Тыңдалымалды жұмысы С. Жаңа сөздермен танысу: нышан-cимвол, сарай-сарай, көрік береді-украшают, туынды-произведения, жоба-проект, сәулетші-архитектор, әйгілі-популярный, тұсаукесер-презентация, іскери кездесулер-деловые встречи. Тыңдалым тапсырмасы Ж. «INSERT» әдісі «Ақорда» аудиомәтінін тыңдайды. Оқушылар түртіп алу әдісі арқылы қажетті ақпаратты жазып алады. «V» -білемін | «+» -білмеймін | «-»- мен үшін жаңа ақпарат | «?»- түсініксіз | | | | | Тыңдалым мәтіні: Ақорда — Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы. Қазақы және шығыстық нышандар сарайға ерекше көрік береді. Резиденцияға қазақстандық суретшілердің туындылары қойылған. Резиденцияның құрылысы 2001 жылы басталды. Жоба жұмысын Еуропа мен Қазақстанның белгілі сәулетшілері жүргізді. Олардың қатарында еуропалық әйгілі дизайнерлер — М. Гуалаци мен А. Мольтени де бар. Қазақстан Республикасы Президентінің жаңа резиденциясының ресми тұсаукесері 2004 жылғы 24 желтоқсанда өтті. Ақордада кезекті іскери кездесулер өтеді. Тыңдалымнан кейін ТЖ. «Ойлан-жұптас-талқыла» әдісі Түртіп алған ақпараттарын талқылап, бір-бірін толықтырып, ой бөліседі. Ж. «Дұрыс-бұрыс» әдісі Мәтінде берілген ақпараттың дұрыс, бұрыстығын анықтаңыз. Ақпараттар | Дұрыс | Бұрыс | 1.Қазақстан Республикасы Президентінің жаңа резиденциясының ресми тұсаукесері 2004 жылғы 24 желтоқсанда өтті. | + | | 2. Резиденцияға қазақстандық және шетел суретшілернің туындылары қойылған. | | - | 3. Ақорда — Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы. | + | | Бағалау критерийі: «Ақорда» мәтінінің мазмұнын түсінеді; Дескриптор: - мәтін мазмұнына сәйкес дұрыс ақпаратты белгілейді; - бұрыс ақпаратты анықтайды; ҚБ. Өзін-өзі бағалау. «Бас бармақ» Тыңдалым материалы оқылым мәтіні ретінде ұсынылады ЖЖ. «Активатор 3-2-1» әдісі Мәтіннің негізгі ойы мен тақырыбын анықта. Бағалау критерийі: тақырыбы мен негізгі ойды анықтайды; Дескриптор: Ж Диалог және қолдау арқылы саралау: А. Бұл оқушылар тобы нақты сұрақтарға жауап береді. Мысалы: Сен Астанаға қашан бардың? Ақорда қандай ғимарат? т.с.с. В. Өз пікірін білдіреді, бірақ ойын дамытуда қиналады. Сондықтан жетекші сұрақтар қойылады. С. Бұл оқушылар ақпаратты шынайы өмірмен еркін байланыстырып, сөйлейді. Бағалау критерийі: мәтін мазмұнын шынайы өмірмен байланыстыра жауап береді; Дескриптор: ҚБ. Өзара бағалау. «Бір +, бір - » әдісі. |