Просмотр содержимого документа
«Разработка внеклассного мероприятия по казахскому языку - конкурс "Сен білесің бе?"»
Сабақтың тақырыбы: Сен білесің бе?
Мақсаты:
Білімділік: оқушыларды қазақ тілінде ауызекі тілде еркін сөйлеуге үйрету; қазақша байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру; сұрақтарға тез, дұрыс жауап беруді меңгерту.
Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін ауызша, жазбаша сөздік қорларын дамыту.
Тәрбиелік: оқушылардың мемлекеттік тілге деген құштарлығын арттыру; отаншылдыққа, мемлекеттік тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:тіл туралы нақыл сөздер, эпиграф, слайдтар, интерактивті тақта, кестелер.
Эпиграф:
«Қазақстанның болашағы-мемлекет тілінде»
(Н.Ә. Назарбаев)
1.Ұйымдастыру кезеңі:
а) кезекшімен сұхбат;
ә) оушыларды түгелдеу;
б) сабақтың мақсатымен таныстыру;
в) топка бөлу.
2. Жаңа сабақ: Муғалімнің кіріспе сөзі :
- Құрметті әділқазылар,оқушылар ,,Сен білесіңбе?,, деген білім сайысын бастауға рұқсат етіңіздер!
Тіл -қай ұлтта , қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп , қалыптасады.Тіл байлығы- әрбір елдің ұлттық мақтанышы.Өз ана тілін қадірлеп, қастерлемейтін адам жоқ.
“ Халықтың мәңгі ғұмыры- оның тілінде . Әрбір тіл өз халқы үшін- ұлы,” - деген Шыңғыс Айтматов .
Сондықтан, әр адам өзінің ана тілін қорғай да, құрметтей де білуге міндетті.
1-оқушы
Туған тілім – бабам тілі, өз тілім!
Туған тілім – анам тілі, өз тілім!
Туған тілім – далам тілі, өз тілім!
Туған тілім- адам тілі, өз тілім!
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім мен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып – ақ алыңдар!
(Д.Әбілов)
2-оқушы
- Ана тілің - арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл ,
Өз тіліңді құрметте!
(Қ.Мызралиев)
3-оқушы
-Тұғаң тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы .
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.
(Ә.Тәжібаев)
4-оқушы
-Ана тілін білмеген –
Ақылы жоқ желікбас.
Ана тілін сүймеген
Халқын сүйіп жаратпас.
(Б.Сарноғаев)
5-оқушы
Ана тілім менің –
Әлдилеген әнім.
Ана тілім- демім,
Ана тілім – жаным.
Жанымнан да қымбат
Ана тілім маған .
Ана сөзін тыңдап,
Үлгі- өнеге алдым.
Ана тілім- анам,
Аппақ қардай арым.
Мұра еткен бабам
Жарқыраған шамым.
(Қасым Қайсенов).
6-оқушы
Cүйемін туған тілді – анам тілім,
Бесікте жатқанымда – ақ берген білім,
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнім.
Сол тілменен үйрендім нәрсе аттарын,
Сол тілменен әдетті мен жаттадым.
Ең бірінші сол тілменен сыртқа шықты
Сүйгенім, жер көргенім, ұнатқаным.
(Сұлтанмахмұт Торайғыров)
7-оқушы
Үш бақытым
Ең бірінші бақытым-халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.
Ал екінші бақытым-Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеде түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Бақытым бар үшінші-Отан деген,
Кім мықты?-десе біреу-Отан дер ем!
Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен.
(М.Мақатаев)
1-кезең; Бұл кезеңде әр топқа 15 сұрақ қойылады.Берілген сұрақтарға тоқтаусыз, дұрыс әрі жылдам жауап берулерің керек.Әр сұраққа 1 ұпайдан беріледі.
1-топ
Қазақстан қандай мемлекет?
Көктем мезгілінде неше мереке бар?
Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.
Қыста не жауады?.
Ең сұлу құс.
Жаңылпаштың сөздері қалай айтылады?
Күздің бірінші айын атаңдар.
Қазақстанның туының түсі қандай?
Қазақстанда неше қорық бар?
Жиренше қандай адам ?
Наурызда пісірілетін басты тағам.
А.Иассауи кесенесі қай қалада?
А.Құнанбайұлының шын аты кім?
Сөйлем неден құралады?
2-топ
1)Бір тәулікте неше сағат бар?
2 .Қазақстан Республикасының рәміздері қашан қабылданды?
3.Абай Құнанбайұлы кім?
4.Жүз жасаған ақын.
5.Қазақ тілінде жалғаудың неше түрі бар ?
6.Зере Абайға кім болады?
7.Қыс айларын ата .
8.Құс патшасы .
9.Қазақстанның тұңғыш ғарышкері кім ?
10.Қазақ тіліне тән неше дыбыс бар ?
11.Абайдың неше қара сөзі бар ?
12.Шоқан Уалихановтың шын аты кім ?
13.Қазак тілінде неше сөз табы бар?
14.Бір жылда неше күн бар ?
15.Тышқаннан қорқатын аң .
Мұғалім : «Әр жүргізілген кезең бойынша шарттар түсіндіріліп , топтарды әділқазылар бағалап отырады .
2-кезең «Кім жылдам?» Осы кезеңге 5 ұпайдан беріледі
1-топ
Берілген сөздерден дұрыс сөйлем құрау керек. Бейнеленген, жағында, екі, елтаңбаның, пырақтар (Елтаңбаның екі жағында пырақтар бейнеленген.)
... бір күні, қыстың … айын асырайды (күздің, бір)
Ұстаздан шәкірт … (озар)
Отансыз - … , ормансыз - бұлбұл (адам)
4 – кезең « Әріптер сайысы »
Әр топқа 5 әріптен беріледі, әріптің ішінен өздеріне ұпаған екі әріпті аласыңдар, қойылған сұрақтарға сол әріптен басталатын сөздермен жауап бересіңдер.
І – топ (А, Е, Т. О, С) – Әр сұрақ 1 ұпаймен есептеледі: 1) Қандай елде тұрасың? Америкада, Ереванда
Қазақ тілі ұнай ма? Айтпаймын, ерекше
Досың кім? Айжан, Евгений
Қазір жылдың қай мезгілі? Аяз, ескі жыл
Қайдан келдің? Африкадан, Европадан
Әдемі қыздың арманы не? Ана болу, ерекше болу
Елтаңбада не бар? Аспан, елтаңба
Бүгін қандай күн? Айт күні, ерекше
Сенің көзің қандай ? Айдай, еліктей
Сәукелені қай кезде киеді? Айтта, елде
Жігіттер сырға таға ма? Ашық білмеймін,есімде жоқ
Нешінші сыныпта оқисың? Алтыншы, екінші
Әліпбиді жатқа білесің бе? Айтамын,ережені ғана білемін
Қандай есімдері ұнатасың? Айгүл, Еңлік
Наурыз көжеге не қосылады? Айран, ет
Бір жылда неше ай бар? Алпыс, елу
Бала оқытатын адам? Апай, ерекше адам
Жасың нешеде? Алтыда, екіде
Бос уақытта не істейсің? Айтпаймын, еден жуамын
Қандай тағамдар ұнатасың? Айран, ет
ІІ - топ (Ә, Б, М, Н, Қ)
Мақал білесің бе? Білімді мыңды жығар. Қорқақ мың рет өледі.
Бұл кезеңнің шарты екі топқа да бірдей « Қарлығаштар» сөзі беріледі. Осы сөздің ішіндегі әріптерден жаңа сөз құрастырыңдар. Қар, ағаш, тар, шал, ғашық, лақ, аш, қаш, арлы, (неше сөз құрастырады, сонша ұпай беріледі)
Қорыту: Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Қазақстан Республикасының өз Елтаңбасы, Әнұраны, Туы, төл теңгесі бар. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының әр азаматының парызы – мемлекеттік тілді білу, оны құрметтеу.
Әділқазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Біліммен тапқырлықтың сайысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты, -
дегендей, ойыншыларымызды бағалау үшін әділқазыларға сөз берейік.