Сабақтың басы | Психологиялық ахуал Оқушылар есептер шығару арқылы топқа бөлінеді (+, -, х) 1-топ: «Қосу». 2-топ: «Азайту». 3-топ: «Көбейту». Оқушылар сабақтың тақырыбын анықтайды. Үй жұмысы: Шылау түрлері. Plickers арқылы тест cұрақтарына жауап беру. Мәтіналды жұмыс. Ой шақыру. «Ұлы адамдар» туралы пазл құрайды. Оқушыларға сұрақтар қояды: – Балалар, сендер қандай ұлы ғалымдарды білесіңдер? Академик А. Жұмаділдаев қай ғылым саласында еңбек етеді? Ғылыми жұмыспен айналысқыларың келе ме? «Ұстаздан шәкірт озады» дегенді қалай түсінесіңдер? 1. Сөздікпен жұмыс. https://bilimland.kz/ru#lesson=12174 Мұғалім тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады. Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды. | Мұғалім «Пазл» құрау негізінде сабақ басында оқушыларға А3 парағымен маркерлер таратады. ПАЗЛ жинайды. | Мұғалім оқушылардың жауабына қарай бағалайды. | https://bilimland.kz/ru#lesson=12174 |
Сабақтың ортасы | Айтылым https://bilimland.kz/ru#lesson=12152 А) Айтылым. Қисынды ойлау қабілетін жандандыру үшін 1-тапсырманы орындатады. Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазу үшін оқулықтағы 2-тапсырманы орындатады. 2. Мәтінмен жұмыс. «ДЖИГСО» әдісі бойынша мәтіннің мазмұнын ашып түсіндіру. Асқар Жұмаділдаев – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының академигі. Ол 1956 жылы 25 ақпанда Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кентінде туған. Ол Алматыдағы дарынды балаларға арналған арнайы физика-математика мектебін бітіреді. Содан кейін Мәскеудегі М.В.Ломоносов атындағы университеттің механика-математика факультетіне оқуға түседі. Қазақ мектебін бітірен балаға орыс тілі сынағынан өту өте қиын болады. Орыс тілінен жақсы баға алмаса да, қабылдау комиссиясы оның математикадан ерекше қабілетін бағалап, емтиханнан өткізеді. Ғалым талмай ізденіп жүріп, 3-курста ғылыми жұмыс жазады. Бұл еңбегі үшін Петровский сыйлығымен марапатталады. Одан кейін Лениндік стипендияға ие болады. 32-жасында атақты В.А.Стеклов атындағы Математика институтында докторлық диссертатциясын сәтті қорғайды. Ғалым 80-ге жуық ғылыми еңбектің авторы. https://www.bilimland.kz/kk/content/structure/1608 Сараланған тапсырмалар. 1. Мәтінді абзацтарға бөліп оқып, топтарға барып түсіндіріп, мәтіннің толық мазмұнын ашады. 2. Мәтін бойынша постер құрастырады. Дискриптор 1-топ. Мәтінді оқып, постер құрастырып, қорғай алады. Жазылым Сараланған тапсырмалар 4-тапсырма. 1. Берілген сөздерден сөз тіркесін құрастыр. Жазылым. Оқылым. Оқулықтағы 6, 7-тапсырмаларды орындайды. Жаңа лексиканың ішінен етістіктерді теріп жазады, мағынасын түсіндіреді, сұрақтарға жауап жазады, диалогты оқиды. 3. Осы сөздерге қатысты мақал-мәтелдер, жұмбақ, тұрақты сөз тіркестерін айтыңдар. Дискриптор Сөздік қорын пайдаланады. Шылауларды дұрыс қолданады, түрін ажыратады. 4. Мәтін соңы жұмыс. А) Айтылым. Оқулықтағы 11-тапсырманы орындайды. Кестені толтырады, мәтіннен буын үндестігіне бағынбайтын сөздер мен қосымшаларды табады, себебін түсіндіреді. Ә) Сыр сандықтағы сөздер. Сыр сандыққа салынған сөздердің мағынасын талдайды, есте сақтайды. Ойтолғаныс. Оқулықтағы 13, 14-тапсырмаларды орындайды. Айтылым. Тілдесім. Тұсаукесер жасайды, сұқбат жүргізеді. Үйге тапсырма: Оқулықтағы 9-тапсырманы орындау. https://www.bilimland.kz/kk/content/structure/1608 | «ДЖИГСО» әдісі бойынша мәтіннің мазмұнын ашып түсіндіру. Сараланған тапсырмалар. | «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау Мұғалім оқушылардың жауабына қарай бағалайды. | https://bilimland.kz/ru#lesson=12152 https://www.bilimland.kz/kk/content/structure/1608 https://www.bilimland.kz/kk/content/structure/1608 |