kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Сегіз ?ырлы, бір сырлы" жігіттер бай?ауы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты : Танымды? ?ызы?ушылы?тарын арттыру.

Міндеттері : К?п білуге, ізденуге ?мтылдыру. О?ушыларды? білімдерін жан жа?ты дамыту ; ?ш?ыр ойлау?а баулу.

?йымдастыру кезе?і : кіріспе ??гіме, саба?ты? ?ту барысын, ма?сатын хабарлау.
- Балалар, б?гінгі саба?ымыз « Сегіз ?ырлы, бір сырлы » деп аталады. Б?л ??ым бізді? хал?ымызда адамны? ?асиетіне байланысты айтылады Сонымен «Сегіз ?ырлы, бір сырлы » адам деген ?андай адам ? О?ушыларды? жауаптары ты?далады.
- Алдымен б?гінгі сайысты? шартымен таныстырайын. Сынып о?ушылары ?здерні? ?абілеттері мен білімділіктеріне ?арай т?рт топ?а б?лінеді. ?р топты? ?здеріні? ерекшеліктеріне ?арай ?рандары бар.


Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Сегіз ?ырлы, бір сырлы" жігіттер бай?ауы »

«Сегіз қырлы , бір сырлы» .

Мақсаты : Танымдық қызығушылықтарын арттыру.

Міндеттері : Көп білуге , ізденуге ұмтылдыру . Оқушылардың білімдерін жан жақты дамыту ; ұшқыр ойлауға баулу .
Барысы : 
Ұйымдастыру кезеңі : кіріспе әңгіме , сабақтың өту барысын , мақсатын хабарлау .
- Балалар , бүгінгі сабағымыз « Сегіз қырлы , бір сырлы » деп аталады . Бұл ұғым біздің халқымызда адамның қасиетіне байланысты айтылады Сонымен «Сегіз қырлы , бір сырлы » адам деген қандай адам ? Оқушылардың жауаптары тыңдалады .
- Алдымен бүгінгі сайыстың шартымен таныстырайын. Сынып оқушылары өздернің қабілеттері мен білімділіктеріне қарай төрт топқа бөлінеді . Әр топтың өздерінің ерекшеліктеріне қарай ұрандары бар .


1.« Алғырлар » тобы :

Асыл тастан , өнер жастан ,

Шығады деп дарынды 

Қабылдаңыз шын жүрекпен ,

Сәлем сізге жалынады .

2. « Тапқырлар » тобы :

Толағайдың тасындай 

Ұланнан тұрамыз 

Сөзге жүйрік баламыз

Тапқырлар тобы осындай
3. « Ойшылдар » тобы :


Сәлем бердік баршаға 

Оқушылыр сіздерге

Ойшылдар атты тобымыз

Таныстырдық бәріңе .
4. « Шеңбер » тобы :


Шеңберге біз тұрамыз ,

Шаттық тілеп достарға .

Ақыл - ойды тәртіпке ,

Келтіреміз шеңберде .

Әр ойында өз шарты болады . Осы ойын сабағында ойының шарты бар :

1. Жауаптарын дайын болғанда қолдарынды көтеру

  1. Оқушы жауап бергенше бөлмейміз

  2. Дұрыс және толық жауап бергендерге ұпай қосылады .

Ендеше , өз арамыздан білімі жағынан осы атауға лайықы оқушы анықтауға кірісейік . Біздің сабағымыз бірнеше бөлімнен тұрады . Қазір сабаққа тез кірігіп кету үшін ой қозғап алайық .
Ой қозғау :

1. Мектептегі минут қалай аталады ? ( сабақ )

2. Шарты мен сұрағы бар шағын әңгіме не ? ( есеп )

3. Қарға жаңбыр жауып тұрған кезде қандай ағашта отырады ? ( су )

  1. Айнұр 12 жаста , 7 інісі жаста . Екеуі неше жыл бірге тұрады ? ( 7 )

  2. Ауаның қозғалысы ( жел )

  3. Ұшақтың дөңгелікері ( шасси )

  4. Бокс болатын алаңқай ( ринг )

  5. Кепкен жүзім ( мейіз )

  6. Өрмекшінің неше аяғы бар ? ( 6 ) 

  7. күннен кейін аптаның қай күні болады ? ( жұма )

Негізгі бөлім : І кезең « Ойна да ойла »

1 ) . « Төртінші артық » ойыны

1) Тлендиев , Кастеев , Хамиди , Қалдаяқов 

    1. аққу , тауық , үйрек , қаз 

    2. 3) қар , жаңбыр , найзағай , бұршақ 

4) емен , қайың , шырша , терек 

5) қатаң , ұяң , жуан , үнді 

6) шаршы , шеңбер , төртбұрыш , үшбұрыш 

2) « Есіңе сақта , ретімен жаз » 

Сөздер оқылады . Оқушылар сөздерді мұқият тыңдап еске сақтауға тырысу керек .

Үстел , пальто , шаңсорғыш , сызғыш , банан , торғай , Марс , Павлодар , қызғалдақ , арыстан .

Енді естіген сөздерін мынадай ретпен жазу ұсынылады : 

1. Киім 2. Аң 3. Үй жиһазы 4 .Гүл 5. Планета 6.Тұрмыстық техника 7. Құс 8. Оқу құралы 9. Қала 10. Жеміс

Бойыңа мақтанба , ойыңа мақтан .

ІІІ кезең . Дүниетану .

1. Қар мен тон несімен ұқсайды?

1. Түсімен 2. Ауа бар 3. Жылытады

2. Неліктен арам шөптерді гүлдемей тұрғанда жұлу керек 

1. Топырақ тозады 2. Гүлдері әдемі емес 3. Тұқымы пайда болмау үшін 

3. Ересек атану үшін үш рет туатын не ?

1. Құс 2. Көбелек 3. Бақа

4. Жабайы құстың ұясындағы жұмыртқаны қолмен ұстауға болмайды. Неге? 

1. Жұмыртқа жарылады 2. Құс ұясын тастап кетеді 3. Құс қорқады 

5. Қарлығаштар жаңбыр жауар алдында , дымқыл ауада жерге жақын ұшады . Неге ?

1. Жаңбырдан қорқады 2. Дым ауада қанаттары ауырлайды 

8 . Сөзжұмбақ « өсімдік »
Жыл мезгілі ( көктем )
- Көкжиек туысы ( солтүстік )

- Жаңбырдан соң байқалатын әдемі көрініс ( кемпірқосақ ) 

- Өсімдіктің топырақ астындағы мүшесі ( тамыр )

- Тірі табиғат ( адам )

- Көктем айы ( сәуір )

- Жер бетіне жылу неден тарайды (күн )
ІҮ кезең Қазақ тілі

1.Қазақ тілінде неше әріп 1) 45; 2) 43; 3) 42; 4) 15

2. Қатаң дауыссыз дыбыстарды көрсет 1) а , е , ә ; 2) ң , н , м ;

3) т , с , қ ; 4) з , ж , д ;

3 . Түбір сөзді тап 1 ) аңшы 2) орындық 3) кітап 4) көрме

4 . Жалқы есімді көрсет 

1) ауыл 2) аудан 3) өзен 4) Ақмола

5 . Көптік жалғаулы сөзді көрсет 

1) бөлме 2) етіктер 3) қоржын 4) халық

6.Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша 

1) жалғау 2) жұрнақ 3) сызықша 4) шылау

7 . Адамның көңіл күйін білдіретін сөйлем түрі 

1 ) хабарлы 2) сұраулы 3) лепті 

Бәрекелді , балалар !

Бәріңе жақсы баға бар ,

Азамат боп өсіндер ,

Ел қадірін бағалар .


Қорытынды : ұпай санау , бағалау .














Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
"Сегіз ?ырлы, бір сырлы" жігіттер бай?ауы

Автор: КУАНЫШЕВА ИНДИРА ЖОМАРТКАЛИЕВНА

Дата: 18.06.2015

Номер свидетельства: 220321


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства