kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Ата-ананы? ба?ыты-бала» коучинг-сессиясыны? жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы:

  «Ата-ананы?  ба?ыты-бала»

Сілтеме:

М??алімдерге арнал?ан н?с?аулы? 

Жалпы ма?саты:

Ата - ана мен бала арасында?ы сенімді сыйласты?ты, бір - біріне деген сезімді ны?айту, ?з отбасында?ы ата - ана т?рбиесі, ?негесі ж?не баланы? бас ?стазы ата - ана екенін т?сіндіру.

О?у н?тижелері:

- Ата - ана мен бала арасында?ы сенімді сыйласты? ?рекетіні?  ма?саты ай?ындалады, баланы? бас ?стазы ата - ана екенін т?сінеді, бір - біріне деген сезім ны?айады;

Негізгі идеялар:

Бала т?рбиесіні? ал?аш?ы алтын ?азы?ы- ту?ан ?ясы

Жатты?улар:

Рефлексия

Дерекк?здер:

Жай  музыка   ойнап  т?рады.

І.Тренинг «Біз баламызды танимыз ба?»

(ата-аналар   допты  ?а?ып  алу    ар?ылы  с?ра?тар?а  жауап  береді)

Ата - аналар д??гелене т?рады.

М??алім  с?ра?  ?ойып допты береді,  ата - ана  жылдам  жауап беріп келесі ата - ана?а береді.  Келесі  ата-аналар  бір-біріне  с?ра?тар   ?ояды.

1. Бала?ыз  ?андай   та?амды  ?натады?

2. Сынып жетекшісіні? аты - ж?ні кім?

3. Бала?ызды? парталас к?ршісі кім?

4. Бала?ыз бірінші сынып?а ?ай жылы барды?

5. Бала?ызды?  ту?ан  к?ні  ?ашан?

6. Бала?ыз спортты? ?ай т?рін жа?сы к?реді?

7. Бала?ыз ?андай т?сті жа?сы к?реді?

8. Бала?ызды? ая? киім ?лшемі ?андай?

9. Бала?ызды еркелетіп ?андай с?з айтасыз?

10. Бала?ыз сізді ренжіткенде е? алдымен аузы?ыз?а ?андай с?з т?седі?

ІІ.Топ?а б?лу

Т?ттілер   ар?ылы  топ?а  б?лу.

Таныстырылым жасау 

 /Слайд ар?ылы/   Ма?сатын, н?тижесін  к?рсету.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Ата-ананы? ба?ыты-бала» коучинг-сессиясыны? жоспары »

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Жем қаласы

Жем қалалық №5 орта мектебі Коуч-Итемгенова А.Ж.

Қыркүйек

Күні: 12.09.2014ж.

Ата- аналарға арналған коучинг сессия

Сабақтың тақырыбы:

«Ата-ананың бақыты-бала»


Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық


Жалпы мақсаты:

Ата - ана мен бала арасындағы сенімді сыйластықты, бір - біріне деген сезімді нығайту, өз отбасындағы ата - ана тәрбиесі, өнегесі және баланың бас ұстазы ата - ана екенін түсіндіру.


Оқу нәтижелері:

- Ата - ана мен бала арасындағы сенімді сыйластық әрекетінің мақсаты айқындалады, баланың бас ұстазы ата - ана екенін түсінеді, бір - біріне деген сезім нығайады;

Негізгі идеялар:

Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы- туған ұясы

Жаттығулар:












































































Рефлексия





Дереккөздер:

Жай музыка ойнап тұрады.

І.Тренинг «Біз баламызды танимыз ба?»

(ата-аналар допты қағып алу арқылы сұрақтарға жауап береді)

Ата - аналар дөңгелене тұрады.

Мұғалім сұрақ қойып допты береді, ата - ана жылдам жауап беріп келесі ата - анаға береді. Келесі ата-аналар бір-біріне сұрақтар қояды.

1. Балаңыз қандай тағамды ұнатады?

2. Сынып жетекшісінің аты - жөні кім?

3. Балаңыздың парталас көршісі кім?

4. Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?

5. Балаңыздың туған күні қашан?

6. Балаңыз спорттың қай түрін жақсы көреді?

7. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

8. Балаңыздың аяқ киім өлшемі қандай?

9. Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?

10. Балаңыз сізді ренжіткенде ең алдымен аузыңызға қандай сөз түседі?

ІІ.Топқа бөлу

Тәттілер арқылы топқа бөлу.

Таныстырылым жасау

/Слайд арқылы/ Мақсатын, нәтижесін көрсету.

Мұғалім: «Ата-ана міндеті» не деп ойлайсыздар?

3- топ өзара ойласып, ойларын ортаға салады.

Ассоциация жасалады.

Ротация.

Бала тәрбиесіне қатысты қазаққа тән қандай қасиеттерді дұрыс деп санайсыз?

Бала үшін ата - ананың қайсысының беделі күшті деп ұғасыз?

Баланы еркін тәрбиелеген дұрыс па, қатаң тәрбиелеген дұрыс па?


Сергіту. «Қаңқалар» биі

Ал. Енді мына аңызға құлақ түрелік:

Бір ананың жалғыз ұлы бар еді. Ол жалғыз перзентінің бақыты үшін күні-түні жолына бәйек болып, оның бір рет те қабақ шытып мұңаймауы үшін оған қарсы даусын тіпті сәл- пәл көтеріліп те сөйлемейтін еді.Өсиет айтса да, бір нәрсеге жұмсаса да «Қарағым», «Шырағым» дегеннен басқа қатты сөзі жоқ еді. Ол балам білім-тәлім алып, қатарларының алды болсын деген мақсатпен бар тапқанын сатып, қаражат қылып оны бөтен елге оқуға жібереді.(Бала қандай болып өседі деп ойлайсыздар)

Баласы жеті жыл оқып келеді. Анасы баяғысынша оның ішіп- жеуіне, киіміне жұмсайды.Бірақ баласына оның еш әрекеті ұнамайды. Анасы алдына тамақ қойған сайын«Олай емес, бұлай немесе бұлай емес, олай» деп жанжал шығарады.Тігіп берген киімдерін жаратпай, анасын азаптайды. Анасы бір нәрсе десе жұдырық көрсететін әдет шығарады.(Бұдан әрі не болуы мүмкін?)

Бұған әрі-бері шыдап баққан ана бір күні оны қасына отырғызып, өсиет айтпақшы болған екен.(Не айтуы мүмкін?)

«Мен сенен емес, сен менен өсиет тыңдауың керек»,- деп анасын түйіп-түйіп үйінен шығып кетеді.(Бұдан әрі не болуы мүмкін?)

Содан ол ауыл маңындағы тоғайдың арасына кіріп, бір түп тораңғының астына барып жатқан кезде әлде-қайдан жалғыз бөлтірігін ертіп келе жатқан қорқауды көзі шалады да, еріккенен оның қылықтарын тамашалай бастайды.Қорқау бір түп жыңғылдың тасасына тоқтап, бұтақта қонып отырған аңқау шымшықты қағып ұстап алады да, жүнін жұлып-жұлып бөлтірігіне береді. Өзі аш қалған ене қорқау тек мұрнын жалап, бөлтірігінің тойғанына мәз-мейрам болып, күн көзіне жатады. Бөлтірік тойып алған соң күн көзінне секіріп ойнап, енесін тістелей бастайды.(Бұдан кейін не болуы мүмкін?)

Жігіттің бөлтірікке ызасы келеді: «Кішкентай шымшықты өзінің тамағынан жырып тойдырған анасын неге талайды, оңбаған!» деп оны ұрмақ болып орнынан тұрған кезде қолына құмыра ұстаған өз анасына көзі түседі.(Бала не істеуі мүмкін ?)

Анасы жалғыз перзентінің ашумен тамақ ішпей шығып кетіп, аш қалатынына дәті шыдамай соңынан тамақ әкеле жатыр екен.(Не болуы мүмкін?)

Баласы қатесін енді түсініп, тезірек кешірім сұрау үшін асығып алдынан жүгіреді.(Не болуы мүмкін?)

Анасы баламның ашуы әлі тарқамаған екен және ұрмақшы екен деп түсініп, артына жалтақ-жалтақ қарап қарап ( бұдан әрі қарай не болуы мүмкін?)

Бара жатқанда абайсызда ескі құдыққа құлап өледі...

Ана барлық жағдайда да ана. Перзент өзінің перзент екенін ұмытпауға тиіс. Әрбір азамат халқы жөнінде де осылай ойлауға тиіс.

Сен сенсің, халқың – халық!

Ойларын ортаға салады.Талдау «Қате кімнен кетті?»

Сауалнамамен жұмыс. Ата-аналардан сауалнама алынды.

(бейнетаспа көрінісі) «Сызат

Келесі кезекте «Ақ және қара жәшік» ойыны ойнатылып, ата-аналар балаларының бойындағы жағымды қасиеттерді- ақ жәшікке, жаман қасиеттерін -қара жәшікке салды.

Кері байланыс:

«Егер мен баламнан бақытымды көргім келсе, бәрі сіздің қолыңызда!»

Парақ бетіне сол қолыңызды салыңыз.Әр саусақ сіздің көзқарасыңызды көрсетеді, сол бойынша өз ой-пікіріңізді төмендегі нұсқауға сәйкес салынған саусақтың ішіне толтыру (пікірлер, ұсыныстар)

-Бас бармақ - мен үшін бүгінгі жиналыс маңызды және қызықты болды.

-Сұқ саусақ - осы сұрақ бойынша мен өзіме қажетті мәлімет алдым.

-Ортаңғы саусақ - бұл маған қиынға соқты...(маған ұнамады)...

-Шылдырлы саусақ - менің психологиялық ортаны бағалауым.

-Кішкене саусақ - мен үшін жеткіліксіз болды...


Мұғалімнің қорытынды сөзі:

Ата - ананың бақыты баланың дұрыс адам болып өсуіне байланысты. Ал балалардың өздеріңізге бақыт сыйлайтын тұлға болып қалыптасуы, ата - аналар сіздерге байланысты дей отырып

«Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,

Өнерімен қуантады түбінде.

Бала нені білсе жастан, ұядан -

Өле - өлгенше соны таныр қиядан

Өнер - білім берем десең басынан,

Бер оқуға балаларды жасынан.

Ата - анадан өсіп ұрпақ тараған

Жақсы - жаман болса бала солардан»,-деген Жүсіп Баласағұнның сөзімен коучингті аяқтаймын.









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
«Ата-ананы? ба?ыты-бала» коучинг-сессиясыны? жоспары

Автор: Итемгенова Айнур Жакиповна

Дата: 11.04.2015

Номер свидетельства: 200324


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства