5-тапсырма. Топтық жұмыс. «Микрофон» әдісі арқылы Шығарма үзіндісін тыңдаңыздар (11-аудио). Кейіпкерлердің үніндегі толғанысты, дауыс ырғағындағы кідірісті, интонациялық өзгерістерді байқадыңыздар ма? Тимур кіреді.асығыс.Қамажай оның алдынан жүгіріп шығады. Қамажай. Темір, Теміржан. Кешірші мені. Әлгінде, Ермек даладан жылап келіп.... Тимур. Мамуля, не боп қалды? Қамажай. Соны жұбатам деп жатқанда ...... Тимур. Түу, айтсаңшы тезірек, менің бір минут та уақытым жоқ. Костюмді үтіктеп қойдың ба? Қамажай. Жоқ ... иә ... жоқ .... Бүлдіріп алдым ..... Тимур. Көшеге киетін жалғыз костюмімді ақыры өртеп тыңдыңдар ма? Енді қайтемін? Қамажай. Солай болды. Есімнен шығып ....... Тимур. Көшеге киетін жалғыз костюмімді ақыры өртеп тыңдыңдар ма? Енді қайтемін? Қамажай. ..... Алармыз Тимур. Алармыз, көрерміз, бір мәнісі табылар....Немен аламыз, немен көреміз, бір мәнісі қалай табылады? Бір туфли ала алмай жүргенде .... Қамажай. Қайтемін, әдейі істеген жоқпын ғой .... Тимур. Ал бүгін немді киемін? Жиынға майкамен кетсін бе? Қамажай. Құдай-ай! Енді не істесем екен? Білдірмей жамап берейін. Тимур. Жамап? Енді жамау костюм киюім қалған екен ғой. Түу, осы үйден бір береке таппай-ақ қойдым-ау. Қамажай. Неге олай дейсің? Береке таптырмай жүрген кім саған? Аузыңа не келсе, соны айта салатыныңды қайдан шығарғансың? Тимур. Жалғыз костюмім жанып кетсе, енді не демекпін? Қамажай. Жанбаса, құрып кетсін. Костюм, костюм деп төбемді оятын түрің бар ғой. Мен бір әдейі өртегендей .... «Осылар ренжімесін», «Осылар қабақ шытпасын» деп жар құлағым жастыққа тимей жүргенде естір сөзім осы ма? Даладан ашуланып келсеңдер, маған зіркілдейсіңдер, қуанып келсеңдер, маған еркелейсіңдер. Ал мен кімге ұрысам, кімге еркелеймін? (Жыламсырап.) мен де адаммын ғой. Көңіл жырту мата жыртудан да оңай ма сендерге? Ал кет басыңның ауған жағына . Кет! Тимур. Қит етсе, көзінің жасы дайын тұрады бұлардың. Костюмін қолына лып, әрі-бері қарайды. Қолын бір сілтеп, қайта орнына қояды .... Дискрептор: шығарма үзіндісін тыңдайды кейіпкерлердің үніндегі толғанысты, дауыс ырғағындағы кідірісті, интонациялық өзгерістерді баяндайды Бағалау. «Бас бармақ» әдісі 6-тапсырма. Жеке жұмыс. «Жалғасын тап» әдісі арқылы Пьесадағы оқиға желісін қалай аяқтар едіңіздер? Дамытып айтып көріңіздер. Бағалау: 7-тапсырма. Топтық жұмыс. «Ой толғау»әдісі арқылы драма кейіпкерлері туралы ой қорытыңыздар. Кейіпкерлер | Іс-әрекеттері | Көзқарасы | Қасиеттері | | | | | | | | | | | | | | | | | Дискрептор: драма кейіпкерлері туралы кесте толтырады кейіпкерлер туралы мінездеме береді Бағалау: «Бейнелер » әдісі |