kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Экономика көшбасшысы" сыныптан тыс жұмысы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты: Оқушыларды білімпаздыққа,ізденімпаздыққа тәрбиелей отырып, өз ойын ашық айта білетін қабілетті тұлға қалыптастыру. Оқушыларды елін, жерін,оның дәстүрлерін сыйлауға, халқымыздың болашағын гүлдентер тәрбиелі, білімді болып өсуге ықпал ету.
Көрнекілігі: интерактивті тақта.
Түрі: сайыс
Әдісі: Сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс: Саясаттану, әлеуметтену, қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті, информатика, астрономия.
Сабақтың барысы:
а) оқушылармен сәлемдесу.
ә) Сабақтың мақсатын хабарлап, оқушылардың назарын сабаққа аудару, экономикалық білімге деген қызығушылығын арттыру. Топқа бөлінген оқушылар жеке-жеке отырғызылады, топ лидерлері сайланады, эксперт тобы құралады.
І-топ. «Экономистер»
ІІ-топ «Теңгелер»

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Экономика көшбасшысы" сыныптан тыс жұмысы»

Тақырыбы: «Экономика көшбасшысы» (сайыс)
Мақсаты: Оқушыларды білімпаздыққа,ізденімпаздыққа тәрбиелей отырып, өз ойын ашық айта білетін қабілетті тұлға қалыптастыру. Оқушыларды елін, жерін,оның дәстүрлерін сыйлауға, халқымыздың болашағын гүлдентер тәрбиелі, білімді болып өсуге ықпал ету.
Көрнекілігі: интерактивті тақта.
Түрі: сайыс
Әдісі: Сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс: Саясаттану, әлеуметтену, қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті, информатика, астрономия.
Сабақтың барысы:
а) оқушылармен сәлемдесу.
ә) Сабақтың мақсатын хабарлап, оқушылардың назарын сабаққа аудару, экономикалық білімге деген қызығушылығын арттыру. Топқа бөлінген оқушылар жеке-жеке отырғызылады, топ лидерлері сайланады, эксперт тобы құралады.
І-топ. «Экономистер»
ІІ-топ «Теңгелер»
Сайыс жоспары.
1. «Өнер-білім бар жұрттар» (Мақал-мәтелдер жарысы).
2. «Білім аукционы» (әр топқа оқу пәндері бойынша сұрақ қойылады дұрыс жауап беру арқылы топ өз ақша қорын жинақтайды.)
3. «Эрудиттер сайысы» (оқушылар сұрақтарға жылдам жауап беруі керек, сұраққа тез және дәл жауап беріп, уақытты тиімді пайдаланған топ жеңіске жетеді).
4. «Ұлы экономистерді танисыз ба?» (әр топ тұлғаны дұрыс табуы керек)
5. «Отандық брендті бірге жасайық» (Оқушылар өздерінің таңдаған тауарларын жарнамалайды. Жарнамалар әдемі де қызықты қимылдармен, өлеңдермен, әндермен шығуы керек).
6. «Конверттен шыққан басқатырғылар» (Әр топқа конверттер таратылады, іштерінде әртүрлі мемлекеттердің атауы, олардың астаналары, ұлттық валюталары бар. Оны оқушылар дұрыс тауып, ретімен қоюы керек).
Сабақта жасалынатын әрекеттер:
топқа бөлу, жеке жұмыс, ой-пікірін тыңдау (ой-шақыру), слайдтар мен фото суреттермен жұмыс,пысықтау, бекіту, топпен жұмыс (әр топқа сұрақ беріледі,топ лидері мен топ мүшелері жауап береді), шығармашылық жұмыстармен таныстыру, эксперттер тобының жұмысы (бағалау), мұғалімнің қорытынды сөзі.
Мұғалімнің сөзі: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бізді қоршаған ортаға үңіле қарайтын болсақ, ол тым күрделі және онда болып жататын әртүрлі өзгерістер бір-бірімен өзара тығыз байланысқан. Осы құбылыстарды жан-жақты зерттеу ісімен көптеген ғылымдар айналысады, солардың ішінде экономика ғылымының орны ерекше. ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаев «Әуелі экономика, содан кейін саясат» деген қағида ұстанып, еліміздің нақты мүмкіндіктерін ескере отырып демократияландыру бағытын алға жылжытты. Бұл әрине өзін-өзі ақтады. Осы ретте ағылшынның «темір ханымы» атанған М.Тэтчердің «Мен тиісті жағдайы әрі тәжірибесі жоқ қандай да бір елде, мейлі ол азиялық немесе азиялық емес ел болсын, ешбір проблемаға ұрынбай бір деммен демократияны енгізу мүмкін дегенге сенбеймін» деген сөздерін еске түсіргеніміз орынды. Себебі бұл сатыдан еліміз толықтай және абыройлы өтіп, мемлекетіміз нарықтық экономикаға жол ашты. Сондықтан, бүгінгі сабағымыз экономика біздің өмірімізде деп аталады.
І. Жарыс сабағымызды жүргізу үшін 2 топқа жетекшілер сайлап алайық. Топтарға сәттілік тілейміз.
Таза мінсіз, асыл тас,
Су түбінде жатады.
Таза мінсіз, асыл сөз,
Ой түбінде жатады.
Су түбінде жатқан тас,
Жел толқытса шығады,
Ой түбінде жатқан сөз,
Шер толқытса шығады,-деп Асан Қайғы бабамыздың баталы сөзімен алғашқы турды бастаймыз.
І. Сайысымыздың алғашқы бөлімінде мақал-мәтелдердің жалғасын табасыздар. Дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады.
Жеті рет өлшеп, ......... (бір рет кес).
Есептей білгеннің ....... (есесі кетпейді).
Судың да ...................(сұрауы бар).
Теңге ................(тиыннан құралады).
Ақыл азбайды ........(білім тозбайды).
Ақшаны табудан ....... (шашу оңай).
Ақшаны ..... (ақша жасайды).
Ақша кетуге тырысады,
Есеп ...... (ұстауға тырысады).
ІІ. Келесі кезеңіміз «Білім аукционы» деп аталады, яғни әр топқа оқу пәндері бойынша 4 сұрақ қойылады. Дұрыс жауап беру арқылы топ өз ақша қорын жинақтайды. Аукционда сауда «эврика» сөзінен алынған «эвро» атты ақша бірлігімен жүргізіледі. Әр топтың қорында 50 эвродан бар. Бұл бастапқы капитал. Өз капиталын көбейту олардың өз қолында. Пән бойынша сұрақтың бастапқы бағасы 10 эвро. Топ капитаны бағаны 10 эвродан жоғарылата алады. Ең жоғарғы баға ұсынған соң сұрақ оқылады. Егер дұрыс жауап айтылса, баға құны сол топқа беріледі, ал қате жауап айтылса, онда топ өз капиталынан сол ақшаны қайтарады. Ескерту: егер топ қорында бар барлық сомаға сұрақ сатып алып, қателессе, онда банкрот болып, өкінішке орай ол топ аукционға қатыса алмайды. «Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы-білім» деп шығыс ғұламасы әл-Бируни айтқандай білім байлығы саудаға түсер аукционды бастаймыз. Аукционға қойылатын № 1 лот күміс қобдиша. Қобдишада не жасырылғанын табуларыңыз керек. Сауда жүргізіледі. .... тобы бір, ... тобы екі, ... тобы үш. Сатылды. Дұрыс жауап берген жағдайда топ өз қорына 10 эвро қосады.
Сұрақ. Жануарға ұқсас атым бар,
Бағдар көрсетер затым бар.
Кілемше үстінде тұрамын.
Ең қажетті құралмын.
Білсеңдер, қане айтыңдар. (тышқан, компьютердің енгізу құрылғысы).
Аукционға қойылатын № 2 лот. «Ұлы тұлғалар галереясы». Сауда жүргізіледі.
Ұлы экономистерді ата. (Адам Смит, Абрахам Маслоу, Аристотель)
Аукционға қойылатын № 3 лот. Қаржы
Сұрақ. Құндылығы бойынша кез келген тауарлар мен салыстыруға, кез келген тауарға айырбастауға болатын әмбебап тауар (АҚША)
№4 лот. Аукционға экономика негіздері қойылады.
Сұрақ. Елдің ақша бірлігі немесе шет мемлекеттердің ақша белгісі қалай аталады? (валюта).
Жоғарғы капитал жинаған топ ......
ІІІ -кезең. «Эрудиттер сайысы»
Көңілін халқыңның таптың бүгін
Елес қой мынау бізге жат күн бүгін.
Бір бірлеп сұрақ қойып бақ сынайық.
Байқайық оқушылардың тапқырлығын.
Келесі кезекте «Эрудиттер сайысы» айналымы. Бұл айналымда оқушылар сұрақтарға жылдам жауап беруі керек, сұраққа тез және дәл жауап берген топ жеңіске жетеді. Сұрақтар экономикалық сөздік түрінде және басқа пәндерден беріледі.Әрбір дұрыс жауап 10 ұпай. Сұрақтың жауабын білмесеңіз келесі деп келесі сұраққа өте бересіз.
«Теңгелер» тобының сұрақтары
1. Бәсеке сауда- аукцион
2. Алгоритм сөзі қай ғалымның атынан шыққан? – әл - Хорезми
3. Қағаз ақшаның құнсыздануы - инфляция
4. Жалға беру - аренда
5. Зат пен затты ақшасыз айырбастау – баспа бас айырбас
6. Тұмсығы ұзын жануар - піл
7. Бүкі әлемдік тартылыс заңын кім ашты? Ньютон
8. Сауда саттықпен айналысатын адам - саудагер
9. Тірі ағзалардың қоршаған ортамен өзара қарым қатынасы туралы ғылым - экология
10. 2000 теңгенің 10% ы – 200 теңге
«Экономистер» тобының сұрақтары
1. Құнды қағаз - Акция
2. Тарихтың атасы кім? - Геродот
3. Презентация - тұсаукесер
4. Шөлге төзімді жануар - түйе
5. Контракт – келісім шарт
6. Азаматтардан алынатын міндетті төлем - салық
7. Шығын мен табысты жоспарлау - бюджет
8. Түсім мен шығын арасындағы айырмашылық - пайда
9. 1000 теңгенің 10% ы – 100 теңге
10. Мемлекеттің табыс деңгейі төмен адамдарға өтеусіз төлейтін ақшалай төлемдері – трансферттік төлемдер
ІV-кезең «Ұлы экономистерді танисыз ба?» (әрбір дұрыс жауап 10 ұпай)
1 сұрақ: Оның зерттеулерінде экономика бірнеше салаларға: ауыл шаруашылығы, қолөнерге және саудаға бөліп қарастырылған. «Табыс туралы», «Экономика» атты еңбектері бар. (Ксенофонт 427-355 жж).
2 сұрақ: Классикалық саяси экономиканы аяқтаушы ретінде экономика ілімі тарихында айтарлықтай із қалдырған. Оның зерттеу методологиясында басты орынды базис және қондырма туралы концепция алады. Ол мұны 1859 ж «Саяси экономикаға сын» деген еңбегінде жазды. «Капиталдың» авторы кім? (К.Маркс).
V-кезең «Отандық брендті бірге жасайық» (жарнама жасау шеберлігі)
Шарты: Оқушылар өздерінің таңдаған тауарларын жарнамалайды. Жарнамалар әдемі де қызықты қимылдармен, өлеңдермен, әндермен шығуы керек.
І. «Фуд-Мастер» компаниясының жарнамасы.
ІІ. «Рахат» кондитерлік фабрикасының жарнамасы.
Жанкүйерлер сайысы. Экономикалық мазмұны бар есептерді шығары керек, егер жауабы дұрыс болса, онда қай топтың жанкүйері болса, сол топқа ұпайы қосылады
Топтардың ұпайларын жинақтап қосып, жеңімпазды анықтайды.
Мұғалімнің қорытынды сөзі.
Күн сайын сіздің есепшотыңызға 86 400 доллар салып, кешке қарай сіздің пайдаланып үлгірмеген ақшаңыздың қалдығын қайтарып алып отыратын банк бар деп ойлаңыз. Сіз қайтер едіңіз. Әрине күн батқанша есебіңіздегі бар ақшаны алып, тыным таппас едіңіз. Біздің әрбірімізде сондай банк бар. Ертең ертемен ол банк сіздің есебіңізге 86 400 секунд салады. Әрбір кеште ол банк пайдалы іске жаратпаған уақытты сіздің есебіңізден алып жоққа шығарып отырады. Бұл банк есептегі ақшаны жинақтауға , сақтап отыруға мүмкіндік бермейді. Ештеңені қайтаруға, өзгертуге болмайды.Уақыт-жалғыз ғана орны толмас асыл қазына, біз үшін уақыттай тегін берілетін, бірақ уақыттай қымбат тұратын ештеңе жоқ. Уақыт ешкімді күтпейді. Кеше-тарих қойнауына еніп кетті, ертеңгі күн-жұмбақ, дәл бүгінгі күн-уысымыздағы сыйлық. Олай болса, достар, бүгін әрбір кәсіпорын қорындағы қаржы 86 400 теңгеге ұтымды пайдалана білдік деп ойлаймын.
Жандарыңа сапалы білім мен салауатты ақылды серік етіп, үйлестіріп мемлекетті алдағы уақытта дамытатын сіздер мен біздер. Ендеше М.Әуезов атамыз: «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дегендей, құрметті өрен атаның емес, адамның баласы болу керектігін осы бастан ой-зерделеріңде сақтаңдар.

Бағалау парағы
№ Топтар Теңгелер Экономистер
Сайыстар
1 «Өнер-білім бар жұрттар»
2 «Білім аукционы»
3 «Эрудиттер сайысы»
4 «Ұлы экономистерді танисыз ба?»
5 «Отандық брендті бірге жасайық»
6 Жанкүйерлер сайысы
7 Барлық ұпайлары

1. Жапония-Токио-Иена.
2. Италия-Рим-Евро
3. Бразилия-Бразилиа-Реал.
4. Грузия-Тбилиси-Лари

5. Түркия-Анкара-Лира
6. Германия-Берлин-Евро
7. Чад-Нджамене-Батыс африка - франкі
8. Армения-Ереван-Драм


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
"Экономика көшбасшысы" сыныптан тыс жұмысы

Автор: Токкожина Анар Сатыбалдиновна

Дата: 28.02.2017

Номер свидетельства: 396712


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства