осыған дейін үйренген ертегілерді атай алады. Тірек суреттер бойынша ертегінің мазмұнын айта алады.



Кейбір оқушылар:

Ертегі мазмұнын өз сөздерімен айта алады, ұ дыбысы кездесетін сөздер қатарын толықтыра алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы (2-5 минут)

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.


Саба қтың ортасы (6-40 минут)

(МК, Ұ) 1-тапсырма бойынша мұғалім оқушыларды «Көктем сәні» деген ертегімен таныстырады. Мұғалім көктем сөзін түсіндіру кезінде жыл мезгілдері туралы ақпарат береді. Оқушылар ертегі кейіпкерлерін атайды. Содан кейін басты кейіпкердің (арыстан) сұрағына басқа аңдар қалай жауап бергенімен танысады.

(МК, Ұ) 2-тапсырмада оқушылар тірек сөздер арқылы (таза, әдемі, жылы) ертегі мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді. Сұрақтар: Су қандай? (Таза)

Жаңбыр қандай? (Жылы) Гүлдер қандай? (Әдемі) Ағаштар қандай? (Әдемі) Күн қандай? (Жылы)

(МК, Ұ) «Есте сақта!» айдары бойынша мұғалім оқушылардың назарын гүл, ағаш сөздерінің көпше түріне аударады. Сурет бойынша аталған сөздердің жекеше, көпше түрін қайталайды. (ОТ) 4-тапсырмада оқушылар ертегінің басты кейіпкерінің сұрағына (Көктем сәні не?) өз қалаулары бойынша жауап береді. Өз жауаптарын сурет түрінде көрсете алады. Сыныпта «Көктем сәні» тақырыбында суреттер көрмесін ұйымдастыруға болады. Сондай-ақ оқушылар ертегіні рөлге бөліп ойнайды.

(МК, Ұ) Мұғалім ү дыбысымен таныстыру жұмысын Алмабектің суретінен бастайды. Алмабектің ұ дыбысын үйреніп отырғанын түсіндіру арқылы оқушыларды ұ дыбысымен және оның әрпімен таныстырады. Аудиодискіден ұ дыбысының айтылуын және ұ дыбысы кездесетін сөздер қатарын тыңдау, қайталау жұмыстары жүргізіледі. Мұғалім оқушыларға ұ дыбысын айтқан кезде тілдің, жақтың, еріннің қатысы қандай болатынын түсіндіру арқылы дыбысты дұрыс дыбыстауға жаттықтырады. Мәселен, тілдің алға-артқа жылжуынан дауыстылар жуан, жіңішке болып түрленетіні белгілі. Мұғалім оқушыларға дауысты, дауыссыз дыбыстар туралы түсінік береді. Оқушылар ұ дыбысының дауысты дыбыс екенімен танысады. Мұғалім ұ дыбысы дауысты дыбыс болғандықтан, оқулықта қызыл түспен берілгенін түсіндіреді. Ұ дыбысы кездесетін сөздер қатарын суреті бойынша үйретеді. Олар: құс, ұшақ, жұлдыз. Сондай-ақ мұғалім оқушыларға ұ дыбысы кездесетін есімдер туралы да ақпарат береді. (Ұлан т.б.). Осыған орай оқушылар «Сенің атың кім?»

Оқулық

Аудиодиск: 6.7.1.; 6.7.4.


деген сұрақты қайталайды, еске түсіреді. «Есте сақта!» айдары бойынша оқушылар сұрақтарды қайталайды (кім? не? неше? қандай?), мұғалім ү. дыбысы кездесетін сөздерге қандай сұрақтар қойылатынын түсіндіреді. Мысалы: ұшақ (не?), құс (не?), жұлдыз (не?), Ұлан (кім?).

(МК, Ү) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі. (Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады. Сондай-ақ АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.

№2 жұмыс

дәптері

Қосымша

тапсырма:

6.7.

Сабақтың соңы

41-45

минут

(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.


Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Сабақ барысына өзгертулер енгіздіңіз бе? Неге?

2. Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?


Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?

1: 2:



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары.Тақырыбы:Көктем сәні

Автор: Баймухамбетова Аида Амантаевна

Дата: 03.04.2017

Номер свидетельства: 406228


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства