Топ командирлері саптың басында,әр топ ретімен екі қатар сапқа тұрады.Әскери жетекші жарысқа қатысушылардың дайындығы туралы директорға немесе әділқазылар алқасына баяндайды.Жарысқа қатысушылар «Түзел», «Тік тұр», «Туға түзел» пәрменін орындаған соң,жарыс туы көтеріледі.
Қазақстан Республикасының гимні орындалады.
Әскери жетекші жарысқа қатысушыларды бағдарламамен,келген қонақтармен, әділқазылар алқасымен және төрешілермен таныстырады.
Екінші бөлім. Жарыс барысы.
1.Кермеге тартылу .
Тартылғанда иек толық кермеден асу керек . Топ мүшелерінің барлығы /қыздардан басқа/ кезегімен тартылады. Нәтижелері қосылады.
Ескерту.Тартылғанда иегі толық жетпесе есептелінбейді.
2. Білім сайысы.
Әр топтан бір оқушыдан ортаға шығады /топтың қалауымен/,АӘД пәні бағдарламасы бойынша 1 минутта сұраққа дұрыс жауап беріп үлгеруі тиіс.
Ескерту:Сұрақтар сыныптардың өтілген тақырыптары бойынша құрастырылуы тиіс.
3. Гир көтеру.
16 кг гирді топ мүшелерінің барлығы (қыздардан басқа) көтереді.Нәтижесі қосылады.
Ескерту.Гир көтергенде аяқ бүгілмейді,өкше еденнен көтерілмейді.Сол қол белде,қате жағдайда есептелінбейді.
4-кезең.Алғашқы медициналық көмек.Санитар қыздар сынған аяққа шина қойып, таңады.топ жаралыны зембельге салып мәреге қойғанда уақыт тоқтатылады.
Ескерту.Жаралыға көмек ереже бойынша дұрыс орнатылуы керек.
5-кезең Картоп тазалау.
Әр топтан бір ұл бала ортаға шығып,әрқайсысы 3 картоптан тазалайды.
Ескерту.Қабығының қалыңдығы ескеріледі. 2 секунд уақыт қосылады.
6-кезең АК-74 автоматын бөлшектеу,жинау.
Әр топтан бір оқушы шығады.Бөлшектеу уақыты жеке,жинау уақыты жеке есептеліп,қосылып жазылады.
7- кезең .Мылтық ату.
Нысанаға әр топтан 2 ұл, 1 қыз 3 оқтан атады.Ұпайы қосылып есептелінеді.
Ескерту.Қауіпсіздік шарасына көңіл бөлу.
8-кезең Арқан тартыс.
Топтар бір-бірімен жеңімпаз аталғанша айналым жүйесі бойынша арқан тартысады.
ескерту.Қолды белгілеген белгіден ұстап, төреші ысқырған кезде тартады.Белгілеген сызықтан тартып шығару керек.
9 .Музыкалық үзіліс.
10. Қортынды бөлім.
Жарыстың қортындысын шығару.Жеке нәтиже және топтың нәтижелері бойынша жеңімпаздары марапаттау.
АӘД және дене тәрбиесі пәндері бойынша ұйымдастырылған әскери-патриоттық жарыстың қорытынды хаттамасы.