?ндірістегі ж?не т?рмыста?ы пластмассаларды? т?рімен, пластмассаларды? ?асиеттерімен таныстыру. Е?бек саба?ында ж?не саба?тан тыс уа?ытта ??деуге тиімді пластмассалармен ж?мыс істеуге, ж?мыс жасау барысында ??рал-жабды?тарды пайдалану жолдарын ?йрету.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
1.Білімділік: Өндірістегі және тұрмыстағы пластмассалардың түрімен, пластмассалардың қасиеттері мен таныстыру. Еңбек сабағында және сабақтан тыс уақытта өңдеуге тиімді пластмассалармен жұмыс істеуге, жұмыс жасау барысында құрал-жабдықтарды пайдалану жолдарын үйрету.
2.Дамытушылық: Сабақ барысында берілген тапсырмаларға үлгі құрып, сол үлгі бойынша сувенирлер дайындату арқылы оқушылардың шеберліктерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушылардың сабаққа деген композициялық талғамын, эстетикалық ой-өрісін қалыптастыра отырып, шығармашылыққа, шеберлікке, ұқыптылыққа, және бірлесіп жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрден тыс сабақ. (Шығармашылық)
Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту.
Көрнекіліктер: Пластмассадан жасалған ойыншықтар, суреттер т.б.
Қолданған әдебиеттер: Н.Е. Цейтлин, А.П. Демидова «Справочник по трудовому обучению», М.И. Нагибина «Чудеса для детей из ненужный вещей», Крыжановский В.К. Кербер М.Л. «Пройзводство изделий из полимерных материалов» Санкт-петербург 2004ж. Еңбекке баулу 4-сынып 2000ж. «Атамұра»
Сабақтың барысы: Жоспар.
1. Ұйымдастыру.
- Оқушыларды түгелдеп, топқа бөліп орындарына отырғызу.
2. Көңіл күйді анықтау.
3. Жаңа сабақ.
1) «Киндер – сюрприз» тобы.
2) «ТОІ – БОХ» тобы.
3) «ТОҮ- ТОҮ» тобы.
Үш топқа, ыдыста пластмассалардың әр түрінен қиылған, қиындылар алдарына қойылады. Әрбір оқушы алдарындағы затты қолдарымен ұстап, иіп, бүктеп қатты- жұмсақ екені көріп қандай зат, қай жерлерде қолданып жүр, қалай аталатынын айтып береді.
4. Ассоциация құру.
1. Тұрмыстық өндірісте пластмассаларды қай жерлерде қолданады.
2. Техникалық өндірісте пластмассаларды қай жерлерде қолданады.
3. Медецина саласында пластмассалар қай жерлерде қолданады.
Пластмассалар - пластикалық массалар сыртқы жағдай әсерінен белгігі бір пішінге келтіруге қабілетті және сол пішінін сақтайтын, шыны тәрізді не кристалды күйде болатын материалдар.
Қазақстанда пластмасса алу үшін 1973 жылы полимерлер өндірісі 43 млн. жеткен. Құрамындағы қажетті қосылыстардың дұрыс және белгілі мөлшерде алынуын қадағалай отырып, техникалық әр түрлі мақсатқа сай пластмассаларды шығару болатынына көз жеткізген. Алғаш пластмасса өндіру жұмысын Атырау қаласының мұнай – химия зауыдында өндірлген полимер өнімдерін еліміздің 200-ден астам кәсіпорындарына жіберіп отырған.
Қазіргі уақытта пластмассаның беткі қабығынан алынатын (пленка) полимер, поливинилхлорид, полистирол,полиэтилен,полипропилен, поролон , целлофан, жарамсыз материалдар (бросовы материалы) өнімдерінің күнделікті өмірде қолданамыз
1. Поливинилхлорид - пластмассаның бұл түрінен су өткізбейтін плащ, клеенка, скатерть, салфетка, линолеум, еден плиткалары, лак, эмаль, клей т.б. алуға болады.
2. Полистирол – қатты, мөлдір, шыныға ұқсас зат.
3. Органикалық шыны - қатты, жеңіл және мөлдір пластмасса.
4. Полиэтилен – көп таралған синтетикалық материалдардың бірі. Ол жеңіл, мықты, ешқандай иіссіз. Өнеркәсіпте полиэтиленнің екі түрін қолданылады.
1. Тамақ өнімдерінде.
2. Күнделікті өнеркәсіпте.
Полиэтилен еңбекке баулу сабағында және сыныптан тыс уақытта пайдаланылады.
5. Полипропилен - табиғи газдан алынады. өте жұқа, полиэтиленге ұқсас.
6. Поролон – синтетикалық материал. Поролон көмір қышқыл газынан алынады. Поролон өте жеңіл, суды бойында жақсы ұстайды. Жұмсақ мебельдерді жасауда пайдаланады. Бастауыш сыныптарда жұмсақ ойыншықтар жасауда пайдаланады.
7. Фото және кинопленка. Бастауыш сыныпта сыныптан тыс уақытта жұмыс жасауға беріледі.
8. Целлофан - түрі мөлдір, қалындығы 0,01 – 0,06 мм заттарға, тамақ өнімдерін орауда кеңінен қолданылады.
9. Жарамсыз материалдар (бросовы материалы) - көбіне үй шаруашылығында қолданылмай, керексіз лақтырылып тасталынады.
А) Бастауыш сыныпта пластмассамаен жұмыс 4- сыныптан басталады. Бөлінген сағат саны 1 сағ. Көбіне сыныптан тыс уақытта, немесе үйірмелерде жоспар бойынша жүргізіледі.