Вначале урока спросила домашнее задание.Урок провела в 5 м классе. Загадки решали ученики.Вопрос и ответ ввиде игры,Заблудившие буквы они решали быстро.Была в середине урока физкультминутка "Ж?мыр ?ылыш" ученики под музыку танцевали и пели.Чтобы различать мягкость и твердость букв раздала ученикам семантическую карту.Группавая работа была. На конце урока для закрепления ответили на вопросы в игре"СНеговик".Оценила.Урок удался.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Дауысты дыбыстар.Жуан ж?не жі?ішке дауыстылар. »
Тасшағыл орта мектебі
Тақырыбы: Дауысты дыбыстар.Жуан және жіңішке дауыстылар.
Өткізген: А.Қаманова
2015 - жыл
Тасшағыл орта мектебі
Тақырыбы: Оқушылардың танымдық,шығармашылық қабілетін дамыту
Дайындаған: Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: А.Қаманова
2015 - жыл
1.Пән аты: Қазақ тілі
2.Сыныбы: 5а
3.Күні, айы, жылы:30.01.2015
Сабақтың тақырыбы: Дауысты дыбыстар. Жуан және жіңішке дауыстылар.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: тіліміздегі дыбыстардың, соның ішіндегі дауысты дыбыстардың жіктелуін оқушылардың өздерін қатыстыра отырып түсіндіру.
2.Тәрбиелік: оқушыларды ел тарихы мен дәстүрін қастерлеуге, сөз өнерін ардақтауға тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушылардың жалпы сауаттылықтары мен логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, грамматикалық талдау жасау дағдыларын дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.топқа бөлу
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.интербелсенді тақта,смайликтер.стикерлер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті,математика
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3.Шаттық шеңберіне тұрғызу
II.Үй тапсырмасын тексеру:
Метаграмма құрау
А.Байтұрсынұлы туралы қысқаша айту
ІІІ Білім тексеру:
Сұрақ жауап
1.Фонетика қандай ғылым, ол нелерді зерттейді?
2.Әліпбиде неше әріп бар?
3.Әріппен дыбыстың қандай айырмашылығы бар?
4.Дыбыс жасауда біздің қандай мүшелеріміз қатысады?
5.Қазақ тілінде неше әріп бар
«Жұмбақ шешу ермегіміз жалықпас» ойыны Әзіл жұмбақ
Бірі мен бірі сыбайлас,
Бірі айтылады да естіледі,
Екіншісі жазылады да көрінеді. Дыбыс пен әріп
Бірін-бірі қоштаған,
Бір үйден көрдім,
Қырық екі дос-жаран. 42 әріп
Өз құрамында үш буын,алты әріп бар,
Жалпы қарауындағы әріптері
Құрамындағыдан жеті есе көп. Әліпби
Үй тапсырмасын байланыстыра отырып жаңа сабақты интерактивті тақтамен түсіндіремін.
ІV Жаңа сабаққа дайындық
Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Балалар қазақ тіліндегі дыбыстар жасалу жолына қарай 2-ге бөлінеді.
Дыбыстар
Дауысты
Дауыссыз
Ауа – өкпеден кедергісіз шығып, үннен ғана тұратын дыбыстарды дауысты дыбыстар дейміз.
Қазақ тілінің төл дауысты дыбыстары – 9: а, ә, о, ө, е, ы, і, ұ, ү. Орыс тілінен енген және халықаралық терминдерде и, у, э, дауыстылары кездеседі:кино, уран, электр, Қазақтың төл сөздерінде и, у жазылғанымен, олар дербес дауыстылар емес. И әрпі ы+й, і+й дыбыстарының, у әрпі ұ+у, ү+у дыбыстарының тіркесі( жазылуы – қи, ит, су, сурет, айтылуы – қый, іит, сұу, сүурет). Орыс тілінен енген е,ю,я дауыстыларын қосқанда ,небары 15 дауысты болады.
Енді осы дауыстыларды тілдің қатысына қарай жуан және жіңішке топқа бөлеміз.
Тіл кейін шегініп, үсті дөңестену арқылы жасалған дауысты дыбыстарды жуан дауыстылар дейміз. Олар: а,о,ұ,ы,у.
Тіл ілгері қарай созылу арқылы жасалған дауысты дыбыстарды жіңішке дауыстылар дейміз. Олар: ә,ө,ү,і,е,э,и,у.
У дыбысы айтылуына қарай әрі жуан,әрі жіңішке дауыстылар тобына жатады.
Дауысты дыбыстар
Тілдің қатысына қарай
Жіңішке (тіл алды)
Тілдің ілгері қарай созылуы арқылы жасалады.(ә,е,і,ө,ү,у)
Жуан (тіл арты)
Тіл кейін шегініп,үсті дөңестену арқылы жасалады.(а,о,ы,ұ,у)
VІІ. Жаңа сабақты бекіту.
1.Оқулықпен жұмыс
240 -жаттығу (жазбаша)
Мына жұмбақтарды көшіріп жазып, жуан дауысты сөздердің астын бір, жіңішке дауысты сөздердің астын екі сызыңдар.Әр топ бір-бірден щешеді.
241 -жаттығу (жазбаша)
Мына сөздердің ішінен жуан у дыбысы бар сөздерді бір бағанға,жіңішке у дыбысы бар сөздерді бір бағанға теріп жазыңдар.
242-жаттығу (жазбаша)
Көп нүктенің орнына тиісті дыбыстарды қойып көшіріңдер.
ҮІІІ Сергіту сәті
ІХ 1. Адасқан әріптер
І топ
ІІ топ
ІІІ топ
қ,н,а,т,а
о,у,қ,ы,ш
қ,з,е,т,ы,м
д,е,ң,ө,л,г,е,к
ә,і,п,р
б,м,і,л,і
ы,ж,ұ,м,с
а,н,д,ы,ш,а,п,н
қ,й,қ,ы,а
2. «Жүйесін тап» ойыны
Негіз болып тұрған сөзге дыбыстық талдау жасау.
3. Үлестірме қағаздармен жұмыс.
4.Семантикалық картамен жұмыс
Жуан-жіңішке, сөздерді белгіле (+)
Мысалдар
ана
тақта
сөмке
қалам
ғылым
ұстаз
еңбек
Әнші
достық
өнер
мектеп
отан
Жуан
Жіңішке
Х. Топтық жұмыс
ХІ. Сабақты бекіту
«Қар лақтыру ойыны»
Кері байланыс
Тақтадағы смайликтерге жабыстырады
«Оқушылар сұрақтарын қалдырады» әдісі
ХІ. Бағалау
Үйге тапсырма беру:
1. Дауысты дыбыстар, жуан, жіңішке дауыстылар туралы түсінік.