Ахмет Байт?рсын?лыны? " ?гіз бен ба?а" мысалы.Саба? жоспарында толы? саба?ты? ма?саты, т?рбиелік м?ні, к?тілетін н?тижесі ашы? к?рсетілген. Ашы? саба?ты? жоспары ?азіргі заман талабына сай ??растырыл?ын.
Просмотр содержимого документа
«А.Байт?рсынов»
5 «б» класс
Сабақтыңтақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы. «Өгіз бен Бақа»
Сабақтың мақсаты:а) А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығымен таныстыру.
Мысалдың мазмұнын менгерте отырып идеясын ашу
ә) Танымдық қабілетін дамыту, өзіндік ой-пікірін қалыптастыру.
б) Жас ұрпақты жаман әдеттен жирендіру, мейірімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі:мысалды талдау, мәнерлеп оқу, инсценировка.
Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту сабағы.
Сабақтың барысы.
I Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа қатысымен, класс тазалығын тексеру.
II Үй тапсырмасын сұрау.
-Ертегінің неше түрі бар?
-Әдеби ертегінің жай ертегілерден қандай айырмашылығы бар?
-Ә.Тәжібаев деген кім?
«Толағай» әдеби ертегісіндегі басты кейпкерге мінездеме беру.
Толағай
«Ел басына ауыр кун туса мен не істер едім?» тақырыбына берілген ой-толғауларын оқыту. Ерлік туралы мақал-мәтелдерді сұрау.
III Жаңа сабақты түсіндіру.
Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру.
Оқулықты мысалға, аллегорияға берілген түйінді оқушы дәптерлеріне жаздыру.
«Өгіз бен Бақаны» мұғалімнің оқуы.
Оқушыларға мәнерлетіп оқыту.
Оқытып болғаннан кейін сұрақтар қою арқылы түсінігін айтқызу.
Мысалда қандай мінезді адамдар сыналады?
Бақаны әлекке салған қандай сезім?
3. Қызғаныш пен ерегіске, күншілдікке бой алдырған Бақа қандай күйге душар болды?
Осы сұрақтарға жауап алғаннан кейін компазияциялық құрылымын талдау.
*Кейіпкер мінезін ашу
*Ой-тұжырым жасату
*Тілі мен суреттеу тәсілін тапқызу
*Мысал өлеңнің тақырыбы мен идеясын тапқызу
*Ақынның өлең жолын оқытта отырып, оқушылардың өз ойын айтқызу.
№ | Компазияция лық элементтер | Композиция лық жоспар | Ой-пікір мінездеме | Ой-тұжырым, Мақал-мәтел, нақылдар | Тілі | Суреттеу тәсілі |
1 | Оқиғанның басталуы | Өгіздің көлге келуі | | | эпитет | |
2 | Байланысы | Бақанның Өгізді күндеуі | Күншіл, іштар | Күншілдің өлімі таяу | | Монолог |
3 | Дамуы | Мақтаншақ Бақаның Жолдасымен пікірлесуі | Қызғаншақ | қызғаншақты Қарақшы ұрады | Теңеу | Диалог |
4 | Шиеленісуі | Бақаның Өгіз Сияқты болуға тырысуы | Мақтаншақ Ойы таяз | Ғылым таппай мақтанба | Теңеу | |
5 | Шарықтау шегі | Бақаның ісіп-қабынуы | Көрсеқызар | Азап шеккің келмесе көрсе қызар болса | Теңеу | |
6 | Оқиғаның шешімі | Бақаның Жарылып өлуі | Әлін білмейтін | Әлін білмеген әлек | | |
7 | Автордың Түйінді сөзі | | | «Таласпа жаным-ай. Қолыңнан келмеске. Боларсың бақадай, Көп түссең егеске» | | |
8 | Идеясы | Күншіліктен, қызғаншақтықтан, көрсеқызарлықтан Аулақ болу | | | | |
Бағалау.
Үйге тапсырма: А. Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығын оқу.
«Өгіз бен Бақаны» жаттау