Просмотр содержимого документа
«?ш б?йтерек Ілияс, С?кен, Бейымбет »
Мақсаты: 1. “Үш бәйтерек” жайлы мәлімет бере отырып, олардың өмірі мен еңбектерімен таныстыру. 2. Оқушыларды өз бетінше оқып-үйренуіне дағдыландыру, сөздік қорын молайту. 3. Тәрбиелік : туған жеріне деген сүйіспеншілікке, патриотизмге тәрбиелеу, қазақ елінің тарихын, мәдениетін құрметтеуге баулу. Көрнекілігі: ақын портреттері, слайдтар, кітап көрмелері, аудио-видео құралдар, сөздер жазылған плакаттар.
1-жүргізуші Құрметті,ұстаздар және оқушылар!
2-жүргізуші
Құрметті көрермен қауым, мектеп кітапханашысының ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған әдеби кешке хош келдіңіздер!
3-жүргізуші
Қазақ халқының дүлділі,қазақ поэзиясының класигі,аса көрнекті жазушылары , өмірді өлеңмен өрнектеген ақындарымыздың шығармашылығына арналған«Үш бәйтерек» тақырыбымен өтетін әдеби кешімізді бастаймыз!
1-жүргізуші Сәкен, Бейімбет, Ілияс! Үшеуінің де жөргегі – ұланғайыр бір даланың топырағы. Біреуі – соның кіндік ортасында, біреуі теріскей, біреуі – күнгей шалғайында бір жыл да туыпты.
2-жүргізуші
Үшеуі де бір жаздың майсасынан алғаш нәр татып, бір қыстың ызғарынан алғаш қар басыпты.
3-жүргізуші Үш бәйтерек.... Үшеуінің туысы қандай бірдей болса, тұрысы сондай әр бөлек.
1-жүргізуші
Біреуі – дәйім биікке талпынып, алға ұмтылған өр халықтың асыл арманындай асқақ, біреуі – талайды бастан кешіп, тауқыметке төзіп өскен қауымның сарқылмас сабырынан жаратылғандай сом, мығым.
2-жүргізуші
Біреуі – көпті көріп, көпті сүйген халықтың парасат – парқын, арман – аңсарын, мұқалмас жігерін кең қамтып, кемел сіңіргендей қуатты да нәрлі.
3-жүргізуші
Үшеуі де – халқы мен заманның ауыздарынан түсе қалғандай адал ұл.
9-сынып оқушысы Мағазова Қаламқас «Сәлем саған туған ел»
1-жүргізуші С. Сейфуллин атамекен болашағының нұрлы, жарқын болуын тіледі, барлық саналы ғұмырын, күш жігерін осы ізгілікті іске арнады. Сәкен айналасы жиырма жылдың ішінде қазақ дәулеті шалқыған, өнер - білімі гүлденген халықтардың қатарына қосуды армандады.
2-жүргізуші
Қараңғылық, дәрменсіздік, қос үрей қорқақтық құрсауында талмаусыраған қалың бұқараны азаттандыру, еркін де жарық әлемге шығару, озық жұрттар санатына қосу, өнер - біліммен қаруландырып, бақытты өмір жасардай дәрежеге жеткеру Б. Майлиннің ес біле көкірегіне ұялаған аңсаулы арманы, ынтыға іздеген нысанасы еді.
3-жүргізуші
Ілияс Жансүгіров (1894-1938) Жаңа заманда бостандыққа қолы жетіп, бақытты өмір сүрген, халқымен жиырма жылдай бірге жасасып және жақсы білген өмірін айқын бейнелеп, туған халқының жалынды жыршысы болған І. Жансүгіров поэзияның кең арналы эпикалық, терең сырлы лирикалық салаларында жарқырап көзге түсті де, шын халықтық, нағыз ұлттық поэзияның өрнекті үлгілерін салды. Кеңес заманында білімі де, тәжірибесі де, таланты да жетілген кешегі ауыл ақыны аз уақыттың ішінде әдебиет шеберлерінің алдыңғы сапына шығып, қазақтың жас совет әдебиетінің қалыптасу кезеңінде де қатарға жетіп кемелденген кезінде де өзіне лайық ардақты орнын алды. Сөйтіп оның есімі туған ел әдебиетінің тарихында «аспанның төсін арда емген» Алатаудай зәулім шоқының бірі болып қалды..
6-cынып оқушысы Мусабаева Айзада «Ағынды менің Ақсуым»
1-жүргізуші:
Сәкен Сейфуллин (1894-1938)
“Желісі үзілмей келген жиырма жылдық ақын жолы – жеңіл жол емес. Күш-қуат, ой-сезім, істері нәр атаулының барлығын, қуаныш пен күйініш, қиналу мен тебірену араларында, жалындай жанып ортада солған жылдар. Осы күйді, әсіресе, Сәкен басынан мол кешті”. М.Әуезов
5-сынып оқушысы Қасен Аружан «Ақсақ киік»
2-жүргізуші
Бейімбет Майлин (1894-1938)
“Бейімбет еңбектері жаңа өміріміздің шежіресі еді, биік белесіне енді шыға бергенде үзіліп кетті“. Ғабит Мүсірепов
Туғанбай Бейбітхан орындауында Ән
3-жүргізуші
Ілияс Жансүгіровтыңшығармаларының мәні Қазақ поэзиясында Абай дәстүрін ілгері дамыта отырып, табиғат көріністерін айшықтайтын өлеңдер жазуы. Өлеңдерінің бір саласы өнер тақырыбына арналғаны («Ән», «Әншіге» т.б.). «Дала» поэмасында қазақ халқының өткендегі тарихына батыл шолу саяхатын жасай отырып, кешегі заман мен бүгінгі өмірді салыстыра суреттеуі. «Күй», «Күйші» поэмаларында күй құдіретін, өнердің эстетикалық мәнін, сыры мен сипатын шабытпен өрнектеуі. «Құлагер» поэмасында ақын, әнші, композитор Ақан сері образын айшықтауы. Тарихи шындық пен көркемдік шындықтың диалектикалық бірлікте сипатталуы. Проза жанрындағы шығармалары. «Құқ» атты фелъетон жинағы. «Жолдастар» романы. Аудармалары.
5-сынып оқушылары Ысқақ Жұпар «Туған жер»,Танірберген Айым «Жанды сөз»
1-жүргізуші
Сәкен Сейфуллинніңшығармаларының мәні Оның қазақ кеңес әдебиетінің іргетасын қаласқан көшбасшы. Ақынның «Өткен күндер» жинағы. Алғашқы өлеңдеріндегі ағартушылық сарын және оның Абай дәстүрімен жалғастығы. «Асау тұлпар» атты екінші жинағы. Өзіне тән ақындық стилінің қалыптаса бастауы. Ақын поэзиясының тақырып, жанр жағынан байи түсуі. Поэзиясында махаббат, көңіл-күй лирикасының айрықша орын алуы. Осы тақырыптың «Күз», «Жазғытұры», «Жазғы дала», «Тау ішінді», «Сыр сандық» сияқты көптеген өлеңдерінде сипатталуы. «Қызыл ат» поэмасында Қазақстандағы «кіші октябрьдің» авторы Голощекиннің қазақ халқын ашаршылыққа, бостандыққа ұшыратқан қанқұйлы саясатын символдық образдар арқылы ишарамен білдіруі. «Көкшетау» поэмасы. Шығарма оқиғасының ел аузындағы аңыз-әңгімелермен сабақтастығы. Автордың Абылай хан образын сомдауға тек таптық тұрғыдан келіп, оны қатыгез, жексұрын етіп суреттеуі. Тұтқындағы қалмақ қызының, Адақ батырдың образдары. Поэмадағы гуманистік идеялар. «Бақыт жолында», «Қызыл сұңқарлар» пъесалары және олардың қазақ драматургиясының туып, қалыптасуына ықпал-әсері. Тартысты нанымды құрудағы кейбір олқылықтар. «Тар жол, тайғақ кешу» романы. Шығарманың шежірелік, өмірбаяндық, публицистикалық сипаттары. Романдағы автор тұлғасы мен орта, заман, уақыт құбылыстарының диалектикалық бірлігі. «Айша» повесі. Шығармада махаббат, ар-ұждан бостандығы мәселелерінің қозғалуы. Айша бейнесі. Оның басқа әйелдер образынан айырмашылығы. «Жер қазғандар» повесі. Идеялық, көркемдік маңызы. Хикаядағы Гүлия-Бұзаубақ-Әзімхан линиясы арқылы жазушының адамгершілік мәселесін көтеруі.
5-сынып оқушысы Сейден Әли Ән: «Тау ішінде»
2-жүргізуші
Бейімбет Майлиннің шығармаларының мәніҚазақ әдебиетінен алатын орны. Бейімбет поэзиясындағы ауыл кедейінің бейнесі. Мырқымбай образы арқылы автордың кедейлердің басынан кешкен бүкіл өмір тарихын, олардың сана-сезіміндегі жаңа өзгерістерді сипаттауы. Осы жүйелі ойлардың «Мырқымбай» атты көлемді поэмаға ұласып, біржолата түйінделуі. Ақынның лирикалық поэмалары. «Шұғаның белгісі» повесінің Бейімбеттің проза жанрындағы алғашқы шығарма екендігі. «Раушан — коммунист» повесі, «Азамат Азаматыч» романы. Драматургия жанрында өнімді еңбек етуі.
Атағың шығып еді, жер мен көкке, Атандың “қауіпті адам” үкіметке. Қорлық көріп, тар “азат вагонында”, Ақыры қор болдың ғой жендеттерге.
Үш бәйтерек бір жыл туып, бір жыл өткен, Зарлатып әйел-бала бірге кеткен. Оларға “халық жауы” атақ тағып, Түбіне үшеуінің бір күн жеткен.
Кім екен асылдарды оқпен атқан? Кім екен асылдардың бетін жапқан? Кім екен көзін жапқан асылдардың, Кім екен қара күйе оған жаққан?
Қалай ғана қиды екен асылдарды? Көрмеген неге олар масылдарды? Қор болған жауыздарға асылдар-ай,
1938 жылдың 26 ақпанында, Б.Майлин С. Сейфуллин, І.Жансүгіровтер үшеуі даңқты қаламдас, түйдей құрдас-достары тоталитарлық жүйенің құрбаны болды.
Құлпытас. Жарасқан Әбдіраш
1-оқушы
Талай ұрпақ бізден кейін келсе де, Тағзым етер дұға оқып зейіндеп. Мына дала болса егер мына бел, Сол арада жатыр Майлин Бейімбет.
2-оқушы
Ежелден - ақ екі көздің бірі қас, Озық туған, ойы жүйрік, жыры жас. Ақаңның да Құлагері бар десек, Сол Құлагер – Жансүгіров Ілияс.
3-оқушы
Теңеуін халық төксе де, Байламын айтқан бекемдеп. Сұлуы жердің Көкшетау, Сұлуы ердің Сәкен деп.
Кітапханашы: Құрметті,ұстаздар және оқушылар!
Қазақ халқы «Үш бәйтерек» деп атап кеткен Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин шығармаларын насихатау мақсатында өткізіліп отырған әдеби кешімізді аяқтай келе ақын жазушыларымыздың тағыда көптеген шығармалары өлеңдері бар жақынырақ танысып оқыныздар.Өздерініз көріп отырған кітап көрмесінен кітаптарын алып оқыңыздар , сіздерге кітапхананың есігі әр дайым ашық!