kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тілдер аптылығына арналған жоспар

Нажмите, чтобы узнать подробности

2017 - 2018 оқу жылы 
Қызықты қазақ тілі әлемі 
(Интелектуалды сайыс) 
Сабақтың тақырыбы: «Қызықты қазақ тілі әлемі» 
Сабақтың мақсаты: 
§ Оқушылардың білімдері мен біліктіліктері арқылы ой - өрістерін дамыту, 
§ Ұшқырлық, ойлау қабілеттерін шыңдау. 
§ Шапшаңдық пен нақтылыққа бейімдеу. 
Сабақтың әдісі: сайыс сабақ 
Сабақтың көрнекілігі: қима қағаздар. 
Пәнаралық байланыс: ауыз әдебиеті, шет тілі, өнер, халық педагогикасы. 2017 - 2018 оқу жылы 
Қызықты қазақ тілі әлемі 
(Интелектуалды сайыс) 
Сабақтың тақырыбы: «Қызықты қазақ тілі әлемі» 
Сабақтың мақсаты: 
§ Оқушылардың білімдері мен біліктіліктері арқылы ой - өрістерін дамыту, 
§ Ұшқырлық, ойлау қабілеттерін шыңдау. 
§ Шапшаңдық пен нақтылыққа бейімдеу. 
Сабақтың әдісі: сайыс сабақ 
Сабақтың көрнекілігі: қима қағаздар. 
Пәнаралық байланыс: ауыз әдебиеті, шет тілі, өнер, халық педагогикасы. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тілдер аптылығына арналған жоспар»

Астана қаласы «№14 мектеп-гимназия» ММ 

Тілдер апталығына арналған сабақ жоспары 
«Қызықты қазақ тілі әлемі» 
(интеллектуалды сайыс) 

Мұғалім : Бейсембаева Г.О. 

2017 - 2018 оқу жылы 
Қызықты қазақ тілі әлемі 
(Интелектуалды сайыс) 
Сабақтың тақырыбы: «Қызықты қазақ тілі әлемі» 
Сабақтың мақсаты: 
 Оқушылардың білімдері мен біліктіліктері арқылы ой - өрістерін дамыту, 
 Ұшқырлық , ойлау қабілеттерін шыңдау. 
 Шапшаңдық пен нақтылыққа бейімдеу. 
Сабақтың әдісі: сайыс сабақ 
Сабақтың көрнекілігі: қима қағаздар. 
Пәнаралық байланыс: ауыз әдебиеті , шет тілі , өнер , халық педагогикасы. 
Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі. 
- Алдын ала тағайындалған топтарды шақыру. 
- Сайыстың мақсатымен таныстыру. 
- Топтардың аттарымен , ұранымен, таңбасымен танысу. 
Құрметті оқушылар тіл білгірі сайысысына Қош келдіңіздер! 
Армысыздар,алқалы жұрт көз көрген, 
Құралсыншы ойларыңыз інжу-маржан сөздерден. 
Тіліміздің тереңдігін,байлығын да көрсетер 
Алдыңызда тіл сайысы –«Қызықты қазақ тілі әлемі»! 
Бүгінгі –«Қызықты қазақ тілі әлемі» сайысына екі топ қатысады. 
Беташарын додамыздың бастайық, 
Көпшілікті бір серпілтіп тастайық. 
Ортамызды сайыскермен толтырып, 
Қошеметпен шақырайық қол соғып. 
Бірінші «Сұнқар»топ оқушылары : Шегай Селена, Мирманов Карим, Сбоева Диана, Раусланулы Диас, Тайшибекова Амина, Достав Владтслав,Каунов Дмитрий 
Екінші «Тұлпар» топ оқушылары :Насымбаева Адема, Юськов Никита, Шамганов Алдияр, Иванова Дарья, Макенова Малика
Ал енді осы екі топтың қайсысы оза шабатынын , қайсысы ең алғаш боп бәйгеге жететінін бақылайтын және әділ баға беретін әділ - қазыларымызбен танысайық. 
1. Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Абенова Сауле Тлеужановна 
2. Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Есентаева Махан Мамановна
І кезең : «Тіл өнері» 
Ана тілім,өзгелерден бөлексің, 
Бала жүрек саған арнап жыр төксін. 
Қай асылға теңесем де жарасар, 
Ана тілім баға жетпес өнерсің деп сайысымыздың«Тіл өнері» атты бірінші кезенің бастайық . Бұл сайыста әр топқа 6 сұрақтан қойылады , сендер қойылған сұрақтарға жай емес мақал – мәтелмен жауап айтуларын керек . Түсініктіме ? Ендеше бастайық . 
Бірінші «Сұнқар» тобының сұрақтары 
1. Жылан інінен қалай шығады? 
Жылы-жылы сөйлесең жыланда інінен шығады. 
2. Қар жана ма? 
Қалауын тапса қар жанады 
3. Инемен құдық қазуға бола ма? 
Оқу инемен құдық қазғандай. 
4. Ең тәтті не? 
Ананың сүті тәтті,баланың тілі тәтті 
5. Не қорқақ,не батыр? 
Көз қорқақ,қол батыр. 
6. Кімнен кім жаман? 
Олақтан салақ жаман. 
Жақсы . Енді ІІ «Тұлпар» тобының сұрақтары 
1. Оттан да ыстық не? 
Отан оттан да ыстық. 
2. Ит жоқта не үреді? 
Ит жоқта шошқа үреді. 
3. Ер қаруы нешеу? 
Ер қаруы бес қару. 
4. Отқа түсіп күймеуге бола ма? 
Отан үшін отқа түс күймейсің. 
5. Жігітті шал деген жөн бе? 
Жаман жігіт жасында шал болар. 
6. Үлкен сөз, үлкен көз бола ма? 
Қорқақтың көзі үлкен, ақымақтың сөзі үлкен 
Жақсы . Ендеше келесі «Мықты болсаң тауып көр» кезенің бастаймыз . 
ІІ кезең «Мықты болсаң тауып көр» 
Бұл кезеңде балалар сендер мықтылықтырынды көрсетесіңдер. Қазір мен сендерге мынандай парақшаларды таратамын . Сендер осы парақшаларда жазылған тұрақты сөз тіркестерін тауып, мағынасын ашасыңдар. 
Дайынсындар ма ? Ендеше жауаптарынды тыңдайық . 
1)Құлын,ат,тай,жылқы.(таңба басқандай) алыс 
2)Жылқы,қой,түйе,сиыр.(аузынан шөп алмас) момын 
3.Сүйек, қаңқа, ит,ет.(терісін басына қаптау) ұрысу 
4.Ит,төбет, күшік, қасқыр ( өлген жер) алыс 
5.Жақ, құлақ,тіл, айыз (алғыш) қарамақарсы сөз тіл азар 
6.Колқа, көмекей, өңіш, тамақ (созды) өңешін созды ұрысу 
7.Аймақ, жер, таяқ, күн (тепсінді) қатты ұрысты 
8. Тас, су, жер, ет (бауыр) мейірімсіз 
9. Ұлдың, қыздың,ананың, әкенің (жиған жүгіндей) әсем, көрікті 
10. Көз,сөз, қол, аяқ (ілмеді) ұйықтамады. 
ІІІ кезең «Бәйге» 
Бәйгеге түсіп жарыспай, 
Жүйріктің бағы жанар ма? 
Білім мен өнер жарысып 
Тәрбие, тәлім табар мән. 
Бұл бәйге – ойдың бәйгесі. 
Кім жүйрік ойға, сол алда. Ендеше келесі «Бәйге» кезенің бастайық. кезен ережелері : Әр топқа 20 сұрақтан жасырамын .Әр топ қатысушылары қойылған сұрақтарға 1 минут ішінде жауап берулері тиіс . Әр дұрыс жауап 1 ұпайға бағаланады .Түсініктіме ? 
Онда І «Сұнқар» тобының сұрақтары : 
І топ «Сұнқар» тобына сұрақтар 
1. «Термин» қай тілдің сөзі (латын тілі) 
2. Қазақ тіліндегі тыйым салуға қатысты сөздер қай терминге жатады? (табу) 
3. Сөз мағынасын не зерттейді? (лексика) 
4. «Фразеология» сөзінің баламасын табыңыз. (тұрақты тіркес) 
5. Тілдің ең кіші бөлшегі не? (дыбыс) 
6. Жалғаудың түрлерін ата. (көптік, тәуелдік, септік, жіктік) 
7. Неше септік жалғауы бар? (7) 
8. «Ақ киізге көтерді» мағынасы не? (хан сайлады) 
9. Зат есім құрамына қарай нешеге бөлінеді? (дара, күрделі) 
10. Дыбысты немен таңбалайды? (әріп) 
11. 42 әріптің жүйелі тізбегі қалай аталады? (әліпби) 
12. Қазақ әліпбиінде қанша дыбыс бар? (42) 
13. «Ерінбесең - емерсің» тақырыбы не? (еңбек ету) 
14. Қосарлы дыбыстардың саны нешеу? (3) 
15. «Әліпби» сөзі қай тілден енген? (араб тілі) 
16. Дауысты дыбыс тілдің қатысына қарай нешеге бөлінеді? (жуан, жіңішке) 
17. Дауысты дыбыс жақтың қатысына қарай нешеге бөлінеді? (ашық, қысың) 
18. Дауыссыз дыбыстың түрлерін ата. (қатаң, ұяң, үнді) 
19. Әліпбидегі алғашқы 7 дауыссыз қалай аталады? (ұяң) 
20. Дауыссыздар ненің қатысына қарай 3-ке бөлінеді? (салдыр мен үн) 
Керемет . Сұнқар тобы жасырынған 20 сұрақтан дұрыс жауап берді . 
Келесі кезек «Тұлпар» тобына беріледі . Бастайық . 
ІІ топ «Тұлпар» тобына сұрақтар 
1. Екпін түрі нешеу? (4) 
2. Үндестік заңы нешеу? (2) 
3. Қосымшаны тіл білімінің қай саласы зерттейді? (морфология) 
4. «Лексика» сөзі қай тілден енген (латын тілінен 
5. Тыныс белгісін не зерттейді? (пунктуация) 
6. Фонетика нені зерттейді? (тіл дыбыстарын) 
7. Пәлеқор сөзі буын үндестігіне бағына ма? (жоқ 
8. Көзқарас қандай сөз? (біріккен) 
9. Дыбыс үндестігінің түрлерін ата. (ілгерінді, кейінді) 
10. Орфография нені зерттейді? (дұрыс жазылуын) 
11. «Жаны зәр түбіне жету» мағынасы не? (қорқу) 
12. «Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас» тақырыбы не? (дос) 
13. Дауысты дыбыс еріннің қатысына қарай нешеге бөлінеді? (еріндік, езулік) 
14. Дауыстылардың саны қанша? (12) 
15. Әліпбидегі 10-шы дыбыс қандай дыбыс? (Ж) 
16. Сөз таптары нешеу? (тоғыз) 
17. Қосымша нешеу? (екеу) 
18. Жұрнақтың түрлерін ата. (сөз тудырушы, сөз түрлендіруші) 
19. Зат есімнің мағыналық түрлерін ата. (деректі, дерексіз, жалпы, жалқы 
20. Сын есімнің түрлерін ата. ( негізгі, туынды, қатыстық, сапалық) 
Жарайсындар балалар . Бұл тапсырманы барлығын жақсы орындадындар. 
ІҮ кезең “Полиглот” 
Ү кезең «Полиглот» кезеңімізді бастайық . Кезең ережелері : Мен сендерге бір сөзі жасырынған мақал – мәтелдер жазылған парақшалар таратамын . Сендер сол сөзді тауып , орыс және ағылшын тілдеріне аударуларын керек . Өзге тілде айтылған әр бір жауап 5 ұпайға бағаланады . 
1. ...қылды қақ жарған. (қара,черный,blak ) 
2. Атадан жақсы ұл туса, 
Есіктегі басын төрге сүйрер. 
Атадан ... ұл туса, 
Төрдегі басын жерге сүйрер. (жаман,плохой,bad) 
3. Ел қонбаса - ... азады, 
Жер болмаса – ер азады. (жер,земля,) 
4. .... ала болса, ауыздағы кетеді, 
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді. (алтау, шесть,six) 
5. . ... тас жарады, 
Тас жармаса, бас жарады. (тіл,язык,language) 
6. . ... көпті жау алмайды, 
Ақылы көпті дау алмайды.(досы , друзья,frend) 
7. . ... өссе елдің көркі, 
Гүл өссе жердің көркі.(қыз,девушка,gerl) 
8. . ... таумен кездеспейді, 
Адам адаммен кездеседі. (тау,гора) 
9. Қына тасқа бітеді, 
... басқа бітеді.(білім,знания,) 
10. . ... сүйектен өтеді, 
Таяқ еттен өтеді. (сөз,слово, ) 
ҮІ кезең «Тапқырлық» 
Бұл кезеңде сендер оқылған мақал- мәтелді жалғастыруларын керек . 
Дұрыс жауап 5 ұпайға бағаланады . 
І топ 
1. Тіл тас жарады, тас жармаса ... (бас жарады). 
2. Бал тамған тілден ... (у тамған). 
3. Тауды, тасты жел бұзар, адамзатты ... (сөз бұзар). 
4. Жақсы сөз - ... (жарым ырыс) 
5. Қаһарлы сөз ... (қамал бұзар) 
6. Шебердің қолы ортақ, шешеннің ... (тілі ортақ). 
7. Жақсы байқап сөйлер, жаман ... (шайқап сөйлер). 
8. Бас кеспек болса да, ... (тіл кеспек жоқ). 
9. Дәлелсіз сөз ... (желмен тең). 
10.Тіл қылыштан ... (өткір). 
ІІ топ 
1. Піл көтермегенді, ... (тіл көтереді). 
2. Тілден артық ... (қазына жоқ). 
3. Ана сүті бой өсіреді, Ана тілі ... (ой өсіреді). 
4. Жыланның уы тісінде, Адамның уы ... (тілінде). 
5. Ең ащы да тіл, ең ... (тәтті де тіл). 
6. Өнер алды - ... (қызыл тіл). 
7. Айтылған сөз - ... (атылған оқ). 
8. Жылы-жылы сөйлесең, жылан ... (інінен шығады). 
9. Басқа пәле - ... (тілден). 
10. Білім кілті - ... (тіл). 
Ал енді қатысушылардың ұпай санын анықтап,жеңімпаз топты анықтайтын кез келді.Сөз кезегін әділқазыларға береміз. 
Міне,осымен тіл апталығына арналған «Қызықты қазақ тілі әлемі» сайысыда өз мәресіне жетті. Ата - бабаларымыздың аманаттап кеткен асыл қазынасын мына жаһандау заманында жоғалтпай,құндылығын арттыра берейік!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Тілдер аптылығына арналған жоспар

Автор: Бейсембаева Гульден Оразовна

Дата: 05.12.2017

Номер свидетельства: 442337


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства