Просмотр содержимого документа
«Та?ырыбы: ?аза? тілі саба?тарында денсаулы?са?тау технологияларын ?олдану.»
Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданы
Мамлют санаторлық орта мектеп-интернаты
Шеберлік сыныбы
Тақырыбы: Қазақ тілі сабақтарында денсаулық сақтау технологияларын қолдану.
Дайындағандар:
Самбаева Бибісара Шәмінқызы – қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Ермекова Алма Темірболатқызы - бастауыш сынып мұғалімі
Валеева Бақытгүл Аманқызы - қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
2014-2015 оқу жылы
Тақырыбы: Қазақ тілі сабақтарында денсаулықсақтау технологияларын қолдану.
Мақсаты: Денсаулық сақтау технологияларының әдістері мен тәсілдерінің қазақ тілі сабақтарында қолданылуын қатысушыларға теория мен тәжірибеде көрсету.
Тақырыптың өзектілігі: ХХІ ғасыр - заманымыздың:
1. Денсаулығы мықты
2. Рухани дүниесі бай
3. Жаны мен тәні таза тұлғасын тәрбиелеу талабын
4. Танымдық белсенділігі ерекше қоюы.
5. Адамгершілігі мол
6. Имандылық қасиеті бар
Ынтымақтастық атмосферасын орнату үшін жаттығу.
«Сәлемдесу» ойыны:
Мақсаты: Қатысушылар арасында бір-біріне деген сыйластық, түсіністік қарым-қатынасын орнату.
Қазір біз сіздермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларыңыз керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сіздер бір- бірлеріңізбен тез-тез амандасасыздар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыздар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.
2.Топқа бөлу: «Атомдар мен молекулалар» ойыны.
Әр қатысушы жеке атомдар.Жүргізушінің айтуы бойынша атомдар қозғалысқа түседі, бір-бірімен жеңіл қақтығысқа түседі. Жүргізуші қанша атомның қосындысынан молекула құралатынын айтады,сол кезде сол санға сай бірігіп тұра қалу керек. Құралған молекулалар топ-топпен жайғасыңыздар.
Ойын барысында сіздер не істедіңіздер?(қимылдадық,сергідік.)
Бір-біріңізді қалай іздедіңіздер? (көзбен)
Сабақ барысында мұндай әрекеттерді қалай атайды?(сергіту сәттері)
1. Теориялық блок (слайдтар панорамасы):
Денсаулық сақтау технологиялары – бұл:
педагогтың салауатты өмір салты дағдыларын меңгерту ұмтылысына құрылған, оқыту мен тәрбиенің жүйелі тәсілдері;
балалардың сабақта және сабақтан тыс іс-әрекетінде қолайлы психологиялық ахуал тудыру;
денсаулық қорғау және салауатты өмір салтын насихаттау.
Денсаулықсақтау технологиясыныңбастымақсаты:
- баланың денсаулығын нығайту, жетілдіру, ол үшін аянбай еңбек ету.
-Әрқашан жан –жақты ізденісте болып, баланың мінез-құлығына баса назар аудару;
Сабақта әрекет түрлерінің ауысуы (бір сабақта оқушының әрекеті ету нормасы: ауысудың 7-8 түрі болу керек. Мысалы: оқу, жазу, тындау, әңгімелеу, сұрақтар, сұрақтарға жауап, көрнекі құралдарды қарау, есептер шығару және т/б). Бағдарлы нормасы - 7-10 минут. Оқыту түрлерінің саны: ауызша, көрнекілік, аудиовизуалды және т.б. Нормасы – 3-ден аз ауыспау керек. Ауысу нормасы - 10-15 минуттен кем емес [2].
Баланың шаршауын болдырмай, көңіл күйін көтеріп сергітуде, ағзасының қажетті бұлшық еттерінің дамуына сабақ үстінде орындалатын сергіту сәттері үлкен роль атқарады. Сергіту сәттерін сабақтың 15-20 минуты өткеннен кейін тіпті қиын сабақтарда екі рет орындауға тура келеді.
Сергіту жаттығуларын орындауға 1,5 – 3 минут уақыт бөлінеді. Кейбір жаттығуларды ән әуенімен орындауғаболады. Сонда баланың көңіл күйі де көтеріліп, сабаққа деген ынтасы артады. Баланың көңілді болуы оның қан айналымының айналуынада септігін тигізеді, көңілді күйде сабақты жақсы қабылдайды.
Баланың күнделікті сабақ оқуға жұмыс қабілетін төмендегідей сипаттауға болады:
- 1 сабақта - қалыптасады;
- 2,3 сабақта - ынтасы жоғары болады
- 4,5 сабақта - баланың ынтасы төмендейді.
Ресми дерек:
Неліктен бірінші кезекке баланың физикалық және психикалық денсаулығы қойылады? Қазіргі уақытта біздің мемлекетте дені сау балалар 14% - ды, 50% - ның денсаулығында ауытқу барлығы, 35% созылмалы аурулардан зардап шегетіндігі белгілі. Невроздық оқушылардың 20%-да кездеседі, олардың 3% бірнеше жыл тәжірибесі бар нашақорлар. Оқушының физикалық денінің сау болуы мен болмауы оның жұмыс қабілеті мен танымдық белсенділігіне әсер етеді. Сондықтан да бірінші кезекте мұғалімдер, сынып жетекшісі мен ата-аналар – баланың қызығушылығы мен жас ерекшеліктерін ескеріп, оның рухани және физикалық еркін дамуына жағдай жасау, қорғау қажет.
1-тапсырма .
Тренинг. «Миға шабуыл»
Мақсаты: Денсаулық сақту тенологиясы бойынша пікірлесуге тарту.
Қатысушыларды денсаулықсақтау технологиясы әдістерін талқылауға тарту мақсатында сұрақтар:
Топтарға тапсырмалар.
1-топ: Денсаулықсақтау технологиясына қандай әдіс-тәсілдерді жатқызуға болады? ( күтілетін жауап: жаттығуды, ойынды, дене қимылымен өтетін қозғалыстарды қолдану).
2 -топ: Сергіту сәтін сабақтың қай кезеңінде өткізген тиімді? (күтілетін жауап: сабақтың басында, ортасында, соңында).
3 – топ: Денсаулықсақтау технологиясына тек қана әдіс-тәсілдер жата ма? (күтілетін жауап:жоқ, ол барлық денсаулықсақтауға бағытталған мақсатты іс-әрекеттер жүйесі).
(Қажет құралдар:ватман,түрлі-түсті маркерлер беріледі.Қатысушылар постер қорғау арқылы жауаптарын береді).
Қатысушылардың пікірлерін тыңдау. (Топтар алдарына қойған мақсаттарына жетеді. Әр топ өздерінің жұмысы бойынша пікір алмасады.)
2 -тапсырма. Қазақ тілі сабағында мәтінді оқыту барысында қолдануды көрсетуге арналған мәтінмен жұмыс.
Мақсаты: мәтінді игеру барысында қолданылған денсаулықсақтау технологиясының әдістері мен тәсілдерін зерделету, ойларын ортаға салдыру.
а) 7 сыныптың қазақ тілі оқулығынан (182 бет) «Денсаулық» мәтінін оқып, мазмұнын айту. Мәтінді оқытудан алдын қатысушылар сергіту сәтін бірге орындайды. (Көзге арналған жаттығу:көздің шаршағанын басады және қырағылығына әсер етеді. Әр қимылды бұлшық етті қатайтпай, көзді сығырайтпай, еркін, 5-6 реттен рахаттана орындаймыз.
Көзімді жәймен жұмамын
Жұмып қатты қысамын
Көзімді ашып, жыпылық қағып
Қабақты түйіп тұрамын).
ә) Осы мәтіннің мазмұны бойынша «Денсаулықты қалай сақтау керек?» тақырыбына кластер құрастырғызу.Партада еңкейіп отырғандықтан иықтарымыз,қолдарымыз құрысып қалды, соны жазу үшін жаттығу жасаймыз.(Қол,иыққа арналған жаттығу:екі қолды барынша артқа жіберіп бір-бірімен ұстастырады да, жауырынмен бірге қимылдатады. Бұл кезде басты шалқайтқан жөн;екі қолды желкеге тарақтал қосып, шынтақтарды және басты мүмкіндігінше шалқайтады.)
Мәтін бойынша топтардың жасаған кластерлерін тыңдап, қорытындылау.
Тапсырмаларды қорытындылау.
Бүгінгі шеберлік сыныбы барысында біз сіздермен екі тапсырма орындадық. Бірнеше ойындар мен жаттығулар өткіздік. Енді осылар бойынша қорытынды жасайық. Әңгімеміздің басында айтып өткеніміздей денсаулық сақтау технологиялары: педагогтың салауатты өмір салты дағдыларын меңгерту ұмтылысына құрылған, оқыту мен тәрбиенің жүйелі тәсілдері, балалардың сабақта және сабақтан тыс іс-әрекетінде қолайлы психологиялық ахуал тудыру,денсаулықты қорғау және салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.
Денсаулықсақтау технологиясы жүйелі түрде сабақтың басынан аяғына дейін ойланып, жоспармен оқушының көңіл –күйіне, жас ерекшелігіне қарай жүргізілетін әр түрлі іс-әрекеттер мен ойындардан, дене жаттығуларынан құралатын әдістер мен тәсілдерден тұрады.
Денсаулықсақтау технологиясын қолдану сыныптың тазалығынан, кабинет ауасының таза болуынан, талғаммен гүл өсіруден, кабинеттегі жабдықтардың талапқа сай орналасуынан, олардың түстерінің өзі адам денсаулығына жағымды әсер ететіндей қарастырылуынан басталады.
Бүгінгі сабақта біз сіздерге денсаулықсақтау технологиясын қолданудың жолдарын көрсетуге тырыстық. Сабақ барысында қимыл –әрекеттің бірнеше түрін орындадық. Оқу, сызу, жазу, тыңдау, ойлау, сұрақтарға жауап беру сияқты әрекет түрлерін қолдандық және оны ауыстырып отырдық. Оның ішінде тренинг, мәтін оқу және мәтін бойынша кластер жасау - оқытудың 3 түрін қолдандық. Қалған әрекеттеріміздің бәрі денсаулықсақтауға бағытталды. Сонымен бірге сабақ барысында дұрыс отыруларыңызға, қаламды дұрыс ұстауларыңызға, кітапты, дәптерді партада дұрыс қоюларыңызға назар аудардық, ескертпелер беріп, қимылмен, ишарамен көрсетіп отырдық. Осылайша денсаулықсақтау технологиясын қолдандық және сіздерді шаршатпай, көңіл-күйлеріңізді сақтай отырып осы технологияның мәні мен мазмұнын жеткізуге тырыстық.
Сабақтарда сергіту сәттерін өткізу ( өз іс-тәжірибемізден).
Біздің мектеп облыстағы санаторлық типтегі мектеп болғаннан соң,бізде емдеу-сауықтыру жұмыстары жүргізіледі.Әрине осыған байланысты біз сабақтарымызды оқушының денсаулығын сақтауға,сауықтыруға бағыттаймыз.
1.Қазақ тілі сабағында қолданылып жүрген сергіту сәттерін көрсету (слайдтар)
2.Қатысушылармен осы жаттығуларды бірге орындау(слайдтар).
Төрт құбылыс. Шеңбермен тұра қалыңыздар. Жүргізуші: «Су», - десе қолдарын алдына созады, «ауа» десе жоғары көтереді, «от» дегенде екі қолын айналдырады, «жер» дегенде қолдарын түсіреді. Кім шатасса, ойыннан шығады.
Қолға, денеге арналған жаттығулар. Қолдарын алға жұдырықпен сілки созады, сосын жанына және артына қарай созады.
Жан-жануарлардың қимыл-қозғалыстарын көрсету.
Құстар қалай ұшады, қоян қалай секіреді, аю қалай жүреді?
Көзге арналған жаттығулар. Тақтадағы сегіз санына ұқсас етіп сызылған сызық бойымен көз жанарын 3 рет жүргізу, солдан оңға қарай, соңынан оңнансолға қарай.
Көзіңізді жыпылықтату 3-4 реттен арасында тоқтатып 2-3 рет қайталату.
Көзіңізді жұмып, алақаныңызбен басып бірнеше секунд ойланып отырыңыз.
Қорытынды: Сергіту сәттерін сабақ барысында өту сабақтың сапасынарттырады. Ол оқушылардың жаңа материалды ыждағатпен қабылдауына жағдай туғызады,шаршауын басады,көңілін сергітеді.Сабақтың басында қолдану оқушыларда сабаққа деген ынтаны оятады.Егер сабағыңыз бірінші болса,әлі ұйқыдан арыла қоймаған балалардың қимыл жылдамдығын жандандыру мақсатында қолға, денеге арналған жаттығуларды, егер соңғы сабақтар болса, дене тәрбиесінен кейінгі сабақтар болса, балаларды тыныштандыратын жаттығу түрлерін қолданған тиімді.
Сабақтың ортасында көздің,саусақтардың шаршауын басатын,оқушының жаңа тақырыпты қабылдауға деген зейінін арттыратын жаттығуларды қолоданған дұрыс.
Сабақтың соңында жауырын сүйектерін қозғалтуға,дене қимылын жақсарту мақсатында әуенмен сергіту сәттерін өткізген қолайлы.
Сергіту сәттерін өткізгенде оқушының жас ерекшелігіне назар аударып,соған сәйкес материал таңдаған дұрыс (норма слайдта көрсетіледі).
Тақырыпқа қорытынды:
Қорытындылай келе, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында атап өткендей, оқушының мектептегі жетістіктері дене дамуының және денсаулығының мықтылығына тікелей байланысты делінген. Ендеше, бастауыш сынып оқушыларының денсаулығын сақтай отырып білім мен тәрбие беруде, баланың оқу іс-әрекетіне ынтасы артады, тез шаршауы мен ағзаның әлсіреуі болмайды, денсаулығында патологиялық ауытқуы бар балалардың саны азаяды, физикалық және психологиялық тұрғыдан сау болуына, дені сау, қабілетті тұлға қалыптастыруда тигізер пайдасы зор.
Рефлексия: «Екі жұлдыз, бір тілек» (таратылған парақтарға екі пікір, бір тілек жазу)
Пайдаланған әдебиеттер:
Назарбаев Н.Ә. Руханибайлықжәнемәдениет – қоғамныңбастықұндылықтары. // ЕгеменҚазақстан //. 2000жыл. 18ақпан.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Жалпы орта білім. Негізгі ереже.Астана - 2010.
Жексенбаева Ү.Ж. 12 жылдық білім берудің құрылымдық –
мазмұндық ерекшеліктері. - 12 жылдық білім. №5 2006.
Құлшынбай П. Бала денсаулығы – қоғам байлығы //Б мен балаб. – 2012 - №6-6б.
Абзал К.Ж. Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектеп //Спр.рук.ОУ – 2012 - №11 35, 81б.
Осы шеберлік сыныбы денсаулықсақтау технологиясының қазіргі кезде маңыздылығын аша түсуге бағытталып, сабақтарда денсаулықсақтау технологиясының әдістерін тиімді пайдаланудың бірнеше жолдарын көрсетуге арналған. Авторлар тақырыптың өзектілігіне мән беріп, оны қазақ тілі сабақтарында қолдану әдістерін баяндайды және практикада сергіту сәттерінің түрлерін көрсетеді. Осы технологияны қолдану арқылы оқушылардың білімге деген ынтасын көтеріп, сабақтарда жаңа тақырыпты тиянақты меңгеруіне жағдай туғызады.
Данный мастер – класс направлен на раскрытие значимости здоровьесберегающей технологии в настоящее время и посвящается представлению некторых способов эффективного использования методов здоровьесберегающей технологии на уроках. Авторы. обращая внимания на актуальность этой темы, излагают методы ее использования на уроках казахского языка и практически показывают различные формы проведения физминуток. Применение этой технологии повышает интерес к знаниям у учащихся и создает условия для эффективности образовательного процесса.