Ұстаздар мерекесіне арналған «Ұстаз- ұлы тұлға! атты мерекелік концерттің бағдарламасы
Мақсаты: Оқушыларды өздігінен жұмыс жүргізе білуге машықтандыру және келешек өмірлерінде әр нәрсеге жауапкершілікпен қарауға, өздеріне білім беріп, әріп, жазу үйреткен ұстаздарына деген құрметтерін білдіруге , ұстаз еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.
Зердесін болашақтың зерлеткендер! Дей келе барша ұстаздар қауымы, сіздерді 2 қазан –Ұстаздар күні мерекесімен құттықтаймыз. Әр ұстаздың еңбегіне нұр, шығармашылық табыс тілейміз. Ұстаз- ол ұлы тұлға. Ұстазға ғалым да шахтер де дәрігер мен ұлы ақындар да табынып, бас иген, ұстаз алдынан тәлім алған, әрі тәрбие көзін қабылдаған. Бүгінгі МТЖО тәрбиеленушілері сіздерге дайындаған «Ұстаз- ұлы тұлға» атты мерекелік концертті қабыл алыңыздар!
1. Ән:«Ұстазға мың тағзым» орындайтын «Әуезді әуен» үйірмесінің мүшелері қарсы алыңыздар! Жетекшісі Молдагалиев Жанболат Айтуғанұлы.
1 – жүргізуші: Қазақ қызы күлімдер күн көзіндей,
Дөңгеленіп билейді ай жүзіндей.
Жұлдыздардай өрнекті аспандағы,
Биші қыздар бұрала би билейді.
2.Сахна төрінеқазақ биімен«Сырғалым» би тобының қыздарын шақырамыз.
1 - жүргізуші: Ұстаз! Ұстаздық – ұлы нәрсе. Ұстаздық ету өзіңнің уақытыңды аямау, өзгенің бақытын аялау. Жарық дүниеде бұдан асқан қиын, бұдан асқан қиямет қайым қызмет жоқ. Патшалық құру ұстаздық етуден он есе жеңіл. Ұстаздық міндетті батыр да, бай да, патша да атқара алмас. Ұстаздық ұстаздан басқа ешкімнің қолынан келмейді. Қысқасы патшалық құру – рахат, ал ұстаздық ету – бейнет.
3.Алдарыңызда «Ақ сандық» үйірмесінің тәрбиеленушісі Межітқали Іңкәрді «Ұстазым» өзінің шығарған өлеңімен қарсы алыңыздар!
1 – жүргізуші:Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы деген сөз тегіннен-тегін айтылмаса керек. Ата-анадан кейінгі балаға білім беріп, тәрбие үйрететін сол ұстаз.
5.Ән: «Ардақты ұстазым» орындайтын «Хор» үйірмесінің мүшелері. Қарсы алыңыздар!
1 – жүргізуші: Жақсылар ұмытпайды ұстаздарын,
Ойлайды, олар сонымен ұшталғанын.
Мәңгілікке мақтанып өтеді ұстаз,
Шәкіртінің биікке шыққандарын.
6.Ортаға «Ұлағат» үйірмесінің тәрбиеленушілерін Ұстаздар күніне арналған өлеңдерімен шақырамыз!
1-жүргізуші:Ұстаз деген – жүрегімнің от боп жанған алауы
Ұстаз деген – өмірімнің мәңгі өшпес жалауы
Ұстаз деген - Тәңіріміз сыйға берген ұлылық
Ұлылықты сақтайықшы, ұлы есім ғып мәңгілік, - дей отыраОртаға Узбекова Дильяраның орындауында «Ұстазым»әнін қабыл алыңыздар! Жетекшісі Молдағалиев Жанболат Айтуғанұлы
Сөз кезегін Мектептен тыс жұмыс орталығының директорының орынбасары Нұғман Динара Жасқайратқызына беріледі
2 – жүргізуші:Күнде той бола бермес дәл осындай,
Күн сайын өркендейміз, өзгереміз,
Ұл-қыздың бақыты үшін ғұмыр кешкен
Ұстаздарға мың алғыс деп бас иеміз
1 – жүргізуші:Осымен «Ұстаз – ұлы тұлға» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне жетті.Сіздерді тағы да ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!