Халы? ауыз ?дебиеті бойынша ма?ал-м?телдер, ж?мба?тар.Б?гін біз тобымызды? арасында "Мы? бір ма?ал,ж?з бір ж?мба?"ойын жарысын ?ткіземіз. М?нда?ы ма?сатымыз - халы? ауыз ?дебиетін дамыту. ма?ал-м?телдер ?асырлар шешіресі, онда халы? тарихы, онда ?леуметтік тіршілігі, а?ыл ?негесі мол к?рініс тап?ан. Ж?мба?тар да ауыз ?дебиетіні? ертеден келе жат?ан т?рі. Жалпы ал?анда ж?мба? адамны? д?ниетану жолында?ы ойыны?, ?ияланы? шамасын білдіреді. Ж?мба?тан халы?ты? ойлау ж?йесін танимыз. Б?гін ортамызда халы? ауыз ?дебиетіні? жанашырлары отыр.?адамдарымыз н?р жаусын дей келе, б?гінгі "Мы? бір ма?ал, ж?з бір ж?мба?" ойын жарысын бастаймыз.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Сынып са?аты "Мы? бір ма?ал, ж?з бір ж?мба?" »
24 Қазан 6 «а,б,в,г,д » сыныптар
Тақырыбы: Сыныптан тыс оқу «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ». Мақсаты: 1. Оқушылардың халық ауыз әдебиетіне сүйіспеншілігін, қызығушылығын, ойлау қабілетін дамыту. 2. Халық ауыз әдебиетін пайдаланып, оны орынды қолдана білуге, сөз жүйесін таба білуге үйрету. 3. Халық ауыз әдебиетін құрметтеп, оны дамытуға, тіл мәдениетіне, достық қарым - қатынасқа, халық мәдениетін жалғастыруға тәрбиелеу. Әдісі: түсіндірмелі, сұрақ - жауап, мадақтау. Көрнекілігі: халық ауыз әдебиеті бойынша мақал - мәтелдер, жұмбақтар. Кіріспе. Бүгін біз тобымыздың арасында «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» ойын жарысын өткіземіз. Мұндағы мақсатымыз - халық ауыз әдебиетін дамыту. Мақал - мәтелдер ғасырлар шежіресі, онда халық тарихы, онда әлеуметтік тіршілігі, ақыл өнегесі мол көрініс тапқан. Жұмбақтар да ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан түрі. Жалпы алғанда жұмбақ адамның дүниетану жолындағы ойының, қиялының шамасын білдіреді. Жұмбақтан халықтың ойлау жүйесін танимыз. Бүгін ортамызда халық ауыз әдебиетінің жанашырлары отыр. Қадамдарыңызға нұр жаусын дей келе, бүгінгі « Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» ойын жарысын бастаймыз. Жарыстың шарты: 1. Мақал айтыс. 2. Мақалды жалғастыру. 3. Сандар бойынша мақал құрастыру. 4. Жұмбақ жарыс. 5. Жұмбақтар және логикалық жаттығулар. Барысы: Жүргізуші: «Мақал - сөз атасы» дегендей ортамызға сайысқа қатысушыларды шақырамыз. Жарысқа 4 оқушы қатысады. 1. Бір минутта мақал - мәтелдерін айту. Ол 1 балл болып есептеледі. Ең аз балл жинаған оқушы сайыстан шығады. Қалған 3 оқушы келесі шартқа өтеді. 2. Мақалды жалғастыру Әр оқушыға екі мақал айтылады. Дұрыс жауапқа 3 балл. 1. Досы жоқ адам -...............(тұзы жоқ тағам) 2.Оқусыз білім жоқ,.......(білімсіз күнің жоқ.) 3. Күлме досыңа-.......(келер басыңа.) 4. Жүз теңгең болғанша,..........(жүз досың болсын.) 5. Батыр бір өледі,..........(қорқақ мың өледі.) 6. Білгенің бір тоғыз..........(білмегенің тоқсан тоғыз.) 7.Досы көппен сыйлас,..............(досы азбен сырлас) 3. Сандар бойынша мақалдар айту. Таңдаған сандарға мақал - мәтел құрастыру. Әр мақалға 1 балл. 1.) 7Жігітке жеті өнерде аз 2) 100 3) 5Бес саусақ бірдей емес 4) 1 Бір тал кесең, он тал ек. Қатысушылардың ұпайын санап, аз балл жинаған оқушы шығады. 4. Жұмбақ жарыс. Бір - біріне жұмбақ қойып, шешеді. Әр жұмбаққа 1 балл. 5. Жұмбақтар және логикалық жаттығулар. Дұрыс жауапқа 3 балл. 1. Үйдің әрбір бұрышында бір - бір мысық отыр. Әрқайсысына үш мысық қарсы отыр. Үйде барлығы неше мысық отыр? (4) 2. 4 жұмыртқа 4 минутта піседі. 1 жұмыртқа пісу үшін неше минут уақыт керек? (4) 3. Үш пар ат 30 км шапса, әр ат неше км шабады? (30 км) 4. Бір топ үйрек ұшып барады. Олар барлығы 5. Біреуі жерге қонса, нешеуі қалады? (1, өйткені қалғаны ұшып кетеді). 5. Үш май шам жанып тұр. Екеуін сөндірсе, нешеуі қалады? (2, өйткені біреуі жанып кетеді) 6. Екі жарым килограмм ет екі жарым сағатта піссе, жарты килограмм ет неше сағатта піседі? ( 2, 5 сағ ) 7. Екі стақанға бірдей су құйдық. Оның біреуін тарелкеге төңкердің, қайсы стаканда су көп? (бірдей) 8. Үстелдің 4 бұрышы бар. Бір бұрышын кесіп тастасақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш) Ал, енді ортамызға барлық сыннан мүдірмей өткен жеңімпаздардың ұпайын санап, жеңімпазды анықтап, марапаттау.