kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Разработка торжественной линейки, посвященной "Дню Президента"

Нажмите, чтобы узнать подробности

егемен

«Егемен елді? кеме?гер басшысы»

Ма?саты: ?аза?стан Республикасыны? т???ыш президенті Н?рс?лтан ?біш?лы Назарбаевты? туып ?скен жері, ?мір жолы, ?ызмет еткен кезе?дері туралы м?лімет беру, Елбасыны? ?станымын, ?мір жолын ?лгі етіп балаларды Отанын, хал?ын с?юге, патриотты??а т?рбиелеу.

Бірінші Президент к?ні. 2012 жылды? 1 желто?санында ?аза?стан хал?ы ал?аш рет Бірінші Президент к?нін атап ?тті. ?аза?стан Парламенті За? ?абылдап, осы жылды? 1 желто?санында Бірінші Президент к?нін мемлекеттік мереке ретінде жарияла?ан болатын.

1-ж?ргізуші:

Ел мен Ерді? а? тілегі бір екен,

Елі-дархан, Ері-жайса?, д?р екен.

?иын ?ткен, тар жол, тай?а? кешуден,

?аза? к?шін ?ыр асыр?ан-Н?реке?!

Алып дала ту?ан дана ?л екен,

Арманы ас?а?, ма?саты ?лы екен!

?ала сал?ан, егін еккен, мал ба??ан

Д?улетті елді? нар т?л?асы-Н?реке?!

 

2-ж?ргізуші:

Даласында досты? іздеп ж?р екен,

Дуалы ауыз, бас?ан ізі г?л екен.

?з хал?ыны? ке? пейілі сия?ты,

К?ллі ?лемді ??ша??а ал?ан – Н?реке?!

 

Жер?йы?ым! Жампозы?ды жыр етем,

Аты да оны?, заты да оны? н?р екен!

Темір?азы?-адастырмас Алашты,

Дана басшы, дара басшы-Н?реке?,- деп Бейбіт ??санбек а?амыз айтпа?шы  ??рметті ?стаздар мен о?ушылар б?гінгі 7 ж?не 9-сыныптарды? о?ушыларыны? «Егемен елді? кеме?гер басшысы» атты ерте?гілігімізді бастау?а р??сат еті?іздер.

Аяг?з:

??са?ан жар?ылда?ан жасындар?а,

Жарасар с?з м?йегі асылдар?а.

?р ісі ?р д?уірге ?лгі болып,

Аты ?алар ?асырлардан ?асырлар?а.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Разработка торжественной линейки, посвященной "Дню Президента"»












«Егемен елдің

кемеңгер басшысы»


1 желтоқсан Қ.Р.Президент күніне арналған салтанатты лездеме
















«Берел орта мектебі» КММ

Мырзабекова С.А.









«Егемен елдің кемеңгер басшысы»

Мақсаты: Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың туып өскен жері, өмір жолы, қызмет еткен кезеңдері туралы мәлімет беру, Елбасының ұстанымын, өмір жолын үлгі етіп балаларды Отанын, халқын сүюге, патриоттыққа тәрбиелеу.

Бірінші Президент күні. 2012 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстан халқы алғаш рет Бірінші Президент күнін атап өтті. Қазақстан Парламенті Заң қабылдап, осы жылдың 1 желтоқсанында Бірінші Президент күнін мемлекеттік мереке ретінде жариялаған болатын.

1-жұргізуші:

Ел мен Ердің ақ тілегі бір екен,

Елі-дархан, Ері-жайсаң, дүр екен.

Қиын өткен, тар жол, тайғақ кешуден,

Қазақ көшін қыр асырған-Нұрекең!

Алып дала туған дана ұл екен,

Арманы асқақ, мақсаты ұлы екен!

Қала салған, егін еккен, мал баққан

Дәулетті елдің нар тұлғасы-Нұрекең!


2-жүргізуші:

Даласында достық іздеп жүр екен,

Дуалы ауыз, басқан ізі гүл екен.

Өз халқының кең пейілі сияқты,

Күллі әлемді құшаққа алған – Нұрекең!


Жерұйығым! Жампозыңды жыр етем,

Аты да оның, заты да оның нұр екен!

Темірқазық-адастырмас Алашты,

Дана басшы, дара басшы-Нұрекең,- деп Бейбіт Құсанбек ағамыз айтпақшы құрметті ұстаздар мен оқушылар бүгінгі 7 және 9-сыныптардың оқушыларының «Егемен елдің кемеңгер басшысы» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Аягөз:

Ұқсаған жарқылдаған жасындарға,

Жарасар сөз мәйегі асылдарға.

Әр ісі әр дәуірге үлгі болып,

Аты қалар ғасырлардан ғасырларға.

Туған ел биік болсын бақ-талайың,

Егемен елім бар деп мақтанайын.

Ендеше жерге қорған, елге сүйеу

Нұрсұлтан-Нұрекеңе тоқталайын.


1-жүргізуші:

«Түрксіб» темір жолының құрылысы басталған кезде Әбіш Назарбаев та алып құрылысқа аттанған. Еңбексүйгіш зерек жігітке көп ұзамай басшылардың көзі ғана түсіп қойған жоқ. Шамалған стансасында ол өзінің болашақ жары Әлжанды кездестіріп, екеуі отау құрады. Өмір деген бірде толы, бос ала қоржын емес пе? Тату-тәтті, бақытты жас отаудың іргесінен сыз өткендей біртіндеп ызғырық есетін болды. Тұрмыс құрағндарына үш жыл өтсе де Назарбаевтың шаңырағынан іңгәлаған нәрестенің үні естілмей қапаландырды. Қазақ үшін бұдан өткен қасірет бар ма!?

2-жүргізуші:

Әбіш өзі мен әйеліне қасиетті Райымбек бабаның аруағының шарапаты тиетініне кәміл сенеді. Ата-баба салтын Әбіш пен Әлжан сол кісінің моласының басына барып, мал сойып, мінәжат етті. Екеуі де Алладан және Райымбек бабадан бір тілеу ғана тіледі: ұл бер деп. Сөйтіп тілеулері Құдайдың құлағына шалынар деген көкіректері толы үмітпен үйлеріне қайтады.

Толғанай:

Шынымен ақ шырылдаған нәресте үнін ести алмай өтеміз бе деп жүргенде анасы Райымбек бабаның басына барып зиярат етіп қайтқан күні түнде түс көреді. Түсінде буырқанып, дөңбекшіп жатқан теңізді көреді. Теңізге түседі, су әуелі белінен, көкірегінен, содан соң мойнынан асады. Бір кезде басы көрінбей кетеді, тұншығамын деп қорқады, бірақ бір ғажабы еркін тыныстап келе жатады, аяғы теңіздің түбіне бір тиіп, бір тимейді. Келе жатып су түбінен мылтық тауып алады. Иығына мылтықты асынып алып, аршындай басып теңзді кешіп өтеді.

Осы түсті ағайындарына жорытқанда «Алла жар болсын, түсің жақсы екен, құдай ұл береді сендерге» дейді. Шынында көп ұзамай анасы бойына бала біткенін сезе бастайды.

Ислана:

Іңгәлап дүниеге бала келді,

Уыстап елге бақыт ала келді.

Алатау қиясынан көрінген күн,

Деп еді: «Бала емес, дана келді».

Таң атса, кеш түседі, күн өтеді,

Алатаудың көк майса гүл етегі.

Мың тоғыз жүз қырқыншы жыл еді ол,

Сәбиін дейсің Әбіш «Кім етеді?».

Нұртілеу:

Кемдік жоқ тұла бойы тумысында,

Ақ сәуле батысында, шығысында.

Ол кезде кім ойлаған жас баланың

Жатқанын «Егемендік» уысында.

Қарасаң көз тойғандай жамалына,

Сондықтан тапқан әке амалы ма?

Нұрсұлтан деп баласының атын қойды,

Лайықты перзент бол деп заманыңа.

Ақжан:

Он бітті.

Өмір енді басталады.

Білімнің қиясында арманы тұр,

Тартты ол бетке алып астананы.

«Бес» алды химиядан сүрінбеді.

Жас жүзі шырайланып күлімдеді.

Бірақ жеме-жемде балы жетпей,

Қабылдау тізіміне ілінбеді.

Көрініс:

Сұлтан: Жеңеше, мен бір түс көрдім.

Анасы: Ол қандай түс, балам?

Сұлтан: Мына алакелдінің жотасына бір қап тұз арқалап шығыппын. Тұзды жотаға алып шыққаным сол, ауыл жаққа қарасам, меің класым да, мектебім де, мектептегі балалар да, осы Шамалған ауылының бәрі төме-е-ен жақтан көрінді. Соны өзім арқалап шығарған тұз толы қаптың үстінен қарап отырып көрдім.

Анасы: Балам, сен өте ұлкен адам болады екенсің, дәрежең жоғары болады екен, тұз деген-жақсы нәрсе. Мансабың жоғары, өрең терең, несібең аса мол, еңсең биік болады екен.

Әли:

Талпынған тілегіне жете алмай,

Бір түйін шоқ боп түсті жүрегіне.

Әкеге қоғабыс қып еңбек қылмақ,

Сүйеніп бойдағы күш, білегіне.

Оралып ауылына қайтып келді,

Бар жайды ата-анаға айтып келді.

Мойнында үйдің, түздің жұмысы бар,

Көрсін деп соның артып берді.

Болатжанова Назерке:

Болады талай жайлар өмірінде,

Бар шығар, ей оқушым, көңілінде.

Теміртау қаласына шақырыпты

«Жас алаш» газетінің бір нөмірінде.

Көрсетті оқыды да ата-анаға,

Жас жігіт еңбек қылмай жата ала ма?

Өмірдің қазанында қайнап піскен

Заманның бал шырынын тата ала ма?

Бақытжанова Назерке:

Ел құрлы Теміртауды көрейәк деп,

Шашылған ырыздықты терейік деп

Келіпті кілең жастар құрыш білек,

Еңбектің ащы терін төгейік деп.

Днепродзержинск.

Украина.

Ел алыста.

Қиындау барып қайту демалысқа.

Меңгермек біраз қазақ шәкірттері,

Болатшы мамандығын болар нұсқа.

Оқуда озып жүрді қатарынан,

Өзіндей орыс, өзбек, татарынан.

Ортада өзін еркін ұстай білді,

Үмітті таңы бір күн атарынан.

Бейбіт:

Оқу бітті.

Оралып елге келді,

Кешегі Теміртаудай жерге келді.

Білдей бір горновойшы от көсейтін,

Темірді балқытатын төрге келді.

Бір күні әке келді алыстағы,

Жайымен Нұсрсұлатанның танысқалы.

Қонбады көңіліне ұлдың ісі,

Қызыл шоқ, от-жалынмен алысқаны.

Нариман:

Намысты от-шарыққа жанығандай,

Әкені сөзден тұтты жаны қалмай.

Кешегі қолда өскен баласы ғой,

Тұр енді Нұрсұлтанын тани алмай.

Жақсының сөз, ісіне қанып шықты,

Комсомол, горкомға хатшы болып,

Мұз таулы бөгеттерді жарып шықты.

Айналды қалың елдің қорғанына,

Тағдырдың көніп қоймай салғанына.

Қырандай қанат қағып ұша берді,

Өкінбей хатшы болып барғанына.


1-жүргізуші: Ендігі кезекте Елбасымыздың қызмет жолына тоқтала кетейік.

Алтынай:1960 жылы Днепродзержинск техникалық училещесін бітірді.

Ислана:1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орнын бітірді.

Бейбіт: 1976 жылы Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін бітірді.

Аягөз: 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып жұмысқа түсті.

Толғанай: 1969-1973 жылдары Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметкер болды.

Бақытжанова Назерке: 1973-1977 жылдары Қарметкомбинаттың партком хатшысы болды.

Мадияр: 1977-1979 жылдары Қарағанды облыстық партия комитетінің Екінші хатшысы болды.

Ақтілек: 1979-1989 жылдары Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің хатшысы болды.

Әли: 1984-1989 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы болды.

Ақжан: 1989-1991 жылдары Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бірінші хатшысы болды.

Нұрболат: 1990 жылы ақпан-сәуір аралығында КСР Жоғары Кеңесінің төрағасы болды.

Салтанат:

Наурыз...

Тоқсаныншы жыл болатын.

Жып-жылы әлі есте күн болатын.

Нұрекең Президент-Ел сенімі,

Әр жүректе жатқан бұл сыр болатын.

Жақсының шапағатын халық көрді,

Әлемге қазақ деген танытты елді.

Мінгізіп туған халқын мойнына,

Егемендік, дербестік алып берді.

«Елім, сен тістеме бармағыңды»,

Әлемге танытып жүр бар халықты.

Нұрсұлтан-заңғар тұлға, Ел тірегі,

Шын сүйіп әспеттей біл ардағыңды!

Нариман: 1991 жылы 1 желтоқсанда елдің бүкілхалықтық тұңғыш Президентін сайлау өткізілді. Сайлау нәтижесінде мемлекет басшысы болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев (98,7 %) сайланды.

Алтынай: 1995 жыл 29 сәуірде Республикалық референдумда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілетті мерзімі 2000 жылы 1 желтоқсанға дейін ұзартылды.

Болатханова Назерке: 1999 жылы 10 қаңтарда Нұрсұлтан Назарбаев (79,78% ) Қазақстан Президенті болып қайтадан сайланды.

Салтанат: 2005 жыл 4 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президенті сайлауында Нұрсұлтан Назарбаев (91,5 %) Президент болып қайта сайланды.

Ақтілек: 2011 жылдың 3 сәуірінде сайлаушылардың (95,5 % ) дауыс алды.

Махаббат: 2015 жылдың 26 сәуірінде басым дауыспен қайта сайланды.

Ән: «Үшқоңыр». (Толғанай, Аягөз, Нұрболат, Ақтілек)

Өлең оқиды: (Алтынай, Бейбіт, Ақтілек, Болатжанова Назерке)

Би: «Қазақта ел қайда».

Ақмарал: Елдің, халықтың сенімін, үмітін, бабалар аманатын арқалаған-ең жауапты, ең қиын міндет. Бұл қызметті Отаны мен халқын шын сүйетін, ұлттық тілі, тарихы, мәдениетті құраметтейтін, ел үшін отқа түсетін нағыз патриот қана атқара алады.


1-жүргізуші: Біз білетін Нұрсұлтан Назарбаевты кім деп танимыз?


Ұлағатты әке



Мейірімді ата


Өнер иесі



Нұрсұлтан

Назарбаев

Ұлтжанды азамат

Жазушы

Ақын













2-жұргізуші: Елбасымызды тағы да қандай қырынан танимыз?

Әнұранның авторы



Жоғары сот кеңесінің төрағасы

Қазақстан Республикасы Президенті







Нұрсұлтан

Назарбаев

Дүниежүзі қазақстары қауымдастығының төрағасы

Қазақстан республикасы бас қолбасшысы



ЕҚЫҰ төрағасы







Қорытынды: Біз ұлы жолға шықтық, арманды сапарға аттандық. Қолымызда- тәуелсіздіктің көк туы. Елтаңбамызда бар халықтың басын біріктірер киелі шаңырағымыз. Арманымызды алға апарар қанатты пырақтарымыз бар. Лайым бетімізден жарылқасын. Үлкен жолдың үстінде бізді ата-бабаларымыздың аруағы желеп-жебеп жүрсін.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Разработка торжественной линейки, посвященной "Дню Президента"

Автор: Мырзабекова Сауле Айтоновна

Дата: 30.03.2016

Номер свидетельства: 312470

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(109) "Торжественная линейка посвященная Дню защитника Отечества"
    ["seo_title"] => string(70) "torzhiestviennaialinieikaposviashchiennaiadniuzashchitnikaotiechiestva"
    ["file_id"] => string(6) "297176"
    ["category_seo"] => string(4) "obzh"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1456151999"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(194) "Сценарий торжественного мероприятия,   посвященного, празднованию   1 декабря -День Первого Президента Р К "
    ["seo_title"] => string(121) "stsienarii-torzhiestviennogho-mieropriiatiia-posviashchiennogho-prazdnovaniiu-1-diekabria-dien-piervogho-priezidienta-r-k"
    ["file_id"] => string(6) "207546"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1430547124"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "Разработка внеклассной работы"
    ["seo_title"] => string(30) "razrabotka_vnieklassnoi_raboty"
    ["file_id"] => string(6) "383679"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1485346299"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства