kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сырымбет қырғынына 100 жыл

Нажмите, чтобы узнать подробности

мероприятие для 5 -11 классов. проводится в средних школах. посвящено столетию сырымбет.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сырымбет қырғынына 100 жыл»

Алматы облысы Ескелді ауданы

















Имамадиева Айгуль Азановна

Ескелді ауданы Ж. Жақыпбаев орта мектебі

Кітапхана меңгеруші

Тақырыбы: «Азаттық үшін арналасқандар» – Сырымбет қырғынына 100 жыл.































«Азаттық үшін арпалысқандар»-Сырымбет қырғынына 100 жыл.(Танымдык сағат)

Мақсаты; Оқушыларды туған жерін елін туған елінің тарихын Сырымбет оқиғасы туралы мағлұмат беру, оны білүге үйрету.

Өз туған жерін сүйетін ұлтжанды азамат болуға тәрбиелеу арқылы оқушылардың бойында патриоттық сезімін калыптастыру.

Көрнекілігі; накыл сөздер.Слайд.Кітап көрмесі; «Сырымбет қырғынына- 100 жыл»

Библиографиялық шолу.

Танымдық сағатының жүру барысы;

1.Ұйымдастыру

2.«Ел есінде сақталған оқиға» сахналық қойылым (жазушы М.Мырзақуловтың жазбалары бойынша, жазушы С.Биболовтың өңдеуімен.)


3.«Сырымбет кырғыны» әдеби сазды бағдарлама. (Жазушы С.Тойлыбаевтың толғауы)


4.Бабаларымыздың арманы Тауелсіздіқ (Қазірғы Сырымбет)


  1. Жүргізуші: Құрметті конақтар, оқушылар! 1916 жылы Жетісу өнірінде ұлт азаттық көтерілісі болды. Оған биыл 100 жыл толып отыр. Ресей империясының озбырлық әркетіне қарсы болған көтеріліс. 1916 жылы патша үкіметінің жарлығымен майдандағы қара жұмысқа адам алына бастағанда қазақтардың арасынан алғашқы болып бас көтергендердің бірі он екі ата Жалайыр ішіндегі Сиыршының бір баласы Сырымбет ұрпағы еді Қарабұлақ Текелі аралығында. Сол кезде осы өңір Сырымбет деп аталған.Өйткені бұл жерді Сырымбет рулары мекендеген. Қазір де Сырымбет ұрпақтары осы жерді тұрақтап келеді.

Күй орындалып турады.Слайд.

2.жүргізуші;

Сыр шерткен өзен тауы таныс үнмен,

Бабамның тері тамып, қаны сінген.

Тарихы домбрамен айтылатын,

Өлкемнің шығарсам- ау дабысын мен ...



Өзені өлең айткан таныс үнмен,

Бабамның тері тамып, каны сіңген.

Түбінде әр тасының айқас өткен,

Өлкемнің шығарсам- ау дабысын мен

Ж.Жакыпбаев

Кайғылы күй дауысы.Слайд.

1.Жүргізуші; «Өткендердің еске алған өскендіқтің белгісі,

Өткендерін ұмытқан өшпендіктің белгісі»

Сол кезде Гавриловка (Талдықорған),Суковский (Қарабұлақ), Өрқаратал (Коминтерн а.) станциалардағы орыс- казак атамандары Қапалдан келген қарулы әскерді Желдысайға бейқам жатқан бейбіт елге бастап барған. Олар осы өнірдің тұрғындарын атып, дарға асты.Жүкті әйелдерің ішін жарып, баладарды тірідей көмді. Барлығы 150 Халықты көтеріліске үндеген Жазықбай батыр 11 серігімен бірге қапылыста колға түсіп , ауыр азаппен өлтірілді. - дей адам опат болды.Халықты көтеріліске үндеген Жазықбай батыр 11 серігімен бірге қапылыста колға түсіп , ауыр азаппен өлтірілді. 20 қылыш. 16 мылтық жасап үлгерген Байбөрлі ұстаның колына шеге қағылып, қылышпен шауып өлтірілді.Патша әскерлерінің осындай айуандық әрекеттері «Сырымбет қырғыны» деген атпен еліміздін тарихында калды.

Сахналык көрініс; «Ел есінде сақталған оқиға» 9 а сынып оқушылары.



  1. Жүргізуші; Оқушылар ақын Сайлаубай Тойлыбаевтың «Сырымбет қырғыны» толғауынан үзінді оқиды.

... Айналайын жас ұрпак,

Біліп жүргін сен мұны!

Орын алған тарихтан,

«Сырымбеттің кырғыны !».


Жүректегі мұң қайғыңды шайып мен,

Құлашымды жазайыншы жайып кең.

Айналайын, оқырманым сен тыңда,

Баяндайын оқиғаны байыппен;..


Ақ қайыңдар бой түзеген жағаны,

Жапырағын сыбдыр- сыбдыр қағады,

Таудан құлап, Кусақ жатса сарқырап,

Қараталың бауырқанып ағады.


Бәрін бірі бөлектемей құптасып,

Жүріп өткен «көш жолымен» жүк тасып.

Маңғаздатып жатып алған көк жайлау,

Сарноқай мен Мыңбұлағың жұптасып.


Елден алған құныққан соң салыққа,

Күш көрсеткен кедей -кепшік, ғарыпқа

Дүркін- дүркін мылтықтарын кезеніп,

Қылыштарын жаландатқан халыққа.


Сезбей қалып соққан дүлей дауылды,

Жан жүрегі әз халқымның ауырды.

Казак- орыс отряды бір түнде,

Қоршауға алды бейқам жаткан ауылды.


Ана- менен сәбилерді қорлады,

Одан қалса шал кемпір де сорлады.

Сырымбеттің ауылына осылай,

Қара туман, қара бұлт кеп орнады.


Бір ауылды өртеп от пен жалынға.

Аямады сәбилердің жанын да.

Бір ауылды қырып салған каймықпай

Шіркін қандай жауыздық бар қанында?


Жазықсыздан жапа шегіп қазағым,

Тартты- ау, талай сол заманның азабын!

Ұрпағына осыны айтып мен бүгін,

Тарихымды өлең жырмен жазамын!

Слайд. Бүгінгі Сырымбет ауылы

2. Жүргізуші: Сырымбет Ескелді аудандағы ауылы.Суықтөбе тауының солтустіқ батыс етегінде,бетеге,кау,боз,селеу, т.б.астық туқымдасшөптесін өскен кара топрақты тауарлық аңғарда орналаскан. Тұрғыны мың адам. Бір неше шаруа кожалығы бар. Ауылда Ауыл әкімшіліғі, Орта мектеп, Мәдениет үйі, Кітапхана, Почта, Балабакша, ФАП т.б. мекемелер бар.

Ән «». Орындайтын Разбеков Куаныш.

1.Жүргізуші: Тарихымның терең тартқан тармағы,

Ұлгі болған өшпейтұғын бар мәні.

Талай ғасыр аңсап келғен кешегі,

Орындалды ата баба арманы!



Бар ма, жоқ па айтар менің қақым да,

Талай сыр бар тарих сенің хатыңда.

Мектебің бар, сәулетті де кең жарық,

Жуматайдың ұлы ақының атында.

Елжіретіп жастық дәурен сезімді.

Арнадым ғой шын жүректенг сөзімді.

Айналайын, Тауелсіздік ақ таңым!

Ата бабам аңсап кеткен өзінді! Сайлаубай ағамыз айтпакшы.

  1. Жүргізуші: Кұрметті көрермен қауым, еліміз тыныщ, жұртымыз аман болсын деп, танымдық сағатымызды аяқтаймыз. Әр қашанда ата бабаларымыздың ерліқ істері ұрпағымызға үлгі өнеге болсын!Сау болыңыздар!

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Жетісу.Энциклопедия .Алматы: «Арыс» баспасы,2014.-712 бет.554 бет.

2 Алашбаев Ә. «Ата қонысым- құт мекенім»(Ескелді ауданының кешегісі мен бүгінгісі туралы тарихнама) Талдықорған; «Офсет» ,2002.400 бет.146-147 бетте.

3.Биболов С.Ж. «Азаттық үшін арпалысқандар».-« Алатау.» 04.09.2008.

4.Биболов С.Ж. Жаға айырылып, жең қалды ,қырғыннан соң еңіреген ел қалды. «Жетысу шұғыласы» 29 сәуір2016 жыл. 4 бет7

5.Жақыпбаев Ж.- «Көктемгі хат» ,1995 жыл.

6.Тойлыбаев С.-Сырымбет қырғыны. Толғау.- «Алатау» .№ .11.12.2015 ж.13 бетте.

А.Имамадиева Ж.Жақыпаев орта мектебінің кітапхана меңгерушісі.

Алматы обл.Ескелді ауданы .

Сырымбет ауылы,2016 жыл.
















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Сырымбет қырғынына 100 жыл

Автор: Имамадиева Айгуль Азановна

Дата: 05.10.2016

Номер свидетельства: 347498


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства