kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сыныптан тыс іс-шара "Жүйрік болсаң, озып көр!"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Хатшы-референт мамандығы бойынша

«Жүйрік болсаң, озып көр!»

викториналық сайыс

Сабақтың тақырыбы: «Жүйрік болсаң, озып көр!» викториналық сайыс

Қатысушылар: 11 «Хатшы-референт» тобы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Студенттердің алған білімдерін жинақтап, бақылау және бағалау.

Дамытушылық: Студенттердің ойлау қабілетін, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін дамытып, белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік: Білімге, шығармашылыққа, ойын еркін жеткізе білуге, топта бірлесе жұмыс істеуге, тәртіптілікке, сабырлылыққа, еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа  тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сыныптан тыс іс-шара "Жүйрік болсаң, озып көр!"»

Хатшы-референт мамандығы бойынша

«Жүйрік болсаң, озып көр!»

викториналық сайыс


Сабақтың тақырыбы: «Жүйрік болсаң, озып көр!» викториналық сайыс

Қатысушылар: 11 «Хатшы-референт» тобы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Студенттердің алған білімдерін жинақтап, бақылау және бағалау.

Дамытушылық: Студенттердің ойлау қабілетін, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін дамытып, белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік: Білімге, шығармашылыққа, ойын еркін жеткізе білуге, топта бірлесе жұмыс істеуге, тәртіптілікке, сабырлылыққа, еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа  тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сайыс сабақ

Сабақтың типі: қалыптан тыс

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, практикум, көрсете баяндау, топпен және жеке жұмыс.

Көрнекілігі: дербес компьютер, мультимедиялық проектор, викториналық сұрақтар, тапсырмалар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі
Студенттерді екі топқа бөлу. Сайыстың ережесімен таныстыру. Сайыс 5 кезеңнен тұрады. Екі топтан 3 студенттен 6 студент қатысады.
І кезең «Сәттілік»

ІІ кезең «Кім тапқыр?»
ІІІ кезең «Өнерлі өрге жетер!»
IV кезең «Компьютермен жұмыс»
V кезең «Жанкүйерлер сайысы»



Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, әділ-қазылар, студенттер,

қадірлі көрермендер!

Баршаңыз да «Жүйрік болсаң, озып көр» викториналық ойын-сауық кешіне қош келдіңіздер! Қай сабақты немесе қай кешті, сайысты алсақ та, адамның қатысуынсыз өтпейтіндігі баршамызға мәлім. Сондықтан бүгінгі кешіміз 11 «Хатшы-референт» тобының қатысуымен өткізіледі.

«Жүйрік болсаң, озып көр» викториналық ойын-сауық кешіне 11 «Хатшы-референт» тобынан құрылған екі топ викториналық ойын-сауық кешке келіп отыр.

Жүйріктер, озаттар!!!

Бар өнерін алдарына салады.

Көп білімді, көп оқыған болса егер

Бүгінгі күн жеңімпазы

Ендеше сол 2 топты ортаға шақырамыз.

Өздеріңіз көріп отырғандай әр тобымыз 3 студенттен құрылған және оның ішінде бірі топ капитаны. Әр топтың аты, ұраны, эмблемалары болатыны бәрімізге мәлім. Сондықтан топтарымыздың атын анықтап алайық. Ол үшін жеребе тартуға топ капитандары ортаға шақырайық. Топ капитандары үстел бетіндегі қалаған қағазды тартып алып, топтың атын дауыстап оқиды.

Ендігі кезек құрылған топтарымыздың өздерін таныстыруға да жетіп қалды. Топтар өздерінің атыры мен ұрандарын айтып таныстырады. «Хатшылар» мен «Іс жүргізушілер» топтарын қарасы алайық.

Бүгін сайысымызды бағалайтын әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін:

Әділ қазылар алқасының төрайымы:

- оқу-өндірісі ісі бойынша директордың орынбасары Тулешева Ш.Д.

Мүшелері:

1. Оқу-ісі бойынша директордың орынбасары Шакубаева С.А.

2. Арнайы пәндер оқытушысы Нурахметова М.Ж.

3. Аға шебер Барнюк Н.В.

Бақ пен бап сыналар бұл жарысқа қатысып отырған студенттерге сәт-сапар тілей отырып, ойын шартымен таныстырып өтейін.

1. «Сәттілік кезеңі!»

2. «Кім тапқыр!»

3. «Өнерлі өрге жетер!»

4. «Компьютермен жұмыс»

5. «Жанкүйерлер сайысы»

Әр топ өздеріне қойылған тапсырмаларды бірлесіп, ақылдасып шешуге тырысады деген үміттеміз.


1-кезең. ”Сәттілік кезеңі”  

Бұл кезеңде әр топқа 10 сұрақ қойылады. Сұрақтар мультимедиалық проекторда тізіліп тұрады. Әр топ шектеулі уақыт аралығында, яғни 3 минут ішінде берілген сұрақтарға жауап беруге тырысады.

Әрбір дұрыс жауаптың бағалануы – 5 ұпай.


Сұрақтар тізімі

«Хатшылар» тобының сұрақтары

  1. Экранның төменгі жағындағы жіңішке жолақ? (тапсырмалар тақтасы)

  2. Windows сөзінің қазақша аудармасы? (терезе)

  3. 1 байт неше биттен тұрады? (8 бит)

  4. Ақпараттық процестер? (сақтау, алмасу, өңдеу)

  5. Бір мезгілде қатар басылған осы екі перне терезені жабады? (ALT+F4)

  6. Компьютердің ең негізгі құрылғылары? (жүйелік блок, пернетақта, монитор)

  7. Егер бұл пернені бір рет басса бас әріптер енгізіледі? (Caps Lock)

  8. Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы? (принтер)

  9. Бірінші электронды есептеуіш машина қашан жасалды? (1946 жылы АҚШ-тың Пенсильван университетінде)

  10. Ақпаратты белгілі бір алфавит арқылы құпиялап жазу? (кодтау)


«Іс жүргізушілер» тобының сұрақтары

  1. Компьютер сөзі латын тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді?

( есептеу)

  1. Жыпылықтап тұратын тік сызықша? (меңзер)

  2. Windows-тің негізгі экраны? (жұмыс үстелі)

  3. Алғашқы программист әйел? (Ада Августа Лавлейс)

  4. Деректерді сақтауға арналған құрылғы? (жады)

  5. Экранда жақтаулармен шектелген төртбұрышты аймақ? (терезе)

  6. Жою пернесі қалай аталады? (Delete)

  7. Компьютерден өшірілген құжаттар қайда сақталады? (корзина)

  8. Меңзердің оң жағында тұрған символдарды өшіретін перне? (Delete)

  9. Нақты бір файлды көрсететін арнайы белгішелер? (таңбашалар)


2-кезең. Кім тапқыр!!!  

Бұл кезеңде қай топтың ұпай саны көп болса, сол топ жасырылған жұмбақ пен жұмбақ есептің жауабын шешеді де, жұмбақтың шешімі бойынша шыққан сөздің қызметін айтуы керек.

Әр жұмбақтың дұрыс шешімінің бағалануы – 10 ұпай. 


1 жұмбақ:

Батырманы басасың,

Қажетіңді ашасың.

                               («Еnter» батырмасы)


2 жұмбақ:

Компьютермен енеді,

Қағазға басып береді.

                               (Принтер)


3 жұмбақ:

Әуез сазды беретін,

Ол да керек құрылғы.

Дыбыс шықса тосыннан,

Бәрің соған бұрылдың.

(Колонка)


4 жұмбақ:

Компьютеріңіз ауырса,

Қызметі дайын үнемі.

Кірген зиян-залалды,

Күмәнсіз ол кетірер.

(Антивирус)


5 жұмбақ:

Өрмекшінің өрмегі,

Ұқсас келіп өзіңе.

Ерекше оның өрнегі,

Байланысар әлеммен.

(Интернет)


6 жұмбақ:

Ақпаратты сақтап таратқан,

Жұртты өзіне қаратқан

                              (Тасымалдаушы дискілер)


3-кезең. Өнерлі өрге жетер!!!  

Бұл кезеңде біз студенттеріміздің актерлік шеберлігін сынап көреміз. Тапсырмада рольдік ойындар беріледі, әрбір топтың кез келген мүшесі шығып, үстел бетінен өзінің қалауы бойынша тапсырманы таңдап алады. Берілген тапсырманы дауыстап оқып, топпен бірлесіп орындап, көрсету керек. Тапсырманың орындалуына 10 минут беріледі.

Әр топтың актерлік шеберлігін әділ-қазылар алқасы бағалайды. Берілетін ең жоғарғы баға – 15 ұпай. 



Тапсырма №1

«Басшы мен хатшы-референт» арасындағы диалог.

Тапсырма №2

«Хатшы-референт пен келуші» арасындағы диалог.

Тапсырма №3

«Хатшы-референт пен телефон шалушы» арасындағы диалог.

Тапсырма №4

«Хатшы-референт пен іс жүргізуші» арасындағы диалог



4-кезең. Компьютермен жұмыс!!! 

Бұл кезеңде «Хатшы-референттер» мен «Іс жүргізушілер» өздерінің компьютерді қаншалықты меңгергенін және жұмыс істей алатынын көрсетеді.

І топ 7-мамыр, ІІ топ 9-мамыр мерекесіне байланысты құттықтау қағазын Microsoft Word мәтіндік редакторында жасайды.

Құттықтау қағазы әсем безендіріліп, 10 минутта дайын болуы керек.

Топтағы студенттердің әрқайсысы шығып бір тапсырмадан орындайды, мысалы, 1-ші студент мәтінді тереді, 2-ші студент мәтінге сурет кірістіреді, 3-ші студент мәтін терілген және сурет кірістірілген құжатты безендіреді, баспаға шығарады.

Әр топтың компьютерде істеген жұмысын әділ қазылар алқасы бағалайды. Берілетін ең жоғарғы баға – 20 ұпай


5-кезең. Жанкүйерлер сайысы!!! 

Бұл кезеңде жанкүйерлер ішінен екі студент ортаға шақырылады. Жанкүйердің екі қолына да бор беріледі. Тапсырма: сол қолмен үш үшбұрыш, ал оң қолымен шеңбер салу керек. Берілетін баға – 5 ұпай. Жанкүйер алған бағасын өзі қалаған топқа береді.


«Жүйрік болсаң, озып көр!» ойын-сауық кешінің қорытындысы: 

Сонымен бүгінгі ойын-сауық кешіміз өз мәресіне де келіп жетті. Келесі кезек, бүгінгі сайысымыздың жеңімпазы кім екенін  анықтау  үшін, сөз әділ- қазылар алқасына  беріледі.

Топтарға әр бөлім бойынша көрсеткен білімдеріне қарай ұпай беріліп, жеңімпаз топ анықталды. Жеңімпаз топтың студенттерін  құттықтаймыз!

«Хатшы-референт» мамандығы нық басып ғаламатта,

Өй бөлісіп заманды саралатты.

Сау болыңыздар құрматті көрермендер,

Қайта айналып көріскенше саламатта!!!


Құрметті көрермендер! «Жүйрік болсаң, озып көр!» ойын-сауық кешін тамашалағандарыңызғы көптен-көп рахмет!!!






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Сыныптан тыс іс-шара "Жүйрік болсаң, озып көр!"

Автор: Мусина Махаббат Сериковна

Дата: 03.02.2017

Номер свидетельства: 387262


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства