kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сабақтан тыс шара «Қайырымдылық акциясы»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Внеучебное мероприятие с целью развития духовно -нравственных качеств студентов, будущих специалистов.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сабақтан тыс шара «Қайырымдылық акциясы»»

Күні: 01.11.2019 ж.

Сабақтан тыс шара «Қайырымдылық акциясы»

Курс: 1

Тобы: ББ-19-2

Тақырыбы

«Қарттарым – асыл қазынам»

Құндылық:

Сүйіспеншілік


Қасиеттер:

Мейірімділік, сыйластық,қайырымдылық, бауырмалдық, шынайылық, жанашырлық.


Мақсаты:

- оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру, үлкенді сыйлай білуге; - өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.


Міндеттері:


Тәрбиелік: студенттердің бойына мейірімділік, бауырмалдық, кеңпейілділік, сыйластық , кешірімділік қасиеттерін дамытып, жауапкершілікпен ата-анасының өміріне қарап, қамқорлық көрсетіп, ата-анасының үмітін ақтауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

  • - студенттер өз ата-аналарымен сыйластық қарым-қатынаста болады, кешірімшіл, кішіпейіл қасиеттерді бойларына сіңіріп, қамқорлық көрсетеді.

  • - болашақта өз бауырларын шынайылық, сүйіспеншілік, мейірімділік қасиеттеріне баули біледі.

Дереккөздер

  1. Баланы тәрбиелеу және оқыту үрдісінде Ш.А.Аманошвилидің тәжірибесін қолдану;

  2. Абай Құнанбаев пен Шәкәрім Құдайбердиевтің ізгілікті идеяларының құндылығы;

  3. Ыбырай Алтынсарин мен Мағжан Жұмабаевтың ізгілікті идеяларының бала тәрбиесіндегі рөлі;

Қосымша дереккөздер: Ғаламтор желілері.

Модульдер

  1. Тәрбие мен тәрбиедегі адамгершілік қасиеттерді дұрыс пайдалану, студенттердің бойына мейірімділік рухани құндылықтарды дарыту.

Әдіс-тәсілдер

Өлең, ән, психологиялық тренинг





Пәнаралық байланыс

өзін-өзі тану, психология, педагогика, этнопедагогика, т.б.

Іс-шараның барысы
















































Іс-шараның қорытындысы













Жүргізуші:Адамның өмірінің мәні мен  сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Үлкендіктен ешкім құтыла алмаған. Бірақ кәріліктің өзінің сәні – мәні бар.
Қарт кісіні құт-береке деп танысақ-ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты.. Сіздер жас ұрпаққа әрқашан төзімділіктің, даналықтың үлгісі болып келесіздер.Сіздерге зор денсаулық,ұзақ ғұмыр тілейміз.

Өлең – Т.Айбергенов «Ана» , Қанатқызы Рысжан.

Жүргізуші:Айтары мол ғұлама,
Көп жасаған бұл адам.
Әкесі ол әкеңнің,
Білер оны сұраған,
Ол кім?    (Ата)

Аймалайды «Күнім»деп,
Мейірімді жүзі күлім деп.
«Тәтті-ақ» дейді немере,
Бал шырындай үнің деп.
Ол кім?    (әже)

Жүргізуші:Ата- ардақты тұлға. Иә, «Әкеден ұл тусайшы, ата жолын қусайшы» деп халық ұрпаққа атаның мұрасын жалғастыруды уағыздайды. Ата ұрпағының қайырымды,мейірімді,ақылды,іскер болуын тілеп ,сол үшін қамқорлық іс-әрекеттерін басы жерге жеткенше дамыта береді,өнеге көрсетеді,өсиет айтады.
Әже- ақ сүт берген аналардың анасы. Әже әрқашан да балалық бал дәуреннің басы қасында болып,асыраушы,аялаушы,тәрбиелеуші басты кісі,өмір өрнектеріне,тіршілікке көбірек араласқан ана перзентін көбінесе әженің қарауында қалдырады. «Жан жүрегім, жарығым»деп әже немересін,шөбересін жүрегіне теңейді. Жан жүрегін салып нәрестені,бүлдіршін жасөспірімді тәрбиелейді.

Ән: «Асыл әжем»

Жүргізуші:«Бабаларым, рахмет сендерге!
Балаларым болмасын деп бос кеуде,
Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің,
Өмірге мен мылқау болып енгенде
Бабаларым, рахмет сендерге!»,- деп Мұқағали Мақатаев атамыз айтқандай міне, балалар, біз өзіміздің ата-әжелеріміз алдында қарыздармыз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз.

Психологиялық тренинг . «Теңізге саяхат»

Жүргізуші:Қарттарымызды ардақтап өтейік! Оларды сыйлаңдар, қадірлеңдер!







«Бекітемін»

Оқудан тыс іс-шараның рефлексивті есебі


Мусрепова Хадича Культасовна

Маңғыстау обылысы, Ақтау қаласы,

Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі

Өзін-өзі тану пәнінің оқытушысы.


Бүгін 1 қараша күні «Қарттарым – асыл қазынам» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырдым. Іс-шараға ББ-19-2 тобының студенттері мен қариялар қатысты. Іс-шараның мақсаты: оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру, үлкенді сыйлай білуге; өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу. Іс-шара дайындық кезеңінде студенттермен бірге тақырып таңдап, соларға дайындық басталды. Дайындық барысында қарияларға сыйлықтар алып, іс-шара барысында өтетін тренинг сабақты жоспары мен өнер көрсетуші студенттерді номерлерін дайындадық. Іс – шараға қатысатын студенттермен дайындық жұмыстарын жүргіздім.

Іс-шара кіріспе сөзімен басталды: Адамның өмірінің мәні мен  сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Үлкендіктен ешкім құтыла алмаған. Бірақ кәріліктің өзінің сәні – мәні бар.
Қарт кісіні құт-береке деп танысақ-ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты. Сіздер жас ұрпаққа әрқашан төзімділіктің, даналықтың үлгісі болып келесіздер.Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз.

Іс-шараның барысында психолог қариялармен тренинг өткізіп, студенттер дайындаған әндері мен өлеңдерін оларға арнады.

«Бабаларым, рахмет сендерге!
Балаларым болмасын деп бос кеуде,
Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің,
Өмірге мен мылқау болып енгенде
Бабаларым, рахмет сендерге!»,- деп Мұқағали Мақатаевтың өлең жолдарын оқып, студенттер қарияларға өз алғыстарын айтты.

Осы орайда, қарияларда студенттерден қалыспай, ұлы Абайдың өлеңдерін оқыды.


Шараға қатысушылардың әсерлері, пікірлері, сөздері;

Надежда Васильевна: Мен бүгінгі іс-шарадан жақсы әсер алдым. Шараның тақырыбы күрделі, қызықты. Мен өзімнің балаларымды, жолдасымды есіме алдым. Жасыма ерік бердім. Балаларым, сіздерге айтарым: Отбасын құрғанда ең бірінші махаббат және адамның бойында рухани-адамгершілік қасиеттері болу керек. Сонда ғана отбасын құруға адам дайын деп айтуға болады. Тек сонда бақытты отбасылар саны артатын болады. Балалар әке-шешелерін тастамайды. Маған бүгінгі іс-шара ұнады. Барлығыңызға рахмет!

Балтаева Нафиса студент: Осындай іс-шараларды жиі өткізу керек. Себебі, жастарға ата-анасын қадірлеуге, олардың ақ батасын алып, өмірде түрлі мақсаттарына жетуге деген құлшыныстарын арттыруға көмектесуіміз керек. Көп жастар мұндай жағдайларға немқұрайлы қарайды. Егер әрбір жас буын дәл осы сәттен бастап, қолда бар қазыналарын қадірлей білсе, алдағы уақытта қариялар үйлері болмас та еді.

Толтырова Ақмаржан студент: Менің ойымша, қазақ елінде қариялар үйі мүлдем болмауы керек. Себебі, әрбір отбасында әке-анасына құрмет көрсетіп, ата-әжесінің батасын алып өскен жас жеткіншектер болашақта мұндай сұрпайы әрекетке бармайды деп ойлаймын. Сол себепті, балаға жастайынан қазақи тәрбие беріп, бойына ізгі қасиеттермен құндылықтарды сіңіріп,азамат болып өсуіне жағдай жасауымыз керек.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Сабақтан тыс шара «Қайырымдылық акциясы»

Автор: Мусрепова Хадича Культасовна

Дата: 20.12.2019

Номер свидетельства: 532856

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "?аза?стан т?уелсіздігіне 20 жыл"
    ["seo_title"] => string(31) "kazakstantuielsizdighinie20zhyl"
    ["file_id"] => string(6) "260256"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1448907959"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства