kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мастер-класс "?дебиет саба?ы экологиялы? білім мен т?рбие беруді? к?зі"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: ?дебиет саба?ы экологиялы? білім мен т?рбие беруді? к?зі.

Ма?саты: о?ушыларды? "А??улар ?йы?та?анда" плэмасы жайында игерген материалдарын на?тылау, шы?армашылы? ж?мыс?а баулу, ?з пікірін д?лелдей білуге ?йрету.

?діс -т?сілдері: Блумны? ма?сат ?ою технологиясы, топты? ж?мыс, с?ра? -жауап, проблемалы? с?ра?тар, топтастыру.

П?н аралы? байланыс: музыка, бейнелеу ?нері, биология.

К?рнекі ??ралдар: интерактивті та?та, та?ырыпты? слайд.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мастер-класс "?дебиет саба?ы экологиялы? білім мен т?рбие беруді? к?зі"»

Тақырыбы: Әдебиет сабағы экологиялық білім мен тәрбие берудің көзі.

Мақсаты: оқушылардың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы жайында игерген материалдарын нақтылау,шығармашылық жұмысқа баулу, өз пікірін дәлелдей білуге үйрету.

Әдіс-тәсілдері: Блумның мақсат қою технологиясы,топтық жұмыс,сұрақ-жауап,проблемалық сұрақтар,топтастыру.

Пәнаралық байланыс: музыка,бейнелеу өнері,биология.

Көрнекі құралдар: интерактивті тақта,тақырыптық слайд материалдар,аудиодиск,үлестірмелі материалдар.

Топқа бөлу: Сыныпты түстердегі (түстер: қызыл,көк, сары) мақалдардың жалғасын табу 3 топқа бөлемін.

І топ: Қаз көлін аңсайды,

Ер елін аңсайды.

ІІ топ: Құс екеш құс та мекенін табады.

ІІІ топ: Аттың бәрі тұлпар болмас,
Құстың бәрі сұңқар болмас.


Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу» күйі қосылып тұрады.

Тренинг: «Кішкентай құс»

Мақсаты: Жұмыс жасау барысында әрбір тұлғаның іске деген ынтасын, жігерін ояту, топпен бірлесе жұмыс жасауға жұмылдыру.

Мазмұны: Қатысушылардың көздерін жұмулары сұралады. Алақандарыңызды біріктіріп, тізелеріңізге қойыңыздар, қолдарыңызда кішкентай ғана жұп-жұмсақ, үлпілдек құс бар деп елестетіңіздер. Бұл кішкентай ғана құстың балапаны болуы мүмкін, оның кішкентайлығы соншалықты ол сіздің алақаныңызға сыйып кетеді, ол тәтті ұйқыға кетті, сондықтанда оны оятып алмас үшін ақырын ғана жаныңызға қойып, онымен бірге жайлап дем алыңыз. Енді жайлап көздеріңізді аша берулеріңізге болады.

Осындай нәзік те кішкентай тіршілік иесін жаратушы ол-Табиғат. Табиғатсыз барлық тіршілік және өмір иесі жарық дүниені көріп, сезіне алмас еді. Біздің бүгінгі сабағымызда осындай нәзік тіршілік иесімен тығыз байланысты.

Жалпы бағдарламаның талабы, баласына деген махаббаттың күшіне бөленген ананың көлдің сәні аққуды мерт қылуы арқылы табиғатқа жасаған қиянаты. Аққудың басқа құстардан өзіндік ерекшелігі, қасиеті, киелі құс екендігін суреттеудегі ақынның шынайы сезімі.





І топ:

Поэманың желісі бойынша бірлесе отырып, мазмұндық жоспар құрады.

Тақырыбы

Басты оқиғалар

I

Тау басына біткен көл.

1.Жетімкөл жетімсірейді.

2.Беу,дүние-ай,Жетім көл қандай еді?!

3.Жетімкөлдің шипасы.

4.Дәстүр жалғастығы.

5.Аққулар айдынына оралмады.

II

Ауру бала немесе шарасыз отбасы.

1.Баланың науқасқа шалдығуы.

2.Баласын күзеткен ананың ойы.

3.Тәуіп шалдың айтқан сөзі.

4.Ананың шешімі.

5.Аққулар ұйықтап жатыр тербетіле...

6.Ата дәстүрді аттау.

7.Оқыс атылған мылтық.

8.Жетімкөлден сән кетті.

III

Жылқышы қарт. Шарасыз ана.

1.Көзінен жас,көңілінен төгілген байғұс ана.

2.Халық ырымы.Аққуды атқан оңбайды.

3.Еркінен,есінен айрылған ана.

4.Өліп жатқан бала,шарасыз ана.

5.Қасиет.Сор.Қасірет.

Эпилог

Аққулар...

Аңыз көп қой олар жайлы.

1.Аққу туралы аңыз.

2.Халық айтса,қалт айтпайды.


ІІ топ:

«Мұқағали-суреткер ақын». Поэмадағы сюжеттік оқиғалар негізінде және ақынның тіл шеберлігімен әдеби-теориялық ұғымдарға талдауды бірлесе жұмыс жасайды. (плакатқа орындайды, қорғайды).

  • Тақырыбы: «Аққулар ұйықтағанда»

  • Идеясы: құсқа оқ атпау, тыныштық шырқын бұзбау, адамгершілікті уағыздау, сұлулықты сүю.

  • Композициясы:

Поэманың композициялық элементтері

Композициялық жоспар

Суреттеу тәсілі

Поэманың тілі

1

Оқиғаның басталуы

«Жетім көлдің» табиғаты.

Суреттеу

Жаңбырдың тамшысындай – теңеу

2

Оқиғаның байланысы

Тәуіп шалдың айқаны.

Баяндау

Диалог

Қатыгез, сұрқай ой – эпитет

3

Оқиғаның дамуы

Ананың көлге келуі.

Суреттеу

Монолог

Ақша бұлт –эпитет, ошақ қасы, от басы – тұрақты тіркес

4

Оқиғаның шиеленісуі

Ананың аққуды атуы.

Баяндау

Мөлдіреген «Жетім көл» көкке қарап,

Мөлтілдеген көз жасын тия алмай тұр – кейіптеу

5

Оқиғаның шарықтау шегі

Қарт жылқышының әңгімесі.

Диалог

Сұм жүрек – эпитет

6

Оқиғаның шешімі


Эпилог

Ананы аққудың киесі ұруы.

Аққулардың оралмай кетуі.

Баяндау


Деталь

Ақ төсек – аппақ айдын, аққу – бала – метафора, өмір-дария - метафора


  • Автордың өзіндік ерекшелігі: көл еркесі аққуға жасалған қиянаттың қайғылы оқиғаға ұрындыру себебі арқылы табиғаттағы тепе-теңдіктің бұзылуын аша білген.

  • Көтерген мәселесі: табиғаттағы тепе-теңдікті сақтау, қоршаған орта заңдылықтарына қарсы келмеу.

  • Маңызы, мәні: баласына деген махаббаттың күшіне бөленген ананың көлдің сәні аққуды мерт қылуы арқылы табиғатқа жасаған қиянаты.

  • Негізгі оқиға: Тыныштығынан, ерке аққуынан айырылған Жетімкөл, баласынан айырылған ғазиз АНА.

  • Поэманың тілі: Жаңбырдың тамшысындай – теңеу. Қатыгез, сұрқай ой – эпитет. Ақша бұлт, мұм жүрек –эпитет, ошақ қасы, от басы – тұрақты тіркес. Мөлдіреген «Жетім көл» көкке қарап, Мөлтілдеген көз жасын тия алмай тұр – кейіптеу. Ақ төсек – аппақ айдын, аққу – бала, өмір-дария – метафора.

  • Экологиясы: Жетімкөлдің табиғаты, аққудың қасіреті.


ІІІ топ:

Шығармадағы кейіпкерлерге мінездеме беру.

Кейіпкерлер

Іс-әрекеті, адами қасиеттері

Баланың анасы

Нағыз ана. Балажан, баласы үшін аққуды атты, баласы үшін бәріне де даяр,қамқор жан.

Баланың әкесі

Адал жан, халық дәстүрін қастерлейді.

Тәуіп шал

Мейірімсіз, таяз ойлы.

Жылқышы қарт

Түсінігі мол, көргені мол.


Шығармашылық тапсырма:

І топ:

Төмендегі тақыптарға ой-толғау жазу.

  1. Аққу-сұлулықтың рәмізі, киелі құс.

  2. Табиғат – ана шырылдайды көмек сұрап...

  3. Аққуды атқан анаға хат.



ІІ топ:

Қағазбен немесе матадан табиғатты суреттеу, аққу бейнесін жасау. (пейзаж жасау)


ІІІ топ: «Аққу – киелі құс» жоба жасау.

Жобаның өзектілігі: Аққудың көркі, мінез-қылығындағы ерекшеліктер сонау дәуірден бері халықты таңдандырып келеді. Оның су бетінде маңғаздана жүзгені, ұшқанда қанатын қағып көтерілуі, табиғаттың берген әсем бір құбылысы емес пе!

Мақсаты: Табиғатты қорғау, аққу құсының тіршілігі мен тарихын зерттей отырып, қазақ халқының үлгі тәрбиесіндегі киелілік сөзінің мағынасын ұғыну, тоның іс жүзіндегі тәрбиелік орнын танып білу. Аққу түрлерімен танысу және оның сұлулығы мен табиғаттағы қозғалысын өнермен байланыстыруға дәріптеу.

Гипотезасы: Қазақ халқының өнерінде, салт-дәстүрінде, рухани байлығында аққудың киелілік маңыздылығы өте зор.

Жобаның құрылымы:

1. Аққуға сипаттама. (ғашықтық символы, махаббат құсы, ақтықтың, пәктіктің белгісі)

2. Аққу құсының түрлері.

3. Аққу құсының пайдалылығы.

4. Аққуға арналған тіркестер. (мақал-мәтел, айшықты ойлар, философиялық афоризмдер) «Аққуды атпас болар», «Аққу жүрсе су болар», «Аққудың жанында жапалақ жараса ма?», «Аққудың баласындай», «Аққу мойын, аппақ аққудай», «Қанаты қырқылған аққудай», «Аққуды атпа, киесі ұрар», «Аққумен дос болсаң, жүрген жерің пәк болар», «Ақ десең қаз да ақ, бірақ ол аққу емес», «Сыңарынан айырылған аққудай», «Аққу – құстың төресі, жалғыз жатып оттамас», «Аққудай ақ бол, махаббатқа сақ бол».



Дамыту тобы: Шығарма аясында жұмыс жасайды, проблемалық сауалдарға жауап береді.

Проблемаға шығу: Ақынның поэмасына арқау болған тақырып?

Тақырып: Сұлулық, Махаббат, Зұлымдық.

  1. Аққудың рең әсемдігі, мүсін келістігін кескіндеген сөздерді табыңдар.

  2. Поэмадан аққудың жарасымды әрекетін табыңдар.

  3. Оқ тиген аққудың мүшкіл халін өрнектеген детальді табыңдар.

  4. Поэмада Жетімкөл сұлулығы қалай суреттеледі?

  5. Су тазалығын ашатын деталь көріністі табыңдар?

  6. Табиғаттағы тыныштық салтанатын тағы қай көріністен байқаймыз?


Бейнелі сөз

Тыйым сөз

Нақыл сөз

Аққудың көгілдіріндей

Аққуды атпа, досыңды сатпа.

Аққу – құстың төресі,

Жалғыз жатып оттамас.

Қос аққудай

Аққудай ақ бол,

Махаббатқа сақ бол.

Аққу мойын


Проблемалық сұрақ: Қазіргі таңда аққуларды күтуде қандай іс-шаралар жасалынуда? (өмірмен байланыс)

Шығармашылық жұмыс: қағазбен немесе матадан аққу бейнесін жасау.


Шығармашылық топ:

1.Жетімкөл неге жетімсіреп қалды,аққулар неге қонбай кетті?
2.Аққуды атқан ана кінәлі ме?Бұл шешімге келу анаға оңай түсті ме?
3.Қазіргі заманда жылқышы қарт сияқты табиғат жанашырлары бар ма?
4.Поэма қандай мәселені көтеріп отыр?Осы жерде Жетімкөл,аққулар туралы автор не себепті сөз қозғап тұр?
5.Жылқышы қарттың «Аққуға кезенердеырым жасап,Тым құрыса саусағыңды қанаттың ба?»деген сөзі нені меңзейді?
6.Бүгінгі таңда аң-құстарды қорғау мәселесі қандай деңгейде,осы мақсатта не істелініп жатыр?


Бағалау: «Білім ағашы» арқылы өзедерінің сабақтан алған әсерлері айтып және өз-өздерін бағалайды.


Қорытынды сөз: Көл еркесі аққуға жасалған қиянаттың соңы қайғылы қазаға ұшырауына соққандығын поэманы талдау отырып көзімізді жеткіздік. Мұнан шығатын қорытынды: табиғаттағы тепе-теңдікті сақтау, табиғат тыныштығын бұзбау, қоршаған орта мен оның қасиетін бағалай білу.

Экологиялық білім мен тәрбие беру арқылы адам бойындағы ізгі қасиет сұлулықтың, тазалықтың, нәзіктіктің, қайсарлықтың, ізгіліктің табиғат-анадан даритынына көздері жетіп, қоғамдық, дүниетанымдық, адами қасиеттердің молая түсетіні сөзсіз. Сонымен бірге, әдебиет сабағы экологиялық білім мен тәрбие берудің негізгі көзі табылады.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Мастер-класс "?дебиет саба?ы экологиялы? білім мен т?рбие беруді? к?зі"

Автор: Атаева А?марал Б?ркіт?ызы

Дата: 10.11.2015

Номер свидетельства: 250703


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства