kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«М?мкіндіктері шектеулі балаларды т?рбиелеу, олармен ?леуметтік, педагогикалы?, психологиялы? ж?мысты ат?ару ерекшеліктері»

Нажмите, чтобы узнать подробности

ДОКЛАД

М?МКІНДІКТЕРІ ШЕКТЕЛГЕН БАЛАЛАР?А ПСИХОЛОГИЯЛЫ?-ПЕДАГОГИКАЛЫ? ?ОЛДАУ К?РСЕТЕ ОТЫРЫП, ?ЛЕУМЕТТІК ОРТА?А БЕЙІМДЕУ

?леуметтік – экономикалы? дамуды?  ?азіргі кезе?інде м?мкіндіктері шектелген балалады?    жеке даралы? ерекшеліктеріне,  ?азіргі ?о?амда?ы  орнына, оларды? мінез-??лы? ж?не мінез ерекшеліктеріне  м?н бермеу б?гінгі 

?о?ам дамуында  м?мкін емес. Дегенмен «ерекше»  балаларды о?ыту мен  т?рбиелеу  ж?не ?леуметтендіру к?рделі  м?селе   болып ?алып отыр.  Атал?ан балалар категориясын  ?о?ам?а  интеграциялау?а  дайындауда?ы  жа?ымды беталыстарды?  алдын-алу  ?шін оларды о?ыту, т?рбиелеу  ж?не барлы?  ?мірлік  ?рекеттерін  ?йымдастыруда  арнаулы (т?зетім)  білім беруді?  ?азіргі  проблемаларын талдаудан  шы?атын жа?а теориялы? ы?пал  жасауды

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««М?мкіндіктері шектеулі балаларды т?рбиелеу, олармен ?леуметтік, педагогикалы?, психологиялы? ж?мысты ат?ару ерекшеліктері»»


Сайрам аудандық білім беру бөлімі



М. Сапарбаев атындағы № 14 ЖОМ





Бағдарлама



Семинардың тақырыбы:



«Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеу, олармен әлеуметтік, педагогикалық, психологиялық жұмысты атқару ерекшеліктері»



Қарасу 2015



«Бекітемін»

Аудандық білім беру бөлімінің басшысы: Қолдасова О.Ш.

«Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеу, олармен әлеуметтік, педагогикалық, психологиялық жұмысты атқару ерекшеліктері»

тақырыбындағы семинарға



Қош келдіңіздер!!!



Семинардың мақсаты:



- Мүмкіндіктері шектеулі балаларға қамқорлық, мейірімділік көрсету және әлеуметтік қолдау көрсету.



Өтетін орны:



М. Сапарбаев атындағы № 14 ЖОМ



Қатысатын мектептер:

М. Сапарбаев атындағы № 14 ЖОМ

С. Датұлы атындағы № 68 НОМ

Н. Шойынбаев атындағы № 33 ЖОМ

Ақбай № 28 ЖОМ

Бескепе №69 ЖОМ

М.Махажанов атындағы №24 ЖОМ





Мекен жайы: Қарасу ауылы, Жібек-жолы көшесі 104

Мерзімі: 15 Қазан 2015

Семинар бағдарламасы


Мерзімі

Іс - шара

Жауапты

Аты - жөні

Өтетін орны

1

10.00-10.15

Қонақтарды қарсы алу, тіркеу

№ 14 М.Сапарбаев атындағы ЖОМ нің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Воронцов Э.Я.

Фойе


2

10.15-10.25

Семинардың ашылуы

№ 14 М.Сапарбаев атындағы ЖОМ нің директоры


Ламаев Р.И.

Фойе


10.25-10.30

Би «Сәлем саған тұған ел»

С. Датұлы негізгі орта мектебінің әлеуметтік педагогі Нышанбаева А.И.

С. Датұлы негізгі орта мектебінің оқушылары

Фойе

3

10.30-10.50

Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеу, олармен әлеуметтік, педагогикалық, психологиялық жұмысты атқару ерекшеліктері.

№ 14 М.Сапарбаев атындағы ЖОМ нің әлеуметтік педагогі, әлеуметтік талдаушысы

Даулетбаева Л.О.

Лапаева П.И.

Фойе

4

10.50-11.00

Инклюзивтік білім беру

Сайрам мүгедек балаларды оңалту орталығының мұғалімдері

Жамал Т.

Медетова Ж.

Избасарова Ж.

Фойе

5

11.00-11.20

Баяндама, слайдтар «Әлеуметтік педагогтың мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеуде алатын орны.»

Қарасу округінің әлеуметтік педагогтары

Орынбекова А.Н.

Нышанбаева А.И.

Рахманова Ж.С.

Әсенбаева А.Ж.

Адамбекова Г.


Фойе

6

11.20-11.30

Жолашар акциясы

Демеушілер



7

11.30-12.00

Открытый урок «Урок литературного чтения. Казахская народная сказка «Лиса и муравей»

№ 14 М.Сапарбаев атындағы ЖОМ

2 «Е» сынып

Тренинг


Сартаева Д.М.

Манжесова С.Н.

Фойе

8

12.00-12.20

Дөнгелек үстел «Мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиялық іс – әрекетінде ата- аналар мен мектептің байланысы»

Ақбай ЖОМ

Адыхамова Д.

Химия каб.

9

12.20 -13.00

Қорытынды

АБББнің әдіскері

Аға оқытушы

ОҚО Білім жастар саясаты және тілдірді дамыту басқармасының бас маманы

Сайрам мүгедек балаларды оңалту орталығының директоры

Қ. А. Мусаева

А.Қ. Бөкешова


М.У. Умирбекова




Е.О. Суттимбетов

Химия каб.


ДОКЛАД

МҮМКІНДІКТЕРІ ШЕКТЕЛГЕН БАЛАЛАРҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТЕ ОТЫРЫП, ӘЛЕУМЕТТІК ОРТАҒА БЕЙІМДЕУ

Әлеуметтік – экономикалық дамудың  қазіргі кезеңінде мүмкіндіктері шектелген балаладың    жеке даралық ерекшеліктеріне,  қазіргі қоғамдағы  орнына, олардың мінез-құлық және мінез ерекшеліктеріне  мән бермеу бүгінгі 

қоғам дамуында  мүмкін емес. Дегенмен «ерекше»  балаларды оқыту мен  тәрбиелеу  және әлеуметтендіру күрделі  мәселе   болып қалып отыр.  Аталған балалар категориясын  қоғамға  интеграциялауға  дайындаудағы  жағымды беталыстардың  алдын-алу  үшін оларды оқыту, тәрбиелеу  және барлық  өмірлік  әрекеттерін  ұйымдастыруда  арнаулы (түзетім)  білім берудің  қазіргі  проблемаларын талдаудан  шығатын жаңа теориялық ықпал  жасауды талап  етеді және  де бұл  мүгедек балаларды  әлеуметтік  қорғауға  қатысты медициналық, педагогикалық, әлеуметтік, әлеуметтік психологиялық және өзге де  проблемалар  комплексін ескере  отырып шешілу қажеттігін туындатады.

Мүмкіндігі шектелген бала ерекше қарауды қажет етеді. Осындай тұлғаны қалыптастыруды нәтижелі  басқару үшін, түрлі жас кезеңіндегі  бала дамуының  өзіндік психологиялық-педагогикалық  заңдылықтары туралы  терең білу керек. Егер адамды тарих пен табиғаттың  бір бөлігінің   өнімі  ретінде биоәлеуметтік  нәрсе  деп қарастырар болсақ,  мұнан  дамуға  әсер ететін  биологиялық (табиғи)  және  әлеуметтік (әлеуметтік орта)  фактор шығады. «Психологиялық  ой түйіндісі  бойынша  физиологиялық кемшілік  әлеуметтік тәртібі нормаларының   бұзылуын  туындатады. Осындай кемшіліктері бар балалардың  барлық  психологиялық  ерекшеліктері  биологиялық емес, әлеуметті құбылыс болып  табылады». (Л.С.Выготский)

Психиканың  тарихи-мәдени  қалыптасу теориясында  Л.С.Выготский  кез-келген  кемшілік, баланың қоршаған ортамен  қарым-қатынасын  шектеуде, оған  адамзаттың  мәдени,  әлеуметтік тәжірбиесін  игеруге кедергі  келтіретініне  баса назар аударады.

Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға өзгелермен бірдей оқуға, жұмыс істеуге, демалуға т.б.  яғни қоғамдық  қоғамдық өмірге араласуға құқық беру қажеттігі еш күмән келтірмейді, дегенмен  бұны шынайы  түрде іске асыру оңай еместігі белгілі.  Білім алу,  қоғамдық өмірге араласу,  түрлі мүмкіндіктерді игеру,  мемлекет,  жергілікті әкімшілік  білім беру жүйесін қолдау  таппаған жағдайда тек қағаз жүзінде  ғана қалып қояды.  Арнаулы білім беру мәселелерін  қайта қараудың  нақты бағыттары білім беру жүйесінде  мүмкіндіктері шектеулі балаларды  интеграциялау  туралы ұсыныстар  және  интеграциялық оқыту  практика барысында қолға алынып, практикаға  енгізіліп, жақсы нәтижелерге қол жетіп жүрген инклюзивтік оқыту барысы және жалпы білім беру мекемелерінің  жанынан ашылып жатқан арнаулы (түзетім)  кластар мен логопункттер.

Психофизиологиялық ауытқушылықтары бар  балалармен психологиялық-педагогикалық  оқытудың  тәрбиелік  сипаты, көрнекілік, жеке ықпал ету сияқты   жалпы дидактика  принциптерімен қатар арнаулы  педагогикадағы түзете-дамыта оқыту және практикалық бағытта оқыту принциптерін  басшылыққа алады.  Дегенмен  осы балалармен жүргізілген жұмыстардың   нәтижелілігі  қосымша  факторларға да байланысты. Ең алдымен  оқу сабақтарының  оқушыларды қоғамдық  тәртіп ережелеріне, белсенділіктерін дамытуға, коммунакабельдік  дәрежесіне сәйкес  келуі  үлкен орын алады.  Сонымен қатар барлық пәндер арасындағы байланыс, яғни бір тақырыптың  түрлі пәндерде қаралып, түсіндірулермен қатар, жағымды тұлға  қасиеттерін  қалыптастыруда  еңбекке оқыту,  еңбекке  баулу ерекше маңызды. Практика барысында оқушыларда  болашақ әлеуметтік  бейімделуіне  өте маңызды  ұжымда бірлесе жұмыс істеу, еңбек етуге деген икем, жауапкершілік сияқты адамгершілік қасиеттері қалыптасады.

Жеке тұлғаны  әлеуметтік бейімдеу  сабақта және сабақтан тыс  уақыттардағы  ұйымдастырылған  сабақтар мен экскурсияларда өткізіледі.  Сабақ барысында арнайы құрылған жағдаяттар бойынша  балалар  қажетті  тұрмыстық  икемдерді, қоғамдық  тәртіп ережелерін  игереді. Ол үшін сабақтан тыс  уақыттарда  төменгі класс  оқушыларымен  «Дүкенде», «Шаштаразда», «Автобуста»  т.б.  сияқты сюжетті-рольді ойында  өткізіледі.  Оқушыларға білгілі бір жағдайда  қалай жасау керектігін бірнеше  рет қайтара  көрсету керек. Бірнеше  қайтара жаттығу,  жүйелі қойылатын талаптар балаларда  қоршаған ортаға икемделуге көмектесетін  жағымды әдеттерді шыңдайды.   Ал танымдық  әрекеттерін дамыту  олардың жеке бас  қасиеттеріне  әсер етеді. Жоғарғы кластарда  жасөспірімдер еңбек әрекетін  сәйкес  бағалай алады, орындаған жұмысының  сапасына да  жәй  қарамайды.  Тапсырманы жаман орындаса қынжылып,  ал жақсы бұйым жасаса жолдасына, мұғаліміне  көрсетіп, мадақтауды ұнатады. Оқушылар осылайша еңбек әрекетіне  қатысудың  маңыздылығын түсіне бастайды.  Бұның бәрі оқушылардың тұлғалық қалыптасуы туралы  айта отырып, олардың өмірлеріндегі еңбектің рөлі мен адамдар арасындағы  қатыр-қатынастың қалыптасуына әсер етеді.

Тәрбиеленушілерді  әлеуметтік оқыту барысында көрнекі құралдар негізгі тиімді әдіс болып табылады.  Бұл жерде көрнекілік шынайылық  деген мағынаны білдіреді. Педагог мүмкіндіктері шектелген балаларды экскурсия, сюжетті-рольді  ойындар, ертегі қойылымдар, театрландырылған  қойылымдар барысында  сыртқы ортаның қасиеттерімен, құбылыстарымен   таныстырады.  Бұл оқушылардың мүмкіндіктерін  пайдалана отырып,  өздеріне қызмет ету,  тұрмыста және арнаулы  өндірісте  қиын емес еңбек операцияларын  орындауға, мүмкіндігінше  қоршаған ортаға икемдеуге  бағытталған жұмыстар. Осындай жұмыстар барысында дамуында проблемасы бар балалар   белсенділік көрсетіп, өз  беттерінше жұмыс  істей  алуға, түрлі жағдаяттар  барысына сай әрекет етуге, өзін өзгелердің  бағалауына парапар  ұстауға үйренеді.  Түзетім жұмыстары барысында  жасаған жұмыстарына  сын көзбен қарауға  үйреніп қана қоймай,  салыстырмалы түрде бағалауға, өзгелердің сындарын қабылдай және текшелей алуға, керек кезінде жолдастарын қолдауға, көмек қолын созуға үйренеді.

Психологиялық-педагогикалық жұмыстарының бағыты ерекше балалардың қоғамдық өмірге араласулары үшін  әлеуметтік-тұрмыстық білім  мен икемдерін қалыптастыру   екенін назарда ұстай отырып, педагог  арнайы сабақтарда  оқушылардың көлік,  пошта,  қоғамдық орындарда өздерін ұстай алу, қажетті хабарламалар мен  жарнамалық ақпараттарды түсіне бастауға үйрету  керектігін де басты назарда ұстайды. Мысалы, жаяу жүргіншіге арналған белгілер, ойнауға тиым салынатын  белгілер, қандай мекеме екенін білдіретін сыртқы жарнамалар немесе жақын жердегі асхана, қонақ үй, емхана бар екені туралы айтатын белгілерді көріп, керегіне жарата алу, кез-келген жағдаятта шығатын жол болатынын түсіндіру  әрине  жалпы пәндерге оқыту барысында алатын біліммен байланысты.  Мүмкіндіктері шектелген  балаларда қоршаған  орта туралы сәйкес түсінік қалыптастыру көп жағдайда педагогтың  оқыту мен тәрбиелеудің  түрлі әдістері мен формаларын қолдана отырып,  дұрыс педагогикалық процесс ұйымдастыруымен анықталады. Ерекше көзқарасты қажет ететін  балардың дамуы оқу мен тәрбие барысында практикалық әрекеті негізінде құрылады. Сондықтан бұл балаларды  өмірге бейімдеу экскурсия және сабақтар, түрлі ойындар формасында ұйымдастырылып, бала дамуында жетекші орын алады.  Егер пәндік сабақтарда  «Тағамдар», «Дүкенде»  тақырыптары өтілсе, сабақтан тыс уақытарда тақырыптық эксурсия өткізудің маңызы ерекше. Бірақ  оқушылар белгілі бір объектіні сырттай бақылап қана қоймай, ересектердің әрекеттеріне  еліктей отырып, өздеріде жас шамаларына қарай әрекет ете алатындай етіп ұйымдастыру өте маңызды. Мысалы, дүкен жұмысын бақылаудағы экскурсиялар  балалар сауда залдарында жүріп  түрлі бөлімдерді белгілер арқылы анықтауға болатынын, әр тағамның жарамдылық, сақтау ерекшеліктеріне қарай бөлінетінін біліп қана қоймай, олардың өздері саудаларын төлеуге, сатушыдан керектерін сұрауға, сатып алған затын сөмкесіне орап салуға,  сөмке сақтауға арналған шкафтарды, телешкілерді   қолдана алуға,  ең аяғында  дүкендегі қалыптасқан қоғамдық тәртіп ережелерін сақтауға үйренетіндей  және өздері әрекет  жасайтындай  етіп жоспарлану керек. Мұндай экскурсия үлкен, егжей-тегжейлі ұйымдастыру жұмыстарын қажет етеді. Егер педагог әрбір ұйымдастырылатын әрекет, іс-шаралардың білімділік, дамытушылық, тәрбиелік  мақсатын, алынған материалдарын игертіп қана қоймай, балаларға (экскурсия барысына есеп беру, әңгіме жазу  немесе бір оқушының әрекеттерін сипаттау) т.б.  тапсырмалар жүйесін дайындаса, бұл мүмкіндіктері шектелген балаларды  өз ісіне, жұмысына, берілген тапсырмаларды орындауға дағдыларын қалыптастырумен қатар, оқушыларға үлкен жауапкершілікті сезіне бастауға дайындап, жүктей бастайды. Мысалы, төменгі кластарда ұйымдастырылатын ойындардың өзінде жеке баланың әрекеті барлық ұжымның әрекетімен тікелей байланысты  екенін түсіндіру.  Яғни, «Кітапханада»ойыны барысында бір оқушы кітапханашыдан керек кітабын сұрамаса, кітапханашы ол балаға керек кітабын тауып баре алмайтыны, ойын желісі осы жерден үзіліп қалуы мүмкін. Немесе қимылды ойындар барысындағы ойын ережесін қатаң сақтау керектігін түсіндіру. Ал ойын ережесі сақталмаған жағдайда  ойын барысы осы жерден үзілетіні туралы түсіндірілумен қатар, ережені сақтамаудың себебі мен салдарын түсіндірудің де маңызы ерекше.

Практика  мүмкіндіктері шектелген  балалар жүйелі  жүргізілетін  психологиялық-педагогикалық жұмыстар нәтижесінде тігін машинасында, компьютерде, қылқаламмен  көптеген  әдемі туындылар жасай  алатынын, белгілі бір еңбек даярлығын, кейін  түрлі өндірісте  ұжыммен бірлесе отырып, мүмкіндігіне сай айналыса алатын еңбек  түрін  анықтай алатынын көрсетіп отыр.

Қорыта айтқанда  бала-ата-ана-педагог, отбасы және білім мекемесі арасындағы  сабақтастықтың ойдағыдай  жүзеге асуы тұлғаның әлеуметтік бейімделуінің  алғы шарттарының бірі болмақ.

Әдебиеттер:

А.Р.Маллер «Социальное воспитание  и обучение детей с отклонениями в развитии».

Л.И.Акатов «Социальная  реабилитация  детейс ограниченными возможностями здоровья».

Журнал «Дефектология», 2007-2  «Педагогические  условия социальной реабилитации детей  со сложной структуой дефекта» Сайтханов А.Ф.

Журнал «Дефектология», 2000-4  «Социально-психологические особенности детей с нарушениями речи », В.И.Терентьева

Журнал «Дефектология»  «Социальный педагог в школе для глухих детей », И.Л.Соловьева, И.В.Цукерман

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ

- ӘЛЕУМЕТТІК ОРТАҒА ЕНГІЗУ ТӘСІЛІНІҢ БІРІ

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында даму мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қоғамдық ортаға кіріктіру мәселелеріне зор көңіл бөлу қажет екені көрсетілген.«Мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс. Бізде аз емес ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге тиіс – бұл өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз».

Қоғамда демократизация және жаһандану үрдістері әрбір  адам үшін білім алу, олардың  жеке қабілеттерін дамыту, тұлғаны әлеуметтік интеграциялау мүмкіндігі мен тең құқықтың құрылуы қажет екені қарастырып отыр.

Жас ұрпақты тәрбиелеуде, оның бойындағы туа біткен табиғи мүмкіндіктерін дамыту, бағалау, сенім, үлгі көрсету, талап ету арқылы жауапкершілігін жетілдіруге, ынтымақтастық педагогикасын пайдалану арқылы жеке тұлғаны қалыптастыруға болады.Баланың дамуы бұзылған кезде оның қоғамда әлеуметтену процесі және  әрі қарай бейімделуі қиындайды.Қамқорлаумен қатар емдеу туралы ол қоршаған ортада «Өз орнын  таба ала ма, қанағаттанып толықтай өмір сүре ала ма?» деген сұрақ туады.Ол үшін не істеу қажет? Бұл үшін мүмкіндігі шектеулі балаларды  әлеуметтік оңалту және  бәрінен бұрын  оларды белсенді әрекет пен қоршаған ортаны тану үшін мүмкіндік беретін шынайы әрекеттерге тарту қажет.

Әлеуметтену – ол барлық әлеуметтік процестердің қосылуы. Бұл арқылы тұлға белгілі бір білім жүйесін, ережесін, құндылығын меңгереді және қоғамның  толық мүшесі болып саналады, мәдениеттілікке  тәрбиеленеді. Мемлекет даму мүмкіндігі шектеулі азаматтардың білім алуына, дамуында ауытқуды түзетуіне және әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасауды қамтамасыз етеді. Қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қоғамның көзқарасы өзгерген сайын оларды әлеуметтік ортаға бейімдеудің көптеген түрлері қарастырылуда.

ҚР «Білім туралы» Заңындағы 6 бапқа сәйкес: «білім беру саласындағы жергілікті өкілді атқарушы органдардың құзыреті – мүмкіншілігі шектеулі тұлғаларды оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз ету»  туралы айтылады.

«Бала бойындағы кемістігін толықтырудың екі түрлі ерекшелігі бар, оның бірі – бала психикасының даму шамасына орай тәрбие талаптары, екіншісі – кемістігін қалпына келтірудегі өз бойындағы ерекшеліктері мен мүмкіндіктері»- деп Л.С.Выготский атап  көрсетеді.Бала бойындағы кемістікті әлеуметтік жолмен толықтыруға болады.Ол үшін кемтар балаларға үнемі қамқорлық көрсетіп, оқыту мен тәрбиелеу істерін жүйелі түрде жүргізіп отыру керектігіне ерекше мән берген.Әрбір баланың бойында мүмкіншілігі мен ерекшелігі болады, тек оны ашып, қолдау көрсетіп, дамыту қажет. Әр бала өзінше жеке тұлға болып табылады. Бала дамуындағы ауытқушылық – бұл түсіністік шеңберіндегі қателік. Айналасындағылардың қанағаттанарлықсыз қатынасы бұл жетіспеушілікке әкеледі, ал бұл аурудың емес, қоршаған ортаның мәселесі. Қазіргі уақытта елімізде 563 мыңнан астам мүгедек жан тұрады, олар халықтың жалпы санының  3% -нан астамын құрайды. Осы санның ішінде

58 мың мүгедек бала бар.Бүгінде мүгедектік және мүгедектерді әлеуметтік қолдау ұғымы өзгеріп, жаңа сипатта іске асырылуда. Айталық, бұған дейін Үкіметтің алдында тек әлеуметтік төлемдерді уақтылы төлеу мәселесі ғана тұрса, қазіргі таңда бұл міндеттің ауқымы кеңейіп, мүгедектерді оңалту, оларды қоғамға кіріктіру мәселелерін қамтиды.

Мүмкіндігі шектеулі баланы қоғамға енгізудің қиындығы, бір жағынан бала дамуындағы дене және психологиялық ауытқулары болса, екінші жағынан әлеуметтік жүйенің дұрыс қалыптаспағандығы, мүмкіндігі шектеулі баланың қалыпты өмір сүруіне кедергі келтіреді. Әлеуметтенудің мәні адамның қоғамға бейімденіп, жекеленуі болып табылады. Тұлғаны әлеуметтендіруде тек қана қоғам емес, ең бірінші әрбір адам белсенді рөл атқаруы тиіс.Мүгедек бала еркіндікті, әлеуметтік интеграцияны қамтамасыз ететін ортада толыққанды және лайықты өмір сүруіне көмектесетін ерекше күтім, білім және қажетті дайындық алуға құқылы.

Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды қоғамға қосудың екі жолы бар екенін атап өтуге болады:

1) Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды  қоғамға қосуды және қоғамның мүгедек балаларды өздеріне қабылдауға деген дайындығын қарастырады.Бұл жағдай елімізде енді қолға алынып жатыр.

2)Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды қоршаған ортаға бейімделуін қарастырады.Бұл кезде мүмкіндігі шектеулі тұлға қоғамға қосылудың объектісіне айналады, яғни олардың әлеуметке  үйлесімді түрде ену мүмкіндіктерін шектейді.

Жас ұрпаққа үздіксіз білім мен тәрбие  беруді жетілдіру- қоғам алдындағы өзекті мәселелердің біріне айналып отыр.Өйткені қоғам дамыған сайын, әлеуметтік  сұраныста күрделенеді. Юнеско білім беру мазмұны бойынша білім мен тәрбиені әлеуметтендірудің келесі  түрлерін белгілеуге болады:

-тұлғаны өз бетінше білім алуға үйрету;

-тұлғаны өз бетінше өмір сүре білуге үйрету;

-тұлғаны өзгелермен бірлесе өмір сүруге, еңбек етуге үйрету;

-тұлғаны өзін-өзі дамытуға, өз бетімен жұмыс істеуге үйрету.

Қоғамдағы  әлеуметтік  сұраныстағы тұлғаның қалыптасуы  екі түрлі мағынаны білдіреді.Оның біріншісі, қоғамда адамдардың өзара қарым-қатынасы, өмір сүруге бейімделуі, өзін-өзі дамытуы, өзін-өзі реттеу, ал екіншісі – қоғамда адамдардың өзіндік дамуы, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайды жақсарту және ұлттық, әлемдік мәдени құндылықтарды меңгеру.Адам қоғам иесі бола отырып өзін-өзі тәрбиелейді, ал қоғамды әлеуметтендіру – қоғам иесі адамды жан-жақты қалыптастыру, яғни  қоғам талабына сай әлеуметтенуі.

Әлеуметтік ортаға енгізу -әлеуметтік қатынастың жалпы жүйесіне және баланың өз жағдайына қарай білім алу ортасына мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік бейімделуін қалыптастыру.
Бейімделу – бұл жеке тұлғаның әлеуметтік құрылымдарға енуі.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік ортаға енгізудің негізгі бір факторы - ортаны мүмкіндігі шектеулі баланы қабылдауға дайындау.

Әлеуметтендіру бұл процесс белгіленген әлеуметтік жағдайларды жеке тұлғаны қалыптастыру, әлеуметтік тәжірибелерді меңгеру процесі, бұл кезде адам сол ортада, топта қабылдаған мінез-құлық ережесіне қалыптасып кетеді.

Қазақстан Республикасының білім беру ісін дамыту жөніндегі  2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында  аса маңызды міндеттердің бірі  мектепке  инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіру екендігі атап көрсетілген.Инклюзивті  білім негізіне қаланған идеология:  барлық адамдарға бірдей қарым-қатынасты  қамтамасыз ету, бірақ  мүмкіндігі шектеулі жандарға ерекше  жағдай жасау. Жалпы және арнаулы білім беретін мекемелерді қарама-қарсы қоймай, қайта жақындатып, арасындағы шекарасын ашады. Балалар өздерін еркін сезіну үшін, өз құрдастарымен бірдей болу үшін біздің мекемеде әр түрлі шаралар ұйымдастырылады.

Аталған мәселе аясында өзім Ақтөбе облыстық арнаулы (түзетім)есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернаттағы «Өнерлі өрге жүзеді» тақырыбында  өткізген өнер кеші дәлел деп ойлаймын.Дөнгелек үстелде есту қабілеті бұзылған оқушылармен Ақтөбе облыстық М.Құсаинов атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты,Ақтөбе қаласының көркемсурет лицейі  және Ақтөбе қаласының Қазанғап атындағы балалар өнер мектебінің оқушылары кездесті.Қатысушылар арасында шебер-класс ұйымдастырылды.Бейнелеу өнерінің пейзаж жанры бойынша эскиз жасады.Бейнелеу студияларына қатысатын жеткеншектер өз жұмыстарын ортаға ұсынды.Ең бастысы- балалар арасында жылы қарым-қатынас байқалды.Жасөспірімдерге үлгі ретінде атақты суретші,Бейнелеу өнері студияның жетекшісі, «Ерен еңбек үшін» медалінің иегері, «Жыл адамы-2013» Телеушев Таймас Ниязбекұлының еңбектері мен жетістіктері ұсынылды.Өнер кешінен қатысқан оқушылары ерекше әсер алып, жаңа шабыттарға толды.Осындай кездесу кештер  мүмкіндігі шектеулі жандар үшін өте маңызды.

Оны ұйымдастырған кезде есту қабілеті бұзылған  жасөспірімдер  өз  мүмкіндігіне қарай  белсенді қатысып, өз құрдастары тарапынан мейір мен сыйластыққа ие болады.

Мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік ортаға бейімдеу, кіріктіру барысында әр түрлі кездесу кештер,үйірмелер, фестивальдар, спорттық жарыстар,байқаулар, сайыстар, саяхаттар, сапарлар, концерттер өткізуге болады.Олар әлеуметтік кіріктірудің тиімді түрлері болып саналады.Қызықты және тартымды  шаралар коммуникативтік сапаларды қалыптастырып, өзін-өзі білдіру, өзін-өзі ашу, өзін-өзі тану үрдістерін  жеделдетуге мүмкіндік береді және әлеуметтік бейімделу үшін қолайлы жағдай жасалады.

Жоғарыдағы жағдайларды айта отырып,келесідегідей қорытынды жасауға болады:

1.Әлеуметтік ортаға кіріктіру барысында білім алуға мүмкіндіктері әртүрлі балалардың жалпы және арнайы педагогикалық жүйесінің адамгершілік баламасы болып табылады;

2.Бейімдейге байланысқан балалар өз әлеуметтік тәжірибесін байыта отырып,бала ұжымында қалыпты қарым-қатынасты орнатуға үйренеді;

3.Мүмкіндігі шектеулі балалар әлеуметтік, адамгершілік жағынан жан жақты дамуға мүмкіндік алады.

Қоғам қолдау көрсеткен ортада алынбайтын қамал жоқ деп ойлаймын.

 



























Мүмкіндігі шектеулі баларды әлеуметтік бейімдеу мен қоғамға тарту шаралары

Әр адам қайталанбас тұлға болып есептеледі, сондықтан адам, адамгершілік тұрғылық қарым-қатынасқа құқылы. Әлеуметтік ортаға енгізу -әлеуметтік қатынастың жалпы жүйесіне және баланың өз жағдайына қарай білім алу ортасына мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік бейімделуін қалыптастыру.
Мүмкіндігі шектеулі баланы қоғамға енгізудің қиындығы, бір жағынан бала дамуындағы дене және психологиялық ауытқулары болса, екінші жағынан әлеуметтік жүйенің дұрыс қалыптаспағандығы , мүмкіндігі шектеулі баланың қалыпты өмір сүруіне кедергі келтіреді. Әлеуметтенудің мәні адамның қоғамға бейімденіп, жекеленуі болып табылады. Тұлғаны әлеуметтендіруде тек қана қоғам емес, ең бірінші әрбір адам белсенді рөл атқаруы тиіс.Мүгедек бала еркіндікті, әлеуметтік интеграцияны қамтамасыз ететін ортада толыққанды және лайықты өмір сүруіне көмектесетін ерекше күтім, білім және қажетті дайындық алуға құқылы.
Бейімделу – бұл жеке тұлғаның әлеуметтік құрылымдарға енуі.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік ортаға енгізудің негізгі бір факторы, ортаны мүмкіндігі шектеулі баланы қабылдауға дайындау. Мүмкіндігі шектеулі баланы әлеуметтік ортаға енгізудің екі жолы бар. Бірінші жолы , мүмкіндігі шектеулі баланы қоршаған ортаға бейімдеу. Бұл жолдың кемшілігі – біржақтылығы. Бұл жолмен керекті нәтижеге жету мүмкін емес, әлеуметтену процесі екі жақтылы болуы керек. Бұл дайындық процесінде интеграцияның объектісі ғана емес, сонымен қатар белсенді субъектісі болу керек.
Екінші жолы мүмкіндігі шектеулі баланы әлеуметтік ортаға енгізу дайындығымен бірге, әлеуметтік ортаны мүмкіндігі шектеулі баланы қабылдауға дайындау. Негізгі факторы да осы.
Мемлекет даму мүмкіндігі шектеулі азаматтардың білім алуына, дамуында ауытқуды түзетуіне және әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасауды қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының азаматтарының денсаулығын қорғау жөніндегі заң құжаттарында айтылғандай, мүгедектер, оның ішінде мүгедек балалар және бала жасынан мүгедектер медициналы-әлеуметтік көмек алуға, оңалтылуға (реабилитация), дәрі-дәрмектермен протездермен, протезді-ортопедиялық бұйымдармен,жеңілдік жағдайларда қозғалыс құралдарымен қамтамасыз етілуге, сондай-ақ кәсіби даярлану мен қайта даярлануға құқықтары бар. Лев Семенович Выготский:- «Бала бойындағы кемістігін толықтырудың екі түрлі ерекшелігі бар, оның бірі – бала психикасының даму шамасына орай тәрбие талаптары, екіншісі – кемістігін қалпына келтірудегі өз бойындағы ерекшеліктері мен мүмкіндіктері»- деп атап көрсетеді. Сондай – ақ ол бала бойындағы кемістікті әлеуметтік жолмен толықтыруға болады деді, ол үшін


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Автор: Даулетбаева Ляззат Оразбековна

Дата: 24.02.2016

Номер свидетельства: 298201


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства