Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзым белгісі. Қазақ халқы қиын – қыстау заманда олардың басына түскен ауырпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздің түрлі ұлт өкілдерінің арасында адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Алғысымыз шексіз"»
«Алғысымыз шексіз!»
1-жүргізуші: Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар мен оқушылар!
2-жүргізуші: «Алғысымыз шексіз!» атты ризашылық күніне арналған мерекелік концертімізге қош келдіңіздер!
1- жүргізуші: Талайлы тағдырлардың басын өз шаңырағының астына біріктіріп, қанатымен су сепкен қарлығаштай, қамқорлығына алған Қазақстанда адамның адамға құрмет көрсететін күні де белгіленді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев барлық ұлттың бір-біріне және қазақтарға алғыс айту күнін бекітті.
2-жүргізуші: Осылайша, 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды «Алғыс айту күні»- деп жариялады. Тұңғыш рет Алғыс айту күні деп жариялау туралы № 173 Жарлыққа қол қойды.
1-жүргізуші: Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзым белгісі. Қазақ халқы қиын – қыстау заманда олардың басына түскен ауырпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздің түрлі ұлт өкілдерінің арасында адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.
2-жүргізуші: Қазақ қызы күлімдер күн көзіндей, Дөңгеленіп билейді ай жүзіндей. Жұлдыздардай өрнекті аспандағы, Биші қыздар бұрала билейді би. « » биі
2-жүргізуші: Салтанат менің саған бір сұрақ қойғым келіп тұр. Алғысқа, рахметке тағы да кімдер және нелер лайықты деп ойлайсың?
1-жүргізуші: Тізімді бірге құрайық!
2-жүргізуші: Бастысы – алғыс айта білу...
1. Анаға – өмір сыйлағаны үшін, 2. Әкеге – қорған болғаны үшін, 3. Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін, 4. Сөзге – жанды жылытатыны үшін, 5. Күнге – шуағы мен назары үшін, 6. Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін, 7. Досқа – құшағы мен иығы үшін, 8. Әжеге – ыстық алақаны үшін, 9. Суға – тіршілік көзі болғаны үшін, 10. Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін, 11. Отқа – жылулығы үшін..
Бірге: Рахмет айтамыз!
1-жүргізуші: Айсана біздің ойымызды өлеңмен толықтырған Кенже Оразай ағамыздың өлеңін көпшілікке жеткізсем деген ниетпен келіп отырған 7 «Б» сынып оқушысы Нағашыбай Қарақатортаға шақырсақ.
Аллаға әуелі рахмет!
Аллаға әуелі рахмет! Тірлікті мынау жаратқан. Анаға шексіз рахмет! Ақ сүт берген, толғатқан. Әкеге айтам мың алғыс! Ұрпақтар жібін тарқатқан. Бауырға туған рахмет! Қолдаған, сүйген, жұбатқан. Ұстазға ұлы рахмет! Нәрімен білім сусатқан. Балалық досқа рахмет! Қуанған бірге мұңдасқан. Халқыма туған рахмет! Шыңдаған, елге танытқан. Қазаққа дархан рахмет! Салт-санасын сіңірген. Жеріме байтақ рахмет! Таза ауа үшін сімірген. Барша әлем, саған рахмет! Әр күнім үшін кешірген.
Кенже Оразай
2-жүргізуші:
Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар! Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар. Жан біткен жанарына нұр сыйлаған, Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.
1-жүргізуші: Ұстаз болу аса маңызды және өте қиын мамандық, өйткені ұстаз білім ғана беріп қоймайды. Ұстаз баланы болашақ үлкен өмірге дайындап қажетті кеңестермен сусындатады.
2-жүргізуші: Иә, мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап білімнің кәусар бүлағынан сусындататын асыл жандар-аяулы ұстаздар туралы қанша мақтау сөздер айтсақ та тауыса алмаспыз.
1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, мектеп оқушыларының атынан көрсеткен қамқорлықтарыңыз бен аялы алақан, жылы лебіздеріңіз үшін басымызды иіп, рақметімізді айтамыз. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сəттілік тілейміз.
2-жүргізуші:
Өнерпаздар жарысып сан- салалы, Жиын десе, той десе ән салады. Ұлағатты ұстаздардың құрметіне, Әуелеген әсем ән жолданады-дей келе10 сынып оқушыларының орындауында сөзіне жазылған «Ұстаз» әнін қабыл алыңыздар.
Ән: «Ұстаз»
1-жүргізуші: Алғыс айту күні – күрделі заманды иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстан құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін күн. Осы күн тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көпэтносты халқының ортақ тарихын құрметтеу, қайырымдылық дәстүрін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні болады.
Көрініс: АТ ҚОЮ
ҚОБЫЗ 10 сынып оқушысы Аяулым
2- жүргізуші: Алғыс - адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай-ақ оның ойы мен іс–әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беру. Ризашылық – адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезім. Отбасының басты қызығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың берекелі боп өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Халық мақалында «Әке – асқар тау, ана – бауырындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ» деп табиғаттың тамаша құбылысына теңеген екен. Әке – ұрпақ иесі, панасы, үй басшысы. Жеті атадан санағанда екінші ұрпақ. Әке – бала үшін шыңы биік асқар тау.
1-жүргізуші:
Жан әке, Сіз жүргенде көзіңді сап, Өсеміз бәйтеректей өзің құсап. Ортада Сіздер барда дара шыңдай, Бізге ашық кең пейілді сезім құшақ. Жан әке, үйреткен Сіз ерлікті де, Ұғындық Сізге қарап елдікті де. Жүреміз жалғастырып дәстүріңді, Дарытып дархандықты, кеңдікті де. Жан әке, бүгін той ғой ән салатын, Шаттыққа толы болсын әр сағатың. Атыңды асқақ біз ұстаймыз, Болашақ мерейтойлар салтанатын.
2- жүргізуші: Мың алғыс, миллион алғыс аналарға! Аты да, өзі де ұлы тұрар алда. Отанмен, туған жермен теңесесің, Нәр алған аналардан даналар да. Тірлікке бастаусыңдар тұнық бұлақ, Таң шапақ сәулесіңдер жарық шырақ. Жүз көрер айнасыңдар шаң қонбаған, Жайдары жаз күніндей жанға шуақ.
1- жүргізуші: Ана- әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылауын қойғызатын ана. Ана баланың амандығын, бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды.
1-жүргізуші: Бүгінгі күн — нұрлы күн, Жарық шашқан әлемге. Ескеретін күн бүгін- Ризашылық қой әр елде - дей келе, енді алғыс өлеңдеріне кезек берелік.
1. Анама алғыс! 5 «Ә» сынып оқушысы
Жанарымды жайнатқан жөргектегі елде. Еңсесі түзу жан болар ма едім? Құба талды бесігін тербетпегенде. Түн ұйқысын тәркі етіп тынымсыздыққа Қуанышы тасыған еңбектегенде.
2. Әкеме алғыс! 5 «Ә» сынып оқушысы
Ұл болсын деп тілеген Ер Түрігімдей. Өмірімде бөрідей болуға баулып Қойынына басатын бөлтірігіндей. Бақытым болар жырымды жария етсем Әуелеген әкемнің еркін үніндей.
3. Ұстазға алғыс! 5 «А» сынып оқушысы
Төзіндіріп өмірдің талаптарына Ниеттеген арманның ең асқағына. Арқасында ұстаздың даналар баққан Ой-өрісім бұл күнде тең аспаныма.
4. Еліме алғыс! 6«Б» сынып оқушысы Балаң едім батаңмен жанатын бағы. Нәтижесі тілектің өзіңнен туған Мына ұлыңның ақын болып жаратылғаны. Қол жеткізіп еліме тарту етемін Биіктікті қыранның қанатындағы.
5. Өмірге алғыс! 6 «Б» сынып оқушысы Өнегеңді түсіндім бар күшімменен. Айналайын,тағдырым, қасиетіңнен Келіп тұрар бетіме қарлы шыңменен. Шабыттанған жаныма жауап қатқайсың Ей,өмірім,алғысқа- алғысыңменен!!
1- жүргізуші: Бүгінгі ризашылық күнін және алдағы келе жатқан 8-наурыз халықаралық аналар мерекесін пайдаланып аналарымызға да басымызды иіп, рахметімізді айтамыз!
2- жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар Әсем ән мен тәтті күй Көңілге түрлі ой салар Әнді сүйсең, менше сүй -деп, келесі кезекті ана туралы әнге берсек.