kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Наурыз мерекесіне арналған "Қош келдің, Наурыз!" тақырыбындағы мерекелік кештің бағдарламасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Қош келдің, Наурыз!" мерекелік бағдарлама 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Наурыз мерекесіне арналған "Қош келдің, Наурыз!" тақырыбындағы мерекелік кештің бағдарламасы»

«Қош келдің, Наурыз!» кешінің бағдарлама


1 - жүргізуші: Қайырлы күн, ардақты ағалар мен аяулы аналар, елі үшін еңбек еткен аса құрметті ардагерлер, қонақтар!

Жер-жаһанды сері самалға өткізіп, жұрттың аузын аққа жеткізіп, нұр тамшыларын аямай төккізіп, қиындықтың бәрін өткен жылға өткізіп, Самарқанның көк тасын ерітіп, алтын күрекпен жер жүзін жібітіп, тас жүректерді мейіріммен үгітіп, жеті қат жер астына дейін балқытып, жыл құстарының әнін шалқытып, Жайықты ерке самалымен өбіп жеткен, әз-Наурыз құтты болсын!

2 - жүргізуші:   Ақ бұлақтарды ақтартып, тізбектеп тырналарды, сүйгізіп сырғаларды, тербелтіп наз қайыңдарды, қаздарды қаңқылдатып, найзағайын жарқылдатып жеткен, «Наурыз- жақсылықтың бастауы» атты мерекелік концертімізге Қош келдіңіздер!

1 - жүргізуші: Күллі  шығыс жұртына ортақ мереке - Наурыздың тарихы тым тереңде жатыр. Күн мен түн теңелетін, ырысы мол мереке біздің жан - дүниемізді шуаққа бөлейді, ой - ниетімізді таза арнаға бұрады. Бұл кешірім мен мейірімнің, үміт пен сенімнің, ізгілік пен түсіністіктің мерекесі. Наурызда айтылған барлық тілек қабыл болады,- деген де наным бар.

2 – жүргізуші: Қазіргі уақытта Наурыз жаңа сипатқа ие болды, ұлтына, діни сеніміне қарамастан Қазақстанды мекендейтін барлық ұлттар мен ұлыстардың ортақ мерекесіне айналды. Халықтар арасындағы достықты бекітуге, бауырластық қарым - қатынастардың нығаюына, әр ұлттың салт - дәстүрінің қайта жаңғыруына осы мейрам үлкен үлесін қосып отыр.

1 - жүргізуші:   Ақ ниетпен өткенге салауат айтып, ақ тілекпен жаңа Наурызды қарсы алайық! Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып, Жаңа Жыл келеді. Ендеше, той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!

Отанымызға – береке, халқымызға – игілік, мемлекетімізге – молшылық, ал әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілейміз!

1 –жүргізуші: Ән: «Туған жер» , Қабыл алыңыздар!

2-жүргізуші: Дүние келер бір рет,

Дария –кеуде тал мүсін

Құштан құйылған құдірет,

Қарттарым аман- саумысың!

Есенсің бе? Қазыналы қарттарым.

Бабалардың бойға жиған салттарын,

Өзіңіздей ұлағатты болуға,

Өсиетіңді жүрегімде сақтармын, – дей келе құттықтау сөз беріледі.



Ән: «Біздің елдің жігіттері» .

1 жүргізуші: Ісі ұрпаққа үлгі –өнеге болатын қадірменді қариялардың елге сіңірген ерен еңбектерінің ешқашан өшпей, ұрпақтар санасында мәңгілік сақталынып, олардың жалпы өзекті мәселелерді шешуде даналық ақыл-кеңестерінің, ағалық ақылдары мен иманды сөздері маңыздылығын жоймайды.

Ақсақалдар сарқылмас дариялар,

Әр сөзіңнен көңілге бақ ұялар.

Сіздерді құрметтейміз, қадірлейміз,

Аяулы ардагерлер, қариялар!-,дей келе сөз кезегі беріледі.

Би: «Көтеріңкі көңіл-күй».


1-жүргізуші: Өлкеме Наурыз келді, көктем келді,

Құлпыртып гүлге орап көк пен жерді,

Халқымның салт-дәстүрін аялаған,

Арманы асқақтады көптен бергі.

Жаңартып, сана-салтымды,

Қуантқан барша халқымды,

Наурыз тойы ел тойы,

Ғасырдан асыр халқыңды.

Ән: «Наурыз -көктем»,

2 жүргізуші: Ерітіп қарын даланың,

Жинатып гүлін саланың.

Жетелеп жұмсақ самалын,

Келді Наурыз – жыл басы.

Күлімдеп қарап күміс күн,

Аспаның бүркіп пүліш түн.

Ұлы күні Ұлыстың.

1-жүргізуші: Аспаныңды мен болайын ай, жұлдызды шарлаған,

Еңбегіммен ер болайын барын саған арнаған.

Бір өзіңдей кең болайын бақыт бердің сен маған,

Қасиетіңнен айналайын туған елім кең далам,- дей келе шақыруды қабыл алып келген алғыс!

Жүргізушілер бірге: Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!














Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Автор: Габдуллина Камила Абаевна

Дата: 16.03.2018

Номер свидетельства: 462184


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства