Просмотр содержимого документа
«Арман деген к?п белес, Біріне шы?са?, бірі бар »
Сабақтың тақырыбы:
Арман деген көп белес,
Біріне шықсаң, бірі бар
Өзін – өзі тану пәні мұғалімі: Замадин Арай
Сыныбы: 11 «А»
Мақсаты:
Арман туралы түсінік беру;
Дұрыс, жақсы нәрселерді армандауға бағыттау;
Арманға жету жолдарын анықтау;
Жалпы психологиялық демалыс;
Жағымды күйге келу: «Нұрға бөлену»
Арман деген не? Жігітке: — Арман деген не? — депті қарт. — Ата, арман деген қиял, — депті жігіт. — Жоқ, балам, арман дегеніміз — ақыл-ойдың- шыңы. Құс — ұшсам дейді, бала —өссем дейді, қыз — көpiктi болсам дейді, жігіт — бақытты болсам дейді, қарт — жүзге жетсем дейді, ақылды — дана болсам дейді, ұстаз — шәкіртіне үлгі болсам дейді. Арманына адаспаған жетеді, адасқан арманына жете алмай кетеді. Ақымақтың арманы болмайды. Арманына ақылды жетеді, ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді — депті қарт
«Сөлемді аяқтаңыз» жаттығуы
Бала кезімде мен………
Арманның үлкен-кішісі болады деп ойлайсыздар ма?
Арман - психологияда адамның келешекке бағытталған қиялы. Жетсем деген мақсат, мұратын, орындалу барысын ойша елестетуі, көксеуі. Арман пайдалы іске жетекші болып алға, биікке талпындырғанда ғана қызықты, мәнді , жемісті болмақ.
Біздің осы уақыттағы бар болмысымыз – бұл біздің ойларымыздың жемісі. /Будда/
Жер бетіндегі барлық нәрсе, бір кездері арман болған./К.Сендберг/
Арман — жарық жұлдыз, онсыз айқын бағдар жоқ, бағдар болмаған соң, алға басу да жоқ, тірлік те жоқ Л.Н.Толстой
Армандай білуге бейімділікте де ұлы даналық бар
Анатоль Франс
Армандайық
Алдымен өзімізді еркін ұстап, көзімізді жұмайық. Екі қолыңызды, аяқтарыңызды, денені еркін жіберуге тырысыңыздар. Ары қарай өзіңізді 10 жылдан кейін қалай көресіз, соны елестетуге тырысыңыз.
Көз алдыңызға елестете алдыңыз ба?
Қандай сезімде болдыңыз ?
«Арман» тесті
Бұл тест сіздің арманыңызға қаншалықты ұмтылытыныңызды анықтайды.
Сіздің арманыңыз.....
а) иығымда ауыр жүк сияқты болып тұр. б) маған сенімділік, жеңіл серпіліс береді...
2. Арманыңыз....
а) бойымдағы бар қуатымды тартып алып жатқандай.
б) қүш беріп, келесі жаңа бастамаларға итермелейді.
3. Арманыңыз....
а) ол туралы ойласаңыз, көзіңізге ұйқы үйріледі.
б) түнде де есіме түсіп, шарқ ұрып, маза бермейді.
4. Арманыңыз.....
а) жақсы қасиеттеріңді пайдалануға кедергі болып жүр.
б) жайлы орныңызда қозғалуға мүмкіндік береді.
5. Арманыңыз........
а) өзіңізді таяқтап орындалатындай
б) қуанышпен орындалатындай
6. Арманыңыз........
а) өзге адамдарға қуаныш әкеледі
б) керісінше өзіме қуаныш сыйлайды
7.Арманыңыз.....
а) көптеген критерилер бойынша сізге сәйкес келмей жатады
б) армандарыңыз өзіңізге арналғандай
“Чемодан” жаттығуы
Армандарымыз орындалуы үшін бізге бір орында отыруға болмайды, керісінше біз алға жылжуымыз қажет. Жол сөмкемізге бізге арманымызға жетуімізге көмектесетін қасиеттерді жинап, кедергі болатын теріс қылықтарды тастап кеткеніміз жөн.
“Менің бейнем” жаттығуы
Қазір әркім өзіне көзқарасын айқындайтын уақыт келген сияқты. Алдарыңыздағы айнаға қарап,
бейтаныс адамның бет жүзін көргендей, соған назарын аударып,өзін басқаша қабылдауға тырысу керек.
Сол адамда сіз көз тартатындай не көрдіңіз?
Оны не үшін сүюге болады?
Адам өмірі – түрлі таңдау жасалатын кезеңге толы. Әсіресе адамның болашағына әсер ететін таңдаулар.Бірақ сол таңдаулар арасында ең маңызды таңдаулардың бірі – адамның мамандық таңдауы болып табылады.Өмір бізге таңдаулардың, мүмкіндіктердің неше түрлерін ұсынады.
Өмір бізге таңдаулардың, мүмкіндіктердің неше түрлерін ұсынады!
Олай болса жас дос сіз өзіңізді қай мамандықта көресіз?
Ғалым – социологтардың зерттеуі бойынша жастардың шамамен 40 ℅ мамандық таңдауда қателеседі екен, яғни өзінің қабілетіне, ішкі мүмкіндіктерін ескермей таңдау жасай береді. Ал оның соңы түңілуге, тіпті психикалық ауытқуларға да әкелуі мүмкін.
“Сиқырлы көзілдірік” ойыны
Балалар, қазір мен сендерді “Сиқырлы көзілдірік” ойынын ойнауға шақырамын. Бізде сиқырлы көзілдірік бар, ол досыңның ең жақсы қасиетін және қай мамандық иесі ретінде
көруге көмектеседі. Міне, ол, қараңдаршы. Мен бірінші болып киіп көрейінші.