kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Әль-Фараби - ұлы ғұлама

Нажмите, чтобы узнать подробности

« Әл-Фараби-Шығыстың ғұлама ғалымы»

Тақырыптық кеш

 

Мақсаты:Оқушыларға Аристотельден кейінгі екінші ұстаз Әл-Фарабидің өмірі, еңбек жолы туралы түсінік беріп, ғұламаның жаң-жақты ерекше тұлға болғандығын анықтау мақсатында ізденіс жүргізу.

Тәрбиелік мәні:Халқымызға білімнің, ілімнің нәрін сепкен аса ірі тұлға Әбунасыр Әл-Фараби мұраларынан нәр ағызып, оқушыларды туған жерге деген сүйіспеншілікке,адамгершілікке, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу.

Көрнектілік: Әл-Фарабидің портреті, нақыл сөздері,кітап көрмесі

1 жүргізуші:Биыл елімізде Шығыстың ғұлама ойшылы, математик, астролог, музыка теоретигі, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің  1150 жылдық мерейтойы аталып өтіледі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы қаулы қабылдап,  мерейтойды дайындау  және өткізу жөніндегі арнайы мемлекеттік комиссия құрылған болатын. Өз кезегінде мемлекеттік комиссия мерейтойды атап өтудің республикалық деңгейдегі жоспарын жасап шықты. Онда республикалық және өңірлік деңгейде өтетін 50-ден астам іс-шара көзделген. Бұлардың ішінде  халықтық барлық буынын қамтитын арнайы жобалар, ғылыми талдаулар, қоғамдық маңызды және мәдени-бұқаралық іс-шаралар бар.  

2жүргізуші:Сондай-ақ, Астанада ЮНЕСКО, ТҮРКСОЙ және ИСЕСКО аясында Әл-Фараби және әлемдік өркениет» атты халықаралық ғылыми симпозиум өткізіледі деп жоспарланып отыр. Оған отандық және шетелдік жетекші ғалымдар, жоғары оқу орындарының басшылары және тағы басқа шақырылады. Айтпақшы, Түркістан облысында арнайы арт-фестиваль ұйымдастырылып, оның аясында қолөнершілердің жәрмеңкелері, ұлттық ойындар бойынша жарыстар мен мерекелік концерттер өткізілмек. ЮНЕСКО-ның атсалысуымен гуманитарлық білім саласындағы әлемнің жетекші сарапшылары қатысатын халықаралық конференция өткізу жоспары тағы бар.

1 жүргізуші: Жалпы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілетін әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдық мерейтойы Президент бекіткен арнайы Қаулыға сәйкес ресми бүгін бастады. Жоспарға сәйкес бүгін Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті базасында  «әл-Фараби» атындағы халықаралық орталық ашылуы тиіс.

Қазақ топырағынан шыққан ұлы данышпанның толық аты-жөні  - Әбу Насыр 2жүргізуші:Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан әл-Фараби.  Әл-Фараби бабамыз 870 жылы қазіргі Отырар деп аталатын Фараб қаласында дүниеге келіпті. Бұл қала кейіннен арабтардың ықпалымен  "Барба-Фараб" деп аталып кеткен. «Сол себепті «әлемнің екінші ұстазы» атанған ойшылды Әбу Насыр Әл-Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбу Насыр атанған» дейді зерттеушілер.

1 жүргізуші: Тарихи деректерде Отырар қаласы IX ғасырда тарихи қатынастар мен сауда жолдарының торабындағы аса ірі мәдениет орталығы болған. Әл-Фараби дәулетті отбасынан шыққан. Әкесі әскербасы болатын.   Ештеңеден кемдік көрмей өскен айрықша дарын иесі Әбу Насыр бала күнінен ғылымға үйір болып өскен. Алғашында Бұхарада, Самарқанда білім алады, одан кейін Хамадан, Бағдат, Шам, Каир, Дамаск, Александрия, Мәдина, Мекке қалаларында зерттеумен айналысқан. Ақыры Бағдад қаласында тұрақтап қалады. Бұл жерде 20 жылдай тұрып, антикалық философиямен әлемдік мәдениетпен танысты. Содан кейін Шам жеріне (Бағдад) қоныс аударып, 950 жылы өмірден өткенше сол өлкеде қалады.  "Жалпы Әл-Фараби бір жерде тұрақтамаған. Ол үнемі бір қаладан екінші қалаға саяхат жасап, білімін шыңдаған. Ғұлама ойшыл бар өмірін ғылым мен білімге арнады. Біздегі мәліметтерге сәйкес, ол 70-ке жуық тілді меңгерген", - дейді профессор Жақыпбек Алтайұлы.

2жүргізуші:Әл-Фараби осындай үлкен ізденістерінің арқасында Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» атанады. Яғни философия саласы бойынша грек ойшылы Аристотельдің «Категориялар», «Герменевтика», «Риторика», «Поэтика», «Метафизика», «Аналитика» секілді  көптеген еңбектерін түсіндірген. Яғни грек тілінде ғана дамып жатқан ғылымның араб, парсы, түрік тілдерінде тәпсірін жасайды.

1 жүргізуші: Сонымен қатар, Аристотелдің әлеуметтік-қоғамдық идеяларын түсіндіріп қана қоймай дамыта білген адам.  «Кемеңгерлік меруерті», «Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы», «Мәселелердің түп мазмұны», «Ғалымдардың шығуы», «Бақытқа жету», «Азаматтық саясат», «Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері», «Музыка туралы үлкен трактат секілді  көптеген философиялық еңбектер жазды. Жалпы саны 150-ге жуық философиялық және ғылыми трактаттар жазып қалдырды. Философия мен логика, саясат пен этика, музыка мен астрономияны зерттеді.

2жүргізуші:Мемлекет, ел басқару жөнінде ғажап тұжырымдар жасай алған. Дамаск қаласында жазып шыққан «Қайырымды қала тұрғындары» атты атақты шығармасында ол қала басшыларын «қайырымды» және «надан» деп екіге бөледі. Әрі қарай «қала тұрғындары қай кезде бақытты болады?» деген мәселеге үңіледі. «Ғалымның пікірінше, бұл шаһардың әкімдеріне байланысты. Егер әкім білімді, әділ, ойы таза болса, барлық қала тұрғыны бақытты болады. Ал қаланың әкімі надан болса, өтірік айтса, шаһардың адамдары бақытсыз болады. Әл-Фараби шын бақытқа жету үшін адам үнемі іздену керек дейді. Сондай-ақ адамның мінез-құлқы да жақсы болуы керек", - дейді Жақыпбек Алтайұлы.

1 жүргізуші: Ғұлама ғалым адамзат тарихында алғаш рет ғылымға классификация жасап оны  теориялық ғылымдар және  практикалық ғылымдар деп екі топқа бөлген. Оның алғашқысына жаратылыстану ғылымдары мен метафизиканы енгізсе, екінші тобына этика, фиқһ, кәләм (исламдағы өзекті тақырыптарын қамтыған ғылым саласы) ғылымдарын жатқызған. Нақтысын айтқанда, әл-Фарабидің еңбектері еуропалық Ренессанстың өрлеуіне үлкен ықпал етті дейді ғалымдар.

2жүргізуші:Бір айта кетерлігі, әл-Фарабидің балалық, жастық шағы туралы тұщымды мақлұмат жоқ. Тек жасы елуден асқан шағында Бағдат шаһарына қоныс аударған кезінен бастап қана айтыла бастайды. Сондай-ақ, ұзақ жылдар бойы бабамыздың туған жері, ұлтына, тегіне қатысты қарама-қайшы пікірлер айтылып келді. Зерттеушілердің көбі Әбу насырдың тегіндегі Тархан сөзіне қарап қана түркі текті деп болжам жасап жүрді. Махмұд Қашқари өзінің «Диуани лұғат ат-түрк» атты әйгілі еңбегінде «Фараб қаласының түрікше атауы – Қарашоқы» деп жазады.

1 жүргізуші: Ал, арабтың Х ғасырда өмір сүрген әйгілі саяхатшы-географ ғалымы Әбу-л-Қасым ибн Хаукал өзінің «Саяхаттар мен мемлекеттер» деген еңбегінде «бұл шаһар – атақты философ әл-Фарабидің туған жері» деп көрсетеді. Бірақ соған қарамастан оны «өзбек», «тәжік» деп ұлтынан деп дәлелдемек болғандар да бар. Алайда, Әбсаттар Дербісәлі, Ғафур, жоғарыда атап өткеніміздей Жақыпбек Алтайұлы сынды ғалымдар «бабамыздың өмір сүрген заманында халықтар қазіргідей қазақ, өзбек, тәжік секілді жеке ұлт ретінде бөліне қойған жоқ, ол кісі түркі текті ойшыл болған. Яғни әл-Фараби бабамыз қазақ жерін мекендеген түрік тайпасынан шыққан. Бұл тайпа кейін қазақ халқының құрамына енді» деп өз байламдарын жасады.

2жүргізуші:Ақыры кеңес және араб ғалымдары арасындағы ұзақ уақыттарға созылған бұл дауға белгілі ғалым Ақжан әл-Машани нүкте қойды. Ғалымның табандылығы мен ғылыми ізденісінің арқасында әл-Фарабидің қазақ жерінен шыққандығын бұлтартпас айғақтармен дәлелденді. Осылайша осыдан тура елу жыл бұрын әл-Фарабидің 1100 жылдық  алғашқы мерейтойы Қазақ елінде аталып өтілді.

1 жүргізуші: Жұрт арасында әл-Фараби айтыпты дейтін аңыз-әңгімелер мен ұлағатты сөздер өте көп. Белгілі зерттеуші Ақселеу Сейдімбек Әбу Насыр әл-Фарабидың нақыл сөздерін жинақтап аранйы еңбек етіп жариялағанын айта кету керек. Енді осы еңбектегі әл-Фараби айтыпты дейтін тәмсілдерге тоқталып өтелік:Бір күні әлде кім Әбу Насыр әл-Фарабиге тамаша болып толыса піскен алманы көрсетіп, сауал қойыпты: «Осы алманың бітім-болмысындағы жақсы қасиет не? Түсі ме, шырыны ма, дәмі ме, әлде бітімі ме?» Сонда әл-Фараби: «Бәрінен де оның ұрығы тамаша. Өйткені, осы алманың өзі сол ұрықтан өсіп шыққан және одан бүкіл бақ пайда болды ғой!» – деп жауап берген екен.

2жүргізуші:Қорыта айтқанда, әл-Фараби бабамыздың мұраларын зерттеу, насихаттау, оларды келесі ұрпаққа жеткізуде көптеген іс-шаралар атқарылуда. Алайда Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы талабынан қарасақ, бұл жұмыстарды әлі де тереңдете түсу керек. Әл-Фараби сияқты ғұлама бабамыздың еңбектерін толық, жан-жақты зерттеп, оны қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне аудару орайында, әлі де көп тер төгуге тура келеді. 2020 жылы тойланатын Әбу Насыр әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО деңгейінде, әлемдік мәдениеттің ұлы мерекесі дәрежесінде өзінің туған жері Қазақстанда өтуі тиіс.

1 жүргізуші: Сонау қиын тоталитарлық жүйе кезінің өзінде әл-Фараби бабамыздың Отырардан шыққанын дәлелдеп, өз Отанына қауыштыру, 1100 жылдық мерейтойын өткізу аға ұрпақ өкілдерінің теңдесі жоқ ерлігі болды. Енді, еліміз тәуелсіздік алып, дамыған мемлекеттер қатарына қосылып жатқан кезде Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында тарихымызға терең бойлап, біз мақтанатын, дүние жүзі өркениетіне өлшеусіз үлес қосқан бабамыздың 1150 жылдық мерейтойын өткізу бәріміз үшін үлкен сын, ол жан-жақты дайындықты керек етеді.

2жүргізуші:Ол үшін 2020 жыл Әбу Насыр әл-Фараби жылы болып жарияланып, республика Үкіметі әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдық мерейтойын өткізу туралы іс-шараларды қамтитын арнайы қаулы қабылдауы қажет. Ол қаулыда әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізу, бабамыздың асыл мұраларын дүние жүзі кітапханаларынан жинақтап, қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне аудару, Астана, Алматы, Шымкент, Түркістан, т.б. қалаларда ескерткіштер орнату, көше, мектеп, ауыл, аудан, қала аттарын беру, көп сериялы көркем фильм түсіру, әл-Фараби мұраларын зерттейтін арнайы ғылыми-зерттеу институтын ашу, т.б. іс-шаралар қамтылуы тиіс.

1жүргізуші:Бүгінгі шарамыз өз мәресіне жетті.Назар аударғандарынызға рахмет.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Әль-Фараби - ұлы ғұлама»

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы

Қуат көзін үнемдеу білеміз бе?


Мектеп: №5 мектеп-лицей

Мұғалімі: Мырзамадина Ж Ж

Сынып: 6-сынып

Пәні: Қазақ тілі

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Жел энергетикасы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:

Оқылым

6.3.6.1. Тақырып бойынша үйренген сөздерін қолдана отырып, мәтінде көтерілген мәселені шынайы өмірмен байланыстыру


Сабақтың мақсаты:

Барлығы: Қуат тақырыбына қатысты сөздерді біледі, сөйлемдер құрастыра алады

Көпшілігі: Оқылым материалы негізінде қуат көзінің бір түрі, жел энергетикасының пайдалануы туралы өмірден мысал келтіреді

Кейбірі: Жел энергетикасының қуат көзі ретінде маңыздылығы мен тиімділігі туралы ой қорыта алады.

Бағалау критерийі:

  • Оқылым материалын түсініп, жаңа сөздермен сөйлемдер құрайды;

  • Жел энергетикасының пайдасы мен тиімділігін шынайы өмірмен байланыстыра мысал келтіреді.

Тілдік мақсаттар:

Барлық оқушыларға сөйлеуге қажетті сөз тіркестері:

Жел энергетикасының пайдасы, атом электр стансылары, су электр стансылары, экологиялық электр стансылары, үйді жылытады, үйді жап-жарық етеді, энергия жұмсалады

Пәнге қатысты терминдер мен сөздік қор: жылыту, жап-жарық, жұмса, артықшылық, кемшілік

Талқылауға арналған сұрақтар:

Жел электр стансыларын салу қажет пе?

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының «ұлттық қауіпсіздік және еліміздің бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы» тармағындағы жауапкершілікке, білім алуға баулу

Пәнаралық байланыс:

Физика, география

Ойлау дағдыларының деңгейі

Түсіну, қолдану, жинақтау, талдау, бағалау

Тақырып бойынша алдыңғы білім:

Қуат көзіне не жататынын, қуатты қайдан алатынын біледі.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңдері

Сабақта орындалатын жаттығулар

ресурстар

Сабақтың басы

Сыныпта қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру

«Шаттық шеңбері» әдісі арқылы

Оқушылар шеңберге тұрып бір-біріне тілек айтады.

«Миға шабуыл» әдісі.

Бейнероликті тамашалау арқылы тақырыпты болжаймыз. Ол үшін мына сұрақтарға жауап береміз.

Роликтен нелерді көрдік?

Бүгін не туралы әңгіме қозғаймыз деп ойлайсыздар?

Бұл сұрақтарға жауап беру арқылы сабақ тақырыбы ашылады


Оқылым алды

ТЖ

Жаңа сөздермен жұмыс

Жаңа сөздермен танысамыз, қайталаймыз, қолданысын анықтаймыз.

Жылыту

жап-жарық

жұмса

артықшылық

кемшілік

Г

Антоним

рафикалық органайзер толтырамыз.

СөзСөз

Синоним





Мағынасы

Мысал





ҚБ «Бағдаршам» әдісі арқылы

Қалыптастырушы бағалауға жетелейтін сұрақтар:

Синонимі қандай сөз?

Түбірі не деп ойлайсың?

Менде бір кітап артық десек қалай түсінеміз?

Сөздердің ішінде етістік бар ма?

Етістік сөйлемнің қай жерінде кездеседі?..

Дескриптор

-Тақырыпқа байланысты жаңа сөздермен сөйлем құрай алады


Сабақтың ортасы

- Балалар, қазір біз оқулығымыздағы мәтінді оқып, танысамыз. Мәтінді түсініп, жаңа сөздердің қолданысын анықтаймыз, жел энергиясының өмірімізде алатын орны туралы әңгіме қозғаймыз.

Оқылым тапсырмасы

Еліміз арзан электр энергиясын іздеуді мақсат етеді. Желдің күшімен өндірілетін электр қуаты халықшаруашылыққа жұмсалады. Желдің күшімен алынатын электр энергиясы үйлерді жылыту, жап-жарық ету үшін пайдаланылады.

Жел энергиясының басқа энергия көздерінен экологиялық және экономикалық артықшылығы көп. Жел энергетикасы қондырғыларының технологиясын жетілдірсе, оның тиімділігі артады. Республиканың кейбір су электр стансылары мен жел электр стансыларын біріктіріп, электр энергиясын өндірген өте тиімді. Бұл – өте зор энергия көзі. Алайда жел электр стансысының адамзатқа пайдасымен қатар зияны да бар. Айналып тұрған механизм дыбыс шуын шығарады. Ол адам денсаулығына кері әсер етеді екен. Жел энергетикасын жарық пен жылу алу үшін XX ғасырдан бастап пайдаланылып келеді. Жел электр стансылары АҚШ-та, Еуропада көп салынған. Қазақстанда 2015 жылы Ерейментауда бірінші жел электр стансысы салынды.

ТЖ

«Галереяда ой шарлау» әдісі арқылы оқылым материалына дайындаламыз. Ол үшін топтар галереяға барып, суреттерді көреді. Топ болып талдап, сұрақтарға жауап береді.

(Сұрақтарды таңдап алады.

1.Суреттерде не бейнеленген? Олар неге керек?

2.Электр стансыларының түрлері қандай? Олар қандай қауіп төндіруі мүмкін?

3.Электр стансыларының зияны да, пайдасы бар дегенді қалай түсінесің?

4. Жел электр стансысының тиімділігі неде?



ҚБ

«Қошемет көрсету» әдісі

Қалыптастырушы сұрақтар:

Қуат дегеніміз не?

Қуат көздеріне не жатады?

Қуат көзіне қол жеткізу үшін адамзат нелерді ойлап тапты?


Дескриптор

-Сұрақтарға толық жауап береді

-Оқылған мәтін мен суреттерді байланыстыра өз ойларын жеткізеді

Оқылым соңы

ТЖ

«Алты ойшыл қалпақ» әдісі

Топтар қалпақ пен қалпаққа тиесілі сұрақты таңдап жауап береді.

Ойшыл қалпақтар

Ойшыл қалпақтардың қызметі

Сұрақтары

Жел энергетикасының маңызын санамалап шығады

Жел энергетикасының маңызы қандай?

Жел энергетикасының басқа қуат көздерінен артықшылығы

Жел энергетикасының артықшылығы неде? Өмірден мысал

Жел энергетикасын өндіруге қатысты кемшіліктерді айтады

Жел энергетикасының кемшілігі неде? Өмірден мысал

Жел энергетикасының тиімділігі туралы айтады

Оны тиімді ету үшін не істеу керек? Өмірден мысал

Жел энергетикасын қолдануға қатысты өз эмоциясын білдіреді

Айтылған ойларға қатысты өз ойың, ұстанымың қандай? Өмірден мысал

Бақылап қорытындылау: айтылған ойларды сараптайды, талдайды.

Айтылған ойлардан қандай қорытынды шығаруға болады? Өмірден мысал


ҚБ «Басбармақ» әдісі арқылы топтар бір-бірін бағалайды. Қалыптастырушы сұрақтар:

Жел энергетикасы деген не?

Оның маңыздылығы неде деп ойлайсың?


Дескриптор

-Жел энергетикасы туралы жалпы мағлұмат бере алады;

-Тақырыпқа қатысты ой-пікірін, дәлелін шынайы өмірмен байланыстырып айту.








6-сынып оқулығы 77-б «Көкжиек-Горизонт» баспасы 2018






























































































Сабақтың аяғы

Кері байланыс

«Пирамида» әдісі

Мен … түсіндім.

Менің … сұрағым бар.

Мен … түсінбедім.

Стикерлерге жазып, іліп кетеді.




Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Әль-Фараби - ұлы ғұлама

Автор: Аетова Гүлжаған Еділбайқызы

Дата: 21.10.2020

Номер свидетельства: 560795


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства