kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?лт ?лыс?а орта? ?й - ?аза?стан

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бірлескен ?жымды? іс-?рекетке негізделген о?ыту технологиясы тиімды пайдалан?ан жа?дайда ?ана натижелі болма?. Ол натижелерге о?ушыны? ?здігінен о?ып т?йінді м?селелерді іріктен алуды, ?зіне деген сенимділігінін? ?алыптасуы о?у?а ?ызы?уіны? артуы, іскелік да?дысыны? дамуы, ма?сат?а ?з бетімен ?мтылуы, ойлау белсенділігі, тап?ырлы?ы шешім ?абылдау ?рекетін дамыу, шы?армашылы? пен айналысу?а талпынысы, ?зіндікм пікір айтуын жат?ызу?а болады. Модульдік о?ыту д?ст?рлі саба?тын ??рлымыг ?згертуге, т?ра?ты т?жибелек да?дыларын ?алыптасытыру ?шін уа?ыт ?немдеуге, о?у ?рдісінде жеке т?л?алы? ба?дар беру идеясын ж?зеге асырау?а м?мкіндік береді. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?лт ?лыс?а орта? ?й - ?аза?стан»

Ұлт – ұлысқа ортақ үй – Қазақстан

Тақырыптық кеш

Мақсаты: балаларды достыққа, бірлікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Елімізде тұратын ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақты дәріптеу, Қазақстанға деген патриоттық сезімін ояту, өзара жағымды қарым-қатынасты дамыту. Қазақстанда тұрып жатқан басқа ұлт өкілдерінің Қазақстан халқына деген сыйластығын, ұлттық қатынасын нығайту, өзара достыққа, отанын құрметтеуге тәрбиелеу.

Жүргізуші: Балалар біз қандай мемлекетте тұрамыз? Біздің Қазақстан қандай мемлекет? Биыл Тәуелсіздіктің неше жылдығын тойлаймыз?

Республикамызда қазақ ұлтымен қатар қанша ұлт өкілдері бар? (130)

Осы ұлт өкілдерінің барлығы қайда тұрып жатыр?

Олай болса бүгінгі тақырыптық кешіміздің тақырыбын «Ұлт-ұлысқа ортақ үй Қазақстан» деп атайық. Бүгінгі 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған бағдарламамызға қош келдіңіздер!

1-оқушы: Мерекең құтты болсын, туған өлкем.

Гүлдене бер бұтақ жайып, өсіп өркен!

Бүгінгі күнің бізді қуантады.

Болашағың бұдан да болсын көркем.


2-оқушы: Біздің елде әр халықтың ұлы бар,

Кеудемізде бауырластық нұры бар.

Бейбіт күннің тату-тәтті достарымыз.

Көк байрақты мәңгі бірге ұстармыз.

Жүргізуші: «Жақсыда жатық жоқ» деп халқымыз айтқан, біздің Қазақстан Республикасы осындай көп ұлт өкілдерін бауырына басып, барлығы бір шаңырақтың астында тату өмір сүріп жатыр. Ұлтына, нәсіліне, дініне қарамастан бұл ұлт өкілдері Қазақстан халқын құрайды. Осы елімізде мекендейтін ұлт өкілдеріне қамқорлық жасау, олардың тыныштығы мен құқықтарын қорғау Ата заңымыз Қазақстан Конституциясының баптарында көрсетілген.

Қазақстан Республикасының Конституциясында барлық Қазақстанда тұратын азаматтар өмір сүруге, білім алуға, еңбек етуге, денсаулығын сақтауға, медициналық көмек алуға құқылы, сонымен бірге олар Қазақстан Республикасын қорғауға, Рәміздерін құрметтеуге, табиғат байлықтарын сақтауға міндетті екені көрсетілген.

3- оқушы: Ақ, қара деп бөлмейміз.

Бір жыл туған төлдейміз

Туысқанбыз, татумыз

Биіктерге өрлейміз.


4-оқушы: Сары, ақпыз, қарамыз,

Бәрімізде баламыз

Бір ауылда тұрамыз

Бір мектепке барамыз.

Жүргізуші: Балалар өздерің білетіндей, әр ұлттың өзінің тілі бар. Қазақстанда мемлекеттік тіл қандай тіл? Қазақ тілі.

Балалар, әр ұлттың өз тілі бар, өз тілінде сөйлейді десек те Қазақстанның әрбір азаматы мемлекеттік тілді білуі керек.

5-оқушы: Тілі бөлек болғанымен тілек бір,

Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.

Қазақстан-бар ұлысқа шаңырақ.

Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.


6-оқушы: «Береке басы-бірлік» деп айтады.

Халық айтса дейсің бе кем айтады?

Бірлік болса татусың, бірегейсің.

Елің байтақ, жеріңнің де кең алқабы.

Өмір сүрсең бәрін де бірге көріп,

Бірлік барда тірлік бар, іргең берік.


Жүргізуші: Бір шаңырақтың астында қазақ ұлтымен бірге бір ананың баласындай болып 130 ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Басқа мемлекеттерде жиі-жиі соғыс тұтанып, алауыздық болып жатқанын көріп, естіп жүрміз.Біздің мемлекетімізде осындай жағдайлар бар ма? Жоқ. Бұл – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың елімізді дұрыс жолмен, көрегендікпен басқарып, ұйымдастырып отырғанының және қазақтардың кеңпейіл болуының арқасы.

Қазақстандағы барлық ұлт өкілдері осындай тыныштық, ұлттық келісім болу үшін атсалысып, еліміздің экономикасын, мәдениетін дамуға үлес қосып отыр, сондықтан «1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні» деп аталады. Бұл күні бірліктің, ынтымақтың, достықтың мерекесі тойланады.


7-оқушы: Бірінші бүгін мамырда

Тойлайды қала, ауыл да

Айналғанын халықтар

Дос, туысқан, бауыр да.


8-оқушы: Қазақ елі – қашанда жыр елі.

Тарихында тұлғалар көп киелі,

Қазақстан аясында бұрыннан

Талай халық бірге өмір сүреді.


Жүргізуші: Қазіргі таңдағы бейбіт тірлігіміз ұзағынан болғай. Қазақстанымыздың қуаттылығы мен басымызға қонған бақытымыз біолігіміздің берекесін артыра берсін, бейбітшілік мәңгі ажырамас серігімізге айналып, еліміз бен жеріміз, халқымыз аман болсын.Бұл мереке бізбен бірге ғасырларға ұлассын. Бейбіт аспан астында достығымыз нығайып, экономикамыз өркедей берсін, денсаулығымыз мықты болсын деген игі тілекпен бүгінгі кешімізді аяқтаймыз. Тағы да мереке құтты болсын!



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
?лт ?лыс?а орта? ?й - ?аза?стан

Автор: Молдагалиева Гулжазира Жумажановна

Дата: 24.03.2016

Номер свидетельства: 309381


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства