kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Туған жерім-мақтанышым

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Туған жерім – мақтанышым» әлеуметтік акциясы

 

Акцияның мақсаты: Оқушылардың туған өлке, туған жер туралы түсініктерін кеңейту. Оқушылардың туған елге, жерге, табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру. Оқушылардың шығармашылық және қоғамдық белсенділігін арттыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Туған жерім-мақтанышым»

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«ТҰРАҒҰЛ ҚОҢЫР АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕП – БАЛАБАҚША» КММ











Туған жерім – мақтанышым



Номинациясы: Туған өлке – біздің бастамаларымыздың негізі.

Жетекшісі: Ласпаева Гульмира Хайроллаевна





Конкурсқа қатысушылылар туралы мәлімет.

Қатысушылардың аты-жөні

Сыныбы

Оқу орны

1

Февраль Алтынай Асқатқызы

8

«Найманбаев атындағы орта мектеп-балабақша» КММ

2

Хасенова Айгүл Жасұланқызы

10


«Тұрағұл Қоңыр атындағы орта мектеп-балабақша» КММ

3

Қабдешов Ислам Асылбекұлы

10

4

Сакенов Диас Сакенұлы

10

5

Садырқан Дана Болатқызы

8

6

Тұрсынова Айзере Қайратқызы

6













Ақшоқы – 2018

Топтың аты: Жалын

Тобымызды бұлай атаған себебіміз, "Жалын" нағыз жастарға арналған атау секілді, өйткені жастар-бойында намысы жалындап тұрар, ел ертеңі емес пе?! 



Топтың ұраны:

"Көк бөрідей, жүректі қайраттымыз, 

Жігерлі де, білімді,  айбаттымыз"



Топтың эмблемасы:

Топ мүшелері:







«Туған жерім – мақтанышым» әлеуметтік акциясы


Акцияның мақсаты: Оқушылардың туған өлке, туған жер туралы түсініктерін кеңейту. Оқушылардың туған елге, жерге, табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру. Оқушылардың шығармашылық және қоғамдық белсенділігін арттыру.


Р/с

Іс - шараның атауы

Мерзімі

Сыныбы

Жетекшісі

1

«Туған жерім – мақтанышым» әлеуметтік акцияның ашылуы. (линейка)

12.11.2018

1-11

Ласпаева Г.Х.

2

«Туған жері ғажаптары» (сурет көрмесі)

13.11.2018

1-6

Ласпаева Г.Х.

3

Тарбағатай ұлттық табиғи паркінің паркінің ашылуына орай парк қызметкерлерімен кездесу.

14.11.2018

7-8

Ласпаева Г.Х.

4

Ауылымыздың еңбек сіңірген қайраткерлерімен және кәсіпкерлерімен кездесу.

15.11.2018

11

Ласпаева Г.Х.

5

Ашық тәрбие сағаты «Атамекен – алтын бесік»

16.11.2018

9-10

Ласпаева Г.Х.

6

«Туған өлке – тұнған шежіре» деген тақырыпта Мезенцев заставасына экскурсия жасау.

17.11.2018

10-11

Ласпаева Г.Х.

7

«Туған жерім – мақтанышым» әлеуметтік акцияныі қорытындысы (линейка)

18.11.2018

1-11

Ласпаева Г.Х.


«Туған жерім – мақтанышым» әлеуметтік акцияның ашылуы. (линейка)


Мақсаты: Оқушыларға «Туған жер», «халық», туралы түсініктер бере отырып, өз туған өлкесін сүюге, еліне, жеріне деген сүйіспеншілік сезімін ояту.

Мазмұны: 1-11 сыныптар арасында «Туған жерім – мақтанышым» әлеуметтік акциясының ашылуы болды. Ашылуда география пәнінің мұғалімі Ласпаева Гульмира Хайроллаевна әлеуметтік акцияның мақсатымен және жоспарымен таныстырды. Жоспардағы іс-шаралардың мерзімін және өткізілу формасын айтып өтті.



«Туған жері ғажаптары» (сурет көрмесі)


Мақсаты: Туған жер, туған ел табиғаты туралы білімдерін бекіту. Өз ойымен, шығармашылық қиялмен сурет салуға үйрету. Оқушыларды елін, жерін сүюге, отанының патриоты болуға, туған жерімен мақтана білуге тәрбиелеу.

Мазмұны: Сабақтың басында оқушылармен туған жер, ел туралы әңгімелесу. Әңгімелесу кезінде оқушыларға төмендегідей сұрақтар қойылады.

‒ Біздің облыс қалай аталады?

  • Ақшоқы ауылының табиғатын қалай сипаттайсың?

‒ Туған жеріңді немен мақтан етесің?

Ақшоқы ауылы -  Шығыс Қазақстан облысы,  Үржар ауданындағы ауыл. Аудан орталығы - Үржар ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 139 км-дей жерде. Тұрғыны 1100 адам. Ақшоқы ауылы 1929 жылы құрылған. Аула саны – 290. Ақшоқы ауылының құрамына Подгорное ауылы кіреді.

Оқушылар сурет салуға кірісті. Сабақ ортасында «Сергіту сәті» ұйымдастырылды. Сабақ соңында оқушыларға сұрақтар қойылып, сурет көрмесі ұйымдастырылды.


Тарбағатай ұлттық табиғи паркінің ашылуына орай парк қызметкерлерімен кездесу.


Мақсаты: Туған жер табиғатымен таныстыру. Тарбағай ұлттық табиғи паркінің қызметімен және біздің өңірдегі, тек қана бізде кездесетін флора мен фауна түрлерімен таныстыру.

Мазмұны: Тарбағатай ұлттық табиғи паркінің қызметкері Ережеп Мұқанұлы және Жаңылхан апаймен 7-8 сынып оқушыларының кездесуі өтті. Кездесу барысында Тарбағатай ұлттық табиғи паркінің құрылуы және табиғаты жайында әңгіме қозғалды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 27 маусымдағы №382 қаулысымен Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының аумағында Тарбағатай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі құрылды. Ұлттық парктің ауданы 143550,5 га. Бұл еліміздегі 13-ші ұлттық парк.

«ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының бұйрығымен Тоқымтаев Әлібек Тоқтаубекұлы «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің директоры қызметіне тағайындалды. Тоқымтаев Әлібек 2004 жылдан бері Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығының директоры қызметін атқарған.

Жаңа ұлттық парк  6 түрлі кластерлік жер телімдерінен тұрады. Сондай-ақ Тарбағатай тауларының оңтүстік баурайы мен Үржар, Қатынсу, Емел өзендерінің алқабын қамтиды. Қорықтың ерекшелігі, онда өсімдіктердің өзге аумақта кездеспейтін қызыл кітапқа енген 100-ден астам түрі бар. Жануарлар әлемі де бай. Мамандардың айтуынша, Кеңес үкіметі тұсында осы ауданда ұлттық парк құру туралы бастама көтеріліп, ол аяқсыз қалған екен. Осылайша соңғы 9 жылда жоба қайта талқыланып, ақыры оң шешім тапты. Облыста осымен екінші ұлттық парк қызметін бастады. Бұл туристер санын арттырып қана қоймай, жұмыссыздық мәселесін шешуге де септігін тигізеді.



Ауылымыздың еңбек сіңірген қайраткерлерімен және кәсіпкерлерімен кездесу.


Кездесу мақсаты: Ауылымыздың еңбек сіңірген қайраткерлерінің және кәсіпкерлерінің қызметімен танысу. Туған өлкеге деген сүйіспеншілігін ояту. Мектеп бітіруші түлектерге мамандық таңдауға қолдау көрсету.

Мазмұны: Кездесуге ауыл қайраткерлері мен кәсіпкерлері Елчибаев Қайыржан, Мұсаханов Болат, Нұрғалиев Жасамбек, Чукенов Жайық, Жұмадилов Ниязхан, Ахметбеков Мырзағазы, ауыл әкімі Саржанов Рысбек және 11-сынып оқушылары қатысты.

Кездесу барысында 11- сынып оқушыларына ауыл тарихы, ауылға жасалған игілікті істер жайында, қазіргі кездегі ауыл шаруашылығының дамуы жайлы ауыл қайраткерлері мен кәсіпкерлері айтып өтті. Кездесу жас буынның рухани дүниесін байытып, намысын оятты.



Ашық тәрбие сағаты «Атамекен- алтын бесік»


Мақсаты: Атамекеннің адамның өсіп – дамуындағы, өміріндегі рөлі туралы түсініктер беру. Оқушылардың Ақшоқы ауылы туралы мәліметтер мен тарихы туралы білімдерін кеңейту. Атамекенді қадірлей білуге, ата-мекенге қызмет ету туралы мағлұмат беру.

Мазмұны: Ашық тәрбие сағаты 9-10 сыныптар арасында өткізілді. Тәрбие сағаты барысында сыныптар топқа бөлініп жарысты.«Әңгімелесейік, пікірлесейік» айдарында оқушылар ауыл тарихымен, табиғатымен танысты.

Ақшоқы ауылы Тарбағатай тауының бөктерінде орналасқан. Жер бедері таулы қыратты болып келеді. Тау беткейлері сайлармен тілімденген. Ауылдың шөбі шүйгін, суы мөлдір, ауасы таза. Таудың қара және қоңыр топырағы бұта аралас боз, жусан, сұлыбас, бетеге өседі. Баурайы мал жайылымына пайдаланады. Ақшоқы ауылының шығыс жағалауы Қытай Халық Республикасымен көршілес жатыр. Мемлекеттік шекара арқылы бөлінген. Ақшоқы ауылының координатасы 46°56′11″ с. е.82°51′36″ ш. б. Уақыт белдеуі: UTC+6:00

Климаты қоңыржай, шұғыл континентті. Ауа температурасының тәулік ішінде, сондай-ақ, жыл ішінде ауытқып тұрады. Сонымен бірге жазық, таулы бөлікте жылдық және айлық орта температура таулы аймақтарда биікке көтерілген сайын өзгереді.

Ақшоқы өзені – Алакөл алабындағы өзен. Ұзындығы – 59 км. Су алабының ауданы 572 км².



«Туған өлке – тұнған шежіре» деген тақырыпта Мезенцев заставасына экскурсия жасау.


Мақсаты: Оқушыларда туған өлкеге деген қадір – қасиетті оята отырып, сол арқылы туып - өскен өлкеге, Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.

Мазмұны: Ақшоқы ауылы Қытай Халық Республикаысмен шекарада орналасқандықтан, 10-11 сынып оқушылары және мектеп ұстаздары бірге шекара аймағындағы Мезенцев заставасына экскурсияға шықты. Экскурсия барысында Мезенцев заставасының тарихымен, шекара қызметімен танысты.





Туған жерім- мақтанышым әлеуметтік акциясының қорытындысы


Мақсаты: Туған жерін, елін құрметтеуге тәрбиелеу. Өз Атамекеніне, туған жеріне деген сүйіспеншілігін, мақтаныш сезімдерін арттыру.

Мазмұны: 1-11 сыныптар арасында ленейкада әлеуметтік акцияның қорытындысын талқылады. Акция кезінде өткізілген іс-шараларға нақты тоқталып, оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды. Әлеуметтік акция келесі жылы да жалғасын табады деп қорытындылады.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Туған жерім-мақтанышым

Автор: Ласпаева Гульмира Хайроллаевна

Дата: 23.11.2018

Номер свидетельства: 487223

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "Елін с?йген Елбасы!"
    ["seo_title"] => string(24) "ielin-suighien-ielbasy-2"
    ["file_id"] => string(6) "289641"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454848368"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства