kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мастер-класс тақырыбы: «Кардиган пішу және дайындау технологиясы»

Нажмите, чтобы узнать подробности

данная методическая разработка нацелена, чтобы студенты колледжа больше узнали о не простой профессии модельера-конструктора. и конечно чтоб заинтересовались тем, что что за 30.40 минут можно сшить простое, по крою, плечевое изделие.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мастер-класс тақырыбы: «Кардиган пішу және дайындау технологиясы»»



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


АЛМАТЫ қ. БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

КМҚМ «АМАТЫ СӘН ЖӘНЕ ДИЗАЙН КОЛЛЕДЖІ»

Әдістемелік әзірлеме

Мастер-класс тақырыбы: «Кардиган пішу және дайындау технологиясы»



Арнайы пәндер оқытушысы:

Рахатой Серикбаевна Ризалиева





Алматы 2019

Кардиганның келіп шығу тарихы, эволюция және заманауи тенденциялар

«Кардиган - Cardigan» сөзі ағылшын тілінен алынған. Бұл киім жүннен тоқылған, түймемен түймеленетін жакет. Оның ерекшеліктері: жағасыз, қынамалы силуэт, V - тәрізді мойын ойындысы, үлкен жапсырмалы қалталар.

Жағасыз болғанының себебі, алғашында кардиган офицерлер мен қарапайым әскерлер формалық мундирлерінің ішінен (денені жылы сақтауы үшін) киген(Крым соғысы). Ол кездегі кардиган өте ыңғайлы және қарапайым болған. Оның алғашқы нұсқалары жүннің доғал иірім - жібінен тоқылған. Мундирдің ішінен киілген кардиган әскерлерді суықтан қорғаған.

Қызметтегі әскерлер бұл киімді өз басшысы лорд Джеймс Томас Брюднелл, 7-ші граф Кардиганның (1797 -1868) атына қойған. Граф Кардиган кезінде осындай киім киген.

Айта кету маңызды: граф Кардиганды нағыз «дэнди» деп атаған, себебі, қай жерде, қандай жағдайда болмасын ол әр қашанда ұқыпты, таза, сәнге сай киінген. Осы кісінің полкын Еуропада ең элегантты деп санаған.

Тек бір ғасырдан кейін 40 – 50 жылдар маңайында кардигандар жаңа көріністермен сәндік гардеробтардан орын ала бастады.

1950 жылдары кардиган сән әлемінен тұрақты орныға бастады. Әр бір екінші ағылшын әйелі гардеробында трикотаждан жасалған кофтасын мақтан тұтқан.кардиганның ішінен сәйкес джемпер киілген, мынадай екі бұйымнан тұратын костюм маусымның хитына айналды. 1960 жылдағы сәнде кардиган үлкен сұранысқа ие болды. Осы кезеңде адамдар тоқу өнеріне ықылас қойды.

Уақыт өткен сайын киімдегі сәндік тенденциялар, сонымен қатар пішімдерде өзгере бастады. 1970 жж. Басын қарай кофталар қысқара бастады, ал трикотаж жұқалау және нәзіктеу бола бастады. Бұл өзгерістер 90 жылдарға қарай Еуропа. Америка мемлекеттерінде кардиганды мақта, жібек маталарынан да тіге бастады. Көктем – жазғы маусымында аталған кардигандар көп сұранысқа ие болып жатты.

Бүгінгі күнде кардиган салқын маусымдардың ең маңызды киімі болып саналады. Жүннен жасалған, түймемен түймеленген бұл иықты бұйым киім түрлерінің ішінде ең қарапайым, жылы, ыңғайлы болып табылады. Кардиган заманауи сән сүйгіштерге гардеробын толық етуге өз үлесін қосады, яғни кез келген киіммен үйлесімді болып келеді.

Заманауи кардиган тоқылған яки тігілген болуы мүмкін. Ерекше, назарға түсетін бұл киім келесі маталардан дайындалуы мүмкін: кашемирден, мохерден, ангорадан, креп – вискозадан, түкті немесе фетр мақта матадан «си – айленд», жазғы мериностан (көлемді бұйымдар үшін).

Кейбір ұқсастықтарына байланысты алғашқы консервативті кофталарды заманауи сән әлемінде кардиган деп айтуға болады: V Тәрізді ойығы, қынамалы силуэті, түймемен түймеленетіні. Ал жазғы сәнді кардиганға келетін болсақ, дизайнерлер фактура және түстермен эксперименттер жасауда. Кардигандарды тігуде көбірек ашық түстер, нейтралды реңктер, сонымен қатар көзге тасталынатын эффект беретін жарқын реңктер пайдалануда.

Креативті дизайнерлер өрнекті маталармен жәнеде түсті қондырмалармен эксперимент жасауға батылдық көрсетіп жатыр. Жақында кардиганның шеті бойынша жіңішке сызықпен жүргізілген безендіру элементтері немесе жолақтарды манжетке тігіп әрлеу пайда болды. Осы өзгерістердің арқасында классикалық силуэт жаңа мәнерлі көрініске ие болды.

Коко Шанель ең біріншілердің қатарында тұтынушыларда кардиганға қызығушылығын оятты. Шанель ойлап тапқан кардиган – еркін силуэтті, қолтық ойығы тереңдетілген және үлкен жапсырма қалталарымен болып, корсет киілмейтін болды. Оның бұл киімі өте қонымды болды.

Қазіргі күнде кардиганның жаңа модельдерін жасауда көптеген Сән Үйлері айналысады. Әр бір Сән Үйі жалпы қабылданған тенденцияларға әсер етіп, өздерінің жаңа идеяларын енгізуге асығады. Сонымен бірге, «J. Lindeberg» және «Prada» кардигандары фактурасымен ерекшеленеді: жұқа иірім – жіппен (пряжа) доғал креп структурасы, олар классикалық силуэтінің жаңа қырларын көрсетуде.

«Blumarine» компаниясы қара күзен жағалы кардиганы мен ерекшелене түсті, енді еш бір коллекция осы кардигандарсыз өтпейді. Көптеген компаниялар түсімен, материалымен немесе кейбір деталдарымен ерекшеленетін, көзге түсетін, көз тартатын кардиган жасауда бәсекелесуде. Мысалы, Loro Piana немесе Hermes компанияларының кашемирден немесе жүннен жасалған кардигандарын жасауда.

90-ШЫ ЖЫЛДАРДАҒЫ ЕРЛЕР КАРДИГАНЫ





60-ШЫ ЖЫЛДАРДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР КАРДИГАНЫ







ЗАМАНАУИ ӘЙЕЛДЕР КАРДИГАНДАРЫ





ЗАМАНАУИ ЕРЛЕР КАРДИГАНДАРЫ

КАРДИГАН ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ БЕРУ ЖӘНЕ СЛАЙД

ТРИКОТАЖ МАТАДАН КАРДИГАН ПІШУ

КАРДИГАНДЫ ПІШУДІ ЖАЛҒАСТЫРУДА...

КАРДИГАН ДАЙЫН!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Мастер-класс тақырыбы: «Кардиган пішу және дайындау технологиясы»

Автор: Ризалиева Рахатой Серикбаевна

Дата: 22.04.2020

Номер свидетельства: 547625


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства