kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Со?ыс жылдары?да?ы ?ндер

Нажмите, чтобы узнать подробности

?о?ырау дауысы. Музыка

Сахна сыртында дауыстар естіледі:

1-ші дауыс: Б?л не ? Естимісі??

2-ші дауыс: Б?л ?о?ырау. Естеліктерді еске салатын ?о?ырау дыбысы.

1-ші дауыс: Естеліктер…. Оларда дыбыс бола ма?

2-ші дауыс: Болады,  болады, ты?да !

Фонограмма : Альбинони «Адажио» 
(сахна?а шы??ан  шыра? ?ста?ан  ?ара киімді  ?ыздар ?р т?рлі ?имыл ?стінде т?рып ?алады)

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Со?ыс жылдары?да?ы ?ндер»

«Соғыс жылдарыңдағы әндер»

( музыкальный час)

Қоңырау дауысы. Музыка

Сахна сыртында дауыстар естіледі:

1-ші дауыс: Бұл не ? Естимісің?

2-ші дауыс: Бұл қоңырау. Естеліктерді еске салатын қоңырау дыбысы.

1-ші дауыс: Естеліктер…. Оларда дыбыс бола ма?

2-ші дауыс: Болады ,  болады, тыңда !

Фонограмма : Альбинони «Адажио» 
(сахнаға шыққан  шырақ ұстаған  қара киімді  қыздар әр түрлі қимыл үстінде тұрып қалады)

  1. Мезгілсіз өлген ардагер ұлдар айбыны,

Желбіреп тулар, талықсып тұрса май гүлі.

Қуану керек десек те,

Ұмыту қиын қайғыны!

2.Поклонимся великим тем годам

Тем самым командирам и бойцам

И маршалам страны, и рядовым,

Всем тем, кого нам позабыть нельзя,

Поклонимся, поклонимся, друзья!

3.Ел үшін сыз топырақ жастанайық,

Соғыс жылы кеткен еді қас қарайып.

Ортамызда бүгін жоқ сан мың боздақ,

Орнымыздан тік тұрып еске алайық!

 1 дауыс:1418 күнге созылған, 60 елді қамтыған, 120 миллионға жуық адамға солдат шинелін кигізген мұндай соғыс адамзат тарихында болған емес. Бұл сұрапыл майданда қаншама миллион адамның өмірі қыршынынан қиылды. Осынау қанды қырғынға Қазақстаннан 1 млн. 366 мың адам қатысты. Өкінішке қарай, олардың  барлығы туған жеріне қайтадан оралмады.

Сахнада алаудың жанында отырғын солдаттар. «Темная ночь» әні Ғани Алғашбаевтың орындауында.

Дауыс:    Анашым,мен өмірді қимай барамын. Сіз 50 жастасыз ,ал мен 24 ғанамын.Мен өмір сүргім келеді мама.  Себебі мен әлі көп іс тындыруым керек еді. Неміс басқыншыларын жеңу үшін өмір сүргім келеді. Менің ажалым үшін біреулер өш алатынына сенемін.Жыламашы, мама. Мен жеңіс үшін өмірімді қидым гой. Халқың  үшін құрбан болу қорқынышты емес.Дегенмен мен  әлі өмір сүргім келеді…. Бейбіт өмірдің, соғыссыз өмірдің  қандай болатынын  көргім келеді…

 Әннің жалғасы.

Почташы  келеді. Сахнада екі қыз.

1 қыз: Кім екен қай үйге?.

2 қыз : Менікі болар? 

Дауыс . Жооооқ. Мүмкін емес… Жоооқ …

Зәуренің орындауында   «Сөнбейді әже шырағың» әні

Дауыс:1941 жылдың желтоқсан айында Ленинград қаласының  тұрғындары қиындық құрсауында қалып қойды. 40 гр аяз ,аштық. Туыстарының өлі денесін  шанамен тасыған жүргіншілер ғана қарауытады.

 Ленинградтық оқушы Таня Савичеваның күнделігінен :

«25 желтоқсан 12.30 да  1941 г.-Женя қайтыс болды.

25 қаңтар, сағат 3 те 1942 г. Әжем қайтыс болды.

Лека —17 наурызда сағат таңғы 5 те қайтыс болды.

Ағам…

Анам…

Савичевтердің барлығы көз жұмды.

Тірі қалған жалғыз Таня-ол мен».

Дауыс:Соғыс жылдарында Қазақстан тылында жеңісті жақындату үшін еселі еңбек үлгісі көрсетілді. Еңбекшілер майданға көмек ретінде 1600 вагон сыйлық жіберді. Олар жылы киімдер, азық – түліктер еді. Жауға атылған 10 оқтың 9-ы Қазақстан қорғасынынан жасалды. Ел атынан қарт ақын Жамбыл Жабаев жауынгерлерге дем берді. 1941 жылдың басында кәрілікке мойын бұра  бастаған Жамбыл ақын жауға қаламмен қарсы шығып әрбір өлеңін жауға оқ етіп жаудырды. Өмір мен өлім белдескен шақта ақын қуатты жырларымен кеңес жауынгерлеріне жігер берді. Оның жырлары жыл құсындай болып майданға аттанды.

Дәуірхан: «Ленинградтық өренім»

Дауыс:Бұл жылдары жүрегі Отаным деп соққан әр азамат барынша күресе білді. Әрбір азамат өз Отанына деген антын орындап шықты. Сұрапыл соғыста жүріп  елін, жерін қорғаған майдангерлер  жігерін әнмен жанып,рухын көтеруге дем берген, қайрат қосқан әндер шырқауды да ұмытпады.

 Данышпан : «Смуглянка» әні

 Сахнада Саматтың монологы.

Ассалаумағалайкум құрметті  де, ардақты ата!

Сіздің рухыңызға тағзым еткелі келдім. Араға азғана уақыт салып  салып адамзат өз тарихындағы қаһарлы соғыстағы Жеңістің 70 жылдық мерекесін тойламақ. Ұлы Жеңіс Тәуелсіз Мемлекеттер достастығы елдері үшін ғана емес, сонымен қатар әлем халықтары үшін де үлкен оқиға.
Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы халықтарының тарихындағы қасіретті бет қана емес, сонымен қатар ол халықтарымыздың теңдесі жоқ ерлігі мен қажыр қайратының, бірлігінің дәлелі.
Бұл соғыстың азабын тартпаған қазақ халқы жоқ шығар. Қазақ халқының тарихын күрт өзгерткен, бұрылыс әкелген, миллиондаған отандастарымыздың ішінде менің атам-  Әбіл  Күнділдә  Сіз    де барсыз.

 Мен Сіздің көзінді  көрдім, сұм  соғыс қасіреті жайлы әңгімеңізді естідім.Сіз  1923 жылы Қазалы ауданы , Лақалы  ауылында дүниеге келіп, 1941 жылы ауылдас досыңыз  Сансызбаймен Қазалы  ауданының әскери комиссариатынан әскер қатарына алындыңыз.Майдан даласында алғы шепте неміс басқыншыларымен соғыстыңыз.

Ауылдан майданға бірге аттанған қанды көйлек  досыңыз Сансызбаймен қайғы мен шер елге шеңгелін батырып жатқан 1942 жылдың қаңтарынды Калининград  майданындағы  ұрыс кезі болатын. Аспаннан қара бұлт төніп, қара жер қанталап күйіп ,ақ құйын оқтың астында тар окопты  баспана етіп   жан сақтап тұрған  болатынсыздар.  Бір сәтте Сансызбай досыңыз кеудеңізді басын тосып құлап бара жатты. Ол жау мергенінің жарқ еткен оғынан Сізді қорған, басын оққа тосып өміріңізге араша болғанын күңiрене айтқан едiңiз.

Ата! Мен сiздiң әр естеліктеріңізден досыңызға деген сағыныш пен құрметті байқайтынмын.

Әр сөзіңізде  тұнып тұрған сыр жатыр. Бұларды естіп  қана қоймай, жаттап, үлгi өнеге алуымыз керек.

Талай арман-ойыңыз замана лебiне, қыспағына қарай iшiңiзде кеткен шығар.

Сiздiң бiзге қалдырған мәңгiлiк өш­пес, ғасырдан ғасырға жетер мұра­ларыңыз  ең құнды сыйлық –бейбіт өмір үшiн ұрпақтарыңыз мәңгi қарыздар.

Міне , атамның өмір жолы осындай!

Ата! Бақытты болашақ, тәуелсiз ел сiздiң аңсаған арманыңыз едi. Бүгiн сiздiң арманыңыз – ұлттық тiлдiң, дәстүрдiң, салт-сананың мызғы­мас тiрегi, күшi, алтын дiңгегi – халық­тың бақ жұлдызы жарқырап жанған күн.

Сiзге мен «Қош болыңыз» демеймiн. Ұрпақта­рыңыз Отанына деген сүйiспеншiлiктi, шыншылдықты, әдiлдiктi, шыдам­ды­лықты, төзiмдiлiктi, батылдықты, қаһар­мандықты, тiлiн, дiнiн сүюдi күнделiктi сiздiң тұлғаңызға қарап үйренедi. Отаным дейтiн, намысты ту қылып ұстаған, Отанына шын берiлген қазақтың ұлтжанды ұрпақтары барда сiз мәңгi жасай бересiз.

Ата! Мен үшiн сiздiң тұлғаңыз қашанда мұзарт шыңның басында, мұнартып қалықтаған ақиық, мұзбалақ қыран болып елестейді.  Сіздің  Отанға деген сүйiспеншiлiгiңiзден, халқыңызға махаб­батыңыздан, ұлттық биiк рухыңыздан қуат аламын. Жарқыраған Қазақстан елімнің көк байрағын биік шыңдарда желбірететін ұлың болуға тырысамын.

 Дауыс:Жеңісті жақындатуға тыл еңбеккерлерінің үлесі ерекше болды. Өздері қара су мен шалапты, қара нанды талғажу еткен халық бар жақсысын, бар жылысын 1418 күн бойы майданға жіберді. Соғыс жылдарындағы аналар еңбегі ерекше еді. Олар өз жарларының, балаларының, немерелерінің қанды майданнан аман – сау оралуын тілеп, елдегі еңкейген қарттар мен еңбектеген балаларға басшы бола білді.

  Айдынның орындауында «Қара кемпір» әні

 Дауыс:

70 -ке кепті күзбенен көктем жазың да

Барсыңдар сендер сұлу қыздардың  назын да

Барсыңдар сендер мұңды әуендерде  қаншама

Аналар салған ,балалар салған сазында

 Дауыс:Біздің халқымыздың Ұлы Отан соғысындағы қаһармандық ерлігі жеңіспен аяқталады. Бұл жеңіс 20 миллион жерлестеріміздің қанымен, тірілердің табан ет, маңдай терімен келді. Соғыста ерлікпен қаза тапқан қыршын жастарымыздың қаһармандық рухы ұрпақтар есінде мәңгі сақталады!

«Жеңіс күні» әні .Самат Абиловтың орындауында

 Дауыс: Міне, ата-бабаларымыздың арқасында бүгінгі күні өз тәуелсіздігімді алып, егеменді ел болып, әлемге танылып отырмыз. Өз әнұранымыз, өз елтаңбамыз, әрқашан биіктен көрінер туымыз  бар. Бұл біз үшін үлкен қуаныш, үлкен бақыт.

 Мен: Қуанышымыз, жеңісіміз ұзағынан болсын деп бүгінгі мерекелік шарамызды аяқтаймыз. Елімізде бейбітшілік болсын! Аналарымыздың зарлаған, сәбилеріміздің жылаған дауысы естілмесін! Айбынды азаматтарымыз аман болсын!

«Қазақстан» әні. Квартет орындауында.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Со?ыс жылдары?да?ы ?ндер

Автор: Муканова Гульсауле Аманбулатовна

Дата: 24.05.2016

Номер свидетельства: 330148


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства