Сабақтың тақырыбы: Барыс септігі сабақ жоспары
Сабақтың мақсаты: Барыс септігі туралы мағлұмат беру, етістіктен болған мүшемен
тікелей байланысатынын ұғындыру; Сөйлем ішінен ілік, барыс
септіктегі сөздерді сөз құрамына талдап, Оларды өздері
байланысатын сөздермен теріп жазу арқылы
олардың жалғаулаын ажырата білу дағдыларын қалыптастыру;
Оқушыға сабақ барысында адамгершілік, экологиялық тәрбие
беру;
Сабақтың түрі: түсіндіру
Көрнекілік: қосымша тапсырмалар
Қолданылатын технология: СТО
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың жоспары
І Ұйымдастыру
а) Психологиялық дайындық
Қуан шаттан, қуан шаттан!
Қуанатын күн бүгін,
Қайырлы күн! Қайырлы таң!
Күліп шықты күн бүгін!
ІІ Қызығушылығын ояту
Барыс септігінің сұрақтары: кімге? Неге? Қайда?
-ға, -ге, -қа, -ке
Жалғаудың қызметі қандай еді?
- сонымен, сөздерге жұрнақ жалғанса, сөздер қалай өзгереді?
ІІІ Мағынаны тану
1- жаттығуда барыс септігінде тұрған сөздерді теріп жазады.
2- жаттығу. Барыс септік жалғаулы сөз тіркестерін теріп жазады. Осы тіркестерді қатыстырып, сөйлем құрастырады.
IV Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық, қолды белге қояйық,
Иіліп солға бір, иіліп оңға бір.
Алға қарай бір адым, артқа қарай бір адым,
Жоғары, төмен қарайық, орнымызды табайық
3- жаттығу сұрақтарға жауап жазады. Барыс септігіндегі сөздерді табады.
5- жаттығу. Мәтінді оқиды. Барыс септіктегі сөздерді өзі тіркесетін сөздерімен көшіріп жазады.
V Ой толғаныс:
Өткенді пысықтау
Бірнеше сөздер беріледі: сағатқа, құлыншақ, балшық сөздерінен туынды сөздерді тауып, туынды сөздерге сөзсазындық талдау жасату.
VI Үйге тапсырма:
93-бет 4- жаттығу тапсырады, оны түсіндіріп, бірге талдайды.
Мақалдарды көшіріп жазады. Барыс септігіндегі сөздерге сұрақ қояды.