kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Ащы сорпалар" тақырыбы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Өндірістік оқыту бойынша "Ащы сорпалар"тақырыбындағы сабақ жоспары

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Ащы сорпалар" тақырыбы»


Сабақтың тақырыбы: Ащы сорпалар

Сабақтың мақсаты:

Көжелердің дайындау технологиясы ерекшеліктерін білу. Ащы сорпа түрлерін дайындау. Тағам даярлау барысында техникалық қауіпсіздік ережесін сақтай отырып, технологиялық картаны тиімді қолданып, жұмыстануға тәрбиелеу. Топпен жұмыс жасай білу, жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыруға дағдылану.

Сабақтың материалдық-техникалық жабдықталуы: Шұңғыл табақшалар,« ШЕ»,

« ПЕ»таңбаланған тақтайшалар, « ШЕ», «ПЕ» таңбаланған пышақтар, таразы,кастрөлдер,электр ошағы.

Оқу-өндірістік жұмыстың объектісі: Шеберхана


Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру бөлімі: 10 минут

1. Оқушылардың қатысуын тексеру, арнайы киімдерін тексеру

2. Тоқ көздерін тексеру

3. Оқу құралдарын тексеру (өндірістік оқыту бойынша күнделіктер)

II. Кіріспе нұсқау: 35 минут

1. Қауіпсіздік ережелерін қайталау.

Қауіпсіздік ережелерін қайталау, қауіпсіздік ережесі журналына қол қою.

2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын хабарлау. Ет жиынтығы ащы сорпасы, Үйдің ащы сорпасы, Балық ащы сорпасын дайындау.


3.Кіріспе нұсқау материалдарын түсіндіру.

Ащы сорпалар-орыс халқының байырғы ұлттық тағамы. Ащы сорпалар құрамына тұздалған қияр, шала қуырылған пияз, томат пюресі, каперс, зәйтүн ағашы жемісі немесе маслина кіреді. Оларды ет пен балық қою сорпасында немесе жас және кептірілген саңырауқұлақ піспе суында дайындайды.

Тұздалған қиярды тілімше ромбик түрінде турайды, бөктіреді. Басты пиязды ұсақтап турап, шала қуырады. Томат пюресін бөлек немесе пиязбен бірге шала қуырады. Зәйтүн жемісін сүйегінен тазартады. Лимонды жуады, қабығынан аршып, дөңгелектеп турайды. Ет өнімдерін, терілі-сүйексіз балықты әр сыбағаға 3-4 кесектен келетіндей етіп турайды. Еттен, саңырауқұлақтан дайындалған ащы сорпаларды қаймақпен, ал балық ащы сорпасын –қаймақсыз береді.

Кері байланыс

Оқушыларды теориялық сұрау.

1-тапсырма

«Тақырыптық теннис» әдісі әр топтағы екі адам ойыншы болады,біреуіңіз төреші боласыз. «Ет жиынтығы ащы сорпасы »тағамына қатысты сөздер айтасыздар, біреулеріңіз тоқтағанша жалғаса береді. Үшінші адам сөздерді жазып,есеп жүргізеді.Әрбір қатысушы сөз табалмаған кезде 1 ұпай қарсыласқа беріледі.

2-тапсырма

«Домино»ойынына ұқсас жауап түрлерін іздеп табу.Сұрақтар ащы сорпалар тақырыбына байланысты алынған. Мысалы мен доминоның біржағына сұрақтар жаздым екінші жағында басқа сұрақтың жауабы бар . Ол жауапты тапқанда келесі сұрақ бірге екінші жағына жазылып келеді ,осылай әрі қарай ойын жалғаса береді. Қай топ жауапты тез дұрыс тауып, доминосы бітсе жеңімпаз болады.

3-тапсырма

« Сандар сөйлейді » Мен үш топқа арнап сандар жазамын. Сіздер осы сандар қай тағамға қатысты граммдар саны екенін анықтайсыздар. Ол үшін сборник рецептур кітабын пайдалануға болады, топ дайындайтын тағамдарын өздері таңдайтын болады.

Қай топ тез орындап шықса, жоғары баға алады

Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру.

I. Оқушылардың өзіндік жұмысы : 280 минут

4.Жұмыс орындарын дайындау.

Тағамдардың құрамын таразымен өлшеп алу. Құралдарды кезекшілер топтарға үлестіру. Жұмыс орындарын дайындау.

IV. Ағымдағы нұсқау:

8. Оқушылардың жұмыс орындарын аралау:

Жұмыс орындарын орнының ұйымдастырылуын, қауіпсіздік техникасының сақталуын, тапсырманы орындау дұрыстығын қадағалау. Аспаздық өңдеу кезінде құралдарды дұрыс қолдану. Жылумен өңдеу кезінде электр ошағында кастрөлдерді дұрыс сыйымды орналастыру. Банка ыдыстарының қақпағын дұрыс ашып, қолдану тәртібін сақтау. Ыстық күйінде сорпаларды сүзу кезінде сақтық шараларын қолдану. Тұздалған өнімдерді дұрыс жуып қолдану. Санитарлық талапқа сай жармалардың 2-3 рет жууын қадағалау. Сорпалардың тасып кетпеуін қадағалау, егерде қараусыз қалған кастрөлден сорпа тасыған жағдайда плита үсті күйіп, түтіндеп, бөлме ауасы қапырықтанып жұмыс жасауға кедергі болады және электр тогына әсер ету салдарын туғызып, денсаулыққа зиян келетінін түсіндіру. Звено құрамының ынтымақтастықта, өзара келісіп жұмыстануын қадағалау.

Орындалған жұмысты қабылдау және бағалау.

Жұмыс орындарын жинау.

V. Қорытынды нұсқау: 35_ минут

Сабақты қорытындылау.

Қателіктерді талқылау. Кестені толтыру

Білемін

Үйрендім

Білгім келеді.




Бағалау және оқушыларға нәтижені хабарлау.

Үй тапсырмасы: Интернеттен осы тақырыпқа байланысты тағамдар түрлерін қарап қосымша жазып алу.


Өндірістік оқыту шебері __________ Мунайтбасова Ж.О







Қосымша 1

Технологиялық карта

Үйдің ащы сорпасы №251





Дайындау технологиясы

Сорпа дайындау үшін сүйек –еттен дайындайды. Картопты текшелеп турап, қайнап тұрған сорпаға салады да толық дайын болғанша Сосын шала қуырылған пияз, томат пюресі, бөктірілген тұздалған қиярғ дәмдеуіш, тұз салады да даяр болғанша пісіреді.

Ұсыну: Тарелкеге дайын ащы сорпаны құйып, лимон тілімшесін салып, қаймақ пен ұсақтап туралған аскөк салады



Қосымша 2

Азық түлік атауы

БРУТТО

НЕТТО

Бекіре

324

188

немесе Көксерке

359

183

немесе Құрпа балық

368

185

немесе Қара балық

374

185

Басы

141

113

Дайын балық массасы

-

150

Піскен балық басының массасы

-

60

Басты пияз

107

90

Тұздалған қияр

100

60

Каперс

40

20

Зәйтүн

40

40

Томат пюресі

40

40

Сары май

20

20

Сорпа

700

700

Лимон

13

8

Шығымы

-

1000

Технологиялық карта

Балық ащы сорпасы



Дайындау технологиясы

Бекіре тұқымдас балықты терісі мен терісіз падаланады. Оларды сыбағаларға турайды.Ыстық суда пысытып жуады. Жуу кезінде қоймалжың қан қалдықтары мен белоктан тазартылады. Қара балықтарды терілі-сүйексіз сүбеге турайды. Балықтың басына не арқа етінен,не ет қалдықтарынан сорпа пісіреді. Сыбаға тостағанына 3-4 кесек шикі балық, шала қуырылған пияз, томат пюресін, бөктірілген тұздалған қияр, каперс салып, балық сорпасын құяды да толық даяр болғанша пісіреді.

Ұсыну: Ащы сорпаға зәйтүн жемісі, аршылған дөңгелекше туралған лимон салып,ұсақтап туралған ас көк себеді. Зәйтүн жемісін, лимонды салып,ас көкті арнайы ыдысқа (розеткаға) салып беруге болады.

Егерде ащы сорпаны көп мөлшерде пісіру керек болса, балықты алдын-ала пісіреді. Оның сорпасына шала қуырылған пияз, томат пюресін, бөктірілген тұздалған қияр, каперс, дәмдеуіш салып, 7-10 мин пісіреді.

Ұсыну: Тарелкеге балықтың піскен кесегін, зәйтүн, лимон кесегін салып,үстіне сорпасын құйып, бетіне аскөк себеді.

Қосымша 3

Технологиялық карта

Ет жиынтығы ащы сорпасы №250

Азық түлік атауы


БРУТТО

НЕТТО

Сиыр еті

110

81

Құс сан еті

53

40

Шүрек ет не сарделька

41

40

Сиыр бүйрегі

73

63

Басты пияз

107

90

Тұздалған қияр

100

60

Каперс

40

20

Зәйтүн

40

40

Томат пюресі

40

40

Сары май

20

20

Сорпа

800

800

Лимон

13

8

Шығым

-

1000




Дайындау технологиясы

Ет өнімдерін - ет, құс сан еті, бүйрек, (жүрек пайдалануға болады), шүрек ет не сарделькиді алдын ала пісіріп алады да тілімшелерге турайды, сорпасын ащы сорпа жасауға қолданады. Қайнап тұрған сорпаға шала қуырылған пияз, бөктірілген тұздалған қияр,томат пюресі, каперс, дәмдеуіш тұзды суымен бірге тұз салып, 5-10 мин пісіреді.

Ұсыну: Тарелкеге ет жиынтығы өнімдерін, зәйтүн жемісін салып, ащы сорпа құяды. Тазартылған лимон дөңгелекшесін, қаймақ және ұсақтап туралған аскөк салады.

Егер ащы сорпа тапсырыс бойынша дайындалса, онда көже тостағанына шала қуырылған пияз, бөктірілген тұздалған қияр,томат пюресі, каперс,тілімшелеп туралған ет өнімдерін, ыстық сорпа мен тұзды суды құяды да, түйіршікті қара бұрыш, лавр жапырағын, тұз салып, 5-10 мин пісіреді. Ұсыну: Зәйтүн жемісін, дөңгелекше тілінген лимон, қаймақ салады.Сапасына қойылатын талаптар: Өнімдер тілімшелерге туралған. Ет өнімдері, пияз,тұздалған қиярдың турау формасы сақталған, лимон дөңгелекшесі қабықсыз болу керек. Бетінде сарғыш-ашық түсті май болады. Дәмі өткір, каперс, шала қуырылған пияз, қиярға тән хош иісті болады. Сорпа қоймалжың, ет өнімдері консистенциясы жұмсақ, қияр сәл күтірлек болу керек.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Ащы сорпалар" тақырыбы

Автор: Мунайтбасова Жаркын Орынбасаркызы

Дата: 08.12.2021

Номер свидетельства: 593951


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства