Сын т?р?ысынан ойлау, я?ни о?у мен жазуды дамыту ба?дарламасы - о?ушыны? м??аліммен, ??рбы ??рдастармен еркін с?йлесуге, пікір таластырау?а, бір -біріні? ойын тындау?а, ??рметтеуге, ?зекті м?селені шешу жолдарын іздеі отырып ?ыйынды?ты же?уіне к?мектесетін технология. Сын т?р?ысынан ойлау ба?дарламасын тере? т?сініп, ?дістерін тиімды пайдалан?ан кездегі мынандай жетістріктерге жетуге болады: о?ушылар ?з бетінше ізденуге ?йренеді, с?ра? ?ойып с?ра?тар?а жауап беруге да?дыланады, ынта ы?ыластарын одан ?рі дамыту?а м?мкінді жасалады.А?паратты саралау?а, ж?йелеуге да?ыланады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Жаса, Наурыз д?ст?рлі»
«Жаса, Наурыз дәстүрлі»
Тақырыптық кеш
Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы ұғымдарын кеңейту, ұлттық салт-дәстүрді құрметтеуге, ұлттық құндылықтарды қастерлеуге баулу.
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі құтты болсын! Сіздерді келіп жеткен көктем мерекесімен құттықтап, шаттық пен бақыт тілей отырып мерекелік «Жаса, Наурыз дәстүрлі» атты тақырыптық кешімізге қош келдіңіздер.
Тәуелсіз биік халқымның,
Желбіреп туы шалқысын.
Әз наурыз келіп еліме,
Жер - ана бойы балқысын
Жаңғырып дәстүр, салтымның.
Қастерлі менің халқымның
Мереке Наурыз – жыл басы!
1-жүргізуші: Наурыз мейрамы – шығыс халықтарының көпшілігінде мұсылман діні қабылданғанға дейін пайда болған көктем мен еңбектің ежелгі мерекесі. «Наурыз» парсы сөзі, қазақша «Жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Оның өткен тарихынан зерделейтін болсақ, сонау көне заманнан бастау алған. Бұл мерекені халық болып тойлау ғасырдан-ғасырға жалғасып, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келеді.
2-жүргізуші: Наурыз шығыс қазақтары пайдаланған көне күнтізбеде жыл басы, жаңа жыл ретінде көрінеді. Ол табиғатта қайта басталған, жаңадан түлеп бастау алған жаңа қадамның белгісі іспетті. Өйткені табиғаттағы барша тіршілік иесі осы күннен бастап қайыра түлеп, жаңару, жасару кезеңін бастайды. Наурызды жаңару, жасару, көктеу мерекесі деп атауы да сондықтан болар.
1- жүргізуші: Күні бүгінге дейін халқымыздың қанына сіңіп, әдет-ғұрыптың көш басына айналған осынау мерекенің адамзат баласына берер тағлымы мен қуанышы өз алдына бір төбе. Қай ұлт қалай атаса да оның білдіретін мағынасы біреу-ақ: игілік, молшылық, кеңпейілділік, тазалық, ізет пен ақжарқын көңіл.
2-жүргізуші: Күн мен түннің теңелуі наурыздың 22-сіне сәйкес келгендіктен шығыс халықтары оны Ұлыстың ұлы күні деп қастерлейді, жыл басы санайды. Бұл күні ел мүмкіндігінше жаңа киімдерін кейіп, көптен көріспеген кісілердей бір-бірімен құшақтасып амандасады, ақ жол, сәттілік тілейді, бір-бірінің үйінен дәм татады. Бұл күні адамдар арасындағы өкпе, реніш ұмытылады, бір-біріне молшылық болсын, ақ көбейсін деген ізгі тілектер айтылады.
Сазды әуен:
Сахнаға қазақ ертегілерінің кейіпкерлері бейнесінде киінген Алдар көсе, Жиренше шешен, Қарашаш сұлу шығып, дабыл қағып, жұртшылықты Ұлыстың ұлы күні- Наурыз мерекесін тойлауға шақырады.
Алдар көсе: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар.
Той дабылын қағып тұрған,
Мұнда біз бар.
Естімеген естіңіздер.
Тыңдамаған, тыңдаңыздар.
Ұлыстың ұлы күні
Көктемнің нұрлы гүлі
Наурыз тойы басталды.
Бір орында тұрмаңыздар
Естімей тағы қалмаңыздар.
Жиренше шешен: Жедел жүріп біздерге жетіңіздер,
Наурызға дал ниет етіңіздер
Қарсы алып жылдың басын той тойлайық,
Өнімді еңбек етпек ой ойлайық.
Қарашаш сұлу: Жүріңдер наурыз тойға басып аяқ
Қалыс қадам болмасын некен саяқ,
Ән шырқап, би билейік қауым болып,
Тұрмайтын уақыт келді өнерді аяп.
Алдар көсе: Асалаумағаликум, халқым менің,
Ардақта «Наурыз тойы» салтыңды елім
Мереке басы болсын берекенің,
Игі еңбектің жемісін бәрің жегін.
Жиренше: Ұлы Наурыз той-думан.
Ортамызды ашайық.
Ән мен күйді төгілдіріп,
Інжу-маржан шашайық
Жиналған халық таң қалсын
Өнерден күмбез жасайық.
Қарашаш: Наурыз тойға жиналған халқым менің,
Бәріңнің ойға алғаның жарқын сенім.
Бүгінгі той-ертеңгі ардақты ісің,
Ғажап болсын таппайтын тепе теңің
Келді наурыз бұла күш тасқыны мен
Құлпырып қайта өзгеріп жастығымен.
Жер иіп, тамыр толып, бүршік жарып,
Табиғат ықыласына тас жібіген.
Жиренше: Жарқын болсын ер-азамат келешегің.
Еңбекшіл болсын жасың, ересегің
Шаруашылық өркедеп алға бассын
Орындалсын Отанға берешегің
Сәулесі бар «Наурызда» таңғы ұміттің.
Басын қосқан сан ұлттың, сан ғұрыптың.
Ұлыстың ұлы күні паш етейік
Белгісін достық пенен мәңгіліктің.
Алдар көсе: Жиренше мен Қарашаш
Тауып айттың жарайсың!
Жиналған елге қарайсың.
Сендерден шыққан асыл сөз
Ұрпаққа болсын талай сын.
Сазды әуен:
1-жүргізуші: Қасиетті қазақ халқының салт-дәстүрі әр халыққа үлгі боларға лайық. Адамның жарық дүниеге келген күнінен бастап оның есейіп, о дүниеге аттанып кеткенге дейінгі өмірі мен іс-әрекеті салт-дәстүрімізден өзекті орын алып келеді. Біздің халықтың тәрбие тәсілдері мен тәжірибелері өте көп.
Қазақтың түрлі-түрлі дәстүрі бар,
Оның сырын ашқанға жұрт қызығар.
Жауаптарын таба ма екен оқырмандар
Сол себептен қоятын сұрақтар бар, - дей отырып сіздерге арналған біраз сұрақтарымызға жауап алсақ.
1-сұрақ: Ертеде наурыз айында жеті жігіт жеті шырақ жағып, ауылды аралайды екен. Неліктен? ( Жаманшылық ескі жылмен кетсін деген ниетпен жеті шырақ жағып, ауылды аралаған екен)
2-сұрақ: Наурыз күні дастархан басында қандай тағамдар болуы керек? ( Наурыз көже, бауырсақ, жеті нан, қазы-қарта т.б)
3-сұрақ: Наурыз тілек деген не? ( Наурыз тілек-достық көңіл мен тілектестіктің белгісі, әр тойдың жарасты салтының бір ретінде айтылған. Әр адам өзіне, отбасына немесе туысқандарына Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, жақсы тілек тілейді)
4-сұрақ: Қыдыр атамыз қай күні адамдар арасында келетін болған? (21-22 наурызда)
5-сұрақ: Наурыз бата дегеніміз не? (Наурызнама өткізгендерге өздерінің ақ батасын берген)
2-жүргізуші: Наурыз шаттық әніміз,
Салтанатты сәніміз.
Ән салып жастарымыз
Би-билейік бәріміз-дей келе кезекті әдемі биге берейік.
1-оқушы: Наурыз шешек – наурыз айында өсетін жапырақты, түрлі түсті, гүлді, қауашақты әсем шөп. Майының дәрілік қасиеттері бар, бағалы өсімдік.
2-оқушы: Наурызек-наурыз айында ұшып келетін көктем құсы. Оны алғаш көргендер «Наурызегім, клдің бе?» деп шақырып, жем шашады, оны ешкім қумайды, үркітпейді екен.
3-оқушы: Наурызнама- шат-шадыман, ойын-сауық, тойда ат жарыс, палуан күрес, басқа да спорт сайыс, айтыс, түрлі ойындар өткізіледі., көңілді жұмбақтар, өлеңдер,наурыз жырлары айтылады.
4-оқушы: Наурызша-наурыз айында жұп-жұқа, қиықша-қырбың қар түседі. Оны халық «наурызша» деп атайды.
5-оқушы: Наурызкөже-наурыз тойына тән көпшілікке арналған мерекелік тағам. Оны әр үй жеті түрлі дәмнен жасап, мерекемен құттықтауға келгендерге ықыласпен ұсынады.
Ендеше дәм татыңыз дастарханнан,
Ауыз тиіп алдымен ұлы наннан
Жеті дәмнен тұратын наурыз көже.
Бізге де жетті сонау ата-бабадан.
Наурыз көже таратылады.
Ән:
1-жүргізуші: Наурыз мейрамының мерекелік тағамы – наурызкөже. Жеті түрлі дәмнен жасалатын бұл мерекелік ас жұртшылықты ізгілікке, ұйымшылдыққа, татулыққа, бірлікке шақырады. Сондықтан да тойға келгендер бір-біріне «ақ мол болсын», «сауар көбейсін» деген тілектерін айтады.Ендеше соған байланысты қандай ырым мен тиым сөздерді білесіңдер?
Оқушылар ырым мен тиым сөздер айтады.
6-оқушы: Малды теппе, ақты төкпе.
Отты шашпа, күлді төкпе.
Бос бесікті тербетпе, ашық қалдырма.
7-оқушы: Есікті керме. Тұзды шашпа.
2-Жүргізуші: Сүттен, еттен, ұннан жасалған ұлттық тағамдарын атап бер.
8-оқушы: Еттен жасалған тағамдар: жал-жая, қазы-қарта, қуырдақ, нарын, қарынбөрте.
9-оқушы: Сүттен жасалған тағамдар: айран, қымыз, шұбат, құрт, ірмішік, май, кілегей, сүзбе.
1-жүргізуші: Киіз үй бөліктері мен жиһаздарын атап бер?