kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Инженерлік б?геттер. 10 сынып.

Нажмите, чтобы узнать подробности

   Жарылмайтын б?геттер дегеніміз – ?арсылас?а шы?ын келтіру, оны? ж?рісін б?геу, айла ?олдануын ?иындату,артилерия,танк ж?не ату ?аруы  атысынан  жойылуы м?мкін ба?ыт?а ?оз?алу?а м?жб?р ету ма?сатында жергілікті жерге орнатыл?ан ??ралдар, ?имараттар мен б?геттер.Олар топыра?,а?аш, а?аш-топыра?,метал, тас,бетон,темір  бетон,м?з, ?ардан жасалады.

     Жарылмайтын б?геттер ?олданылуына ?арай: танкіге, жаяу ?скерге,к?лікке, десант?а ?арсы ж?не  аралас болып б?лінеді.

   Жарылмайтын б?геттерді? мынадай т?рлері болады:

1.Стационарлы(орлар, эскарптар,контрэскарптар,?йінділер, баррикадалар,?ар ?йінділері,сым темір ?а?палар ж?не т.б. );

2.Тасымалы(сым темір ширатпалар,тікенді сымдар,б?ренеден ай?астырылып жасал?ан тос?ауылдар,б?гет, керме а?аштар );

      Жарылмайтын б?геттерді? орналасу орны  ?рыс ж?ргізу тактикасына байланыстыатыс ж?йесі мен таби?и кедергілерді? ты?ыз бірігуіне ?арай та?далады.

       Танкіге ?арсы б?геттер жер ?азатын техника к?мегімен орналастырылады. Жер ?азатын техника трапециялы,тік б?рышты ж?не ?ш б?рышты профильді  орлар ?азу кезінде ?олданылады.

       Жаяу ?скерге ?арсы жарылмайтын б?геттерге бай?алмайтын сым торлар,сым ширатпалар,тез ?ондырылатын сым б?геттер, ?оршаулар, тікенектер мен керме а?аштар жатады.

       Бай?алмайтын сым торлар зауыттан ?скерлерге т?скен стандарт элементтерден жасалып орнатылады.Олар диаметрі 0,5-0,9 мм сым темірді? са?ина ілмектерінен т?рады. Бір пакетті ?ондыру кезінде т?рт ?абатты биіктігі 1,2 м дейін, ?зынды?ы мен ені 10 м,биіктігі 90 см тор ке?істік пайда болады.

    Тікенекті ирек сымдар жергілікті жерге ені бойынша екі ?ш ?атардан, биіктігі бойынша бір екі ?абаттан орналастырылады.Орнату кезінде иректер ?зара сыммен байланып, ?азы?шалармен жерге бекітіледі.Орнатыл?ан со? ирек цилиндрді? ?зынды?ы 10 м биіктігі 90 см болады.

    Ла?тырылатын тікенек сымдар бас?а сым б?геттерді орнату?а жа?дай болма?ан кезде ?олданылады.Оларды к?бінесе ?алы? ш?птерге немесе аласа б?та?тар?а, ми батпа?ты айма?тар?а, тасты жерлерге ?олдан?ан д?рыс.Сым торлар биік ж?не аласа  ?азы?шалар?а тартылады.

   Биіктігі 1-1,8 м шахматты? ретте жерге ?а?ыл?ан ?азы?шалар?а орнатыл?ан сым тор к?йінде, ені 3-5 м, биіктігі 1,2 м  ке?істік тор жасай орнатылады,Аласа ?азы?шалар?а орнатыл?ан сым торды? ені 6 м жетеді.?зынды?ы  70 см ?азы?шаларды? бірі бірінен ?ашы?ты?ы 1,5 м, жер бетінен биіктігі 25 см болады.

    Сымды ?оршаулар тікенді сымны?  5 орамымен ?рілген бір ?атар ?азы?шалардан т?рады.

   К?шейтілген сымды ?оршаулар – екі – ?ш к?лдене? сым бекітілген, ?азы?шалармен к?шейтілген  ?деттегі сымды ?оршау. Созылмаларды? арасы 105 м ?ашы?ты?та?ы ?оршауды? екі жа?ынан  ?а?ыл?ан кіші ?азы?ша?а бекітіледі.

   Тікенектер мен керме а?аштар – тікенек сыммен ?рілген сыр?ауылдар, олар жолдар?а, орлар?а,б?геттердегі ?тпелерге ?олданылатын тасымалы б?геттер ретінде ?олданылады.

        ?Р ?К миналары,оларды? тактика – техникалы? сипаттары мен ??рылысы

 Инженерлік б?геттер ?арсыласты? ілгерілеуін б?геу,маневрін ?иындату,тірі к?ші мен техникасын шы?ын?а ?шырату,?з ?скерлеріне ?арсыласты ?аруды? барлы? т?рлеріменжою ?шін не??рлым ?олайлыжа?дай ту?ызу ма?сатында жасалады.М?ндай б?геттер ?рыс ?имылдарыны? барлы? т?рлерінде ?олданылады. ?арсылас?а ?сер ету сипаты мен ?олданылатын ??ралдарына ?арай инженерлік б?геттер мина жарыл?ыш, жарылмайтын, аралас б?геттер болып сараланады.

       Мина жарыл?ыш б?геттер инженерлік б?геттерду? негізін ??райды ж?не миналан?ан ала?, миналар тобы, жеке миналар т?рінде жасалады.

        Мина – жарылыс?а арнал?ан арнайы ??рыл?ысы бар, б?гет жасау ??ралы ретінде ?олданылатын ?абы?та?ы жарыл?ыш затты? заряды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Инженерлік б?геттер. 10 сынып. »


Сабақтың тақырыбы: Инженерлік бекіністер,ҚР-ның жаяу әскерге қарсы және танкіге қарсы негізгі миналары,олар туралы техникалық-тактикалық мәліметтер,жалпы құрылысы және әрекет ету механизмі,миналарды орнататын орын және орнату тәртібі,табу тәсілдері

  1. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жарылмайтын және жарылатын инженерлік бөгеттермен таныстыру

  2. Тәрбиелік мақсаты:
    1. Инженерлік бөгеттерді (жарылатын және жарылмайтын ) танып , білу.

2. Оқушылардың әскери білімдерін арттыру.

3. Оқушыларды Қазақстандық патриотизмге баулу, оқушылар арасында шынайы әскери достықты нығайту.


  1. Уақыты: 45 мин.

  2. Өткізілетін орны: 11 сынып, АӘД бөлмесі.

  3. Өткізілетін күні:

  4. Көрнекілік құралдар: Плакаттар ,АӘД кітабы , интерактивті тақта, сұрақ карточкалар,

  5. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі –10 мин.

  • Инженерлік бөгеттер дегеніміз не ?

  • Инженерлік бөгеттердің түрлерін ата?

  • Миналар қаншаға бөлінеді ?

  • Мина дегеніміз не ?

  • Минаның негізгі элементтерін ата?

  • Танкіге қарсы миналар қаншаға бөлінеді?


б) Негізгі бөлім – 25 мин.

Жарылмайтын инженерлік бөгеттер

Жарылмайтын бөгеттер дегеніміз – қарсыласқа шығын келтіру , оның жүрісін бөгеу , айла қолдануын қиындату,артилерия,танк және ату қаруы атысынан жойылуы мүмкін бағытқа қозғалуға мәжбүр ету мақсатында жергілікті жерге орнатылған құралдар , ғимараттар мен бөгеттер.Олар топырақ,ағаш, ағаш-топырақ,метал, тас,бетон,темір бетон,мұз, қардан жасалады.

Жарылмайтын бөгеттер қолданылуына қарай: танкіге, жаяу әскерге,көлікке, десантқа қарсы және аралас болып бөлінеді.

Жарылмайтын бөгеттердің мынадай түрлері болады:

1.Стационарлы(орлар, эскарптар,контрэскарптар,үйінділер, баррикадалар,қар үйінділері,сым темір қақпалар және т.б. );

2.Тасымалы(сым темір ширатпалар,тікенді сымдар,бөренеден айқастырылып жасалған тосқауылдар,бөгет, керме ағаштар );

Жарылмайтын бөгеттердің орналасу орны ұрыс жүргізу тактикасына байланыстыатыс жүйесі мен табиғи кедергілердің тығыз бірігуіне қарай таңдалады.

Танкіге қарсы бөгеттер жер қазатын техника көмегімен орналастырылады. Жер қазатын техника трапециялы ,тік бұрышты және үш бұрышты профильді орлар қазу кезінде қолданылады.

Жаяу әскерге қарсы жарылмайтын бөгеттерге байқалмайтын сым торлар,сым ширатпалар,тез қондырылатын сым бөгеттер, қоршаулар, тікенектер мен керме ағаштар жатады.

Байқалмайтын сым торлар зауыттан әскерлерге түскен стандарт элементтерден жасалып орнатылады.Олар диаметрі 0,5-0,9 мм сым темірдің сақина ілмектерінен тұрады. Бір пакетті қондыру кезінде төрт қабатты биіктігі 1,2 м дейін , ұзындығы мен ені 10 м,биіктігі 90 см тор кеңістік пайда болады.

Тікенекті ирек сымдар жергілікті жерге ені бойынша екі үш қатардан, биіктігі бойынша бір екі қабаттан орналастырылады.Орнату кезінде иректер өзара сыммен байланып, қазықшалармен жерге бекітіледі.Орнатылған соң ирек цилиндрдің ұзындығы 10 м биіктігі 90 см болады.

Лақтырылатын тікенек сымдар басқа сым бөгеттерді орнатуға жағдай болмаған кезде қолданылады.Оларды көбінесе қалың шөптерге немесе аласа бұтақтарға, ми батпақты аймақтарға , тасты жерлерге қолданған дұрыс.Сым торлар биік және аласа қазықшаларға тартылады.

Биіктігі 1-1,8 м шахматтық ретте жерге қағылған қазықшаларға орнатылған сым тор күйінде , ені 3-5 м , биіктігі 1,2 м кеңістік тор жасай орнатылады,Аласа қазықшаларға орнатылған сым тордың ені 6 м жетеді.Ұзындығы 70 см қазықшалардың бірі бірінен қашықтығы 1,5 м , жер бетінен биіктігі 25 см болады.

Сымды қоршаулар тікенді сымның 5 орамымен өрілген бір қатар қазықшалардан тұрады.

Күшейтілген сымды қоршаулар – екі – үш көлденең сым бекітілген , қазықшалармен күшейтілген әдеттегі сымды қоршау . Созылмалардың арасы 105 м қашықтықтағы қоршаудың екі жағынан қағылған кіші қазықшаға бекітіледі.

Тікенектер мен керме ағаштар – тікенек сыммен өрілген сырғауылдар, олар жолдарға , орларға,бөгеттердегі өтпелерге қолданылатын тасымалы бөгеттер ретінде қолданылады.

ҚР ҚК миналары,олардың тактика – техникалық сипаттары мен құрылысы

Инженерлік бөгеттер қарсыластың ілгерілеуін бөгеу,маневрін қиындату,тірі күші мен техникасын шығынға ұшырату ,өз әскерлеріне қарсыласты қарудың барлық түрлеріменжою үшін неғұрлым қолайлыжағдай туғызу мақсатында жасалады.Мұндай бөгеттер ұрыс қимылдарының барлық түрлерінде қолданылады. Қарсыласқа әсер ету сипаты мен қолданылатын құралдарына қарай инженерлік бөгеттер мина жарылғыш, жарылмайтын, аралас бөгеттер болып сараланады.

Мина жарылғыш бөгеттер инженерлік бөгеттердуң негізін құрайды және миналанған алаң, миналар тобы, жеке миналар түрінде жасалады.

Мина – жарылысқа арналған арнайы құрылғысы бар , бөгет жасау құралы ретінде қолданылатын қабықтағы жарылғыш заттың заряды.

Миналар – танкілерді және басқа да ұрыс машиналарын істен шығаруға, қарсыластың тірі күшін жоюға ,әр түрлі нысандар мен басқа да нысаналарды қиратуға арналады.Минаның негізігі элементтері:

-жарылғыш заттың заряды

-жарылғыш

-қозғалтқыш құрылғы

-корпус.

Минадағы жарылғыш заттың заряды жою немесе нысанды қирату қуатын таратушы болып табылады.Минадағы зарядтың шамасы оның қолданылуы мен нысанды қирату деңгейіне байланысты.Мысалы,ол жаяу әскерге қарсы миналарда граммен есептелсе,танкіге қарсы миналарда ондық кг мен,ал ірі нысандарды қиратуда тоннамен есептелуі мүмкін.

Жарылғыш минадағы жарылғыш зарядты қыздыруға арналған. Ол бір –біріне қосылған соққыш – ағытқыш механизм мен тұтандырғыштан тұрады.

Қозғалтқыш құрылғысы сыртқы әсерді қабылдау және оны мина жарылғышына жеткізу үшін қызмет етеді.Қозғалтқыш құрылғысына жататындар:

-үстінен басу қақпағы;

-қазықша;

-керме сым;

-басқару сымдары және т.б.

Мина корпусы жарылғыш заттың заряды мен жарғышты механикалық зақымданудан сақтауға және орналастыруға, ал жаяу әскерге қарсы миналарда тірі әскерді жою қызметін атқарады.

Қазіргі заманғы миналардың корпусы металдан, ағаштан, пластмассадана және басқа да материалдардан жасалады.

Танк жүріп келе жатып минаны басқан кезде танкіге қарсы мина корпусыфның қақпағы жарылғышқап күш салу элементі болып табылады.

Жарылғыш заттың заряды бар ,бірақ жарылғышы жоқ миналар толымсыз жарақталған деп аталады және олар осы түрінде зауытта өндіріледі,қоймаларда сақталады және кез –келген көлікпен тасымалданады.Толық жарақталған миналар енгізілген жарылғыш – электродетонатор болады.

Олар жергілікті жерді қарсыластың танк және басқа да жер үстіндегі жылжымалы техникасынжойып –құрту мақсатындажергілікті жерді миналауға арналған.Танкіге қарсы миналар:

-шынжыр табанға арналған;

-түпастыға қарсы;

-бортқа қарсы болып бөлінеді.

Шынжыр табанға қарсы миналар тек қана жүріп келіп табанымен басқан кезде ғана танк түбі мен жүріс бөлімінің элементтерін қиратын оны тоқтатады.

Түпастығак қарсы миналар танктің шынжыр табаны түбімен басқан кезде танк түбі мен жүріс бөлімінің элементтерін қиратып оны тоқтатады.

Миналар жергілікті жердің топырағына сәйкес әр түрлі қалыпта орналастырылады.Олар тікелей топырақтың бетінде немесе топыраққа көміліпорналастырылуы мүмкін.

Танкіге қарсы миналар механика құралдарымен немесе қол күшімен орналастырылады.

Механикалық құралдар арқылы топыраққа орннатылған миналар ұрыстық жағдайға қолмен келтіріледі. Минаны топыраққа орналастырған кезде мина үстіндегі жердің бүркеніш қабатының қалыңдығы 5-8 см болуы керек.Миналарға арналған шұңқырлар өлшемі 0,6х0,6 м болады және олар қарсыла сжағынан жабылады.

Миналар терең шұңқырларға ,сондай ақ үлкен тастар мен ағаш түбі жанына орналастыруға болмайды. Жолда танкіге қарсы миналарқатты топырақпен және жол материалдарымен бүркемеленеді.Ми батпақты жерлерде мина астына өлшемі мина диаметрінен 2-3 есе үлкен тақтай немесе ағаштар төселеді.

Қазықша жарғышы бар миналарқалың шөп,ұсақ бұталар бар жерлерге қойылады да 5-8 см топырақ үйіндісімен бүркемеленеді.Қазықша жарғыш үшін жер қыртысынан қиық жасалады.

Миналарды залалсыздандыру – олар алынатын қалыпта орнатылған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Алынбайтын қалыпта орнатылған миналарды,қақпағы,жарғыштары , корпустары зақымданған миналарды және артилериялық снарядтар жарылысы нәтижесінде жасалған шұңқырларға 1 м жақын жатқан миналарды алуға тиыми салынады.Мұндай миналар сол орнында жарылғыш заттардың бастырма зарядтары жарылысымен жойылады.

Инженерлік әскерлер — әскердің барлық түрлеріндегі соғыс қимылдары кезіндегі міндеттерді (бөгеттер жасау, қорғаныс шебін құру, өтпелер жасау және оларды жөндем қалпында ұстау, жолдар, көпірлер салу, т.б.) орындайтын арнаулы әскер саласы. Инженерлік әскерлер өздерінің міндеттеріне қарай жалпы (саперлер) және арнаулы (понтонды көпір салушылар, инженерлік құрылыс, бүркемелеу және т.б. жұмыстарын жүргізетін бөлімдер мен бөлімшелер) болып белінеді. Инженерлік әскерлер өз мідеттерін моторландырылған атқыштар, ракета әскерлері, артиллерия, танк және т.б. әскер түрлерімен өзара қоян-қолтық қимылдай отырып орындайды. Инженерлік әскерлер бекініс, жол, көпір салатын, ағаш дайындайтын күрделі техникамен, машиналарыен, бүркемелеу құралдарымен, далада сумен қамтамасыз ететін ыдыстармен, миналайтын және минасыздандыратын аспаптармен жабдықталады. Армияның ядролық қарумен қарулануына байланысты Инженерлік әскерлердін мәні де артты. Осыған байланысты олардың ұрыс даласында бөлім мен белімшелердің маневрлілігін арттыруға және жаппай қырып-жоятын қарудан сенімді қорғауға бағытталған инженерлік жұмыстары күрделілене түсті. Ұрыс кезінде Инженерлік әскерлер инженерлік барлау жүргізеді, басқару пункттерін жабдықтайды, миналандырылған жерден өтуге жол салады және минасыздандырады, өткелдерді ретке келтіреді, қарсыластың ядролық шабуылының зардаптарын жоюға қатысады және т.б. міндеттерді орындайды.


в) Қорытынды бөлім – 7 мин.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • Жарылмайтын бөгеттер дегеніміз не ?

  • Жарылмайтын бөгеттердің түрлерін ата?

  • Жарылмайтын бөгеттер қолданылуына қарай неше топқа бөлінеді?

  • Танкіге қарсы бөгеттер ненің көмегімен орнатылады?

  • Стационарлы бөгеттерге нелер жатады?

  • Тасымалы бөгеттерге нелер жатады?


Бастапқы әскери даярлық пәнінің ұйымдастырушы оқытушысы: _____________ ______________




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Инженерлік б?геттер. 10 сынып.

Автор: Шамаев Мади Толегенович

Дата: 03.03.2015

Номер свидетельства: 181862


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства