Просмотр содержимого документа
«"?лемні? жары?ын сыйлады? сен ма?ан" т?рбие са?аты »
«Әлемнің жарығын сыйладың сен маған....» атты
әдеби музыкалық монтаж сценариі
Жүргізуші Тілек Қайырлы күн ! , Құрметті ұстаздар мен оқушылар!!
8 наурыз аналар мерекесіне арналған «Әлемнің жарығын сыйладың сен маған....» атты әдеби музыкалық монтажымызды бастаймыз
2 –Жүргізуші Аяулым Әр адам көзін ашып дүниеге келгенде мейрімді, жүрегі жылы жанды көреді. Ол – Ана. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып, біз үшін жанұшыра шырылдайтын да – Ана. Әрқашан дұрыс, таза жүр, адал бол деп тілейтін де – Ана. Ана, бұл жел жағымызға пана, бәріміз үшін дара, дана тұлға. Ана дегенге сөзге келмейтін тіл, лүпіл қақпайтын жүрек, мөлтілдемейтін жанар жоқ. Балаға анадан артық,анадан қымбат жан жоқ. Әрбір ана отының өшпеуін, бақытының көшпеуін, шаңырағының құламауын сәбиінің жыламауын сұм соғыстың болмауын, қызыл гүлдің солмауын тілейді. Біз қазақ деген қасиетті халақтың қыздарымыз. Қыз Жібек пен Баян сұлудың, Мәншүк пен Әлияның сіңілдеріміз. Қазақ қыздарын әлемге әйгілі еткен бұлбұл әншілеріміз Күләш Байсейітованы, Роза Бағланованы, атақты күйші Дина Нүрпейісованы, сахнаның сәні Әмина Өмірзақованы, ақын қыздарымыз Фариза Оңғарсынова мен Ақұштап Бақтыгерееваны т.б. көптеген аналарымызды әрқашан үлгі тұтып мақтан етеміз.
Ана деген- асыл жандар болаттай
Ана деген- мөлдір жандар бұлақтай, -деп ақын жырлағандай, әйел тек аяулы ана, нәзік қыз ғана емес, сонымен қатар белсенді қызметкер.
Ананың қоғам өміріндегі алатын орны үлкен
Ана-перзент тәрбиелеуші,
Ана-қызметкер,
Ана- ғалым,
Ана - зейнеткер
«Ат биеден туады , алып анадан туады» дейді халқымыз. Дүниеде анасыз адам жоқ. Қаламы жүйрік жазушы да, данышпан ғалым да, ел басқарған көсем де, күміс көмей әнші мен мың бұралған биші де анадан туып, соның көкірегінен нәр алып өскен.Ана- тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл азаматтың тәрбиешісі.
Елін, жерін сүйетін,ей, адамдар!
Алдымен ананы аялаңдар! Ана алып бәйтерек.Бәйтеректің бауырында топтасып саялаңдар!
Құрметтесек - ананы құрметтейік дегендей мереке қарсаңында ән жырымызды осы аяулы жандарға арнаймыз.
Ән ---------------------------------------------------------------------------------------------
Жүргізуші Иә, бүгін мақтасақ – ұлттың ұйытқысы, ұрпақтың анасы, барлығын жеңетін, тіршіліктің бұлағы әйел -ананы мақтайық
Лаура Бізге қажымас қайрат беретін әйел анаға мың алғыс. Аристотель, Фирдоуси, Жәнібек пен Абылай, Абай, Шоқан, Махамбет пен Исатай, Мағжан, Мұқағали, Нұрсұлтан ман Тоқтар сол әйелдердің ұлдары, бәрі ананың ақ сүтінен нәр алған.
Мейірім Эпостағы Гүлбаршын мен Құртқа, Ақжүніс пен Назым, Тарихағы Домалақ ана, Айша бибі,Абайды туған Үлжан, ел билеген Айғаным, қол бастаған Бопай, ел қорғаған ГәуҺар ана, бәрі бір ғана атқа ие , ол «АНА». Ендеше сол аналарды мадақтайық.
Тілек Мен өзіңмен қайда болса біргемін
. Махаббатым жүрегімде жүр менің,
Күн нұрындай жадырайды бір күлгенің
Қандай жақсы ортамызда жүргенің
Мейірім Құттықтаймын мейраиың мен аналар
Әр білгенің бізге бақыт саналар,
Еңбегіңді еш етпейтін өмірде,
Елің, жұртың, ұл мен қызың бағалар.
Әлішер: Ана! Ол біздің елде ардақты адам,
Кіші де, үлкені де ардақтаған.
Өзінің аяулысы Отанын да,
« Ана» деп біздің халық текке айтпаған.
Назерке: Өмірде ана – бақыт, ана –пана,
Өмірді өркендетер ана ғана.
Өсірген талай көсем, талай шешен,
Талай ер, талай ақын, талай дана.
Әлихан: Адам бар ма ана сүтін татпаған,
Алуан- алуан ауыр сынды аттаған.
Адалдықты, ар- намысты сақтаған,
Мен анамның сонысымен мақтанам
Ақжүніс: Ана дейміз бәріміз де аңқылдап
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген - бәйтерегі өмірдің,
Ана деген алтын қазық, алтын бақ.
Ермахан: Ана деген асыл жандар болаттай,
Ана деген – мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар қадірлей біл Ананы,
Жат қылыққа ақыл - ойды тонатпай.
Аружан Ана десем, сезім билер тым ыстық
Жарасымды адамдарға туыстық
Бар адамға берсе ананың мейрімін
Орнар еді бар әлемге тыныштақ
Ана десем- шешек атып жанады
Өмірінің бастау алар жан әні
Ана деген тіршілікте пана боп
Әрбір үйде жұлдызы боп жанады
Ербол Ана деген- адамзаттың анасы,
Ана деген- сәбилердің панасы.
Ана деген- жарық жұлдыз, шырағың,
Ана деген - қайнар ыстық бұлағың
Ақерке Туғаннан «Құлыным» деп аймалаған,
Өзіңнен қымбат адам қайда маған.
Дүние аналармен көрікті ғой,
Онсыз бір бұлбұл да сайрамаған.
Аяулым Тыныштық – баршамыздың ұранымыз,
Мәңгілік таусылмайтын жыр - әніміз.
Арманның асқарына қанат қаққан,
Бақытты бейбіт елдің ұланымыз
Ән ----------------------------------------------------------------------------
Жүргізуші Осымен мерекелік әдеби - музыкалық монтажымыз аяқталды. Жақсы күндерде жолыққанша сау болыңыздар !
К. Байсейітова атындағы жалпы білім беретін орта мектебі
« Әлемнің жарығын сыйладың сен маған....» атты әдби- музыкалық монтаж