Оқылым барысында оқушылар маңызды ақпаратты қажет емес бөліктерінен қалай ажырату керектігін үйреніп, оқу жылдамдығын қалай арттырып, бұрын таныс емес сөздердің мәнін қалай ажырату керектігін үйренеді. Жеке жұмыс Тапсырма: Мәтінді оқып, таныс емес немесе тірек сөздерді белгіле. Сол сөздермен сөз тіркесін құрастыр. Бүгінгі таңда бүкіл ғаламшар гаджеттерге байлаулы. Смартфон, планшет, осы сияқты сандық техникасыз өмір жоқ. Олармен бірге адам өміріне сандық дерт дендеп жатыр. Бұл әзілсіз, ащы шындық. Мамандар жыл сайын балалар қатарында –назар салуы нашар, жадысы тозған, өзін-өзі ұстай алмайтын, үнемі көңілсіз, күйзеліске берілгіш балалар көбейді деп дабыл қағуда. Зерттеулер сандық құрылғыны көп қолданатын адамдардың миында өзгерістер орын ала бастағанын көрсетті. Миға зақым келгенде немесе деменцияның , яғни алжасудың алғашқы белгілері сияқты. Негізі бұл ауру қартайған шақта дамуы керек. Ал қазір бұл дерт ерте жастан жетілуде. «Сандық технология миды инфантильді етеді» Ересек адамның миы жетілмеген баланың миындай болып қалады. Олардың миы тек бүгінмен ғана өмір сүреді. Назар салуы тым шаршаңқы болады» -дейді ғалымдар. Таныс емес сөздер | Сөз тіркесі | Дерт | Дерт демдеді | Жады | Жадысы тозған | Күйзеліс | Күйзеліске берілгіш | Дабыл | Дабыл қағуда | Алжасу | Алжасудың белгісі | Дескриптор Таныс емес немесе тірек сөздермен сөз тіркесін құрастырады. «Бағдаршам» арқылы бағалау. Топтық жұмыс «Түртіп алу» әдісі Тапсырма: Мәтінді оқып, берілген ақпараттардың ішінен мәтін мазмұнына сай ақпараттарға «+» белгісін қойыңыз. № | ақпарат | Негізгі ақпарат | 1 | Бүгінгі таңда бүкіл ғаламшар гаджеттерге байлаулы | + | 2 | Смартфон, планшет, осы сияқты сандық техника керек | + | 3 | Бұл әзіл | | 4 | Мамандар жыл сайын балалар қатарында –назар салуы нашар, жадысы тозған, өзін-өзі ұстай алмайтын, үнемі көңілсіз, күйзеліске берілгіш балалар көбейді деп дабыл қағуда | + | 5 | Зерттеулер сандық құрылғыны көп қолданатын адамдардың миында өзгерістер орын ала бастағанын көрсетті | + | Дескриптор Берілген ақпараттардың ішінен мәтін мазмұнына сай ақпаратты анықтайды Оқығаннан кейінгі кезеңде оқушылар қайтадан оқып шығып, белгілі бір ақпаратты табады және оқығандарын түйіндейді Топтық жұмыс «Кофе араластырғыш таяқшалар» әдісі арқылы алынған ақпараты қалай түсінгенін көрсетеді. Топтар берілген сұрақтарға жауап береді. | 1. Ғаламшар неге байлаулы? | 2. Сандық техникаға (гаджет) нелер жатады? | 3.Қандай дерт дендеп жатыр ? | 4.Сандық технология (гаджет) көбіне денсаулыққа қалай әсер етеді? | Дескриптор Сұраққа толық жауап береді. «Смаилик» арқылы бірін- бірі бағалайды Жұптық жұмыс «Аквариум» әдісі Оқылымнан кейінгі тапсырма. Лексикалық минимумды (Бүкіл ғаламшар, гаджеттерге байлаулы, сандық дерт, назар салуы нашар) қатыстыра отырып, ауызша диалог құру. Шарты: бір мезгілде жұптар бір-біріне айтылым жасайды, бірін-бірі бағалайды. Керек сөздер: Бүкіл ғаламшар, гаджеттерге байлаулы, сандық дерт, назар салуы нашар Дескриптор Ақпаратты түсініп, сөздерді орнымен қолданып, диалог құрады. Жеке жұмыс «5 сұрақ-5 жауап» әдісі Тапсырма . Үлгі: - Заманауи гаджеттердің зияны қандай? - Гаджеттерден не үшін қорғану керек? Дескриптор Тірек сөздерді толық қолдана отырып ғаламтордың зияны жайлы айту Оқушылар жұбын «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды Оқушылардың көпшілігіне «Гаджеттердің зияны» деген тақырыпта диалог құрастыру Кейбір оқушыларға Ғаламтордың зияны туралы жарнамалап айту. Критерийі Тақырыпқа бағытталған сұрақтар құрастырып, оған жауап береді. Ғаламтордың зиянды тұстарын сипаттаңыз. |