Просмотр содержимого документа
«"Реализм мен прагматизм таяу он жыл ұраны"»
Сабақтың тақырыбы: Реализм мен прагматизм таяу он жыл ұраны
Сабақтың мақсаты: Студенттерді Отанды сүюге, өз елін, тарихын білуге, жалпы адамзаттық құндылықтар мен терең көзқарастарды сіңіру арқылы таным белсенділіктерін арттыруға бағыттау.
Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарихтың шаңына көміліп қала береді. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған осындай киелі сөз бар. Бұл еңбегінде Нұрсұлтан Назарбаев елес идеологияларға ермей, заманға сай амал етуге үндеген. Таяу онжылдықтың ұраны реализм мен прагматизм болуы керек дегенді меңзейді. Ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, өткеннің кейбір кертартпа тұстарынан арылуымыз керек дегенді айтады. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру” мақаласы «Каспий» педаггогика және салалық технологиялар колледжінің 2017-2018 оқу жылындағы тәрбие жұмысының басты ерекшелігі. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтің “Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру” атты мақаласы қоғамдағы рухани жаңғыртудың басымдықты идеяларын студенттер арасында кеңінен насихаттауи болып табылады.
Аталған мақала “Кіріспе, қорытынды және екі бөлімнен тұрады” Қазір сіздердің назарларыңызға осы мақала туралы бейнероликті ұсынамын.
Видео-ролик «Рухани жаңғыру»
Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты.Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі,ол-әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс.
Ендеше, құрметті студенттер «Рухани жаңғыру» бағдарла құрылымы туралы не білеміз?
Сұрақ-жауап: (студенттер бағдарлама құрылымын талдайды)
1-сұрақ: Ұлттық сана дегеніміз не?
I. XXI ғасырдағы Ұлттық сана туралы-
Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде.Халықтың тағылымы мол тарихы мен ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын.
2-сұрақ: Бәсекеге қабілеттілік дегенеміз не?
1.Бәсекеге қабілет
Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халқтың өзі бәсекелік қабілетін арттырмса ғана табысқа жетуге ғана мүмкүндік алады.
3-сұрақ: Прагматизм дегеніміз не?
2.Прагматизм
Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінеде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қаита түрлетуіміз керек. Прагматизм –өзінің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылдыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз.
4-сұрақ: Ұлттық бірегейлікті сақтау дегенеіміз не?
3. Ұлттық бірегейлікті сақтау
Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелдендіруін білдіреді. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.
5-сұрақ: Білімнің салтанат құруы дегеніміз не?
4.Білімнің салтанат құруы.
Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу біздің қанымызда бар қасиет.Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Себебі құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді.
6-сұрақ: Қазақстанның ревалюциялық емес, эвалюциялық дамуы дегеніміз не?
5.Қазақстанның ревалюциялық емес, эвалюциялық дамуы.
Бұл кезеңде еліміздің белгілі бір жаңғыру болды.
7-сұрақ: Сананың ашықтығы дегеніміз не?
6.Сананың ашықтығы
Таяу жылдардағы міндеттер Ұлттық мәдениетіміздің озық үлгілерін іріктеп алғаннан кейін, шетелдерде оларды таныстыру рәсімдерін өткіземіз
Өте жақсы, міне біз Сіздермен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы құрылымын талдап өттік, ендеше келесі кезекті Тоқтабаева Жарқынайдың орындауында монологқа кезек береміз
Монолог:“ Рухани жаңғыру ”
Рахмет, Жарқынай, қандай тамаша?!
Білім – бүгінгінің басты қажеттілігі. Дүниетанымы кең адам ғана бәсекеге төтеп береді алады. Өскелең ұрпақты әуелі білімге құштар болуға үндеудің сыры осында деп білеміз. «Біз білімге бөлінетін бюджет шығыстарының үлесі жөнінен әлемдегі ең алдыңғы қатарлы елдердің санатына қосылып отырмыз. Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді». Президент ой-толғауында білімге айтарлықтай басымдық берген. Ал жақсы маман, жақсы адам тәрбиелеу – елге игі. Дәл қазір біз әлемдегі ең үздік үлгілерді ескере отырып, мейлінше орта, жоғары деңгейде білім сапасын арттыру керекпіз. Ол үшін тек қана мемлекеттің атқарып жатқан бағдарламалары аясында ғана емес, әр жеке адам: «Мен өзімді қалай жетілдіре аламын, қалайша жаңа білімге қол жеткіземін», – деп сұрақты өзіне қою керек деп санаймын. Толыққанды жаңғыру үшін кертартпа қасиеттер мен қысаң қағидалардан арылу маңызды. Президент: «Алдағы онжылдықтың ұраны – прагматизм», – деп болжап отыр. Ол дегеніміз – уақытты үнемді пайдалану, болашақты жоспарлай білуге бейімделіп, ұстамдылық, қарапайымдылық сияқты қанға сіңген қасиеттерді қайта түлету. Рухани жаңғыру үшін ол ауадай қажет. «Бүгінде радикалды идеологиялар ғасыры келмеске кетті. Енді айқын, түсінікті және болашаққа жіті көз тіккен бағдарлар керек. Адамның да, тұтас ұлттың да нақты мақсатқа жетуін көздейтін осындай бағдарлар ғана дамудың көгіне темірқазық бола алады. Ең бастысы, олар елдің мүмкіндіктері мен шама-шарқын мұқият ескеруге тиіс. Яғни реализм мен прагматизм ғана таяу онжылдықтардың ұраны болуға жарайды». Ұлттық жаңғыру дегенің ұлттық санамен байланысты. Оның түпкі мақсаты – ұлттық бірегейлікті сақтау.
Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы туралы колледжішілік топтар арасында сауалнама жүргізілген болатын, соның нәтижесіне назар аударайық:
Студенттер арасында сауалнама (слайдтан сауалнама диаграммасы көрсетіледі)
Колледжішілік сауалнама қорытындысы бойынша Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы туралы хабарларының бар екендігіне және көптеген мәліметтерді білетіндігін аңғардық. Рухани жаңғыру процесі өте дұрыс әрі дер кезінде қабылданған оң шешім деп білеміз. Рухани кемел ел болу – Елбасы арманы. Мәденит жаңғырып, ой-өрісті кеңейту – игі бастама. Ендеше Елбасының жастарға серпіліс беруі келешекке қамданудың әрекеті деп түйеміз.
Ендеше, келесі кезекті топ студенттерінің өз шығармашылығынан өлең жолдарына береміз:
Алда әлі ұзақ жол,үлкен асулар бар. Сол асулар мен қиындықты деңу үшін білектің ұшы мен найзаның ұшы керек емес. Оған тек жүрек пен білім, талант пен талап керек. Қазақ елеінің абыройын асырып, мерейін үстем етер, әлем таңғалар, талай- талай жаңалық ашар білімділер керек.Осы Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңгі, болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ екенім ізді сезінейік.
“Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалам!” - деп Ұлы ақын Абай атамыздың сөзімен бүгінгі дөңгелек үстелімізді аяқтаймыз.