Кезең | Уақыт | Ресурстар | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Модуль |
Ұйымдастыру кезеңі | 2 мин. | «Шаттық шеңбері» | Амандасу, түгендеу. Психологиялық дайындық: оқушыларды шеңберге шақырады. | Шеңберге тұрып, қол ұстасып, бір-біріне тілек айтады. | | ОмОЖТ |
Білу Кіріспе бөлімі | 3 мин. | «Блум түймедағысы» әдісі | Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қояды | Өткен тақырыптар бойынша материалды қайталап, сұрақтарға жауап береді | Әр жауап фишкамен бағаланады | Оү Б |
Қызығушылықты ояту. Жаңа тақырыпқа шығу | 3 мин. | Суреттер арқылы сыйлауға болатын заттарды таңдау «Миға шабуыл» әдісі | Суреттерді дайындап, интербелсенді тақта арқылы көрсетеді. Елнұр деген бала бізден досына сыйлық таңдауға көмек сұрайды. Осы заттардың ішінен нені ұсынар едіңдер? Сабақтың тақырыбына жетелейді: Сабақтың мақсатымен таныстырады: Мәтіннің мазмұнын түсініп, өз достарыңа не сыйлайтындарың туралы әңгімелей білу керексіңдер. Мәтінде кездескен сын есімдердің мағынасына қарай үрлерін анықтап, сапалық сын есімнің шырайларын қайталау. | Суреттерге қарап, досына нені сыйлайтындарын таңдайды. Керекті суреттерді таңдап алады. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтайды. | | СТОү ОмОЖ АКТ |
Түсіну Мағынаны тану Сергіту сәті | 10 мин 2 мин | Сөздік: Мәтінмен жұмыс. Флипчарт қағазы, маркер моноблок | Жаңа сөздер банкісін ұсынады. Мәтінмен жұмыс жасау алгоритмін ұсынады, топтарды бақылап, кеңес беріп отырады. Алгоритмі: Мәтінді оқып, таныс емес сөздерді анықтайды.Жұппен талқылайды. Анықтап, білгендерін топпен талқылайды. Бір-бірінің білгендерін толықтырады. Өздерінің білгендерін жаңадан алған ақпаратпен байланыстырып постерге түсіреді. Видео роликті көрсетіп, оқушыларды бақылайды. | Жаңа сөздермен танысып, мағынасы мен аудармасын біледі. Алгоритм бойынша жұмыс істейді, ойларын постерге түсіреді. Шынығып, сергіп қалады. | Қолпаштау, шапалақ ұру | СТОү ТжДБО КжБ |
Қолдану | 6 мин | Үлестірмелі материал Кілт арқылы тексеру. | Мәтіннен сапалық сын есімдерді көшіріп жазып, ережеге сай салыстырмалы шырайға айналдырыңдар. | Тапсырманы орындап, бір-бірін кілт бойынша тексеріп, бағалау парақтарына ұпайларын қояды. | Вербалды бағалау | ОЖЕСО ТжДБО КжБ |
Талдау | | Үлестірмелі материал. А-4 қағазы, маркер | Жағдаят бойынша диалог құрастыру.Сені сыныптасың туған күніне шақырды. Сен сыйлық таңдауға дүкенге келдің. Сатушы мен сатып алушы арасындағы диалогты құрастырыңдар. | Жағдаят бойынша топта диалог құрастырады. | Бағалау парақтарына ұпайларын қояды. | ОмОЖТ КжБ ТжД |
Синтез | | Синкэйн» әдісі «Сөз құрастыру» әдісі | 1 топқа: Сыйлық сөзіне 5 жолды өлең құрастыру. 2 топқа: Ұсынылған әріптер арасынан бүгінгі тақырыпқа қатысты сөздерді табыңдар.(Сыйлық, туған күн, құтттықтау) 3 топқа: «Сыйластық» деген сөзден бірнеше сөз шығарыңдар (сыйлық, лас, ас, ай, тай, ақ, қыс, алыс) | | Шапалақтау | ТжДБО, КжБ СТО |
Бағалау Үй тапсырмасы | | Стикерлер Күнделік | Критерийлер бойынша жалпы ұпайларын санатады.Оқушыларды бақылайды, түсініксіз жерін түсіндіреді. Смайлик арқылы сабаққа қатысты көңіл-күйін білдіреді. Мен досыңа не сыйлаймын? деген тақырыпта шағын ой-толғау жазып келу. | Әр тапсырмалар бойынша жинаған ұпайларын санап, сабақта алған бағаларын анықтайды. Сабақтан алған әсерін смайлик арқылы білдіреді. Тапсырманы күнделіктеріне жазып алады. | Критерий арқылы бағалау. | СТО, ОүБОБ |
Менің жақсы досым бар. Оның аты – Арман. Ол әдемі, үлкен Алматы қаласынан келді. Арманның ата-анасы жұмыс бабымен іс-сапарға кетіп қалды. Арман үйде жалғыз. Осы аптаның сенбі күнінде Арманның туған күні болады. Сыйлық таңдау жеңіл емес. Не сыйлайтынымызды көп ойландық. Мен достарыммен Арманға қызықты тосынсый жасамақ болдым.
Арманға мұғалім «тапсырма» берді...
Біз дайындықты бастадық. Айнаш пен Самал дәмді тағам әзірледі, ұлдар бөлмені безендірді. Арманның келетін уақыты болды. Есік ашылды. Біз алақанымызды соғып, «құттықтаймыз» деп Арманды қарсы алдық. Арман мәз болып қалды.