Просмотр содержимого документа
«?аза? тілі п?нінен "Т?йы? етістік емлесі" та?ырыбы »
Қазақ мектеп-гимназиясы
Сабақ жоспары
Тақарыбы: «Тұйық етістік, емлесі»
Орындаған: Хамитова
Аяулым Кемелевна
Петропавл қаласы
Сынып: 7
Сабақтың тақырыбы: Тұйық етістік, емлесі Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік. Оқушылардың етістік туралы білімдерін тереңдету, тұйық етістік, оның жасалуы мен мағынасы туралы түсінік беру; 2. Дамытушылық. Ой - өрісін, танымын арттыру, өздігінен талдауға, ой қорытуға жаттықтыру; 3. Тәрбиелік. Аңғарымпаздыққа, белсенділікке баулу, өз - өзіне деген сенімін арттыру. Сабақтың типі: аралас сабақ Әдіс – тәсілдері: топпен жұмыс, жеке оқушымен жұмыс, талдау, ойын, проблемалы ізденіс Көрнекілігі: слайд, кесте, таратпа, мақал - мәтелдер Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасып, түгендеу. Сабаққа назар аударту. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 270, 273 - жаттығулар. 3. Өткен тақырыпты пысықтау. «Олжалы бестік» ойыны арқылы. Мықты болсаң, тауып көр - етістік мағынасына қарай нешеге бөлінеді? Мысал келтір. Жүйрік болсаң, шауып көр - етіс нені білдіреді? Түрлерін ата. Ойлы болсаң озып көр - есімше дегеніміз не? Тұлғаларын ата. Алғыр болсаң, айтып көр - көсемшенің түрленуі дегенді қалай түсінесің? Тапқыр болсаң, тауып көр - етістік дегеніміз не? Құрамына қарай нешеге бөлінеді? Дайын болсаң, ашып көр - «Құттықтаймын, сен олжалы бестік алдың!» ІІІ. Жаңа сабақ. Проблемалық мәселе қою жолымен жаңа сабақты активтендіру. Тақтамен жұмыс. Кенжебек жолшыбай дүкенге бұрылған еді. Асқар тауларды кеуделеп жүріп келеміз. Тамаша табыс өздігінен келмейді. Балалар, осы сөйлемдердегі қимыл, әрекетті білдіріп тұрған сөзді табыңдар. Бұрылған еді, жүріп келеміз, келмейді етістіктерін қимыл, әрекет атауы ретінде қалай айтар едіңдер? Берілген етістіктердің қосымшасын ажырат. Белгілеу, күлдіру, тану, айтпау, айтысу. Оқы, ері, төк, тап, тақ, мақта, бер етістіктерінен тұйық етістік жасаңдар, қандай өзгеріс байқадыңдар? Тұжырым жасау. Шақпен де, жақпен де байланысы болмай, тек қимылдың атауын білдіретін етістіктің ерекше түрін тұйық етістік деп атаймыз. Тұйық етістік етістіктің негізгі және туынды түбіріне, етіс және болымсыз етістік тұлғаларына – у жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы, сөйле - у, сен - у, айт - у, мақтану, берілу, ойлау, белгілеу, жалықпау, айтпау. 1. Дауыссыз дыбыстарға біткен етістіктерге тұйық етістіктің – у жұрнағы дауысты болып жалғанады: бар - у, қайт - у, көр - у, кел - у. 2. Дауысты дыбыстарға біткен етістіктерге тұйық етістіктің – у жұрнағы дауыссыз болып жалғанады: ойна - у, сөйле - у, барма - у, келме - у. 3. Дауысты ы, і, дыбыстарына біткен етістіктерге тұйық етістіктің – у жұрнағы жалғанғанда, түбірдің соңындағы ы, і, дыбыстары жазылмай, у дыбысының құрамына еніп кетеді де, ол,(у) дауысты дыбыс болып есептеледі. Мысалы: оқы+у=оқу, тасы+у=тасу, ері+у= еру. 4. Қатаң п, к, қ дыбыстарына біткен етістіктерге тұйық етістіктің – у жұрнағы жалғанғанда, түбір соңындағы п дыбысы б - ға қ, к дыбыстары ғ, г дыбыстарына айналады. Мысалы: тап+у=табу, үк+у=үгу, ақ+у=ағу. 5. й дыбысына біткен етістікке – у жұрнақ жалғанғанда екі дыбыс й+у ю дыбысына айналып кетеді. Тұйық етістік есімдерше түрленеді, бірақ жіктелмейді
Оңаша тәуелдену І. Менің баруым І. Біздің баруымыз ІІ. Сенің баруың ІІ. Сендердің баруларың Сіздің баруыңыз Сіздердің баруларыңыз ІІІ. Оның баруы ІІІ. Олардың барулары
Септік Тұйық етістік Атау с. Сену Ілік с. Сенудің Барыс с. Сенуге Табыс с. Сенуді Жатыс с. Сенуде Шығыс с. Сенуден Көмектес с. Сенумен Тұйық етістік әрі заттық мағынада, әрі қимылдық мағынада қолданылады. Мысалы, Оқтауды әперші. Мылтықты оқтау керек. Мектепте түрлі байқау болады. Әр адамның көңіл күйін байқау керек. Оқушылардың өздеріне топқа бөле отырып, әр топқа мысал келтірткізу. Оқулықпен жұмыс. 274 - жаттығу. Сыйла - ма - у - шылық, сыйла - ма - у. Жеке оқушымен жұмыс. Таратпа арқылы. Таратпа №3 1. Етістік дегеніміз не? Мысал келтір. 2. Дара етістікке 5 мысал, күрделі етістікке 5 мысал жаз. 3. Отанды сүю отбасынан басталады. Сөйлемдегі етістіктерді тауып, морфологиялық талдау жаса. Таратпа №4 1. Көсемшеге 5 мысал, есімшеге 5 мысал жаз. 2. Өзара омоним болатын болымсыз етістікке және тұйық етістікке 6 сөзден жазып шық. 3. Құрамында есімшесі бар 5 мақал - мәтел айт. 278 - жаттығу. Су - а. б. сау - б. б. жа - уын: 1. а. б. 2 - б. б. Шығармашылық жұмыс. Берілген сөздерді әрі есім сөз, әрі етістік мағынасында қолданып, сөйлем құраңдар. Ою, байқау, сайлау, жаттау, оқтау, мақтау, тоқтау, тату, қою, бөлу, үндеу. 6 «А» сыныбының үндеуі Тұйық етістіктерді пайдалана отырып, оқушы ережесіне лайық үндеу жазыңдар. IV. Бекіту. Сұрақтар арқылы «Кім жылдам?» 1. Буын, оның түрлерін қарастыратын тіл білімінің саласы? 2.- дыр, - дір, - тыр, - тір жұрнағы арқылы жасалатын етіс түрі? 3. Тұйық етістіктің түрленуі? 4. Тұйық етістік қалай жасалады? 5. Тұйық етістік омоним бола ала ма? 6. Үнемі көмекші етістіктерді ата. 7. Сабақты етістікке қай септік ерек? 8. Сабақты етістікті салт етістікке айналдыратын етіс түрі? V. Үй тапсырмасы.