kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Б?рінен де, ма?ан, с?улем сен с?лу" атты та?ырыпты? шолу

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Б?рінен де ма?ан, с?улем, сен с?лу»

Ма?саты:

         О?ушылар?а ?аза? хал?ыны? ?лтжанды а?ыны М.Ж?мабаевты?  шы?армашылы?ын насихаттау, асыл ?деби м?ралары ар?ылы жас ?рпа? бойына ?лтжандылы?, адамгершілік, ізгілік ?асиеттерді ?алыптастыру.

К?рнекілігі: а?ын портреті, шар, буклет, а?ын жайында айтыл?ан ой-пікірлер.

Т?рі: Та?ырыпты? шолу.

Кітапханашы: ?айырлы кеш, ??рметті о?ырмандар!  Б?гін бізде та?ырыпты? шолу.   ?лтты  тере?інен с?йген ?лы а?ын  Ма?жан а?ынымыз?а арналады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Б?рінен де, ма?ан, с?улем сен с?лу" атты та?ырыпты? шолу »

«Бәрінен де маған, сәулем, сен сұлу»

Мақсаты:

Оқушыларға қазақ халқының ұлтжанды ақыны М.Жұмабаевтың шығармашылығын насихаттау, асыл әдеби мұралары арқылы жас ұрпақ бойына ұлтжандылық, адамгершілік, ізгілік қасиеттерді қалыптастыру.

Көрнекілігі: ақын портреті, шар, буклет, ақын жайында айтылған ой-пікірлер.

Түрі: Тақырыптық шолу.

Кітапханашы: Қайырлы кеш, құрметті оқырмандар! Бүгін бізде тақырыптық шолу. Ұлтты тереңінен сүйген ұлы ақын Мағжан ақынымызға арналады.

Бүгінгі көрменің тақырыбы «Бәрінен де маған, сәулем, сен сұлу» атты әдеби кешімізге қош келдіңіздер. Ендеше, шолуымызды Кәрібай Мұсырманның «Білсін әлем» атты өлеңімен бастамақпын.

Мағжан, Мағжан! Ерік есім киелі,

Ұмытпайды, халқын сені сүйеді.

Күннен туған пайғамбары өлеңнің,

Алты алашың өзіңе бас иеді.


Туған елге өміріңді арнадың,

Суға батқан қазақ талын қармадың.

Сан жүректі лапылдатып, жандырдың,

Хан Абылай, Ер Кененнің арманын!


Сол арманға құрбан болдың өзіңде,

Кете бардың үміт өшпей көзіңде.

Қандай асқақ арман жатыр, япыр-ай,

«Мен жастарға сенем!» деген сөзіңде –деп жырлап кеткендей әдебиетіміздің үлкен тұлғасы, қазақ поэзиясының шолпан жұлдыздарының бірі, әрі бірегейі –М.Жұмабаевтың өмірі мен өлеңі осы күні аңызға айналған. Ол артына өшпес рухани мол мұра, өзіне өлмес қазақ әдебиетіне осы күнге дейін мәңгілік із қалдырды.

Бүгінгі кешімізде, біз М.Жұмабаев шығармашылығынан жастар тәлім-тәрбие алады деген ойдамыз.

М.Жұмабаев 1893 жылы Солтүстік Қазақстан облысының қазіргі М.Жұмабаев атындағы ауданында дүниеге келді. Атасы-Жұмабай қажы болған. Әкесі Бекен-көзі ашық, өжет, қайратты, парасатты азамат. Көп жылдар болыс болған.Анасының есімі-Гүлсім. Мектеп ашып, мұғалім ұстап, ауыл балаларының оқуына қамқорлық жасайды.

Зерек Мағжан төрт жасында осы мектеп есігін ашады, хат таниды, Шығыс әдебиетімен алғаш болып осы мектепте танысады. Шығыс әдебиетінің Фердауси, Сағди, Хафиз, Омар Хаям, Низами ақындарының дастанын оқып үйренеді.

Оқуға зерек, білімге құштар, білмекке ынталы Мағжанды әкесі Қызылжардағы медресеге оқуға береді. Мұнда ол шығыс тілдерін үйренеді, сол тілдердегі әдебиеттерге ден қояды. Тап осы кездерде ақындық талантының бүрі де ашыла бастайды.

«Мен кім?» өлеңі оқылады.

1-оқушы:

Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?

Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?

Көкте- бұлт, жерде-желмін гулеген,

Жер еркесі-желдің жөнін кім сұрар?


Көкте-Күнмін, көпке нұрым шашамын,

Көңілге алсам, қазір ғарышқа асамын.

Шеті, түбі жоқ теңізбін қаракөк,

Ерігемін-толқып, шалқып, тасамын.


Жалынмын мен, келме жақын жанарсың,

Тұлпармын мен, шыңыма ермей қаларсың.

Күл болсын көк, жемірілсін жер, уайым жоқ,

Көз қырымен күліп қана қарармын.

«Мен кім?» өлеңіңде Мағжан өзінің кім екендігін айтып кетті. Жалпы ұлылар өз төреліктерін тарихта өздеріне өздері берген.

Мағжанның барлық өмірі өз поэзиясыннан көрініп тұрады. Ақын ел ішіндегі әлеуметтік, қоғамдық өмірге белсене араласады. 1919-1923 жылдар аралығында «Бостандық туы», «Шолпан», «Сана» журналында «Ақжол» газетінде қызмет атқарып, халық ағарту жұмысына да белсене қатысады. 1923- 1927 жылдары Мәскеуде жоғары әдебиет көркемөнер институтында оқиды. 1929 жылы «Алқа» атты жасырын ұйым құрылып, 10 жылға дейін айыпталушылармен бірге сотталады. Өкініштісі, сол 1929 жылдан 1938 жылға дейін созылған ақынның он жылдық ғұмыры бізге беймәлім. 1938 жылы наурыздың жаңбырлы күндерінің бірінде ел ішін тотализмнің тоңмойын қасапшылары қазақтың кемеңгер ақыны М.Жұмабаевтың өмірін қияды.Одан кейінгі жылдарда М.Жұмабаев 1960 жылы 8 шілде Түркістан әскери округі трибуналының шешімімен ақталды деп жария етеді.

(М.Жұмабаев туралы ақын-жазушылар жазған ой-пікірлері оқылады)

2-оқушы:

Қазағым

Қазағым, таянды ғой қылта мойын,

Жер, мал кетіп, бос қалды біздің қойын.

Қарашы өзіңе өзің көз жүгіртіп,

Жараспас бұдан былай күлкі-ойын.

Жетті енді қам жер мезгіл, жатпа бекер,

Ойламау келешекті түпке жетер.

Надандық қоршап алған тұс-тұс жақтан,

Жан қорқып, дене тітіреп, есің кетер.


Тасталық болыстыққа таласуды,

Таласып, жаман көзбен қарасуды.

Мың-мыңның төгілуі жетер енді,

Ізделік аққан бұлақ-қара суды.

Кітапханашы:

Мағжан өзінің шығармашылығымен, өміршен ойларымен кемел.

Қарағым оқы, оқы, босқа жүрме,

Алам деп, көктен жұлдыз, қолың серме - деп жырлағандай, М.Жұмабаевтың шығармашылығында көп ізденіс пен жан-дүниесінің өріліп, астасуынан туындаған құнды дүниелерімен ерекшеленеді. Сондай-ақ Мағжан ақын тамаша лирикалық өлеңдерімен қатар, кең тынысты эпикалық поэмалар жазды. Олар: «Ертегі», «Қорқыт», «Қойлыбайдың қобызы», «Батыр Баян», «Тоқсанның тобы», ақынның бұл шығармалары көркемділігі жағынан ертегідей сұлу романтикалық сырға толы, тақырыбы мен идеялары жағынан ұлттық әдебиетіміздің алтын қорына қосылған, баға жетпес дүниелер. Сонымен бірге көптеген аудармалары бар.

Ақын шығармашылығының үлкен бір арнасы-халыққа білім беру, педагогика саласы. М.Жұмабаевтың толық жиналып үлгермеген прозалық туындылары, аудармалары әлі күнге дейін ғылыми талдау тереңдігімен қайран қалдыратын.

(Кітап көрмесімен таныстыру, библиографиялық шолу жасау)

Қорытынды. Мағжан өз шығармаларында мөлдір де таза махаббатты өз шыңына дейін жеткізе көтерген. Өз қадірін жақсы білген Мағжан кейінгі ұрпақ жайында көп ойланады, көп толғанады. 1920 жылы жазған «Жан сөзі» атты тамаша өлеңінде жиырма жетіге толған жас жігіт былай деп толғанады.

Болмаса басыма да бармас па екен,

Атымды аузына да алмас па екен?

Қарайып жапан түзде жалғыз тұрған,

Молама көз қырында салмас па екен?

Дариға, сол күндерде күнім қараң

Қазақ елі, бір ауыз сөзім саған.

Болғайсың сыншы болсаң, әділ сыншы

Кінәні жүрекке қой, қойма маған!

Мағжан поэзиясы тұнық тазалығымен, өміршеңдігімен, асқақ арманымен, нәзіктігімен, сұлулығымен халқымыздың аса қымбат, аса асыл мұрасы. Қазақ жаны бар кезде, қазақ әні бар кезде, қазақ тілі бар кезде, қазақ елі бар кезде Мағжандай азаматтар ұмытылмайды, ақынның асыл сөзі, асқақ рухы халқымен мәңгі бірге жасайды.


Қзкенова Бибінұр Жанатқызы

Жасқайрат негізгі мектебінің кітапханашысы:

Жасқайрат ауылы





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
"Б?рінен де, ма?ан, с?улем сен с?лу" атты та?ырыпты? шолу

Автор: ?зкенова Бибін?р Жанат?ызы

Дата: 27.08.2015

Номер свидетельства: 227332


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства