kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Етістікті? ша?тары туралы т?сінік.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: Етістікті? ша?тары туралы т?сінік.

Саба?ты? ма?саты:

Білімділік: О?ушылар?а етістікті? т?рленуі туралы, я?ни ша?тары туралы т?сінік беріп, таныстыру.

Дамытушылы?: О?ушыларды? ойлау ?абілеттерін дамытып,  с?здік ?орларын молайту, танымын ке?ейту.

Т?рбиелілік: Патриотты? сезімін ?алыптастыру, ?з Отанына, ту?ан жеріне деген с?йіспеншілін арттыру, тарихты таразылай білуіне ы?пал жасау, таби?атты ?ор?ай білуге т?рбиелеу.

Саба?ты? т?рі: жа?а саба?.

Саба?ты? ?дісі: с?ра?-жауап, тірек сызбалар ар?ылы т?сіндіру, ??гімелеу.

Саба?ты? к?рнекілігі: интерактивті та?та, слаидтар, тірек сызбалар, суреттер.

Саба?ты? барысы:

1.?йымдастыру

С?леметсі?дер ме, балалар! Б?гінгі бізді? саба?ымыз ерекше болма?, себебі б?гінгі саба?ымызды? ?она?тары, сендерді тек ?ана жа?сы жа?тары?ыздан к?ргісі келеді.

2.Психологиялы? дайынды?.

 саба?ты? ережесі:

n  Белсенді ?атысу

n  Тынышты? са?тау

n  Бірін-бірі ты?дау

n  Ойын ашы? айту

n  Бір-бірін сынамау

n  Ынтыма?тылы?

-Ал, балалар енді етістіктерді пайдалана отырып  бір-бірімізге  с?ттілік тілеп, саба?ымызды бастайы?.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Етістікті? ша?тары туралы т?сінік. »

Сабақтың тақырыбы: Етістіктің шақтары туралы түсінік.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға етістіктің түрленуі туралы, яғни шақтары туралы түсінік беріп, таныстыру.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытып,  сөздік қорларын молайту, танымын кеңейту.

Тәрбиелілік: Патриоттық сезімін қалыптастыру, өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілін арттыру, тарихты таразылай білуіне ықпал жасау, табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, тірек сызбалар арқылы түсіндіру, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слаидтар, тірек сызбалар, суреттер.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгінгі біздің сабағымыз ерекше болмақ, себебі бүгінгі сабағымыздың қонақтары, сендерді тек қана жақсы жақтарыңыздан көргісі келеді.

2.Психологиялық дайындық.

 сабақтың ережесі:

n  Белсенді қатысу

n  Тыныштық сақтау

n  Бірін-бірі тыңдау

n  Ойын ашық айту

n  Бір-бірін сынамау

n  Ынтымақтылық

-Ал, балалар енді етістіктерді пайдалана отырып бір-бірімізге сәттілік тілеп, сабағымызды бастайық.

3. Үй тапсырмасын тексеру. Мақал-мәтелдер жазып, сөйлем мүшесіне талдау.

    1. оқушыға үй тапсырмасын оқытамын.

Лабириттен өту.

-Етістік дегеніміз не?

-Етістіктің қандай түрлері бар?

-Есімше дегеніміз не?

-Көсемше дегеніміз не?

-Тұйық етістік қалай жасалады?

-Етістіктің сөйлемдегі қызметі не?

4. Қызығушылықты ояту

  • «Шақ» сөзінің мағынасын қалай түсінесіндер, синоним табу.

  • «Шақ» сөзімен сөз тіркестерін құрастыру

Жаңа сабақты меңгерту. (ЦБР-мен жұмыс)

«Жарайсың!» ойынын ойнату арқылы етістіктердің қай шақта тұрғанын анықтау. Тіккенбіз, тыңдадым, шашып тұр, қонды, шықтым, жүгірдім, құрып кеткенбіз, кіріп кетіпті, ұшып келеді, жүзіп жеттім, сыңсыды, айбат шекті, ұстадым, босаттым, ұша алмай жүр, саңқ етті, қосылды, көтерілді.

5.ТІЛТАНЫМ.

Мезгіл мәні бар сөздердің бәрі бірдей шақ мәнін білдіре бермейді. Мысалы; кеше, бүгін, ертең, биыл сияқты ( мезгіл үстеулер) сөздер мезгілдік мәнді білдірсе де, олардың шақтық қасиеті жоқ. Өйткені бұл сөздерде шақтық мағынаны білдіріп тұратын грамматикалық тұлға жоқ. Шақтық мағына жекелеген мезгілді мәндегі сөздер арқылы емес, етістіктің грамматикалық тұлғасы арқылы беріледі.

Есімше, көсемше және арнайы шақ жұрнақтары- шақ көрсеткіштері.

Көне түркі ескерткіштеріндегі етістіктер туралы қосымша дерек

Негізгі етістіктер

Туынды етістіктер

Адыр-айыр

Алқын-алқыну

Ағыт-қуу

Есід-есіт

Йаңыл-жаңыл

Ескерту:

Болымсыз түрі

Удымадым-ұйықтамадым

Олурмадым-отырмадым

Қорқмадымыз-қорықпадық

Келмеді-келмеді

-ла,-ле:

Йайладым-жайладым

Қышла-қыста

-лан, -лен:

Атлан-аттан

Қатығлан-қатай, мықты бол

-лат, -лет:

Атлат-аттандыр

-д,-ад, -ед, -ай, -ей:

Башад-басшылық ету

Бұңад-мұңай

Йоқад- жоқ ет (жоғалт)

-к, -қ, -ық,-ік:

Ташық-жинал (сыртқа шығару)

Тағығ-тауға шығу

Йолуқ-жолық

-сыра, -сіре:

Қағансыра-қағансыра

Ілсіре-елсіре

-шур, -шүр:

Йоңшур-жаулас

Кеңшур-даулас

Етістік шақтарының жасалуы

6. Мәтінмен жұмыс.

124-жаттығу. 1. Мәтінді тұтас оқып шығу. Ондағы кісі аттары мен елді мекен атаулары арасындағы байланыс туралы ой толғаңдар. 2.Қарамен жазылған сөздерді талдап, етістіктің қай шақта тұрғанын анықтаңдар.

1.Мәтінді мәнерлеп оқыту.

2. Жетісу жері туралы мәлімет. Жетісу – тарихи-географиялық аймақ. Жетісу атын құрайтын 7 өзенге Лепсі, Басқан, Сарқан, Ақсу, Бүйен, Қаратал және Көксу өзендері жатады.

Сөздікпен жұмыс

Бұрхан -ат басындай алтыннан құйылған құдай мүсіні.

Бұдхана -құдайға сыйынатын орын.

Күре- негізгі, басты, өзекті.

Күре жол- басты жол.

Аты аңызға айналған ержүрек батыр, XVIII ғасырдағы Қазақ елінің жоңғарларға қарсы ұлт-азаттық соғысындағы көрнекті қаһарманШапырашты Наурызбай Құттымбетұлы.

Райымбек Түкеұлы — батыр, қолбасшы. Райымбек 17 жасында жоңғар басқыншыларына қарсы күресте ерлік көрсетіп, батыр атанды. Алматы облысының Нарынқол, Кеген аудандары бірігіп, қазірде Райымбек атымен аталады, онда батырға ескерткіш орнатылған. Батырдың бейіті Алматы қаласындағы оның есімімен аталатын үлкен даңғылдың бойында. Бейітінің басына кесене — күмбез тұрғызылған. Ақын М.Мақатаев Райымбек, Райымбек атты поэма жазған.

Шамал хан (т.ж. б. - 1729) - Жетісу өңіріне билік жүргізген жоңғар ханы (1723-29). Ұлт азаттығына ұмтылып, баскыншылық билікке қарсы шыққан жергілікті тұрғындарды аяусыз қырып-жойған. Мысалы, 90 қазақты мойындарына тас байлап Іле өзеніне батырған. 1729 жылы он мың әскермен ханның ордасына (қазір Қарасай ауданында, Шамалған ауылында тұрған жерде) шабуыл жасаған Шапырашты Наурызбай батыр Шамалды өлтірген.

Қаскелең батыр (т.ж. б.- 1729) - Жоңғар билеушісі Шамал ханның бас батыры, мың басы. 1723 ж. Жетісуды жаулауға қатысқан. "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаның" кезінде Қаскелең (шатыры осында тұрған) қаласынан шығысқа қарай Нарынқолға дейінгі аралықтың билеушісі атанды. Қаскелеңді 1729 ж. Балқаш көлінің оңтүстігінде жекпе-жекте Наурызбай батыр садақпен атып өлтірген.

Көрген- өткен шақ

Қашқанда- өткен шақ

Бел байлады-өткен шақ

Ішетінін- өткен шақ

Тұтылып қалды-өткен шақ

Жолай алмады-өткен шақ

Тап болыпты-өткен шақ

7.Фонетикалық талдау. Көрген

Мұғалім Қазақ Хандығының 550 жылдығы туралы айтып өтеді.

8. СЕРГІТУ СӘТІ: етістіктерді айтқан кезде қол шапалақтайды

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ержеткен
соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
9. «Ой шақыру» Тақтамен жұмыс.

125-жаттығу. Мәтіннен негізгі, көмекші, дара, күрделі етістіктерді теріп жазыңдар, олардың қай шақта тұрғанын жанына жазып көрсетіңдер.

Аудиожазба тыңдау.

10.«Сиқырлы сандар» Синтаксистік талдау.

1. Абай аға, менің аузымдағы сөзімді Шұбар айтты.

2. Абай ақырын ғана атын бұрды

3. Екеуміздің таласымызға байлауын көп айтсын.

11. Қорытынды. Асық ату.

Абай Құнанбаевтың 170 жылдығы, Қазақстан Халықтар Ассамблеясының

20 жылдығы, Ата Заңымыздың 20 жылдығы, Жеңістің 70 жылдығы, Қазақ Хандығының 550 жылдығы аталып өткелі отыр. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» бағдарламасында «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын ұсынды. Ендеше, сабағымызды етістіктің шақтарына мысал таба отырып аяқтайық.

Өткен шақ ойлап табамыз. –Сабақты

Осы шақ ойлап табамыз. –

Келер шақ ойлап табамыз. – Елімізді

«Біле бер, қанша білсең, тағы тіле,

Жетерсің мақсатыңа біле-біле» Ж.Баласағұн

12. Үйге тапсырма: 127-жаттығу. «Әр кезеңдегі қимыл-әрекет» тақырыбына шағын әңгіме құрастырыңдар.

Ереже жаттау.

13. Бағалау.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Етістікті? ша?тары туралы т?сінік.

Автор: Мухамедина Асем Сенбиевна

Дата: 20.05.2015

Номер свидетельства: 213717


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства