Пән: қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-бөлім: Спорт және денсаулық күтімі | Мектеп: Ақтөбе қаласы, 17 мектеп-гимназиясы Мұғалімнің аты-жөні: Наурзалина А.Т. |
7.5.1.2 - салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалышырайлардың қызметін білу, жазба, ауызша жұмыстарда қолдану. |
Тілдік дағдылар | Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: Спорт шебері, бапкер, кәсіподақ, өлкетану, мұражай |
Сабақтың ортасы (30 минут) | Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында үнтаспадан ұлы адамдардың спорт, оның жетістіктері туралы айтқан ойларын тыңдатады, тақырыпқа қатысты дайындаған слайдтарын көрсетеді. Ұлағатты сөздерді тыңдайды, слайдтарды қарайды, өз ойларын айтады. 1Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады. 2. Мәтіналды жұмыс. А) Айтылым. Оқулықтағы 1-тапсырманы орындатады. Ә) Жазылым. Оқулықтағы 2-тапсырманы орындатады. «Менің сүйікті спортшым» деген тақырыпта кластер құрайды. 3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Оқулықтағы 3-тапсырманы орындатады. Ә) Жазылым. Оқулықтағы 5-тапсырманы орындатады. «Атақты палуан» деген тақырыпта әңгіме жазады. 4. Сергіту сәті. Мұғалім оқушыларға А4 парағы мен түрлі-түсті қарындаштар мен фломастерлер таратады. 5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Жазылым. Оқулықтағы 6-тапсырманы орындатады. Оқулықтағы 7-тапсырманы орындатады. Мәтіндегі ақпаратты «Төрт сөйлем» тәсілін пайдаланып айтады. А) Оқулықтағы 8-тапсырманы орындатады. «Жеңіске деген жігер» деген деректі фильм туралы ақпарат жинап, тұсаукесер дайындайды. Ә) «Есте сақта!» айдарымен берілген сөздер мен сөз тіркестерін оқиды, талдатады. | интерактивті тақта, слайдтар, Д. Дефоның шығармасы, тақырыпқа қатысты суреттер, А4 парағы, түрлі-түсті қарындаштар мен фломастерлер, cмайликтер, өзара бағалау парағы. |
Сабақтың соңы 5минут | Рефлексия Мұғалім оқушылардың сабақтағы көңіл-күйін білу үшін тақтаға алма ағашының суретін салады немесе макетін іліп қояды. Қызыл және көк алма бейнесіндегі фишкалар таратылады. Сабақ ұнаса, қызыл алма жапсырады. Ұнамаса, көк алма жапсырады. «Қызыл алма» тәтті , балалар сүйсініп жейді. Яғни,сабақ оқушыға ұнады. «Көк алма» ащы, піспеген . Оқушыларға сабақ ұнаған жоқ. Балалар көк алма мен қызыл алма туралы мәлімет алғаннан кейін, көңіл -күйлеріне қарай алмаларды алма ағашына жапсырады. | |
Дифференциация – Сіз оқушыларға Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) |