Просмотр содержимого документа
«Тіл сайысы «С?змерген» »
Разработка внеклассного мероприятия – «Жемчужина слов»
Аңдатпа. Аннотация
Мыспаева Раушан Кумарбековна
Риддер аграрлы техникалық колледж
Риторика, қазақ тілі пәні
Бұл тіл сайысының мақсаты – оқушының танымдық қасиеттерін дамыту, даналық сөздер, мақал-мәтелдер арқылы ой ұшқырлығын, еркіндігін, шеберлігін машықтандыру, тіл мәдениетін қастерлеу. Сайыстың барысында пәнаралық байланыстың өзара сабақтасуына көңіл бөлінген. Мемлекеттік тіліміздің мәртебесін асқақтату, білімге деген қызығушылықтарын арттыру, сөз қадірін түсініп, ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру.
Қазақ сөзінің құдыреттілігіне, оның сырын сезіндіруге, ой тастайық!
Кеңдігі мен елдігін, даналығы мен дала көңілін сөзге сыйғызған,
Сөз асылын жоғалтпай, ұшқыр ойды қастерлеген,
Асыл мұра, қазынасы сарқылмас алтын сандық
Сөз қадірін - өз қадірім деп білген халық!
Мұғалім сөзі:
Ар ма! Ардақты! алқалы жұрт көз көрген,
Сіздердің алдарыңызда, тіл сайысы «Сөзмерген»
Сайысқа ой ұшқырлығын тексеру арқылы іріктеп, 3-оқушы катыстырылады.