kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Урок-соревнование "Білгілер додасы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Данное  мероприятие  предназначено для  учащихся  10-11  классов.  

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Урок-соревнование "Білгілер додасы"»

«Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлігінің Введен орта мектебі» ММ









(10-11 сыныптар )






Хусаинова Б.А.

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғаламі












2016-2017 оқу жылы



Күні:  .........

Сыныбы: 10-11 “Б”   

Пәні: Қазақ тілі


Сабақтың тақырыбы: Білгілер додасы.

Сабақтың мақсаты: 1 Оқушылардың білім деңгейін, ой-өрісін анықтау, дарынды оқушыларды іріктеу. Адамдармен қарым-қатынас жасай білуге, мәдениетті сөйлеуге жетелеу.

2 Сайыскерлердің танымдық белсендігін арттыру, дүниетанымын сөздермен байыту, олардың ойлау және ойын тиянақты, жетік тілмен жеткізе білу дағдыларын дамыту.

3 Ұлағатты ұлы сөздерден тәлім алып, тілін құрметтеуге, өзге тілдерді меңгеруге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: сыныптан тыс сабақ

Түрі: жарыс сабағы


Сабақтың көрнекілігі: Интерактивтік тақта, слайд (суреттер, сөзжұмбақ, әр бөлімнің тапсырмалары)

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Мұғалімнің кіріспе сөзі

-Құрметті мұғалімдер, көрермендер бүгінгі 10-11 сыныптар арасындағы «Білгілер додасына» қош келдіңіздер!

Болашақ мамандарды тәрбиелейтін, дарындылардың көзін ашатын бірден-бір орта- мектеп. «Білім – теңіз, мектеп-кеме» демекші, оның тереңінің сипатын жетік білетін, сырын меңгерген, құпиясын ашатындар ғана бойлай алмақ.. Қоғамыздағы әрбір адам өз ойын білдіріп, білімнің жемісін сол тілде таратады. Халықтың мәңгі ғұмыры-тілінде. Ендеше бүгінгі сөз болатын тақырыбымызда тілге байланысты болмақ.

Тәуелсіз елге білімді ұрпақ қажет. ХХІ ғасырдың білімді, ойлы ұрпақтары еліміздің өркениетіне бірден-бір үлес қосушылар. Олар сіздерсіздер!

Беташарын додамыздың бастайық

Көпшілікті бір серпілтіп тастайық...

Ортамызды сайыскермен толтырып,

Қошеметтеп, ду қол соғып қостайық.

Әр топтың атын атап, орындарына жайғастыру.

1- топ «Жұлдыздар»

2-топ «Жас қырандар»

-Бүгінгі сайысымызды бағалаушылар, әділ бағасын беретін қонақтарымызбен таныстыру:

Мектеп директоры және қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Бердыбаева Г.А.

Мектеп оқу- тәрбие ісінің меңгерушісі: Ергалиева М.Е.

Мектеп психологі: Сейілханова А.А.

Оқушылар ортаға шығып, «Шаттық шеңбер» жасайды. Сайысымыздың басын бір-бірімізге деген жылы лебіз білдіріп, сайысты жігер, күш-қуат беретін сөздермен бастасақ деп отырмын. Экранға шыққан әріптерден басталатын сөздер айтуымыз қажет. Бізге алдын-ала ой қозғау, шабыт берер сергіту сәті: енді шапшаң сыныпта тығылған, шашылған сөздерді тауып. топтарына ұпай әкелу.

1 2 3 4 5 6 7 8

С Ә Т Т І Л І К!

1 Сенімділік

2 Әдептілік

3 Тапқырлық

4 Төзімділік

5 Ізеттілік

6 Лайық болу

7 Іскерлік

8 Күштілік т.б


Додаға түсіп жарыспай

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие білім табар ма?

Бұл бәйге ойдың бәйгесі

Кім жүйрік ойға-сол алда!


І «Сәлем –сөздің атасы» бөлімі

2 топ өздерін 3 тілде таныстырады.(қазақ, орыс, ағылшын) Топтың таныстыру суреттері слайд арқылы көрсетіледі.


ІІ «Атадан-ұлағат, анадан – ғибрат» бөлімі

«Басқа пәле тілден» электронды оқулықтан тыңдау, әкесіне берген баланың жауабын табу. 2 топ өз жауаптарын ұсынады. (постер жасап,қорғау)


ІІІ «Өнерлінің өрісі кең» бөлімі бойынша көрсетілген нөмірлердің ішінен біреуін таңдап, түскен тақырыбына көрініс қою.


Сурет «Көшеде»


«Қонақта»


«Үйде»


«Мектепте»

«Дүкенде»

«Қалада»



ІV. «Өлең –сөздің патшасы» бөлімі

«Өнерлінің өрісі кең» бөліміндегі алған сандар бойынша сандарды сөйлету. Қазақстандағы мемлекеттік мереке күндерді атап, олар туралы әңгімелеп береді.

№1 1 мамыр (Ынтымақ, бірлік)

№8 8 наурыз (Халықаралық әйелдер күні)

№ 9 9 мамыр (Жеңіс күні)

№16 16 желтоқсан (Тәуелсіздік күні)

№ 22 22 наурыз (Наурыз-жыл басы )

№ 30 30 тамыз (ҚР Конституция күні)

(Мектеп психологі Сейілханова А.А. ән шырқайды.)


V. «Бір ән - бір әлем» бөлімі бойынша үйде дайындап келген әндерін орындайды.


VІ. «Өнерлінің өзегі талмас» бөлімі

1 топ:Үйге қажетті заттардың суретін көрсету,олардың аттарын атау. ( үтік, шәйнек, қазан, шелек, тәрелке)

2топ: Оқушының сөмкесіндегі заттардың суретін көрсету, олардың аттарын атау.(қайшы қатты қағаз, қалың дәптер, желім, пенал)


VІІ. «Құпия сөздің құлпын аш» бөлімі ( Жұмбақтардың жауабын табу)

1. Сандықтың ішіне нені тығып ұстай алмайсың? (Жарық)

2. Сен жоғалтсаң, мен іздеп таба алмайтын

Мен жоғалтсам, сен іздеп таба алмайтын

Ол не? (Уақыт)

3. Көппен бөліскен сайын көбейер. Ол не? (Ой)

4. Әпкесі бауырына қонаққа барады, бауыры одан тығылып қалады (Ай мен күн)


VІІІ.Қорытындылау

Уақытты тиімді пайдалана білетін, ХХІ ғасырдың ойы жүйрік жарық жұлдыздары болайық..


ІХ. Сайысты бағалау,марапаттау рәсімі.



















«Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлігінің Введен орта мектебі» ММ









(10-11 сыныптар )






Хусаинова Б.А.

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғаламі












2016-2017 оқу жылы




Сабақ өткізуші: 

Біліктілігі жоғары деңгейдегі

бірінші санатты

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Хусаинова Ботагөз Ауесханқызы

Күні:  ......

Сыныбы: 9 “Б”   

Пәні: Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: «Ұлы Жібек жолы»

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік:Оқушыларды Ұлы Жібек жолы тарихымен таныстыру.Ұлы Жібек жолының маңызын,халықтар бірлігі мен мәдениетінің өзара алмасуына әсерін сезіндіру арқылы дүниетанымын кеңейту.

2.Тәрбиелік:Отанын,елін сүю,қазақ тарихын білуге тәрбиелеу

3.Дамытушылық:Шығармашылық ойлау қабілетін шындау, қиялдарын байытып,сөздік қорын дамыту.

Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгерту

Түрі:саяхат сабақ

Көрнекіліктер:дербес компьютер-1,бейнепроектор-1,ActivBoard, АctivPen, Pover Point бағдарламасының слайд,дәмдеуіштер, карта,үлестірмелі қағаздар,жануарлардың суреттері,қайшы, әр түсті қағаз.

Ойынның шарты:

Әр топ белгілі бір түстермен берілген әріптермен «ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ» деген сөз құрастырылады. Әрбір тапсырманы орындаған соң жеңіске жеткен топ өз әріптерін Еуразия картасына орналастыру қажет.Саяхат соңында «ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ» деген атау шығады және қай түстегі әріптер картада көбірек болса,сол топ жеңіске жеткен болып саналады.

Жоспары тақтада:

ҰӘңгіме тыңдап, дала жануарлары мен құстардың атауларын жазу

ЛЖол, сауда, базар, ақша жөнінде мақал-мәтел

Ықала (Испиджаб) -анықтауыштық қатынас жасау

ЖТауарларын өткізу

Іқала (Тараз) – картадан көне қалаларды көрсету

Б“Дұрыс- бұрыс” ойыны

Еқала (Отырар) –ою қию

К“Сергіту сәті”

Жқала (Баласағұн) – каточкамен жұмыс

О“Сөз тудыру” ойыны

Лқала (Яссы, Түркістан) – дәмдеуіштерді анықтау

ЫҰлттық ойын ережесін таныстыру

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

А) Сәлемдесу

Ә) Сабаққа назар аудару: мақсаты мен саяхаттың шартын жариялау.


ІІ. Жаңа сабақ:




















Күні: 9 сынып Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Электронды журналдың ерекшелігі

Сабақтың мақсаты: а\Білімділігі: Оқушыларға мәтінді оқыта отырып, түсініп оқу

                                           дағдысын жетілдіру.

                                      ә\Тәрбиелілігі:Оқушылардың туған елін ,жерін   сүюге,табиғаттың әсемдігін суреттей білуге тәрбиелеу.

                                      б\Дамытушылығы:Оқушылардың сөздік қорын,тілін дамыту.

Пән аралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі.

Әдісі:сұрақ-жауап, сөздік.

Түрі:аралас

Көрнекілігі:Туған жердің табиғаты бейнеленген сурет,көктем туралы өлең.

Сабақ барысы:І.Ұйымдастыру бөлімі.

Назарларын сабаққа аудару.

ІІ.Өткен сабақты қайталау.

Билет №1-2

Сергіту сәті.

ІІІ. Жаңа сабақ 1.« Электрондық журналдың ерекшелігі»

9.1. « Электрондық жорнал » модулі оқушылардың үлгерімі мен қатысуын есепке алудың құралы болып табылады, оқушы білімінің сапасын бағалау жүйесінің мөлдірлігін және ата-аналармен үнемі өзара әрекеттесу, оқыту нәтижелері туралы оларды хабарландыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

9.2. Электрондық сынып жорналының интерфейсі және оны толтыру ережесі барынша дәстүрлі қағаз жорналға сәйкес болуы тиіс.

9.3. Электрондық жорналдың сабақ кестелерін дайындаудың және күнтізбелік тақырыптық жоспарлаудың модульдерімен үйлестіру; оқушыларды, сабақтардың тақырыбы мен өткізу датасын автоматтық жүктеу, сыныптарды топтарға, жеке сабақтарға бөлуді есепке алу мүмкіндігі, бес балдық шкала бойынша баға қою мүмкіндігі; тоқсандық және қорытынды бағаларды есептеу; оқушылардың қатысуышылығын, әрбір оқушының және сырыптың тұтастай тоқсан мен оқу жылындағы жіберген сабақтары мен күндерінің санын есепке алу мүмкіндігі бар болуы тиіс.

9.4. Электрондық жорналға бағалар Тестілеу менеджментінің жүйесінен (TMЖ) ендіріледі.

9.6. Электрондық жорналдың мәліметтері үлгерім және қатысушылық бойынша жиынтық және дербес есеп-қисаптарды, пәндік есеп-қисаптарды қалыптастыруға, сапа пайызын, үлгерім пайызын және т.б. есептеуге, есеп-қисапты Excel-ге жүктеуге мүмкіндігінің бар болуына мүмкіндік беруі тиіс.

9.7. Электрондық жұрналға қатынас құру пайдаланушының құқығына байланысты жүзеге асырылады. Электрондық жорналды мұғалім толтырады, алайда мұғалімге редакциялау үшін ол сабақ өтізетін пән/сыныптың беттері ғана қол жетерлік болады. Электрондық жорналда тұрған мәліметтерді қарап шығуға мектеп директорының, оқу ісін меңгерушінің, сынып жетекшісінің қолы жетеді.

9.8. Электрондық жорналға мұғалім енгізген ақпарат оқушының электрондық күнделігіне өтуі тиіс.

10. «Оқушының электрондық күнделігі» модуліне қойылатын талаптар

10.1. Электрондық күнделік оқушының қағаз күнделігінің аналогы болып саналады және ол сабақтар кестесін, алынған бағаларды, үй тапсырмаларын бейнелеуі тиіс.

10.2. Алғашқы мәліметтер оқушының электрондық күнделігіне электрондық сынып жорналынан автоматты түрде енгізіледі.

10.3. Қосымша бағалар мен мақалаларды енгізуге мұғалімнің мүмкіндігі қажет.

10.4. Электрондық күнделікті сынып жетекшісі редакциялайды, оқушының, директордың, оқу ісін меңгерушінің, ата-ананың қарап шығуы үшін қол жетерлік болуы тиіс. Күнделікте ата-аналар үшін бағаға мұғалім жазған түсініктемелер бейнеленуі тиіс.

2. Емтиханға дайындық: Билет №3

IV.Сабақты бекіту.

Ой толғау.

-Мәтін не туралы?

-Бүгін біз қандай жаңа ақпарарат алдық.

V. Үйге тапсырма. Билет №3

Бағалау

























































28 сабақ

Пәні:Әдебиеттік оқу.                                 Уақыты:

Сабақтың мақсаты: а\Білімділігі: Оқушыларға мәтінді оқыта отырып, түсініп оқу

                                           дағдысын жетілдіру.

                                      ә\Тәрбиелілігі:Оқушылардың туған елін ,жерін   сүюге,табиғаттың әсемдігін суреттей білуге тәрбиелеу.

                                      б\Дамытушылығы:Оқушылардың сөздік қорын,тілін дамыту.

Пән аралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі.

Әдісі:сұрақ-жауап, сөздік.

Түрі:аралас

Көрнекілігі:Туған жердің табиғаты бейнеленген сурет,көктем туралы өлең.

Сабақ барысы:І.Ұйымдастыру бөлімі.

Назарларын сабаққа аудару.

ІІ.Өткен сабақты қайталау.

1.Мәтіннің мазмұнын айту.

2.Қазақ даласының кеңдігі туралы сурет бойынша әңгімелеу.

3.Жыл мезгіліне байланысты мақал-мәтелдер айтып мағынасын түсіндіру.

Сергіту сәті.Сөйлеуде тыныс алуды дамытуға арналған жаттығу «Көбелек ұш»

- Сендердің әрқайсысыңда жіпке тоғылған көбелек бар, соларға үрлейік.

Көбелек ұшты, бәріміз үрлейміз. Үрлейміз-үрлейміз.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1.Кіріспе әңгіме.

а)Сурет бойынша табиғатты сипаттау..

ә)Өздерінің туып өскен жерлері туралы айту.

б)Орал қаласы туралы не айтуға болады?

2.Өлеңнің жалғасын тапқызу.

Керекті сөздер: қоймайтын, тоймайтын,түндері, күндері,ауасы.

Сергіту  сәттері .«Есте сақтауын  дамыту»

Орнымыздан  тұрайық

Ал ақанды  согайық 

Бір отырып, бір  тұрып

Біз  тыныгып  алайық

3.Мәтін мен жұмыс.

а)Қ.Шаңғытбаев туралы айту.

ә)Өлеңді мәнерлеп оқу.

б)Өлеңге байланысты берілген сұрақтармен жұмыс.

-Жазушы көктем табиғатын қалай суреттеген?

-Сұлу табиғат дегенді қалай түсінесің?

- Еліміздің табиғаты көркем қандай жерлерді білесің?

-Өз туған жеріңді қалай суреттер едің?

IV.Сабақты бекіту.

Ой толғау.

-Мәтін не туралы?

-Бүгін біз қандай жаңа ақпарарат алдық.

V. Үйге тапсырма. 1.Өлеңнен көркем сөз тіркестерін табу.

2.Өлеңді оқып көкек айын сипатта.

Бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Көктем келді!

Сабақтың мақсаты:

-жаңа сөздермен сөйлем құру, сұрақты дұрыс қою және жауап беру,

таза, ұқыпты жаза білу.

-туған елін, жерін сүйюге, табиғатты қорғауға баулу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, топшамалар, көктем бейнеленген түрлі түсті суреттер.

Пәнаралық байланыс: жаратылыстану, әдебиет.

Күтілетін нәтиже: оқушылардың қазақ тіліге деген қызығушылығын арттыра отырып осы тілде сауатты сөйлеу және жазу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру:

- сәлемдесу

- оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1.Бір жылда неше жыл мезгілі бар?
    Оларды ата.

2.Бір жылда қанша ай бар?
    Оларды ата.

3.Қыс мезгілінің айларын ата.

4.Көктем мезгілінің айларын ата.

5.Жаз мезгілінің айларын ата.

6.Бір айда канша апта бар?

7.Апта күндерін ата.

ІІІ Жаңа сабақЖаңа тақырыпты хабарлап, кіріспе жасайды .

-Сабағымыздың тақырыбы  қандай деп ойлайсыздар?

– Неге көктем деп ойлайсыңдар?

– Көктемде неше ай бар?

– Көктем мезгілінің қыс мезгілінен қандай ерекшелігі бар?

 



А) Жаңа сөздермен жұмыс
жаңбыр жауады – идет дождь
қар ериді – тает снег
жылы жел соғады – дует теплый ветер
найзағай жарқылдайды – сверкает молния
құстар ұшып келеді – прилетают птицы
күн жылы болады – день становится теплым

Ә) Толықтырып оқы. Дәптеріңе жаз

жаңбыр  _____________
_______________  ериді
жылы _________соғады
________жарқылдайды
құстар _____________

күн __________ болады

Тірек сөздер:  жауады, ұшып келеді, қар, жылы, жел, найзағай.

Б) 3-тапсырма. Сұрақ қойып үйрен.

Көктемде жаңбыр жауа ма?

Көктемде жел соға ма?

Көктемде найзағай жарқылдайды ма?

Көктемде қар ери ме?

Көктемде құстар ұшып келе ме?

Көктемде жапырақтар сарғая ма?

Көктемде көкөністер пісе ме?

Көктемде  су қата ма?

В)5-тапсырма. Тыңда. Оқы.

Көктемде

Қар ериді, жаңбыр жауады,

          Найзағай жарқылдап, жел соғады.

  Гүлдер шығып, құстар келіп,

                                               Көктемде бәрі мәз болады.

                                                                                             Ә.Шапағат

Г) 6-тапсырма. Сәйкестендіріп жаз.

жаңбыр                 жарқылдайды

жел                         шығады

қар                          соғады

найзағай                ұшып келеді

гүлдер                     жауады

құстар                    ериді

ІҮ. Бекіту

Бес сөз тауып оқы.

И

А

О

Г

Ү

Л

Б

Г

Х

Т

Н

А

У

Р

Ы

З

М

В

Я

Қ

Ұ

С

Д

Ю

У

М

Е

Р

Е

К

Е

Ж

Ф

С

К

Ө

К

Т

Е

М

Ж

С

Ә

У

І

Р

Қ

С

Т

О

Х

М

А

М

Ы

Р

Үй тапсырмасы:
1.Жаңа сөздерді жаттау.
2.Тақпақты жаттау.

Релаксация:

Сабақты қорытындылау:

Сабақтың тақырыбы:   Көктем

Сабақтың мақсаты:  

 Білімділік:    Көктем  мезгілінің  ерекшілігімен  таныстыра  отырып,  өлеңнің  идеясын,  мәнін  ұғындыру.                  

Дамытушылық:       Ой-өрістерін, тіл байлығын, шығармашылық  ойлау қабілеттерін,  дүниетанымын  дамыту;

 Тәрбиелік:    Табиғатты қорғауға, әсемдікті түсіне білуге тәрбиелеу.

 

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың түрі: жаңа білімді  меңгерту

Сабақтың әдісі: түсіндіру, оқу, сұрақ-жауап, СТО стратегиялар

Сабақтың көрнекілігі:  Жан-жануарлардың  суреті (маска),  проектор;

Болжамдап отырған нәтиже:  Оқушылар көктем  туралы танып біледі, басқа  жыл  мезгілдерімен  ерекшелігін  ажырата алады, өлеңді мәнерлеп оқи отырып, мағынасын ажыратады.

Пән аралық байланыс: қазақ тілі, дүниетану, т.б.

 Сабақтың жоспары:

І Ұйымдастыру кезеңі:

1.1 Психологиялық дайындық.

 

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

2.1  Ертегіні  рөлге  бөліп  оқу

 2.2  Сұрақ-жауап

 2.3  Қорытындылау.

ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру:

3.1 Жұмбақ шешу

 3.2 Кіріспе   «Дұрыс па? Бұрыс па?» ойыны 
 3.3   Жаңа  сабақпен  және  авторды  таныстыру

3.4 Өлеңді оқу

3.5 Оқыту түрлері:

   1) Жалғастырып  оқу(І қатар)

   2) Тізбектеп оқу (ІІ қатар)  

  3)  Тауып оқу (ІІ қатар)

  4)  Ырғақтап оқу (Хормен)

 3.6 Сұрақ-жауап

ст: «Екі  жақты  күнделік»

3.7  Сергіту сәті «Көктем  келді» әні

3.8  Дәптермен жұмыс

1) І  қатар  ст: «Sinkuein немесе бес жолды өлең» жазу

2)  ІІ қатар ст:   «Көктем »  туралы  эссе  жазу

3) ІІІ  қатар ст: « РАФТ»

3.9 Қорытындылау

IV Жаңа сабақты бекіту:

4.1 Шығармашылық тапсырма:

 1) «Менің  жобам»

 2) «Ақын  болғым  келеді»  Өлең  жолдарын  жалғастыру

  

V Сабақты қорытындылау және бағалау

5.1  ст: «БҮҮ»

5.3 Оқушыларды бағалау

VІ Үйге тапсырма:

6.1 Өлеңді жаттау.

1.Өлең  бойынша  сурет  салу.

2. Көктем  туралы мақал-мәтелдер жаттап келу.

3.Көктем  туралы  сөзжұмбақ  құру

 

 Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

1.1 Сабаққа назарларын аудару

 1.2 Психологиялық дайындық

      

    Бір,екі, үш

    Отырамыз тып-тыныш,

    Жалқаулықты тастаймыз.

    Сабақты біз бастаймыз.

 

ІІ Үй тапсырмасын тексеру:

 2.1  Ертегіні  рөлге  бөліп  оқу. Сахналау

 2.2  Сұрақ-жауап

 2.3  Қорытындылау.

 

ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру:

3.1 Жұмбақ шешу

 3.2 Кіріспе

- Жылдың төрт мезгiлiне арнап ақындар өлең шығарса, әншiлер әнге қосса, суретшiлер де туған елiнiң бай табиғат көрiнiстерiн қылқалам арқылы бейнелеген.   

 3.3 Жаңа  тақырып:  «Көктем» өлеңі

3.3   Авторды  таныстыру

  Қабыкен  Мұқышев  туралы  ізденім  жұмыс. 

(Суретімен  таныстыру,  толықтыру.)

 

3.4  Мәнерлеп  оқып  беру.

Көктем  туралы  бейне  клип  көрсету.

 3.5 Оқу  түрлері:

   1) Жалғастырып  оқу(І қатар)

   2) Тізбектеп оқу (ІІ қатар)  

  3)  Тауып оқу (ІІ қатар)

  4)  Ырғақтап оқу (Хормен)

  3.6 Сұрақ-жауап

ст: «Екі  жақты  күнделік»

3.7  Сергіту сәті «Көктем  келді» әні

3.8  Дәптермен жұмыс

1) І  қатар  ст: «Sinkuein немесе бес жолды өлең» жазу

 Зат  есім: көктем

 Сын  есім: жылы, шуақты

 Етістік: келді.

Сөйлем: Шуақты  көктем  келді.

Мағыналы  сөз: мезгіл

 

2)  ІІ қатар ст:   «Көктем »  туралы  эссе  жазу

 Күн жылынды. Айнала жасыл түске боянды. Құстар  өз  туып өскен  жеріне  келеді.  Жан-жануарлар  оянады. Адамдар  жеңіл  киіне  бастайды. т.с.с.

 

3) ІІІ  қатар ст: « РАФТ»

 Р – оқушы

А – қала  әкіміне                  

Ф – өтініш  хат

Т – Тараз  қаласын  көркейтейік т.б.

Облыс  әкімі - Кәрім  Көкірекбаев.   

Қала  әкімі -  Нұржан  Сәбитұлы  Кәлендеров

 

3.9 Қорытындылау

IV жаңа сабақты бекіту:

4.1 Шығармашылық тапсырма:

  

4.2 ст: «Менің  жобам»

 

Менің  жобам

Тақырыбы: «Көктем»

 

  1. Эмблемасы

 

 

 

 

 

  1. Көктем  мезгіліндегі  табиғат  өзгерістері:

__________________________________

___________________________________

 

  1. Жан-жануарлардың  тіршілігі:

___________________________

            _____________________________

  1. Көктем  туралы  мақал-мәтел:

_______________________________

_______________________________

 

    5.Табиғатты  қорғау  туралы    ұсыныс:

      ____________________________________

       ___________________________________

 

 

«Ақын  болғым  келеді»  Өлең  жолдарын  жалғастыру

Көктем   қандай ...............,

Көктен     ..............            төгілді.

Мөлдір  аспан .......................

Күннің  .............    ....................

 

Дұрыс  нұсқасы

Көктем  қандай  көңілді,

Көктен  жаңбыр  төгілді.

Мөлдір  аспан  ашылып,

Күннің  көзі  шашылды.

V Сабақты қорытындылау және бағалау

5.1  ст: «БҮҮ»

5.3 Оқушыларды бағалау

Көңіл-күйді  білдіретін  смайликтер  арқылы  бағалау

VІ Үйге тапсырма:

6.1 Өлеңді жаттау. Өлең  бойынша  сурет  салу.

6.2 Көктем  туралы  сөзжұмбақ  құрастыру

 

3 слайдты корсету 

-Балалар, мереке дегеніміз не? 
-Көктемде қандай мерекелер болады? (8 Наурыз, 22 Наурыз, 1 мамыр, 9 мамыр) 
-Наурыз мерекесін біз қашан тойлаймыз? 
- Наурыз мерекесіне қандай тағамдар дайындалады? (наурыз көже, баурсақ, шелпек) 
Бекіту. 5-тапсырма (сөйлесу) 
Сөзжумбақ 4 слайд. (Көктем) 

Қорытындылау 
Сурақ-жауап арқылы көктем мезгілі, гүлдері туралы білетіндері сұралады. 
Сөйлесу (екі оқушы). 
-Балалар, Наурыз мейрамы жақындап келеді, сондықтан мен сендерді құттықтаймын. 
5 слайд (Гүлдер) 

Үй тапсырмасы: 138 бет, 1-тапсырма, көктем гүлдерін салу. 
Бағалау.



Сабақтың тақырыбы: КӨКТЕМ

Сабақтың  мақсаты 

1)  Білімділік:                   Оқушыларға  лексикалық  тақырып  бойынша  толық   түсінік

                                                   беру,  жаңа  сөздермен  таныстырып,  лексикалық  бірліктерді

                                                   меңгерту, сабақты  бекіту  барысында  алған  білімдерін

                                                   әрі  жетілдіру,  білімдерін  бағалау;

 2) Дамытушылық:         Сөздік  қорын  байыту,  ауызекі  сөйлеу  тілін,  есте сақтау                

                                       мен  сын тұрғысынан   ойлауды  дамыту, лексикалық    мини -

                                       мумдарды  қатыстыра  отырып, қысқаша сөйлеу әрекеттерін 

                                       қалыптастыру, топпен  жұмыс, жекелей  жұмыстарды    орын-

                                       дау мақсатында  іскерлікке машықтандыру;

3)Тәрбиелік;                    Табиғаттың  әсемдігін  қорғауға , көктем  мерекелерін  білуге,

Сабақтың  түрі:                         жаңа  сабақты  меңгерту

Сабақтың  әдіс-тәсілдері:        түсіндіру, сөйлесу, ойын,  қызығушылықтарын  оятуға қатысты мәтінге құралған сызба, сұрақ - жауап                                                                                         Сабақтың  көрнекілігі:             суреттер, буклеттер, сызбалар, оқулық, гүл   алаңы.

Сабақтың  барысы:                  І – Ұйымдастыру кезеңі 

(Сәлемдесу, аман-саулық  сұрау, оқушыларды  сабаққа  даярлау, рефлексия, шаттық  шеңбері) – 3  мин

Бір, екі, үш  деп

Орнымыздан  тұрамыз

Тұрыңдар, балалар!

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!

-Сәлеметсіз  бе, мұғалім!

-Отырыңдар, балалар!

Келіңдер, енді, балалар, « Шаттық  шеңберін » құрамыз.

Үлкенге  де  сіз,                        Қуан  шаттан

Кішіге  де  сіз,                          Қуанатын  келді  күн.

Бар  адамды  құрметтеп,         Қайырлы  таң!

Бас  иеміз  біз!                         Қайырлы  күн!

                                                  Күліп  шықты  күн  бүгін!

                                                             ІІ – Өткенді пысықтау

а) фонетикалық  жаттығулар (дыбыстардың айтылу  ерекшеліктерін  тексеру) 

Қане,  балалар,   енді  сендердің қазақша  әріптерді  қаншалықты нақышына келтіріп  айтатындарыңды тексеріп, көрейін).Қазақ  тіліне  тән  дыбыстарды  қайталаймыз. Сосын  мұғалім  сұрақ  қояды, балалар  жауап  береді.

1-ші  қатардың  оқушыларына     -   Қозы  қалай  маңырайды?  (мә-ә-ә-ә)

2-ші  қатардың  оқушыларына - Бұзау  шөлдеп тұр. Не дейді?  (мө-ө-ө)

3-ші  қатардың  оқушыларына - Тауық не  дейді?  (құт-құт-құт)              1 мин

Ал, енді  барлығымыз  хормен жауап берейік  - Сендерді аналарың қалай аймалайды? (құлыным) 

ә) лексикалық жаттығулар  (Дима ханзада болып, сұрақтар  қойып, жауабын алады)  1 мин

-Қазір  қай  сабақ?

-Сенің  атың  кім?

-Сенің  тегің  кім?

-Сен  қазақша  білесің  бе?

-Сен  неше  жастасың?

-Сен  нешінші  сыныпта  оқисың?

-Сен  қайда  тұрасың?

                                               ІІІ – Жаңа  сабақ  барысы  -  25 мин

а) өткен  сабақ   пен жаңа  сабақты байланыстыру  кезеңі

-Өткен  сабақтар бойынша  қандай  көкөністерді  білесіңдер?  (аттарын  атау)

-Суретпен  жұмыс.

-Ойын  ойнату: «Менің  қолымда  не  бар?»

-Балалар, енді, менің  сұрағыма  жауап  беріңдерші?

-Олар қайда  өседі?

-Бақшада.

-Адамдар көкөністерді қашан  және  қай  жыл  мезгілінде егеді?

-Көктемде. Дұрыс, балалар, жарайсыңдар.

- Қане, енді  балалар  мына  суретке қараңдаршы. Жылдың  неше  мезгілі  бар?

(жаз, күз, көктем, қыс)

- Қазір  қай жыл  мезгілі? (көктем)

-  Ал, ендеше, балалар, біз бүгін осы көктем  мезгілі, көктем айлары туралы  айтып, жазып үйренетін боламыз.

-  Ал,  сендердің  мақсаттарың  қандай? Біз  сабақта  оқимыз, жазамыз, сұраққа  жауап  береміз, ойнаймыз. Жақсы, балалар. Ендеше, біз  жаңа  сабағымызды  бастаймыз.

ә) Сызба   бойынша  түсіндіру  барысы

Тақтаға «КӨКТЕМ»  деген сөзді  ілемін.

• Қане, балалар, осы «Көктем» деген сөзді естігенде, сендердің  ойларыңа, естеріңе   қандай  сөздер, іс-әрекеттер келеді?. Балалар білетін сөздерін  айтады, оны  тақырыптың айналасына топтастырамын. (күн, наурыз, құстар, жылы,  сәуір, мамыр, ағаш)

 

- Жақсы, балалар,  көктем  туралы сендер  білмейтін  тағы  мынандай  сөздер  бар  екен, қайталап  оқып  шығайық

б)  Жаңа  сөздермен  жұмыс 

көктем  келді                                                                              бәйшешек

қар  ериді                                                                                    мереке

қызғалдақ                                                                                   күн  жылы

   МЕРЕКЕ                      КӨКТЕМ КЕЛДІ       ҚАР ЕРИДІ 

                                                            

                                                                                                         

                                                                                                               

 (жаңа  сөздермен таныстырып  болған  соң,  тақырыптың  айналасына сөздерді қосамын)

в) Мәтінмен  жұмыс  (бірінші  мен  оқимын, хормен  оқимыз, жеке  оқимыз)

 

Көктем  келді. Көктем  айлары:  наурыз, сәуір, мамыр. 8 наурыз – аналар  мерекесі. Көктемде  қар ериді. Күн жылынады. Құстар ұшып келеді. Біз ағаш егеміз. Көктемде  бәйшешек, қызғалдақ гүлдейді.

-Балалар, сонымен, көктем  айлары  қандай  екен?

-Қандай  мереке  болады?

-Дұрыс, жарайсыңдар.

-Қане,енді, балалар, орнымыздан  тұрайық,

-Бір  демалып  алайық!

Сергіту  сәті:                Жадыраған  күндейміз, күндейміз!

                                      Жайнап өскен  гүлдейміз, гүлдейміз!

                                      Тұнық  таза  ауамыз, ауамыз!

                                      Сылдыраған сумыз біз,  тазамыз, тазамыз!

г) Дәптермен  жұмыс.

                                        Дәптерімізді  ашайық,

                                        Қолға  қалам  алайық.

                                        Салақтықтан  қашайық,

                                        Әдемі  етіп  жазайық!  (қарамен  жазылған  сөздерді дәптерлеріңе көшіріп  жазыңдар)  

Сабақтың  бекіту:        а)   Топпен  жұмыс  (әр  қатарға  4  сөзден  таратып  беремін, олар  сол  сөздерге  мысалдар  келтіріп, сөйлем  ішінде  қолдана  білулері қажет)  10  мин

                                         ә) Үйге  тапсырма  (160- бет, сөз  жаттау)

                                         б) Рефлексия (1,2,3, біздің көңіл  күйіміз  қандай?....)    

-  Балалар, енді,  гүлдер  алаңын  құру  үшін, алдарыңдағы      пен   тақтаға  әкеп  ілеміз.     

Сабақты  қорытындылау, білімдерін  бағалау    5 мин  

- Сабақ  аяқталды. Сау  болыңдар,  балалар!




Сабақтың  тақырыбы:
     КӨКТЕМ

Сабақтың  мақсаты

1)  Білімділік:                   Оқушыларға  лексикалық  тақырып  бойынша  толық   түсінік

                                                   беру,  жаңа  сөздермен  таныстырып,  лексикалық  бірліктерді                                       

                                                   меңгерту, сабақты  бекіту  барысында  алған  білімдерін   одан                                   

                                                   әрі  жетілдіру,  білімдерін  бағалау;

 2) Дамытушылық:         Сөздік  қорын  байыту,  ауызекі  сөйлеу  тілін,  есте сақтау                

                                       мен  сын тұрғысынан   ойлауды  дамыту, лексикалық    мини -

                                       мумдарды  қатыстыра  отырып, қысқаша сөйлеу әрекеттерін

                                       қалыптастыру, топпен  жұмыс, жекелей  жұмыстарды    орын-

                                       дау мақсатында  іскерлікке машықтандыру;

3)Тәрбиелік;                    Табиғаттың  әсемдігін  қорғауға , көктем  мерекелерін  білуге,                       

                                               аналарды ардақтап, салт-дәстүрлерді құрметтеуге, ұйымшылдыққа

                                              тәрбиелеу;  

                                                  

Сабақтың  түрі:                         жаңа  сабақты  меңгерту

Сабақтың  әдіс-тәсілдері:        түсіндіру, сөйлесу, ойын,  қызығушылықтарын  оятуға қатысты мәтінге құралған сызба, сұрақ - жауап                                                                                                                                 Сабақтың  көрнекілігі:            суреттер, буклеттер, сызбалар, оқулық, гүл   алаңы.

Сабақтың  барысы:                  І – Ұйымдастыру кезеңі

                               (Сәлемдесу, аман-саулық  сұрау, оқушыларды  сабаққа  даярлау, рефлексия, шаттық  шеңбері) – 3  мин

Бір, екі, үш  деп

Орнымыздан  тұрамыз

Тұрыңдар, балалар!

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!

-Сәлеметсіз  бе, мұғалім!

-Отырыңдар, балалар!

Келіңдер, енді, балалар, « Шаттық  шеңберін » құрамыз.

Үлкенге  де  сіз,                        Қуан  шаттан

Кішіге  де  сіз,                          Қуанатын  келді  күн.

Бар  адамды  құрметтеп,         Қайырлы  таң!

Бас  иеміз  біз!                         Қайырлы  күн!

                                                  Күліп  шықты  күн  бүгін!

                                                             ІІ – Өткенді пысықтау

а) фонетикалық  жаттығулар (дыбыстардың айтылу  ерекшеліктерін  тексеру)

Қане,  балалар,   енді  сендердің қазақша  әріптерді  қаншалықты нақышына келтіріп  айтатындарыңды тексеріп, көрейін).Қазақ  тіліне  тән  дыбыстарды  қайталаймыз. Сосын  мұғалім  сұрақ  қояды, балалар  жауап  береді.

1-ші  қатардың  оқушыларына     -   Қозы  қалай  маңырайды?  (мә-ә-ә-ә)

2-ші  қатардың  оқушыларына - Бұзау  шөлдеп тұр. Не дейді?  (мө-ө-ө)

3-ші  қатардың  оқушыларына - Тауық не  дейді?  (құт-құт-құт)              1 мин

Ал, енді  барлығымыз  хормен жауап берейік  - Сендерді аналарың қалай аймалайды? (құлыным)

ә) лексикалық жаттығулар  (Дима ханзада болып, сұрақтар  қойып, жауабын алады)  1 мин

-Қазір  қай  сабақ?

-Сенің  атың  кім?

-Сенің  тегің  кім?

-Сен  қазақша  білесің  бе?

-Сен  неше  жастасың?

-Сен  нешінші  сыныпта  оқисың?

-Сен  қайда  тұрасың?

                                               ІІІ – Жаңа  сабақ  барысы  -  25 мин

а) өткен  сабақ   пен жаңа  сабақты байланыстыру  кезеңі

-Өткен  сабақтар бойынша  қандай  көкөністерді  білесіңдер?  (аттарын  атау)

-Суретпен  жұмыс.

-Ойын  ойнату: «Менің  қолымда  не  бар?»

-Балалар, енді, менің  сұрағыма  жауап  беріңдерші?

-Олар қайда  өседі?

-Бақшада.

-Адамдар көкөністерді қашан  және  қай  жыл  мезгілінде егеді?

-Көктемде. Дұрыс, балалар, жарайсыңдар.

- Қане, енді  балалар  мына  суретке қараңдаршы. Жылдың  неше  мезгілі  бар?

(жаз, күз, көктем, қыс)

- Қазір  қай жыл  мезгілі? (көктем)

-  Ал, ендеше, балалар, біз бүгін осы көктем  мезгілі, көктем айлары туралы  айтып, жазып үйренетін боламыз.

-  Ал,  сендердің  мақсаттарың  қандай? Біз  сабақта  оқимыз, жазамыз, сұраққа  жауап  береміз, ойнаймыз. Жақсы, балалар. Ендеше, біз  жаңа  сабағымызды  бастаймыз.

ә) Сызба   бойынша  түсіндіру  барысы

Тақтаға «КӨКТЕМ»  деген сөзді  ілемін.

·        Қане, балалар, осы «Көктем» деген сөзді естігенде, сендердің  ойларыңа, естеріңе   қандай  сөздер, іс-әрекеттер келеді?. Балалар білетін сөздерін  айтады, оны  тақырыптың айналасына топтастырамын. (күн, наурыз, құстар, жылы,  сәуір, мамыр, ағаш)

·                                      

 

 

                                        

 

 

 

 

-         Жақсы, балалар,  көктем  туралы сендер  білмейтін  тағы  мынандай  сөздер  бар  екен, қайталап  оқып  шығайық

б)  Жаңа  сөздермен  жұмыс

көктем  келді                                                                              бәйшешек

қар  ериді                                                                                    мереке

қызғалдақ                                                                                   күн  жылы

   МЕРЕКЕ                    КӨКТЕМ КЕЛДІ      ҚАР ЕРИДІ

                                                            

                                                                                                       

                                                                                                               

 (жаңа  сөздермен таныстырып  болған  соң,  тақырыптың  айналасына сөздерді қосамын)

в) Мәтінмен  жұмыс  (бірінші  мен  оқимын, хормен  оқимыз, жеке  оқимыз)

 

Көктем  келді. Көктем  айлары:  наурыз, сәуір, мамыр. 8 наурыз – аналар  мерекесі. Көктемде  қар ериді. Күн жылынады. Құстар ұшып келеді. Біз ағаш егеміз. Көктемде  бәйшешек, қызғалдақ гүлдейді.

-Балалар, сонымен, көктем  айлары  қандай  екен?

-Қандай  мереке  болады?

-Дұрыс, жарайсыңдар.

-Қане,енді, балалар, орнымыздан  тұрайық,

-Бір  демалып  алайық!

Сергіту  сәті:                Жадыраған  күндейміз, күндейміз!

                                      Жайнап өскен  гүлдейміз, гүлдейміз!

                                      Тұнық  таза  ауамыз, ауамыз!

                                      Сылдыраған сумыз біз,  тазамыз, тазамыз!

г) Дәптермен  жұмыс.

                                        Дәптерімізді  ашайық,

                                        Қолға  қалам  алайық.

                                        Салақтықтан  қашайық,

                                        Әдемі  етіп  жазайық!  (қарамен  жазылған  сөздерді дәптерлеріңе көшіріп  жазыңдар)  

Сабақтың  бекіту:        а)   Топпен  жұмыс  (әр  қатарға  4  сөзден  таратып  беремін, олар  сол  сөздерге  мысалдар  келтіріп, сөйлем  ішінде  қолдана  білулері қажет)  10  мин

                                         ә) Үйге  тапсырма  (160- бет, сөз  жаттау)

                                         б) Рефлексия (1,2,3, біздің көңіл  күйіміз  қандай?....)   

-  Балалар, енді,  гүлдер  алаңын  құру  үшін, алдарыңдағы     пен  тақтаға  әкеп  ілеміз.     

Сабақты  қорытындылау, білімдерін  бағалау    5 мин 

-         Сабақ  аяқталды. Сау  болыңдар,  балалар!

Сабақтың тақырыбы:Көктемде.



Сынып: 3

Мерзімі: 4 сәуір

Сабақ мақсаттары:

Білімділік: Жаңа тақырып негізін түсінеді, жаңа сөздер үйренеді.
Міндеттер: -сабақта үйренген жаңа сөздерді әр түрлі қатынасқа түсіре

алады;
-өзгенің пікірін тыңдай отырып ,өз ойын айтуға дағдыланады;

-табиғатты қорғау, аялау, құрметтеу сезімі қалыптасады.


Сабақтың түрі: Жаңа сабақ



Құралдар: суреттер, карточкалар, А-4 ақ қағаз,гүлдер, оқулық, дәптер, маркерлер, фломастер, флипчарт,интербелсенді тақта, көңіл-күй дидары,қолдан жасалған бағдаршам.



Әдіс-тәсілдер: Жұппен, топпен жұмыс, сын тұрғысынан ойлау,кері байланыс, диалог, өзіндік реттелу.


Оқыту нәтижесі: -топта жұмыс істеу арқылы аталған тақырыпты меңгеріп

шыға алады;

-оқушылардың өзін және сыныптастарын бағалау

мүмкіндіктерін жасай алады.

- қажетті ақпаратты анықтай алады.

Сілтеме: 3- сынып Қазақ тілі, А.Қайырбекова «Атамұра» 2010ж.



Сабақ кезеңдері

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың

іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі:

2 мин

Сәлемдесу рәсімі.Психологиялық ахуал тудыру.

Шеңбер болып тұрайық

Алақанды созайық,

Сәттілік тілеп сабақта

Көңілді де болайық.

Оқушылар шеңберге тұрып, бір-бірлеріне сәтті тілектер айтады.



ОүБ, Қалай оқу керектігін үйрету



Білу

5мин









Ой қозғау. Көктем Ассоциация туғызу.

Оқушылар қолдарын көтеріп сұрақтарға жауап береді.

Сөздерді оқиды,аудармасын табады.Сөз тіркестерін құрастырады.

- Топпен жұмыс.

Сұрақ: Қазір қай жыл мезгілі? Көктем сөзінің мағынасын аш.

  1. Топ жалпы тапсырма алды.

  2. Әрбір топ мүшелері үшін тапсырма.

  3. Әрбір топ мүшелерінің ақпарты.

  4. Топтағы ақпаратты алмастырады.

  5. Негізгі бөлімді есте сақтау үшін жалпылықты анықтайды.

  6. Сөз тіркестерін толтырады.

  7. Тақырып бойынша бірлесе зерттеуді жазады.

Критерии:

-Мен тақырып бойынша негізгі ойды таба аламын;

-Өз білімімді жетілдіру үшін қосымша ақпаратты қабылдай аламын;

-Өз таңдауымды дәлелдей аламын.

Бағалау: Топтар өзара бағдаршам арқылы бағалайды.

СТО,ОүБ, АКТ, ОмОЖТ,ТжД,

Түсіну

5мин

3)Мәтінмен жұмыс.
-Балалар ,мына мәтінді оқып шығыңдар және топта талқыландар. Таныс емес сөздің астын сызындар. Жаңа сөздердің аудармасын табындар.

Көктем.
Көктем айлары: наурыз, сәуір, мамыр. Көктемде күн жылынады.Қар,мұз ериді.Күн ұзарады.Ағаштар бүршік атады.Құстар жылы жақтан ұшып келіп,ұя салады. Көктемнің алғашқы гүлдейтін гүлдері: бәйшешек, қызғалдақ,қоңыраугүл.

Мәтінді мұқият отырып оқып шығады.

Оқушылардың өз беттерінен оқуы,аударуы.

Бәйшешек-подснежник
Қызғалдақ-тюльпан
Қоңыраугүл-колокольчик
Гүлдейді- расцветут
СТО, ДО, ОүБ,ДО

Қолдану



8 мин

«Қайсысы артық» ойыны
3 топқа карточкаларды таратамын.
Күз Қараторғай Сәуір
Көктем Сарышымшық Қыркүйек
Жаз Қарлығаш Наурыз 
Қыс Тырна Мамыр

Қайсы сөз артық екендігін анықтайды. Жұппен жұмыс.

Сұрақ: Сендер артық сөзді таба алдыңдар ма?Өз таңдауыңды түсіндір.

Өлшем:

- мен гүлдердің атын білемін.

- айларды, құстарды топтастыра білемін.

- өз таңдауымды дәлелдей аламын.

Жұптар өзара бір-бірін бағалайды.

СТО,ОүБ, ОмОЖТ,ТжД

Сергіту сәті

2 мин





Талдау







8 мин

Сөзжұмбақ «Көктемде»

Мұғалім берілген уақыттан кейін дұрыс жауаптарын айтып отырады.Топтар тексереді.

1.Көктемде не ұзарады?
2.Бақта не өседі?
3.Жаздан кейін қай жыл мезгілі?Оқу жылы қай мезгілде басталады ?
4.Құс
5.Сәуір айы тағы қалай аталады?
6.Көктем мезгілінің соңғы айы.
7.Наурызда адам не тілейді?
8.Мейрамды адамдар қалай тойлайды? Не айтады?



К

ү

н





Ө

р

і

к



К

ү

з











Т

о

р

ғ

а

й





к

ө

к

Е

к







М

а

м

ы

р





Д

е

н

с

а

у

л

ы

қ

т

і

л

Е

к







Топтар парақтарын алмастырады. Топтар бір-бірін тексереді.





СТО,ОүБ, ТжД, ДО, ОБжК

Жинақтау

8 мин

Көктем айлары:наурыз,сәуір,мамыр. Көктемде күн жылынады.Қар,мұз ериді.Күн ұзарады.Ағаштар бүршік атады.Құстар жылы жақтан ұшып келіп,ұя салады. Көктемнің алғашқы гүлдейтін гүлдері: бәйшешек, қызғалдақ,қоңыраугүл.

Мәтінді пайдалана отырып, сурет саласындар.Сол суреттерінді қорғайсындар.

Оқушылар салған суреттерін қорғайды.















СТО,ОүБ, ТжД, ДО, ОБжК, ОмОЖТ

Бағалау

4 мин

Оқушылар сөздікті пайдаланбай төмендегі сөздердің аудармасын табады.Толықтырып жаз, өзің де ойлан.

Город – қала

санки - ...

иди - бар

снег - ...

соль - тұз

лед - ...

класс – сынып

перелом - ...

Стикерге

-Мен осы тақырып бойынша не үйрендім?

-Мен нені білдім?















СТО,ОүБ, ТжД, ОБжК








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Урок-соревнование "Білгілер додасы"

Автор: Хусаинова Ботагоз Ауесхановна

Дата: 24.03.2017

Номер свидетельства: 402876


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Курсы ПК и ППК для учителей!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства