kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сыныптан тыс саба?: "Рахмет, са?ан - ?ліппе!"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: «Рахмет са?ан, ?ліппе!»

Ма?саты: Балаларды? т?рт ай бойы о?ып, ?йренген білімдерін тексеріп, келесі о?улы?пен таныстыру. ?нерге, м?нерлеп о?у мен к?ркем шы?арманы д?рыс орындау?а ?йрету.

Бір-біріне деген с?йіспеншіліктерін арттыру, ?лкенді сыйлау?а т?рбиелеу.

Безендірілуі: шарлар, ?анатты с?здер, жалаушалар

?ту барысы:

М??алім: ??рметті жинал?ан ?ауым, ата-аналар, ?стаздар! Биыл?ы жыл біздер ?шін ерекше жыл болды. Ал 1-сынып о?ушылары ?шін де ерекше жыл болма?, себебі олар да ?ырк?йек айында мектеп табалдыры?ын имене аттаса, міне б?гін білім бастауы бол?ан «?ліппе» кітабын тамамдап, ?оштас?алы т?р. Осы уа?ыт ішінде балалармен бірге оларды? ата-аналары да е?бек сі?ірген болатын,міне сол кезе?ге де келіп жеттік. Ендеше «Рахмет са?ан, ?ліппе!» атты ерте?гілігімізді бастау?а р??сат еті?іздер.(Музыка ыр?а?ымен бастарында ?ріптері бар балалар кіреді)

1-о?ушы: Б?гін біз шексіз ?уаныштымыз, ал?аш ?ріп танытып, сауатымызды аш?ан ?ліппені бітірдік.

2-о?ушы: Енді ?зіміз-а? кез-келген с?здерді жазып, ша?ын ??гімелерді о?и аламыз.

3-о?ушы: Ендеше орта?а «?ліппе ханшаны» ша?ырып, ?з білімімізді к?рсетейік.

Хормен: ?ліппе,  ?ліппе, ?ліппе!

?ліппе: С?леметсіздер ме, балалар!

Балалар: С?леметсіз бе ?ліппе ханша!

                Б?гінгі сый ??рметімізді? барлы?ы сізге арналады.

?ліппе: Рахмет, балаларым. Мені о?ып, ?йреніп ?нерге бейімделген шы?арсы?дар. ?ане, к?рсеті?дер не ?йренгендері?ді.

Хор: ?ліппе.

Аружан:                                                                          Бахтияр:

Бар кітап?а бас бол?ан                                                     ?ліппе деген алтын жол,

?ліппе-?ылым а?асы.                                    Апарар сені алыс?а.

?ліппеден бастал?ан,                                     Же?іл емес, ауыр жол

Даналы?ты? данасы.                                        Тырысып ба? намыс?а!

Г?лдана:                                                                                Алексей:

Жа?сы кітап- ?ліппе,                                                       ?ліппе-сені? серігі?,

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сыныптан тыс саба?: "Рахмет, са?ан - ?ліппе!"»



Тақырыбы: «Рахмет саған, Әліппе!»

Мақсаты: Балалардың төрт ай бойы оқып, үйренген білімдерін тексеріп, келесі оқулықпен таныстыру. Өнерге, мәнерлеп оқу мен көркем шығарманы дұрыс орындауға үйрету.

Бір-біріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу.

Безендірілуі: шарлар, қанатты сөздер, жалаушалар

Өту барысы:

Мұғалім: Құрметті жиналған қауым, ата-аналар, ұстаздар! Биылғы жыл біздер үшін ерекше жыл болды. Ал 1-сынып оқушылары үшін де ерекше жыл болмақ, себебі олар да қыркүйек айында мектеп табалдырығын имене аттаса, міне бүгін білім бастауы болған «Әліппе» кітабын тамамдап, қоштасқалы тұр. Осы уақыт ішінде балалармен бірге олардың ата-аналары да еңбек сіңірген болатын,міне сол кезеңге де келіп жеттік. Ендеше «Рахмет саған, әліппе!» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.(Музыка ырғағымен бастарында әріптері бар балалар кіреді)

1-оқушы: Бүгін біз шексіз қуаныштымыз, алғаш әріп танытып, сауатымызды ашқан Әліппені бітірдік.

2-оқушы: Енді өзіміз-ақ кез-келген сөздерді жазып, шағын әңгімелерді оқи аламыз.

3-оқушы: Ендеше ортаға «Әліппе ханшаны» шақырып, өз білімімізді көрсетейік.

Хормен: Әліппе, Әліппе, Әліппе!

Әліппе: Сәлеметсіздер ме, балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе Әліппе ханша!

Бүгінгі сый құрметіміздің барлығы сізге арналады.

Әліппе: Рахмет, балаларым. Мені оқып, үйреніп өнерге бейімделген шығарсыңдар. Қане, көрсетіңдер не үйренгендеріңді.

Хор: Әліппе.

Аружан: Бахтияр:

Бар кітапқа бас болған Әліппе деген алтын жол,

Әліппе-ғылым ағасы. Апарар сені алысқа.

Әліппеден басталған, Жеңіл емес, ауыр жол

Даналықтың данасы. Тырысып бақ намысқа!

Гүлдана: Алексей:

Жақсы кітап- Әліппе, Әліппе-сенің серігің,

Үйретеді әріпке. Әліппе- досың болады.

Қуыршақпен қоштастым, Әріптерден шығады,

Әліппемен достастым. Дәптеріңе қонады.

А-дан бастап әріпті,

Түгел маған танытты.

Мұхаммедрақым: Жансая:

Алақай-ау, алақай! Мектебің мынау класың,

Бұдан былай мен енді, Осында он жыл тұрасың!

Емеспін жай балақай. Тарыдай болып кіресің,

Осыдан да көлемді, Таудай болып шығасың.

Оқи алам өлеңді.

Әліппе: Жарайсыңдар, балалар!Енді менің Тапқышбек атты уәзірім бар еді соны шақырып жіберіңдерші. Өзі сондай ақылды, тапқыр, зейінді.

Тапқышбек: Сәлем, балалар! Мерекелерің құтты болсын! Бүгін сіздер үшін үлкен мереке және ең алғашқы сын болмақ. Қане, не үйренгендеріңді тексеріп көрейік. Кім мына адасқан буындардан сөз құрап береді екен?

Ойын: «Буын құрастыр»

А-на, О-тан, Мек-теп, Ба-ла, Кі-тап.

Мұғалім: Осы сөздер арқылы сөйлемдер жазайық.

Отан-алтын бесігім.

Ана- баланың бақыты.

Бала-елдің болашағы.

Кітап-білім бұлағы.

Мектеп-білім ордасы.

Тапқышбек: Дұрыс, өте жақсы орындап шықтыңдар! Енді айтыңдаршы қазақ алфавитінде неше әріп бар? Олар қалай аталады? Нешеге бөлінеді?

Мұғалім: Біз мектепке келгелі оқу, жазу ғана үйренбей, түрлі өнерге де үйрендік. Ендеше балалардың дайындаған: «Мақта қыз бен мысық» атты ертегісін тамашалаңыздар!

Тапқышбек: Ал, енді балалар дайындалғанша мен ата-аналармен ойын ойнап, сынап көрейін.

Ойын: «Сөз жарысы» Ортаға 5 ата-ана шығып, өздері таңдап алған әріптерден қойылған сауалдарға байланысты сөздер құрайды.

Адам аттарын атап шығу.

Әліппе: Менің «Ақыл әліппесі» атты досым бар еді, соның ақылдарын тыңдайық.Ол балаларға не үйретті екен?

Аружан: Әлішер:

Ата-ананың тілегі, Әдептілік- дегенің

Адам болып өскенің. Әрқашан да керегің.

Адамдықтың тірегі, Әсемпаздық дегенің,

Адал болып өскенің. Әуре-сарсаң әлегің.

Жанболат: Мұхаммедрақым:

Ж дегенің- жөргегің, Шындықты сақтаймыз,

Туып өскен жерлерің. Шыншылды жақтаймыз

Бахтияр: Шаршы топ алдында,

Бақыт, бірлік, балалық. Шығарып мақтаймыз.

Бестік, білім, батылдық. Қарақат:

Бейбітшілік, батылдық. О дегенің- отбасы,

Білеріміз адалдық. Отан деген ұғым бар.

Гүлдана: Жанболат:

Тәртіпті бала- сүйініш, Қ әрпінен- құралған,

Төбең бір көкке жетеді. Бас-аяғы қазақтың.

Тәртіпсіз бала- күйініш,

Төмендеп басың кетеді.

Мұғалім: Оқуды көп ойладық,

Қызығына тоймадық.

Әріптерді үйреніп,

Сауат аштық, тойладық.

Ән: «Бала тілегі»



Жансая:

Қош бол, құтты әліппем!

Көп нәрсені үйреттің.

Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлеттің!

Әліппе: Балалар, мен сендерге ризамын! Мені жақсы меңгеріпсіңдер! Хош болыңдар, осы үйренген әріптеріңді ұмытпай алда озат оқушы болыңдар! Сауатты жазып, өнерлі, ақылды оқушы болыңдар.

Балалар: Хош бол, әліппе!

Мұғалім: Сонымен сендер әліппені толық аяқтадыңдар. Келе жатқан кім екен?

Балалар: Ана тілі ғой.

Ана тілі:

Ана тілі пәнімін,

Ана тілі- ұраным.

Ана тілі болмаса,

Мықты болмас тұрағым.

Жанболат: Әлішер:

Анам алғаш осы тілде, Жүзген өнер өрінде,

Бесік жырын жырлаған. Өлең сөздің ұстазы.

Ұзақ түндер апам айтқан, Абайдың да өмірде,

Ертегілер тыңдағам. Аз болмаған ұстазы.



Мұхаммедрақым:

Ана тілі: Балалар, енді мені оқитын боласыңдар. Мен сендерге көп нәрсені үйретемін.

Мақалдар оқу:

Ақыл- тозбайтын тон, Кітап- білім бұлағы,

Білім- таусылмайтын кен. Білім- өмір шырағы.



Кітапсыз- білім жоқ, Ақыл азбайды, білім тозбайды.

Білімсіз- күнің жоқ. Оқу инемен құдық қазғандай.

Ана тілі: Нағыз оқушы деп осыларды айт! Әліппенің берген ілім-білімін жинап алған оқушы- нағыз оқушы. Әліппелеріңе мен де рахмет айтамын.

Мұғалім:

Дүниенің ең қымбаты ана екен,

Ананың ең тәттісі бала екен.

Түн ұйқысын төрт бөліп, тәрбиелеген,

Ананың еңбегі зор, дара екен

Балалар, осы уақытқа шейін сендерге қол ұшын беріп, әліппені тауысуға көмектескен кім? Ендеше аналарымызға рахмет айтайық!

Балалар: Рахмет сізге, ата-ана!

Ән: Жас дәуірдің түлегіміз.

Мұғалім:

Оқитын, әрі жазатын,

Білімге қол созатын.

Оқушы болдың сауатты,

Білім кенін қазатын.

Вальс.

Мұғалім:

Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,

Болсын солай әрбір күнің, әр айың.

Тойларыңыз құтты болсын, ата-ана,

Тойларыңыз тойға ұлассын, ағайын!

Ата-аналардың құттықтауы.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Сыныптан тыс саба?: "Рахмет, са?ан - ?ліппе!"

Автор: Жилкайдарова Сулушаш Карабаевна

Дата: 27.03.2016

Номер свидетельства: 310827


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства