kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ислам дініні? пайда болуы ж?не оны? ?дет-??рыптары мен д?ст?рлері

Нажмите, чтобы узнать подробности

751 жылы шілде айында Талас ма?ында?ы Ахлет (Атлах) деген жерде бол?ан со?ысты? же?іске жетуі ?лкен ?серін тигізді.

Осы уа?ыттарда еліміз аума?ы ?арахан ханды?ына ?арасты болатын. Алтын Орданы? м?сылманды?ты ?абылдауымен ны?ая т?сті. Б?л процесс Берке (1255-1266ж.ж.) ханны? т?сында бастал?ан еді. Ислам XIV ?. ?мір Темірді? кезінде де ерекше беделді болды.

Бізді? елімізге негізінен дін таратушыларды? ?келген ба?ыты Ислам дініні? имам А?зам баста?ан Ханифит мазхабыны? сунниттік ба?ыты.

Исламда?ы 4 мазхаб (мектеп):

Имам А?зам Абу ханифа

Имам Ш?фи?

Имам Малики

Хамбал

А?ыл-есі д?рыс ж?не бали? ша?ына жеткен ?ркімні? е? ал?аш?ы міндеті иманны? негіздеріне илану, исламда?ы 40 парыз?а ба?ытталады:

Иман (сенім)шарттары (6), (7).

  1. Алланы? барлы?ына ж?не бірлігіне.
  2. Алланы? періштелеріне.
  3. Алла та?аланы? кітаптарына.
  4. Алла та?аланы? пай?амбарларына.
  1. А?ирет к?ніне.
  2. Та?дыр?а: жа?сылы? ж?не жаманды?та Алладан деп білу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ислам дініні? пайда болуы ж?не оны? ?дет-??рыптары мен д?ст?рлері »

Тақырыбы: Ислам. Ислам дінінің пайда болуы және оның әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері

Мақсаты:

  • Оқушыларға Ислам діні, Ислам діни ғұрыптары, шариғат туралы терең білім беру және білім-біліктілігін қалыптастырып, арттыру.

  • Оқушыларға Ислам діні туралы тың мәліметтер бере отырып білімдерін тереңдету.

  • Оқушыларға патриоттық, толеранттық, эстетикалық тәрбие беру, діни-саяси сауаттылыққа баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын сұрау:

  • Протестанттықтың пайда болуына алып келген себептерді атаңыздар. Неліктен оны жаңа заман діні деп атайды?

  • Реформация қозғалысының басшысы кім болды?

  • Лютердің қызметі неге бағытталды?

  • Протестантизм сөзінің мағынасы неде?

  • Ж. Кальвиннің ілімі туралы не білесіңдер?

  • Протестанттықтың екінші буын шіркеулерін не құрайды?

  • Пресвитериандық ағымы туралы не айтасыңдар?

  • Баптистер тармағының пайда болу тарихы.



Жаңа материалды түсіндіру:

  • Арабия түбегі халықтарының әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері.

  • Исламның таралуы.

  • Исламдағы 40 парыз.

  • Шариғат.

Орта Азия және Қазақстан территориясына Ислам VII ғ. ІІ жартысында Омеядтық халифа Муави Ибн Суфиянның тұсында енді. Дін таратушылардың қолбасшысы Құтайба Мүслім ұлы еді. Ол жаулауды Бұхара, Самарқанд, Насаф, Мерв, Хорезм, Баласағұн сияқты үлкен қалалар орналасқан Маверанахрдың төңірегінен бастаған еді. Ал қазіргі Қазақстан төңірегінде Исламның орнығуы Әбу Мүсілім бастаған мұсылман әскерінің 751 жылы шілде айында Талас маңындағы Ахлет (Атлах) деген жерде болған соғыстың жеңіске жетуі үлкен әсерін тигізді.

Осы уақыттарда еліміз аумағы Қарахан хандығына қарасты болатын. Алтын Орданың мұсылмандықты қабылдауымен нығая түсті. Бұл процесс Берке (1255-1266ж.ж.) ханның тұсында басталған еді. Ислам XIV ғ. әмір Темірдің кезінде де ерекше беделді болды.

Біздің елімізге негізінен дін таратушылардың әкелген бағыты Ислам дінінің имам Ағзам бастаған Ханифит мазхабының сунниттік бағыты.

Исламдағы 4 мазхаб (мектеп):

Имам Ағзам Абу ханифа

Имам Шәфиғ

Имам Малики

Хамбал

Ақыл-есі дұрыс және балиғ шағына жеткен әркімнің ең алғашқы міндеті иманның негіздеріне илану, исламдағы 40 парызға бағытталады:

Иман (сенім)шарттары (6), (7).

  1. Алланың барлығына және бірлігіне.

  2. Алланың періштелеріне.

  3. Алла тағаланың кітаптарына.

  4. Алла тағаланың пайғамбарларына.

  1. Ақирет күніне.

  2. Тағдырға: жақсылық және жамандықта Алладан деп білу.

Ислам шарттары (5).

  1. Калимә-шәһәдәт айтып иман келтіру.

  2. Намаз оқу.

  3. Ораза ұстау.

  4. Зекет беру.

  5. Хажыға бару.

Дәреттің фарздары (4).

  1. Бетін жуу.

  2. Қолдарын шынтақ және білегімен бірге жуу.

  3. Басының ¼- мәсих тарту.

  4. Аяқтарын қызыл асығымен бірге жуу.

Ғұсылдың фарыздары (3).

  1. Ауызға су алып, тамаққа дейін шаю.

  2. Мұрынға су алып тазалау.

  3. Бүтін денені жуу.

Хайз жағыдайлары (3).

  1. Етеккір жағыдайы.

  2. Нифас халі (босанғаннан кейінгі жағыдай).

  3. Истахаза (3 күннен аз келген қан).

Намаз фарздары (12).

  1. Хадастан Тахарәт : хадәс деген мәнәби кірдің тазалануы үшін дәрет алып қажет кезінде ғұсыл құйыну.

  2. Нәжестен Тахарәт : намаз оқитын адамның денесін де, үстіндегі киімінде және намаз оқитын жері лас болса тазалау.

  3. Сәтр-Ғаурет: намаз оқитын кісінің денесіндегі жабық болуға тиісті жерлері жабылған болу керек (еркектерде: кіндік пен тізе арасы; әйелдерде: беті, қолы және аяқтарынан басқа денесінің барлық жерлері жабық болу керек).

  4. Истикбал-Құбла: намазды құбылаға қарап оқу. Құбла Мекке шәһәрындағы Аллаға ғибадат ету мақсатымен салынған қасиетті Үй-Қағба, оны Хз. Ибраһим және Хз. Смағұл салған.

  5. Уақыт: намаздарды өз уақытында оқу. Уақыт кірмей намаз оқуға рұқсат етілмеген.

  6. Ниет: қай намаз екенін біліп, еске ұстап және тілмен сөйлеу. Ниеттің тілмен айтылуы сүннет.

Намаздың Рукундері:

  1. Ифтитах-тәкбір: намазға бастағанда тәкбір алу.

  2. Қыям: намазда түрегеп тұру.

  3. Қирағат: намазда түрегеп тұрып құран оқу.

  4. Рукуғ: намазда қолдарын тізеге жеткізіп иілу.

  5. Сәжде: рукуғдан кейін аяқтар, тізелер және қолдарымен бірге маңдайын жерге тигізу.

  6. Қағде-ақира: намаздың соңынан «әт-тахиятты» оқитындай отыру.

Таямумдағы фарз (4).

  1. Ниет.

  2. Таза жерді іздеу.

  3. Екі қолдың алақанымен жерге тигізіп, бетті сүрту.

  4. Тағы да бір рет тигізіп қолды шынтаққа дейін сүрту.

Әмір Мағруфтағы фарз (2).

  1. Жақсылыққа бұйыру (Әмір мағруф).

  2. Жамандыққтан қайтару (Нахий Мункар).

Білім алу–(1).

Исламның құқықтық жүйесі–шариғат, құран мен хадистер негізінде құрастырылған. Ислам заңының ерекшелігі–адамның жағымсыз әрекет етуіне жол берілмеуінде.

Ислам заңы бойынша дәретсіз құран кітабын ұстауға тыйым салады. Дәреттен бұрын адам ғұсыл құйынуы керек. Ғұсыл–адамның толық жуынуы (шомылуы). Ислам кітаптарын дәретсіз ұстамау керек және кіндіктен төмен түсіруге болмайды.

Алланың атын естіген немесе айтқан кезде міндетті түрде: «Субханаху уә тағала» деген құрмет сөздер айтылу керек.

Пайғамбар Мұхаммедтің атын естіген немесе айтқан кезде: «Салаллаху ғалейһи уәс-салам» деп айту керек.

Пайғамбардың серіктерінің, сахабаларының атын естіген немесе айтқан кезде: «Рази Аллаху әнху» деп айтқан абзал.

Имам, шейх, ғалымдардың атын естіген немесе айтқан кезде: «Рахимахул-лаһу-тағала» деп айту керек.

Шариғат бойынша мұсылмандардың барлық амалдары 8-ге бөлінеді:

  1. Фарз.

  2. Уәжіб.

  3. Сүннет.

  4. Мустахаб.

  5. Мубах.

  6. Харам.

  7. Макрух.

Фарз.

Фарз–шариғаттың барлық үкімін орындау міндеті. Қарсы келсе кафир санатына жатқызылады. Фарз 2-ге бөлінеді:

Фарз айн

Фарз кифая

Әрбір мұсылман орындауға міндетті, мысалы: намаз, ораза т.б.

Мұсылман қауымына міндеттелген амалдар, мысалы: сәлемге жауап беру, жаназа т.б.

  1. Аллаға сену.

  2. Пайғамбарға сену.

  3. Шаһадат айту.

  1. Намаз оқу т.б.

Уәжіб.

Фарыз сияқты орындауға міндетті амалдар, орындамаса үлкен күнәһар болып есептеледі.

  1. Пітір садақа береу.

  2. Құрбан шалу.

  3. Утір намазын оқу.

  1. Құранды «тажуидпен» оқу т.б.

Сүннет.

Бұл амалдарды пайғамбарымыз орындаған, сондықтан сүннетті орындамаған үлкен күнәһар болмаса да қиямет күнінде пайғамбардың шапағатынан құр қалады.

  1. Әрбір істі «Бисмилаһи–р–рахмани рахим» деп бастау.

  2. Түшкіргеннен кейін «Әльхамду лилләһи» деп айту.

  3. Мұсылманмен сәлемдесу.

  4. Тамақты «Бисмилаһи–р–рахмани рахим» деп жеу т.б.

Мустахаб.

Мустахабты пайғамбарымыз жиі орындаған. Орындағандар сауап алады.

  1. Қосымша намаздар оқу.

  2. Қосымша ауыз бекіту.

  3. Әрдайым дәретпен жүру.

  4. Бос уақытта құран оқу т.б.

Мубах.

Мубах–орындауға да орындамауға да болатын амалдар.

  1. Тым тойып тамақтану.

  2. Жануарларды піштіру.

  3. Ерлерге күміс белбеу тағу.

  1. Татуластыру үшін өтірік айту т.б.

Харам.

Харам–Ислам шариғатында қатаң тыйым салынған амалдар.

  1. Кісі өлтіру.

  2. Өртеп өлтіру.

  3. Ұрлау.

  4. Тонау т.б.

Макрух–пайғамбарымыз тыйым салған амалдар.

  1. Өлең тыңдау (тәрбиесіз, әдепсіз).

  2. Музыкалық аспаптарды көңіл көтеру үшін тыңдау (намазға, тіршілікке кедергі келтірсе).

  3. Билеу (жалаңаш, тәрбиесіз).

  4. Шапалақ соғу т.б. (құрмет белгісі ретінде емес).



Негізгі ұғымдар:

«Ислам» – бейбітшілік, мойынсұну.

«Адап» немесе «әдеп» – адами жақсы тәртіп, әдептілік.

«Аллах» – құдайдың арабша аты (99 атының бірі).

«Ихлас» – адалдық, берілгендік, мойынсұну.

«Фарз»– орындауға міндетті әрекеттер.

«Важиб»–міндетті.

«Суннат»– қосымша.

«Мустахаб»–қошеметті.

«Мубах»–орындауаға да орындамауға да болатын әрекеттер.

«Харам»–тыйым салынған.

«Макрух»–мәжбүрлі.

«Мустакрух»–тәрбиесіздік көрінісі.



Сабақты қорытындылау:

  • Ислам діні қалай пайда болды?

  • Ислам дінінің ерекшелігі қандай?

  • Исламдағы 40 парыз ұғымына талдау жасаңдар.

  • Шариғат дегеніміз не?

  • Шариғат неше бөлімнен тұрады?



Үйге тапсырма: 11.1. 131-148 беттерді оқу.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Ислам дініні? пайда болуы ж?не оны? ?дет-??рыптары мен д?ст?рлері

Автор: Кожабеков Мирас Дюсембекович

Дата: 17.06.2015

Номер свидетельства: 220222


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства