kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Мұзарт шыңның мұзбалағы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

1-жүргізуші. Мұқағали Сүлейменұлы ашаршылық жылдары, нақтырақ айтсақ, 1937 жылы ақпан айының 9-зы күні дүниеге келген. Ашаршылықпен қатар сұрапыл соғыс жылдарына куә болып, көп қиындықты бастан өткерді. Сол оқиғалар ақын шығармашылығында кеңінен көрініс тапты.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Мұзарт шыңның мұзбалағы"»

1-жүргізуші. Мұқағали Сүлейменұлы ашаршылық жылдары, нақтырақ айтсақ, 1937 жылы ақпан айының 9-зы күні дүниеге келген. Ашаршылықпен қатар сұрапыл соғыс жылдарына куә болып, көп қиындықты бастан өткерді. Сол оқиғалар ақын шығармашылығында кеңінен көрініс тапты.


2-жүргізуші.

Сенің қандай аңсаймын «тамашаңды»,

Соғыс келді, жүрекке жара салды.

Шапан еттім төсенген алақанды,

Қамқор тұтып, қауқарсыз қара шалды, -

деп жырлайды ақын.


1-жүргізуші. Ақынның есімі халық арасында еш ұмытылған емес. Бүгінде еліміздің бүкіл өңірі жыл сайын ақиық ақынға арналған жыр кешін өткізеді. Біздің де білім ордамызда өтіп келген әдеби кеш ақынның ел аузында жүрген өлеңдері мен ұмыт қала бастаған жыр жолдарына арналатын еді. Міне, ақынның туған күнінде дәстүрге айналған жыр кешін «Мұқағали оқуларымен» жалғастырғалы отырмыз.


1-жүргізуші. «Мұзарт шыңның мұзбалағы» деп аталатын кешімізді ашық деп жариялаймыз!

2-жүргізуші. Кешімізге қош келдіңіздер!


1-жүргізуші. Алдымен «Мұқағали оқуларының» негізгі қатысушыларын ортаға шақырсақ. Шара бірінші және екінші курс студенттерінен жиналған 5 топ арасында өтетін болады.


2-жүргізуші. 11-топ.................................................................................., 12-топ......................................................................................................................, 13-топ......................................................................................................................

1-жүргізуші. 21-топтың атынан.......................................................................,

22-топтан...............................................................................................................

Құрметті Мұқағали оқуына қатысушы студенттер барлығыңызға сәттілік тілейміз. Алдымен үстелдегі нөмірді алып, реттеріңізді анықтап алайық.

2-жүргізуші. Ал бүгінгі сайысымызда талапты студенттердің өнеріне өз бағасын беретін әділ-қазылар:...................................................

1-жүргізуші. Енді көрермендерімізге де түсінікті болу үшін сайыстың шарттарымен тағы да бір таныстырып өтейін.....

Бірінші кезең - «Поэзия, менімен егіз бе едің?!» - деп аталады. Бұл кезеңде қатысушылар Мұқағали өлеңін жатқа оқиды (қатысушы өлеңді мәнерлеп оқи білуі және сахнада өзін ұстау мәдениетін сақтай білуі керек);

Екінші кезең – «Жүрегім менің – жанартау!» - кезеңі. Бұл кезеңге сәйкес қатысушылар ақынның «Аққулар ұйықтағанда» атты поэмасын әр топтан екі қатысушы жатқа оқитын болады.

Ал, үшінші кезең - «Жырлайды жүрек» - деп аталады. Бұл кезеңде жүргізушілер ақын өлеңінен үзінді оқиды. Ал Қатысушылар жыр шумақтарының тақырыбын тауып, мазмұнын ашып, талдайтын болады.

Соңғы кезең - «Қайран, Қарасазым-ай!» - деп аталады. Бұл кезеңде қатысушыларға белгілі бір уақыт ішінде жауап беруге тиісті 5 сұрақтан қойылады (яғни ақын өмірі, туған жері, отбасы және шығармашылығы төңірегінде сұрақтар қойылады). Әр сұрақ бір ұпаймен есептелінеді.

Сонымен қатар, топтың өзге де мүшелері ақын өмірінің әр түрлі кезеңдеріне арналған буклет жасауы тиіс болатынғ. Бұл жұмыстарға топтың жұмыс ретінде әділ қазылар өз бағасын береді.Және әр кезең сайын қазылар өз бағасын 5-10 ұпай аралығында бағалай алады. Егер сайыстың шарттары түсінікті болса бірінші кезеңімізді бастаймыз.


2-жүргізуші. Мұзтауды мекен еткен бүркіттің төресін Мұзбалақ дейді екен. Бұл теңеу қазақ поэзиясында Мұқағалиға қатысты қолданылады. Шындығында да бүгінгі кеште Мұқағали өлеңдері көңіл көкжиегімізде қырандай қалықтайды деп ойлаймыз.


1-жүргізуші. Ендеше, бірінші кезеңнің шартына сай 11-топ студенттерін кезегімен ортаға шақырамыз.

12-топ

13-топ

21-топ

22-топ


1-жүргізуші. Қатысушылар екінші кезеңге дайын болғанша ортамызға Мұқағалидің өлеңіне жазылған әнді орындауға .....топ студентін шақырамыз.


2-жүргізуші. «Поэзия – ғылым. Зерттеу керек. Адам өмірінің, адам жанының зерттелмеген, қалам тартылмаған несі қалды? Соны табу, соны зерттеу керек. Адам сезімін жан-жақты зерттейтін құдірет болса, ол – тек поэзия» - дейді ақын өз күнделігінде. Адам жанының инженеріне айналған ақын іздене жүріп, өмірде көпі көреді. Шынайы ізденістен, өмірдің өзі көрсеткен түрлі шытырман оқиғалардан тұратын ақын туындыларының бірі -«Аққулар ұйықтағанда» поэмасы.

1-жүргізуші. Сайысымыздың келесі кезеңі Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» атты поэмасына арналады. Әр топтан 2 студент аталмыш поэманың төрт бөлімін екі-екі кезеңнен бөліп жаттайды деген жеңілдік берілген болатын. Жеребе бойынша алғашқы топтан бастаймыз. Әділ-қазылар мүшесі сіздерді тоқтатып, поэманың белгілі бір бөлігін сұрай алады. Дайын болсаңыздар екінші кезеңімізді бастайық.

1-топ

2-топ

3-топ

4-топ

5-топ


1-жүргізуші.

Тасығанда теңіз болып толатын

Ашынғанда гүлдей қурап, солатын.

Өлең үшін өмір сүрген сол ақын,

Мұқағали Мақатаев болатын.

Оның табиғаты өзгеше өлеңдерін сүйсіне оқитын студенттеріміздің жыр жолдарына кезек берсейік. Өз өлеңін оқиды.


2-жүргізуші. Мұқағали Мақатаевтың көзі тірі болғанда бүгін 86 жасқа толатын еді. «Жақсының – аты, ғалымның – хаты өлмейді» - демекші, 45-жылдық ғұмырында «Шаң басқан архивтен» емес, кез келген кітап сөресінен табылатын өшпес туынды қалдырып кетті. Ақынның «Отан», «Достық», «Үміт» және тағы да көптеген тақырыптарға арналған өлеңдері әлі күнге дейін жадымызда сақтаулы.

1-жүргізуші. Олай болса, ақынның өлеңдеріне арналған үшінші кезеңімізді бастайық. Бұл кезеңде қатысушылардың ақын өлеңдерін қаншалықты білетіндіктері және тақырыпты қаншалықты түсінетіндігіне куә боламыз. Біз бір өлеңнің шумағын оқимыз, сіздер, қай өлеңнен алынғандығын айтасыздар әрі мазмұнына тоқталасыздар.

1-топқа:

1.Дүниенің ағын да, қарасын да,

Мыңқ етпейсің, қабылдап аласың да.

Қарсымен шамаң жоқ таласуға

Ей, өмірім, зымырап барасың ба?!


Жел мен көктің желпініп арасында

Желігесің, түсесің қара суға

Құйын қуған қаңбақтай аласұра

Ей, өмірім, зымырап барасың ба?!


2-топқа:

Қалақтай едің,

Қабіріңде қалақ тұр

Туғаныңды, өлгеніңді санап құр.

Сенің аңқау құлағыңдай қалқиып

Қыр басынан қала жаққа қарап тұр.


Қойман ботам, керегі не көк тастың

Қыста ақ қар, жазда шалғын шөп бассын

Өзің келген май айында ақ нөсер

Ағыл-тегіл бізбен бірге жоқтассын.


3-топқа:

Құс та болғым келмейді!

Қанатым бар.

Қанатым бар күмістен жаратылған.

Сәби болғым келеді, сәби болғым.

Мына өмірден хабарсыз жаңа туған.


Тар бесігі – кең жаһан тарылмаған.

Біреуге бар, біреуге табылмаған.

Сәби болғым келеді сәби болғым.

Ана сүті аузынан арылмаған.


4-топқа:

Дос болам десең, досыңды сыйла, қымбаттым.

Досыңа сонда досыммен ғана қымбатпын.

Дос болам десең мендегі доспен достасқын

Сендегі доспен дос болып сонда тұрмақпын.

Достарың көппе?

Апыр ау неткен жақсы едің.

Досым аз менің, досым ау менің, тапшы емін

Достарыңменен достастыр мені асылым.

Достастыр мені, болайын құлың нақ сенің


5-топқа:

Тамаша еді жазғы орман

Құстар сайрап, мәз болған.

Көлшіктерде, суларда

Үйрек ұшып, қаз қонған.


Шыбын-шіркей қаға ма

Шоршып судан ақ шабан

Таз тырна отыр жағада

Сыңар аяқ, ақ қабақ.








2-жүргізуші. Мұқағали жырларының халықтың жүрегінен орын табуының өзіндік сыры бар. Себебі ақын қазақтың тамырын дөп басып, оқырманның жан дүниесіндегі жайттарды жырына арқау етті. Қазақтың атам заманнан қалыптасқан қара өлеңін түрлендіре білді. Өз сөзімен айтсақ, «Күпі киген қазақтың қара өлеңін, шекпен жауып» өзіне қайтарды.


1-жүргізуші. Соңғы кезеңіміз Мұқағалидың туған өлкесі «Қарасазға» арналады. Бұл кезеңде ақын өмірі мен шығармашылығына байланысты әр топқа 5-сұрақтан қойылатын болады. Әр сұрақ 1-ұпаймен есептелінеді. Ендеше соңғы кезеңімізді бастайық.

1-топ,

2-топ

3-топ

4-топ

5-топ


2-жүргізуші. Әділ-қазылардың шешімі дайын болғанша ортада ән шырқайды.


2-жүргізуші. Кеңестік империяның қылышынан қан тамып тұрған тұста Мұқағали «Дін ғылымның атасы» деп айрықша батылдық танытқан. Абай «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» десе, Мұқағали «Алсын жанды, ант етем, ант етемін, Алла есімін жүректен ұшырған күн» деп жырлады. Тағы бір өлеңіндегі «Құбылаға бет алып, қол қусырып, Сәждеге жығылатын қайда күнім?» деген жыр жолдарына қарап, ақын арманының асқаралы белесін көргендей боламыз.

1-жүргізуші.

Ең бірінші бақытым Халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ал екінші бақытым Тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім

Бақытым бар үшінші Отан деген, - деп жырлаған ақиық ақын халқы үшін аянбай еңбек етті. Мұзбалақ ақынның жақсылыққа шақырған өлеңдері әрдайым соңынан сауап болып барып тұрсын деген тілекпен кешімізді аяқтаймыз.











Сұрақ:

  1. Ақынның туған жылы?

  2. Ақынның анасы кім?

  3. Ақын өлеңдері қай жанрға жатады?

  4. «Қарлығашым, келдің бе?» атты жыр жинағы қай жылы жарыққа шықты?

  5. Мұқағалидың қандай өлеңдеріне ән жазылды?

  6. «Қайран, Қарасазым-ай» өлеңі қандай тақырыпта жазылған

  7. Ақынның поэмаларын ата?

  8. Өмір жайлы жазылған өлеңдері қандай?

  9. Ақынның ұлдары кім?

  10. Мұқағали қай ғасырдағы қазақ поэзиясының өкілі?



2-топ

  1. Мұқағали қай жылы дүниеден өтті?

  2. Әкесі кім?

  3. Ақын қай жанрда көбірек қалам тербеген?

  4. «Жырлайды жүрек» жинағы қай жылы жарық көрді?

  5. «Есіңе мені алғайсың» өлеңінің әнін жазған сазгер?

  6. «Жас қайың» өлеңі не туралы?

  7. «Ал екінші бақытым тілім менің» өлең жолдары ақынның қай өлеңінен алынған?

  8. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы неше бөлімнен тұрады?

  9. Ақынның махаббат жайлы өлеңдерін ата?

  10. Өмірінің соңғы кезеңдерін қай жерде өткізеді?



3-топ

  1. Ақын қай жерде дүниеге келген?

  2. Ақынның жары кім?

  3. Ақын шығармашылығының басты тақырыптарының бірі?

  4. Қай жылы республикалық радионың директоры қызметін атқарады?

  5. «Саржайлау» өлеңінің әнін жазған кім?

  6. Ақынның туылған күнінде жазған өлеңі қалай аталады?

  7. Ақынның азан шақырылып қойылған аты?

  8. Ақын кімдерге арнап арнау өлең жазады?

  9. «Райымбек! Райымбек!» поэмасының негізгі кейіпкерлері кімдер?

  10. Ақын жырларындағы Шәміл кім?

4-топ

  1. Ақынның дүниеден өткен жері?

  2. Ақын әжесі кім?

  3. «Ғабаңа», «Төлегенге», «Шәмілге жазған хаттардан» атты туындыларын өлеңнің қай түріне жатқызамыз?

  4. Ақын қандай журналдарда қызмет еткен?

  5. Мұқағали өлеңдеріне ән жазған сазгерлерді атаңыз?

  6. Ақынның өзі айтқан үш бақыты?

  7. Діни тақырыптағы өлеңдері қалай аталады?

  8. Ақын сырласқан қазақтың ақын қызы?

  9. Ақынның «Аманат» жинағы қай жылы жарық көрді?

  10. Қай жылы дүниеден өтті?

5-топ

  1. Ақын қанша жыл өмір сүрді?

  2. Ақын қыздарының есімі?

  3. Ақынның жоқтау жазған қызы кім?

  4. Көзі тірісінде жарық көрген жыр жинақтары қандай?

  5. «Күрең күз» өлеңін алғаш сахнада орындаған кім?

  6. Әжесіне арнаған өлеңдері?

  7. Атасының аты кім?

  8. Ақын қай жылдары газет-журналдарда қызмет атқарды?

  9. Өлеңдерінің негізгі тақырыбы қандай?

  10. Махаббат лирикасына арналған өлеңдері қалай аталады?








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Мұзарт шыңның мұзбалағы"

Автор: Нұртай Мөлдір Бақытжанқызы

Дата: 15.02.2017

Номер свидетельства: 391928


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства